Педагогика кафедрасы



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#123892
1   2   3   4   5   6

СТО
ркін ойлауға мүмкіндік береді Ақыл-ойын дамытады

Оқу мен жазу сауаттылығын Шығармашылық белсенділігін

арттырады арттырады

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:

- дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;

- оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;

- пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;

Жаңа технологияның арқасында оқушының белсендігі артып, жан-жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын түрғысынан ойлауға үйренеді,

Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Баламен санаса білейік.

Болашақ мүғалімнің инновациялық даярлығы үрлісінің құрылысы мына сызбада ұсынылып отыр.

Таңдалып алынған педагогикалық технологияға сәйкес педагогикалық технологияның механизмі анықталды. Педагогикалық технологияның жүзеге асу механизмінің білім сапасы , яғни, оқыту нәтижесі алынады.

Ал оқыту әдісінің құрылысын қарастырып, онда педагогикалық технологияны пайдалану барысында оның құрылысы төмендегідей болады.

Мұғалімнің мақсатынан мұғалімнің іс-әрекеті мен оның қолданатын құралы анықталады. Ал мұғалімнің іс-әрекетінен оқушы ұжымының іс-әрекеті және оқушының жеке басының іс-әрекеті туындайды. Мұғалімнің сабақта пайдалынатын құралынан оқушы ұжымының құралынан оқушы құралы анықталады.

Сонымен болашақ мұғалімнің педагогикалық технологияны меңгеру үрдісін қарастырсақ, ол 4 кезеңнен тұрады.



І кезеңде болашақ педагогтар өз бетінше сабақ жоспарын құруды үйренеді:

-сабақтың технологиялық картасын құру;

-оқушы мен мұғалімдер әрекетін бөліп көрсету.

ІІ кезеңде өзінің жеке авторлық сабақ жоспарын құруды-сабақтың технологиялық бағдарламасын жасайды:

-сабақтың мақсат-міндеттерін, формасын, таңдалған әдіс-тәсілдерін, алынған технологияны ғылыми тұрғыда негіздеу;



ІІІ кезең Микросабақ беру (студенттік дәрісханада сабақ өту)

ІҮ кезең Микросабақты талдау педагогикалық технологияға қажетті түзетулерді енгізу. Микросабақ барысында мұғалімнің іс-әрекетіне талдау жасау, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілік дәрежесіне баға беру.

Осыған орай педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын болашақ мұғалімдерді даярлау-оларды педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік білім


Білім мазмұны-оқыту мақсаты







Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының іс-әрекеті

Педагогикалық технологиясы





Педагогикалық технология

мазмұны





Нәтиже білім сапасы





10-дәріс. Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге келіп, білім берудін дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-түрлі реформалар жасалуда.

Оқыту формасы бұрынгы білім беруді ғана нсгіз еткен дәстүрлі оқыту форма-сынан жекс тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-әрекетін басты форма ете отырып.

Іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-әрекетін мұқият жоспарлауға көшті және окушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін колдануда.

Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын емес ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей коймайтыны сөзеіз.

Сондықтан қазіргі сыныптық оқытуға үйлесетін, оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икенді. Нысаналы оқыту технологнясын пайдалану қажет деп санаймын әрі мұғалімдердің пайдаланып көруін ұсынамын.

Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүние жүзі бойынша тәлім-тәрбне саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған технологиялардың бірі.

Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған елдер өздерінің білім беру саласында кеніне қолданады. Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагогы және психологы Блумның "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы мен "игеріп оқу" теориясы; негізінде қортындыланып жасалған.

Анығырақ айтқанда Нысаналы оқыту дегеніміз окыту мазмұның нысаналандыру, жүйелндіру, ғылымиландыру және оны игерудің әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, сол аркылы окыту сапасын жан-жақты көтеру мақсатына жету деген сөз.

Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы мея "Игеріп оқу" теориясына қыскаша тоқтала кеткен жөн.

