Педагогика кафедрасы


Жаңа педагогикалық технологиялардың классификациясы



бет5/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#123892
1   2   3   4   5   6
Жаңа педагогикалық технологиялардың классификациясы.
Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ - болашақ тірегі бола алады.

XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдыңдагы маңызы зор міндет.

Еліміздің, қоғамның эқаномикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік иновацияға көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.

Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтык мәселе болған.

Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдыңда тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген.

Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты кіші жастан жүргізу керектігі айдай анық.

Жеке тұлға қалыптастыруда әр оқушының кабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесін көтеру керек және жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тәрбиелеу.

Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек. Бірақ, мектептің түрін өзгерткеннен (гимназия, лицейт.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.

Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек.

Қазіргі таңда псдагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде.

Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, онан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерскшеліктеріне қарай пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық технология ұғыми іс-тәжірибемізде жиірек қолданылып, практикаға енуде.

Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология — педагогикалык мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті — деп В.Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.

Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі-бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан әдістер құралдарының жиынтығы.

Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту приктикада пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі - саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы білімді менгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей - міндетті деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.

Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқушының шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.

Мектептің ескі құрылысы мен білімнін жаңа мазмұнының арасындағы қарама-қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап, білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тәрбиелеу.

Кез-келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.

Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

Экономикалық жағынан дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр, ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.

Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген.

1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология» дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі-бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана.

Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады.

Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері - қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С.Н.Лысенкова алдына ала оқьггу, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың окытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болъп табылады.

Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты мынадай ұстанымдардан құралады:



  • Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

  • Теориялық білімнің жетекші рөлі.

  • Оқу материалын жеделдете оқыту.

  • Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

  • Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу

Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады.

Мұғалім түсіндіруші, оқыту тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д.Б.Элъконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.

Сондықтан, танымдық іс-әрекеті белгілі-бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұны, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етіп, орындалуы үшін төмендегі ұстанымдар жүзеге асыруы тиіс:

Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланылып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылық бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы - мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы.

Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады.

Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар - әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушлардың өз бетішпе жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технология : ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысьнан қарау, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі.Ынтымақгастық педагогикасының ерекшелігі - мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект.

Оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас, ал оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.

Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру және оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу.

Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері - үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.

Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты - барлық баланы табысты оқыту. Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:

- оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;

- саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;

- бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндете оңайлату әдісін - оза оқыту әдісін қолдану;

- сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;

- бірте-бірте толық дербестілікке өту;

- сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру; түсінетін, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

- оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;

- үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;

- білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру;

- түсіндіруді қабылдау.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін атап айтар болсақ, күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сьнап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады; әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады; білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктерімен - білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады.

Модельдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Модельдік оқытудың өзегі - оқу моделі. Оқу моделі - ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңдағы педагогика ғьлымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Ал жаңа педагогикалық технологиялар білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері жиынтығын қорғайды.

Оқыту технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу, оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.

Жаңа технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.

Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері пайдаланылады.

Оқытудың жаңа технологиялары мұғалімнің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:


  • педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу;

-оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру;

-оқу модулін құрастыру;

- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;

- оқушылардың жаңа материаларды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;

- оқу-әрекеттерінің материалдарьн іріктеп ала білу.

Осы аталған оқыту міндеттерін мұғалім меңгеруі үшін, ұстаздар қауымымен төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек:

а) проблемалық-рөлдік ойьн;

б) рефлексивті-рөлдік ойын;

в) панорамалық сабақгар;

г) педагогикалық ринг;

д) педагогикалық идеялар аукционы;

е) ашық сабақгарға кіру, талдау және т.б.

Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
13-дәріс. Компьютерлік оқыту технологиясы және оның гуманистік бастаулары
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылуы түралы алға қойып отырған игі мақсаты - еліміздің әрбір азаматының, әрбір сала маманыңың киелі міндеті де болып саналады.