I. "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы Адам өмірінде істелуге тиісті әрқандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші болмасын қандай да бір нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дәл сол секілді окыту Жұмысы да белгілі оқьіту нысанасына жетуді мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі тәрбиелеп отырған оқушының болашақта қан-дай жетістікке жетуін, қандай адам болу керектігін алдың-ала анықтап алуы қажет. Осы тұрғыдан келіп оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана, сана-сезім саласындағы нысана және әрекет шеберлігі (қабілет) саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.

Таным саласындағы нысана дегеніміз оқушының үйренген білімін есте сақтау және қайталай тану барысындағы ақыл-парасат пен қабілеттің калыптасу нысанасын, яғни, білім алу мен қабілетті дамыту жағындағы нысананы көрсетеді.

Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылык, мінез, кұндылық көзқарасі, сондайақ бейімділік қабіті жағындағы нысананы, яғни ақыл-парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді іс-әрекет шеберлігі саласындағы нысана дегеніміз - меңгеру және әрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.

Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша тәртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан көрінеді, Ол бұны АҚШ-тың тәлім-тәрбие ісіне мұқият зерттеу жүргізу аркылы қол жеткізді әрі бұл еңбегі Блумның әлемдегі атағын да асқтата түсті.

Бұрын жұрт бір адамның үйрену жағдайын тексергенде оның тек алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындагы нысанасы бес жақты үсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтиды, яғни, оқушылардың әр түрлі қабілеттерін жетілдіру .нысанасын алға кояды. Бұл, бұрынғы көзқараска өте ылғары көзкарас екені. айкын.

Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің білім беру саласы осы көзқарасты ұстанып, оқушылардың қабілетін жан-жақты тәрбиеледі дәріптеп келеді. Білім теориясы оқушыны бағалаудың ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.

Бұл шем мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу қызметі мен бағалау кызметін де алға бастырады.

Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы орнатылды. Блумның таным саласындағы оқыту нысанасы бүгінгі күні көптеген елде оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.

ІІ "Игеріп оқу" теорясы "Игеріп оку" теориясы дегеніміз сыныптық окыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу және дер кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру және көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың оқулық нысанасы белгіле-ген өлшемге жету түрасындағы теория.

Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:

(1) оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу.

(2) оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың жақсы үйренуіне көмектесу.

"Игеріп оқу" теориясы өте өнімді оқыту тәсілі саналады, оның ең өзекті мәселесі - көп санды оқушылардың айтарлықтай үйрету нәтижесіне жете алмауы олардың ақыл-парасат жағындағы кеніст-ігінен емес, қайта, өз ерекшсліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп оларды лайықты үйрету шартжағдайымен қамтамасыз етее болғаны, басым көпсанды оқушылар оқытқан нәрселерді игере алады, оқытудың міндеті - тек қана оқушыларға оқыған пәнін игеруге қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.

"Игеріп оку" теориясының іс жүзіндік манызын мынадай бірнеше жактардан көруге болады:

1. Мұғалімнің оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына сендіреді, мұғалімде оқыту үміті, оқушыда оқу сенімі болады.

2. "Игеріп оқудың" сәтті болу-болмауы оның "кері байланыс пен толықтыру" барыстарының сәтті орындалу-орындалмауына байланысты. Блум: дәстүрлі сыныптык оқытудағы ең басты қайшылық - біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл қайшылық кей оқушылардың үйрену қызьғушылығын жояды, ал дербес оқытудағы "дер кезінде кері байланыс орнату, толыктыру, үйренуді дұрыс жолға салуды" сыныптағы оқытуға шеберлікпен колданса, қызықты оқыту ортасы калыптасып, біліміне карай оқыту, барлық окушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды..

3. "Игеріп оқу" - "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы анықтаған окыту нысанасына сан жүргізіледі. Бұл мұғалімнің оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге, қателіктерден сақтануға немесе түзетуге, оқушылардың ұқсамаған сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.

4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белеенділігін жоғарылату қүралына айналдырады.

Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға кысым түсіру емес, кайта, табысқа жетудің шаттыгын сыйлайды.

5. "Игеріп оқу" теориясы окушылардың үйрену барысындағы жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, әсіресе оқуда нашар окушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дәмін татуға көмектесуге ерекше мән береді.

Нысаналы оқыту барысы

1. Байқап көру және толыктау барысы-"Байқап көру" дегеніміз оқушылардың жаңа білімді үйренуге қажетті даярлық білімін тексеріп көру деген сөз. "Толықтау дегеніміз "байқап көру незгізінде анықталған кеншіліктерді түрлі формалармен (оқулықты оқыту, өзара пікір алмасу, түсінік беру) толықтыру барысын керсетеді.

Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа білімді үйрену окып кеткен білім негізінде, окушының тырысып үйренуі арқылы орыңдалады, басқашада айтқанда, белгілі бір жаңа білімді игеру үшін, сөзеіз даярлық шарты болуға тиісті.

Блумның көзкарасы бойынша окушының игерген білімі оның жаңа үйренуіне 50% тік ықпал жасайды. Міне бұл оқушының үйрену нысанасына жету-жетпеуі оның алған біліміне байланысты екенін көрсетеді.

Нысананы көрсетіп түсінік қалыптастыру-Нысаналы оқытудың ең басты ерекшелігі оқыту нысанасын белгілеп, оны окыту мазмұныңың темірқазығына айналдыру.

Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан кейін бүкіл бір сағаттық оқу қимылы сол темірказықтың төңірегінде өрбиді.

Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының окыту және оқу қимылының әрі шығар жері, әрі тиянақтар жері болады.

Мұғалім мен оқушыда ортақ нысанаға жету сезімі болғандықтан, сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде реттеліп, оқыту мен оқу өзара сәйкестік табады.

Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту барысында жеке-жеке көрсетілуі қажет.

Нысананы қосымша тақтаға алдың-ала жазып әкеліп көрсетуге де, сабақ үстінде жазып көрсетуге де немесе бейне магнитофон, кодоскоп арқылы көрсетуге де болады. Нысананы көрсету уақыты әдетте 1-2 минуттан аспауы керек.

Нысанаға жету- Жаңа сабақ өткізу - сынып оқытуының ең өзекті мәселесі. Ол алдың-ала жоспарланады да, нысанаға мұғалім мен оқушы болып ортақ кимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған әдетте 19-20 минуттай уақыт кетеді.

Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау және бағалау сынды барыстар бүкіл оқыту кимылының негізі болады. Сондықтан мұғалім оқыту барысында саналы түрде оқушыларды нысанаға карай жетектеп, нысана төңірегінде үйрену ұйымдастырып арқылы, нысанаға жету үшін белеенді түрде ортақ кимылдауы қажет. Бұл нысаналы оқытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы болып табылады.

Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі - кері байланыс пен толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сәтті жүргізілее, оқыту барысында жасалған әрбір қадамның нәтижелілігін тексеріп, мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.

Сондықтан кері байланыс пен толыктыру окыту барысын меңгеру мен үздіктендірудің маңызды кұралы саналады.

Оқыту нысанасының нақты мазмұныңа жету мәселесіне келетін болсақ, оған жаңа сабақ өту барысында әр түрлі оқыту формасынан пайдаланып жетуге болады. Мысалы, "түсіну" мазмұныңда оқушыларға оқуға тиісті мазмұнды көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы "түсіну" нысанасына жетуге болады; "есте сақтау" мазмұныңда оқушыларға лайықты уақыт бөліп оқытып, онан соң сұрақ қойып жауап алу арқылы "есте сақтау" нысанасына жетуге болады; "игеру" мазмұныңда оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап, қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; "колдану, талдау және жинақтау" нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар кою, жаттығулар меи есептер беру арқылы жетуге болады.

4. Оқушы өзінің алған білімін мұғалім көрсеткен нысанаға салыстыру арқылы жүйелеп есте сактайды.

Мұғалім бұл барыста оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен жерін түзуіне көмекте-седі және оқулықтың қай бөлігін тиянақтап оқу керектігін, қосымша қандай материал қарау керектігін көрсетеді.Әдетте бұған минуттай уақыт беріледі.

5. Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру-Оқушылардың нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім әр түрлі сұрақтар қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқлықтар байқалса, толықтау жасауы қажет. Әдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.


  1. Тапсырма беру- Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан алғаш білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін, даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. бұған әдетте 1-2 минуттай уакыт ажыратылады.

Жоғарыда көрсетілген бес басқаша жалпылама барыс болып, ол мүлде өзгермейтін қағида емес, оқытудың іс жүзіндегі ыңғайына карай оны толықтап тағы да басқыштар қосуға немесе кей басқыштарды алып тастап, өзіңнің оқыту жоспарына тіке байланысты басқыштарды ғана пайдалануына әбден болады.

Жалпы алғанда "Нысаналы оқыту технологиясы" қазіргі заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жаксы үйлеседі. Бұл оқыту технологиясының дәстүрлі окытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.


11-дәріс. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру– математикалық білім беру технологиясы

Қазіргі кездегі математикалық білім баланың интеллектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл салада, біз сөз еткелі отырған технологияның алар орны ерекше.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математикалык білім технологиясы 1964-1996 жылдар арасында академик П. М. Эрдинеетің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалык, жұмыстың иәтижесінде өмірге келді.

П. М. Эрдниев "дидактикалық бірліктер" деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген.

Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады.

Академиктер В. Журавлев, А. Маркушсвич т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп, "ғасыр идеясы" деп таныған.

Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады.

Оқушының білімінін сапасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің ролі зор.

Бүгінде ДБІ жаңашылдық технология ретінде әр-түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.

Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братек т.б. қалардың тәжірибесіне енген.

Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан професеор Т. Қ. Оспаноетың жетекшілігімен жазылған "Математика" оқулықтары осы теорияга негізделген.

Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:

1. Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту.

2. Түра есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.

3. Деформацяланған жаттығуларды пайдалану.

4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.

Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.

Оқыту практикасы "қосу мен азайту", "кобейту мен бөлу" бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр.

Біріншіден бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.

Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.

Мысалы:

Түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрскетінің ішкі потенциалды резеритерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі "кері байланыс" заңының іске қосылуымен тиімді.



ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару "кері есеп" ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П.К. Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты.

Кері есептерді шығару, түра есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.

Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. "Математикадағы басты нәрсе - ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу". Кез келген түра есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады.

Біріншіде екі санның қосындысы, кебейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді, қызметін атқарады.

Жаңа буын оқулыққа бес түрлі: қосындыңы табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кен санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.

"Кері есеп" ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жаныңа портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады.

Столда 5 кітап бар, ал портфелъдегі кітаптардың 3-уі артық. Портфельде қанша кітап бар?

Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па кен бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.

Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдыңда, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдагы кітаптың одан 3-уі кен. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады.

Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана "кері есеп" ұғымы енгізіледі.

Осы типтердегі есептерді көрнекіліктер арқылы шешуді меңгерген кезде төмендегідей абетрактылы есептерге көшуге болады.

Білім беру технологиясында жаңа бағдар- витагендік оқыту әдісі тілдерді меңгеруге айтарлықтай пайда келтіретіндігін өз тәжірибемізде сынап көрдік.

Оқытудың бұл технологиясын Ресейдің педагогика ғылымдарының академиясының академигі, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер А.С.Белкин ұсынған болатын.

Оқытудың бұ теориясы - мұғалім мен оқушының шын мәнінде ырнтымақтасып,нақты нәтижеге жетуге болатындығын көрсеткен еді.

Оқыту үрдісінде витагендік әдісті жүзеге асыру голографиялық тәсіл негізінде өмірге байланысты жүргізілсе оның танымдық қызығушылықты жетілдіруге ерекше ықпал ететіндігін тілдерді оқыту тәжірибесінен әр жақты байқауға болады.