Ал білім беру саласына қатысты айтатын болсақ, бұл мәселе тіптен өзекті бола түспек өйткені, жоғары тиімділікпен білім беру арқылы ғана болашақ азаматтарымыздың диежүзілік жоғары даму көрсеткіштеріне ие болып отырған елдердің деңгейіне өсуге деген ынтасы мен ықыласын қалыптастыра, жетілдіре аламыз.

Қазіргі кезде өмірдің барлық дерлік деңгейі мен саласында болып жатқан динамикалық өзгерістердің тубі адамның жағдайын әлеуметтік-экономикалық жағынан жақсартуға бағытталған.

Мектепте білім беру жүйесінде жасалып жатқан өзгерістер мен күтіліп отырған 12 жылдық білім беру мәселесі де - қазақстандық жас ұрпақтың болашақ, ел тұтқасын қастерлеп ұстап азамат дәрежесіне жетуіне көмектесетін жақсылық нышаны деп танылып отыр.

Қазақстан Республикасының білім беру саясатының барлық азаматтардың білім алудағы теңдігі, дарынды тұлғаларға деген үкімет тарапынан қамқорлық болуы, білім берудің гуманиетік және дамытушылық сипатта келуі, білім беруді ақпараттандыру сияқты оң бағыттары кеңестік дәуірден қалған догмалық-жаттанды білім беруді біртіндеп ығыстырып бара жатыр.

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі міндеті - оқушыны ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерген жеке тұлға дәрежесіне көтеру, ғылым мен техниқаның жетістіктерінен абетракциялық білім алып қоймай, өзінің өмірінде қолдана білуге дағдыландыру.

Мұндай үлкен міндеттерді шешу үшін, дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту барысында білім мазмуны ғана негізгі мақсат болмай, адамгершілікпен гуманиетік бағыт басты нысан ретінде ұсталынуы керек.

Жаңа оқыту технологияларын, көп жағдайда, дәстүрлі оқыту жүйесіне қарама-қарсы қойып сипаттау әдісі орын алып жур. Бұл дурыс па? Өйткені, "дәстүрлі оқыту" дегеннің өзі - ғылыми термин болып ғылыми ойлау айналымына енді ме? Ал "жаңа оқыту технологиясы" дегенде "ескі оқыту технологиясы" дегеннің орныңа келген жаңа нәрсе тусінілетін сияқты.

"Жаңа оқыту технологиясы" түралы ізденістерде Коменскийдің, Песталоццидің, Алтынсариннің оқыту жүйелері сол педагогикалық технологиялардың бастауы сияқты алынып жүргенін көру қиын емес. Ал "дәстүрлі оқыту жүйесі сынып-сабақтық жүйе" -Коменскийден келе жатқан мұра жолы емес пе?

Сонда "дәстүрлі оқыту" деп жүргеніміз - Кеңес оқыту жүйесі екенін анық та ашық айтып, әр мемлекеттің өз қоғамында өмір сүріп отырған мектебіне өзінің сұранысына қажетті қоғам мүшесін даярлауды тапсыратыны түралы неге айтылмайды?

Социалиетік қоғам азаматын тәрбиелеуде жаттанды білімнің қажет болуының өзіндік бір реті бар ғой.

Оны болашақ тарихи тұрғыдан танырмыз. Бірақ "жаңа оқыту технологияләры" деген ғылыми ұғымды тек дәстүрлімен салыстыру арқылы тану біржақты түсінікке әкетіп бара жатқаның көру қиын емес,

Жаңа оқыту технологияларын бұрынғы оқыту әдістемелерінің орныңа келген жаңа түсінік деп те қабылдамау керек.

"Технология" - өндірістен алынған ұғым дейтін болсақ. белгілі бір бұйымды модельдеу, соған қажетті материалды өлшеу, ол материалды нәтиже даярлайтын процеске салу, түпкілікті нәтижені алдың ала болжау арқылы сол нәтижені алуға бағытталған қызмет процесін ұйымдастыруды білдіретін бұл ұғымның білім берумен байланысы тікелей анықталады.

Мектепке келген баланы, Мұқағали Мақатаеетың сөзімен айтар болсақ "Тарыдай боп кіресің.

Таудай болып шығасың" деген идеямен оқытып-тәрбиелеу - оқыту технологиясын білдіреді. Тарыдай балаға "таудай" болу мақсаты, мұғаліміне тарыдай баланы "тау-дай" қылу мақсаты - күтілетін нәтиже болып қойылады.

Бұл жерде "тары" мен "тау" -антоним ретінде де. біртіндеп өсу барысында қол жеткізетін нәтиже ретінде де көрінеді.

Ендігі міндет - оқушыны тән мен жан түрғысынан қатар дамыту. Ол міндетті шешу үшін, мұғалім білім берудің гуманиетік принциптері деп не танылатының айқын түсінуі керек.

Адамгершілік - адам баласының өзін-өзі түсініп, өз-өзін сыйлауынан, өзін өмірден бага жетпес құндылық деп түсінуінен туындайтын қасиет деп ойлаймыз. Өйткені өзінің. өмірінің. өз тәнінің, өз жаныңын, қасиетін түсінін бағалаған адам ғана басқа адамның да дәл өзіндей құнды екенін тусінуі мүмкін.

Мүмкін біздің бұл ойымыз Сократтың Адам, алдымен сен өзіңді-өзің таны" деген қағидасынан туындаған шығар.

Қалай десек те, білім берудің қазіргі кезде жеке бастың қамын ойлауға, жеке басының баюына қажетті білім мазмуның іздеуге, ана тілінен енді ағылшын немесе қытай тілін жоғары қоятын бағыыттарға бет бұрып бара жатқаны гуманиетік идеяның білім беру барысында бел ала алмай отырғаның көрсететін сияқты.

Жаңа оқыту технологияларымыз қазіргі кезде көп түрінің түпкі ұстанатын-концептуалдық негізі, бастауы - адамгершілік философиясы. Оны Г.Селевконың кітабынан да, ресейлік көптеген ғалымдар кітаптарынан да көреміз.

Жаңа оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту технологиясының орны ерекше болады.

Барлық, дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты - оқушылардың өз бетімен білім алу. білім іздеу дағдыларының қалыптасуы десек, компьютерлік оқыту технологиясының талайы осы мақсатқа лайықталғаның көру қиын емес.

Осы компьютерлік оқыту технологиясының философиялық негіздемесін гуманиетік деп анықтаймыз.

Осы жерде компьютерді сабақта көп қолдану оқушыны басқа адам түгілі, өзінен, өзінің нақты, рсалды өмірінен де алыстатып, виртуалды өмірге әкетеді деген көзқарастар пайда болуы мүмкін.

Бірақ, кибернетика ғылымының негізін қалаған Винер компьютердің қанша дамыған түрі болса да, адамның миына еш жете алмайтының айтқаның есте сақтау керек.

Адам компьютерді келесі адамға қарсы екі түрлі жағдайда қолданады: бірі - компьютердің "тілін" білнегенде, екіншісі -гуманиетік идеядан мулде түсінігі жоқ, адамгершіліктен ада болғанда. Осы айтылғандар компьютерді оқу-тәрбие процесіне қарқынмен енгізудің қажет екенін көрсетеді.

Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз - оқушының жеке басына көп байланысты болатын ерекше психофизиологиялық процестің өтілуі.

Компьютердің жүздеген мүмкіншіліктерін қажетті тетіктер арқылы басып үйренген оқушы, бір жағынан, қәазақ тілінен белгілі бір білім мазмұның игеріп жатады десек, екінші жағыман, жасанды интеллектімен "тіл табысып" жататыны анық.

Ал түпкі мәнінде, мұғалімнің итермелеуі немесе жөнсіз жетелеуіне иек артпай, оқушының өө бетімен жұмыс жасау дағдылары жетіледі.

Компьютермен оқыту технологиясының тұжырымдамасын былай деп анықтап аламыз.

Компьютермен оқыту - оқушыны субьект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатым білім беру әрекеті (деятелыносты).

Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:

- талдау-болжау қызметі;

- жобалау қызметі;

- коммуникатиетік қызметі;

- дидактикалық қызметі;

- бақылау-түзету қызметі;

- психологиялық демеу болу қызметі; ұйымдастырушылық қызметі.

Компьютермен оқыту техиологиясында оқушының өз бетімен білім іздей алатын болуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Комльютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.

Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманиетік сипатын көрсетеді.

Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді. Сол модель сызба түрінде көрсетілді.

Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша қажеті бар»?деген сұрақты айналып өту еш мүмкінемес.

Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі.Бірқатар педагогтер кіші сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын , қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деп негізі бір қауіп білдіреді.

Компьютер мектептегі лигафон кабинеттері немесе сыныптағы теледидар сияқты дүниелер , сондықтан да білім беру мен оқу үрдісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар.

Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы салмақты аргументтің бірі- ақпараттық технологияның екпіндеп дамуы мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына қарамастан оның созылмалы аурудай артта қалуына әкеп соқтырады деп санайды.

Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн:тек компьютермен қарым қатынаста болған балалар гуманитарлық қызмет түрлеріне аса қажет сезімалдық пен мейірбандылықты жоғалтып алып , дәлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым –қатынасқа бас ұрулары әбден мүмкін .

Біз мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуден басқа жолы жоқ , ал есептегіш техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі деушілерге толық қосыламыз. А.Ершова және басқа авторлардың еңбектерінде көрсетілгенде, информатиканың мынадай: процедура,функция, рекурсия , тармақталу, цикл мәліметтер құрылымы деген сияқты негізгі ұғымдарды меңгеру операциялық деп аталатын қазіргі ойлау стилін қалыптастыруға ықпал етеді.

Осының өзі - ақ оқу пәні ретінде информатиканы мектепке енгізудің алғы шарттарын жасады. Сонымен қатар білім алушылардың жас кезеңі жөніндегі мәселелерде көтерілді.

Ойлау стилі балаларда ішкі сыныптарда басталатыны белгілі.Бұл балалардың ойлау қабілетіне ықпал ететін іргелі бірқатар математикалық ұғымдарды бастауыш ектепте меңгертумен түсіндіріледі.

Базалық сапа ретінде қарастырылуы тиіс оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырылуды сөз етсек , информатиканың негізгі ұғымдарының артықшылығына тағы да көз жетіземіз.

Информатиканың негізгі ұғымдарын ерте бастан оқытудың қажеттігін мынадан-ақ көруге болады:білім берудің алғашқы кезеңінде информатиканың әдістерін меңгерген оқушы мектептің қалған сатыларындағы білім алуда ( атап айтқанда , түрлі пәндердегі сабақтарда) адам қызметінің түрлі салаларында компьютерді пайдалану дағдысын меңгереді.

С.Пейперт, Ю.Первиннің еңбектеріндегі «информатика курсы» түсінігі аясында «Информатика» деп аталатын пән жайында емес мектептің барлық пәндеріне кіріп кеткен информатика ұғымдары мен тұжырымды құрылымдары әдіс –тәсілдері жайында айтылатындығын байқау қиынға соқпайды.

Ю.Первин және оның әріптестерінің жеткіншектерге ерте жастан информатикадан дәріс беру жөніндегі тұжырымдарын қорыта келіп, мынадай пайымдаулар жасауға болады.

Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды.

Екіншіден, бастауыш мекктепте информатика курсын өткізу көптеген пәндер бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтай өзгертуге алып келеді.

Бұл жерде мынаны ұққан жөн:»информатика» мектеп пәндерінің бірде-бірін алмастыра, мектеп пәндері жалпы жүйесіндегі оқулықтарының бірде –біреуінің ролін атқара, мектептегі гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің ара қатынасын қайта бөліске сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқылатын әрбір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұтатады.

Осы кілтті дұрыс пайдалана білген мұғалім оқушыларының алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі.

Информатиканы ерте жастан оқытудың үмкіндігі мен мақсаткерлігі әлемдік эксперимент, зерттеу нәтижелерімен де нақтылана түседі .Осыны назарға алған В.Буциктің зерттеулеріндегі ерте жас кезеңіндегі оқушыларға компьютерлік сауаттың алғашқы эксперименттерін беріп қою жеткіліксіз, оларға компьютер негізінен басиауыш білім және түбірлі түсініктер іс-әрекет әдіс тәсілдері жөнінде нақты саут беру жайы айтылады.

Атап айтқанда,В,Буцик кіші мектеп жасындағыларға басиауыш компьютерлік сауатберудің мынадай әдістемесін ұсынады:бірінші және төртінші сынып аралығында сызбалық және мәтіндік редакторлардың көмектері арқылы орындалатын тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру , яғни ақпаратты өңдеу, ақпаратты сақтау,ақпаратты беру салаларынан компьютердің мүмкіндіктері жөніндегі түсінік пен сауат қалыптастыру.

Сонымен қатар Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасында мынадай негіздерді енгізе отырып , әдістемелік жүйе ұынады.

1.Мектепте компьютерді қолданудағы басты мақсат дүниетанымдық және

жалпы мәденилік сипатта болуы , баланың тұлғасы мен ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.

2.Оқытудың мазмұны мен әдістемесі оқушылардың теориялық ойлауын дамытуы қажет.Дәстүрлік әдістеме эмпирикалық ойлауды ғана дамытуға бағытталған.

Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірін-бірі толытыратын компьютердің екі қызметін:өошеу аспабы және пәндік әлемге ықпал етуші пәндік әлемнің белсенді элементі ретінде пәндік және компьютерлік әлем жөніндегі білім қалыптастыруды үйлестіруі қажет.

Е.Смирнов пікірінің В.Буцик пайымынан айырмашылығы мынаны аңдатады: «информатика» шеңбері аясында барлық пәндерді оқыта отырып соңында информатиканы бөлек курс ретінде бөліп алу қажеттігін дәлелдейді.

Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда , ішкі мектеп жасындағыларға түрлі пәндерді оқытуда компьютерді оқыту құралы ретінде қосалқы көмек үшін қолданудың мүмкіндіктері қарастырылғаны жөн.

Қазіргі уақытта кіші мектеп жасындағыларды оқыту үшін компьютерді пайдалану жөнінде бірнеше бағытты айтуға болады:


  • информатика элементтерін оқыту;

  • нақты пәнді оқытуда әдістемелік жүйені түбегейлі өзгеріске ұшыратуға соқтырмай,ЭЕМ-СЫН бесаспап құралы ретінде пайдалану;

Кіші мектеп жасындағыларда компьютерлік сауаттың жекелеме элементтерін ғана емес, информатиканың бастауыш білімін, іс әрекетіндегі әдіс тәсілдері жөніндегі негізгі түсініктерді қалыптастыру ( компьютер құрал емес, оқыту арқылы меңгерілетін пән)
14-дәріс. Жаңа технологялар арқылы шығармашылыққа баулу
Жас жеткіншектерге бүгнгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. "Тәлім-тарбие мен оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек теуелдгі- деген.

Ы Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы.

Білім беру жүйесінде болып жатқант түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық техналогиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді.

Осы тұрғыда оқытудың жаңа техиологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше.

Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен катар муғалімнің интелектуалдық. кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабіленің қалыптасуына игі әсерін тигізеді өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі

Білім берудің даму бағытымен техналогияларын қамтитын көптеген педагогикалық техналогия қолданып бағыты мен техналогияларын қамтитын көптеген педагогикалық техналогия қолданылып жүргендігі мәлім.

Мысалы, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту Ж.Қарайеетың «Деңгейлеп саралау»,техналогиясы М.М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту» техналогиясы «Сорос- Қазақстан » қоры арқылы келген «сын тұрғысынан ойлауды, оқу мен жазу арқылы дамыту» техналогиясы т.б

Мен оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын жұмыс жжасау арқылы алған білім негізін дамыта отырып тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзеіз.

Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.

Педагогикалық техналогия оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс - әрекетінің жүйелі дамып, отыратын жобасы ретінде оқушы белеенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белеенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Қазіргі таңда мұғалімнің алдыңда тұрған басты мақсат окушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келшек өміріге дайын азамат ретініе қалыптастыру болу керек.

Кеңестік кезеңде қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру үрдісінде бұл мақсатқа жету қиын немесе мүмкін емес. Қазіргі заман талабы оқу -тәрбие үрдісін түбегейлі өзгертулі талап етіп отыр.

Осы орайда Ресей пелаготтарын озык тәжірибесінде келесі нәтиже беріп отырған жаңа оқыту техлологияларының бірі - педагогикалық шеберхана осы мақсатка жстудегі бірден- бір тиімді жол.

Шеберхана-оқушының сыныптағы іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыру тәсілі.

Шеберхана балаға тек мектептегі пәндік ғылымды білдіріп қана қомайды, сонымен бірге нақты білімнің қалыптасу жолын, тәсілін гүсіндіреді.

Педагогикалық шеберхана технологиясы мұғаліммен шеберхана өткізбестен бұрын дайындықты, жан-жакты ізденісті талап етеді. Ал шеберхана барысында мұғалім тек бағыт-бағдар беруші, бақылаушы ролінде болады.

Шебер-оқушының өзіндік әрекетіне көмекші жетекші. Шеберхананы құрушы шебер қағидасы - оқушы әрекетінің еркіндігіне, оның тұлғалық ерекшелігін; жан; ой талғамына құрметпен қарауға негізделеді.

Соныдықтан, ұлт мектептеріндегі мектеп мұғалімдері көптеген қиындықтарға кезігеді. Ұлт мектептеріндегі бастауыш буыңда 12 жыл педагогикалық қызмет ету барысында өз тәжірибемнен байқағаным:

- баланың мектепке дейінге сөйлеу мәдениеті толиқ қалыпгаспаған.

- өз ойларын еркін ашып айта алмайды.

- кейбір оқушылар сынып ұжымында шеткерлеп, жиі оқшауланады

бастауыш бұрындагы сабақ үрдісінде дәстүрлі сабақ әдістері оқушы зейінін тез басады.

- акпаратты технологияньң уақыт жылдамдығына байланысты прогргесиеті дамуы - окушының оқуға деген талпынысына кері әсер етеді, егер, біз де отандық оқыту үрдісіне түбегейлі өзгерістідер уакытта кіргізіп үлгермесек.

Бұл келесі мәселені шешуде бізге тек қана әлемдік, отандық оқытуда озық үлгіге айналып, өз нәтиже тиімділігін көрсетіп отырған оқытудың жаңа технологиясы көмекке келе алады.

Сол себептен соңғы екі жылдағы шығармашылык - ізденушілік

Тақырыбым: «Педагогикалық шеберхана технологиясы негізінде оқушылардың тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру»

Ізденушіліктің алғашкы тәжірибе баспалдағында технологияның тек кейбір кезендері ғана колданылады.

Байқағаным: өте жақсы нәтиже беретін кезен - индукция кезеңі. Тақырыпты ашуда индуктор кез-келген зат не құбылыс болады. Мысалы, үнтаспа үні, зат, сурет, тіпті бір нүкте болуы мүмкін.

Оқушылар оқу тақырыбын өздері шығарып алып, осы тақырыпқа деген қызығушылықпен құлшына сабақ барысын тосатын болды.

Екінші кезең - деконструкця кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар сызбаға не месе тірек схемасына сүйеніп, Жұмыстарын жалғастырады. Мысалы; тақырыпқа байланысты не біледі, соны жазады өз білімін, тәжірибесіне»сүйсніп немесе өздері тақырыптық сызба жасаулары мүмкін. Бұл жұмыстарды орындау барысында балаларда өз күшіне деген сенімділік пайда болып, білімдері кеңейеді.

Үшінші кезең – реконструкция кезеңінде балалар дайын сызбамен сыныпта оқушыларды бағадарламадан тыс қосалқы мәтінмен жұмыс жасау өте қызықтырады.Бастауыш сыныпта оқушыларды бағларламадан тыс қосалқы мәтінмен жұмыс жасау өте қызықтырады. Аяқталмаған мәтінді топ ішінде талдап, өз ойларын көршілес топтың ойларымен салыстырып, негізгі ойды табу арқылы мәтінге ат қояды.

Әлеуметтендіру кезеніндегі мұғалімнің көмегімен мәтінніің жалғасы таратылады. Оқушылар қай топтың нұсқасы сәйкес келтінін ажыратады.

Бұл кезендерде бастауыш сынып окушыларының әлі «қалыптаспаған зертту, сынау, салыстыру, ажырату қабілеттері дамиды.

Әлеуметтендіру кезеінде өтілген тақырыпқа байланысты сурет салғызуға, өлең жолдарын шығартуға шағын шығарма жазғызуға болады.

Сабақ соңында. сурет салғанда бар жан-дүниесін, эмоциясын сол жұмыста қағаз бетіне бейнелейді.Жарнамалау (афиширование), кезеңінде әр бала немесе әр топ бар жұмыстарын қорғайды. Оқушылар еріксіз бір-біріне қол созып,керсетеді. Осы кезеңді ұяжым мүшелерін біріктіретін, ынты-мақтандыратын кезең деуге болды.

Жетінші кезең-үзіліс (разрыв) кезеңі. Бірақ бұл кезеңді бастауыш буында қолдану қажст емес.

Өйткені балаларға білгені мен білмегінін салыстыру, ойларын жинақтау қиынға соғады. Сондықтан бұл кезенді оқушының белгілі бір тәжірибесі қалыптасқасын, орта буындардан бастап енкізуге болады.

Соңғы кезеңі - рефлекция кезені. Рефлексия кезеңі әр оқушыға шеберхана барысындағы ішкі сезімін, ойын ашық айтуға мүмкіндік береді. Тіпті бұрын мүлде сөйлете алмантын тұйық бала бір - екі сөйлем болса да міндетті түрде айтады.

Педагогикальіқ шеберлікті бастамас бұрын ен алдымен ұйымдастыру кезеңіне қатты көңіл болу керек. Ұйымдастыру кезеңі дұрыс ойластырылып өткізілее кез келген сабақ нәтижелі болады. Ең алдымен оқушыларды психологиялык дайындықтан өткізу керек.

Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызып, бір – бірінің қолынан ұстасып, бір-біріне жылы сөз, жақсы лебіз немесе тілек айтқызуға болады. Мұндай іс-әрекет оқушылар арасында өзара сыйластық, түсінушілік» достық қарым-қатынасты жандандырады, ал бұл - шеберхана барысындағы жұмыстың кызықты да дұрыс откізуге болатын бірден бір қажетті адамгершілік қасиет.

Қазіргі уақытта "қоғамды ақпараттандыру", "білім беруді ақпараттандыру" деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызда жиі кездеседі. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми-техникалық прогресс: жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интеллетуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс.

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр.

Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне элекрондық оқулықтарды енгізу.

Өйткені, бүгінгі тандағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру коғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын ролі зор, Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

Теориялық материалдар гафикалык. илюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім.

Электрондық оқулық дайынаудың тұжырымдық негізі оқытудың педагогикалық. теориясы болып табылады. Сонымсн қатар электрондық оқулық дайындаудың псдагогикалық, ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйксс келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып уйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.


Элекоктрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұның қамтитын компьютерлік техналогия негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы.

Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

Кері байланысты іс жүзілік тез арада қамтамасыз етеді; және окулықтагы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса,, электрондық, оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;

Гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Ең бастасы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды есксрген жөн:

- белгілі бір пәнге байланысты дайындалтын электрондық оқулыктың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;

- электрондық, оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс мәтінін қамтитын негізгі