Бұл жердегі голография деп отырғанымыз-ұғым түсініктегі әржақтылық, былайша айтқанда, оқушы кемінде үш ұғымды тоғыстыра алуға машықтануы тиіс екендігінде, білім алудағы негізгі ұғым түсініктерді өздігінен ойлаумен жалғастырып, өзінше іздену мен пайымдауға қол жеткізетін, соған ынталандыратын жол-жосық. Витагендік әдіс, яғни ынтымақтасудың нәтижесі білімдік таным-түсінікті өздігінен ізденіп, өздігінен ой топшылайтын пайымдауға әкелетіндіктен тілдерді оқытуға былайша жүзеге асырылды.

Сыныпта оқитын оқушыларды қай тілге жетіктігіне қарай топтастырып және өздерімен кеңес берілген тапсырманы орындау жөнінде түсінік берілді .

Содан кейін компьюерде көбейтілген тапсырманы әрбір оқушыға үлестіріп бердік. Екі тілде көрсетілген сөйлемді өзі жетік біледі деп саналған тілге аударып, нұсқада көретілген ақ жерге толтыруды тапсырдық.

Жұмыс нәтижелі болу үшін алдымен блек қағазға жазып, бір тоқтамға келгеннен кейін көрсетілген үлгіге көшіру керектігі айтылды. Тапсырманы орындау барысында бір-біріне бөгет жасамау және жұмыс аяқталғаннан кейін тиісті топ бойынша талқылау болтындығы ескертілді .

Оқыған кітаптарын естіген мағұлматтарын ой елегінен өткізіп сарапқа салады.

Адамның құндылықтарды білмеуі ақпараттың жеткіліксіздігінен және оған мән бермеуден туатындығына тұлғаның көзі жетіп, ізденіс үстінде мәселеге саналы қарауды мойындай түседі. Бұл білім алу үрдісіндегі қозғаушы күш болып табылады.

Тапсырманы орындау барысындағы оқушының ойлау белсенділігі, яғни өзі білетін және нақты түсініп отырған мағұлматты келесі тілде дұрыс жеткізуге деген ынтасын арттыра түседі.

Дәлірек айтсақ, көрсетіліп отырған тапсырманы орындауда оқушы білімділік, зерттеушілік, рухани, өзінше іздену, әлеуметті пайымдау жасауға жаттығады.

Іс-әрекет қызығушылығын дамытады.

Жинақтай айтсақ, тұлғаның ұғым түсінігі, танымы тиісті дәрежеде өзіндік іс-әрекетке айналып, оны өз өмірінде пайдалана білуге жол ашады. Оқушының қол жеткен нәтижесі оларды қуанышқа бөлейтіні рас.

Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушының білімдік мағұлматтарды жинақтап тек біле берумен шектелу емес , білгенін өмірде пайдаланып тұтына алуға және оның әлеуметтік , негіздерін өмірде қолдана алуға машықтану, сонымен қатар оны өзіндік тұрғыдан ілгері жетілдіріп, алға қарай дамытуға үйрететіндігін тұлға тікелей атқарған еңбегі нәтижесінде байқап, оны дағдысына сіңіреді.

Келесі бір ерекшелік – сыныптас оқушылар бір-бірінің жетістігінен өнеге алып, өзімде сол дәрежеге жетсем деген түсініктің орнығуына ықпал етеді.

Танымдық тағылымның оқу үрдісінде және болашақ өмірінде тиімді болатындығына көзін жеткізді.

Тағылымдық мазмұн оқушының білімдік, тәлім-тәрбиелік қызығушылықарын арттырады, әрекетке ұмтылдырады.

Өзі үшін атқарған іс-әрекетінің қоршаған ортасы үшін, қоғам үшін қандайлық мәні болатындығын саналы түрде ұғынады.

Өзі атқарған ісіне суггестиялық мәнде қарап, біле түсуге деген сенімі , ланымы жетіле түседі .

Ретті қолдана білсек витагагендік оқыту теориясы тілдерді меңгерудегі танымдық ойға тіреніш болумен қатар оқушының өздігінен әрекеттенуіне бағдар беріп, қиялын дамытып, шығармашылық белсенділігін кеңейте түсуге жол ашады.

Мектептерде жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей , оқушының білім алудағы әрекеті мен өмір тәжірибесінің заңдылықтарына негізделсе-тұлғаның меңгерген білігі , қабілет деңгейіне қарай алған ақпараттық танымдағы құндылықтарыд қабылдап және оны білімділік мақсатына байланысты жүзеге асыруға болатындығын көрсетті.

Танымдық қызығушылықтың тиімділігі- мұғалімнің диагностикалық міндетті дәлді белгілей білуен де шарттас.Өйткені витагендік әдіс нақты деректің өірмен ұштасып, білімдік құндылықтармен үйлесіп, олардың байланысын, айырымын салыстырып , сараптаудағы ынтымақтастықты тілейді.

Себебі диагностика оқушының дербес ерекшелігін , сыныпқа тән негізігі ерекшеліктеріне мән беруді айқындайыд.

Дәлірек айтқанда, қойылған міндетті шешуде оқушының нақты шамасын , жас ерекшелігін, білімділік деңгейі мен мүмкіндігін есепке алады. Бұл танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы шешуші айғақтың бірі.

Ақыл мен ақиқатты табу танымдық түсінікке де байланысты.

Егер оқушы бір ғана деректің аясында шектеліп қалса , ойлау деңгейі тарылып , мәселені жан-жақты ұғына алмайды.

Сондықтанда голографиялық әдіс, былайша айтқанда, бірнеше деректі , кемінде үш болмысты салыстыра қарау ақиқатты терең де дұрыс тануға мүмкіндік береді.

Витагендік оқыту тәжірибесі голографиялық жүйеде құру тілдерінің танымдық негізін өрістетумен қатар оқушының шығармашылық ізденісін өркендетіп және оның күнделікті өмір талаптарына үйлесімді жетілуін қамтамасыз ететін сенімді жол екенін көрсетті.

Оқушыларды өнімді еңбекке үйретіп , өзінше әрекеттене білуге қалыптасытру- қазіргі мектеп жөніндегі реформалар жүргізу жөніндегі басты бағдарламаларының бірі.

Оқушылардың өз мүмкіндіктеріне үйлесімді еңбек дағдыларын меңгеріп, белсенділік көрсете білуге баулу-тек қайталаушылықты қолданып , өзіндік ізденістерін сырттатып жіберетін әдеттерден арылудың тиімді жолы.

Білім, тәрбие беру барысындағы іс-әрекетте оқушының тиісті сұрақтың жауабын ұстазымен бірге іздестіруі,немесе өзінше әрекеттеніп , оның ойлау мәдениетін жетілдірумен қатар самарқаулықтан, селқостықтан және рухани жұтаңдықтан айықтырудағы қолайлы тәсіл.

Оқулықтағы тиісті деректі ойланбастан, қайталап айтып беруді місе тұтпай , ондағы ақпаратты өзінше ойлануға дағдыландыру оларды ой белсенділігіне әкеліп , түрлі қиындықтарды жеіңп күрделі мәселелерді шешуге орай батыл пікірлер ұсынуға ынталандырады.

Сондықтан да оқыту үрдісін жобалағанда шәкірттің мүмкіндіктері мен мүдделерін бірлікте қарастыру шарт.

Өйткені әрбір тұлға өзінше ойлағысы келетіні жастық жалынымен бұла күші ізденіске бейім болатындығы ақиқат шындық екенін педагогтар мен психологтар ежелден бері-ақ дәлелдеген.

Олай болса , әрбір тұлғаның бойында бар шығармашылық қабілетін оятып , оларды өзіндік тұрғыда ойланып әрекеттен білуге баулу оқудағы белсенділікті көтерудегі тиімділікті арттырып , оның жетіле үсуіне игі ықпал етеді.

Ал оқушының ізденіс барысындағы табысы оларды қуанышқа бөлеп ілгері ұмтыла түсуіне , кездескен кедергілерді жеңіп күрделі қиындықтардан құтылудың тиімді жолын табуға үйренеді.

Ой еңбегі саласындағы белсенділік табысқа жетудің кілті екендігін мойындап, уақыт талабы тұрғысынан әрекеттену және оған машықтану дағдысы өркендейді.


12-дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет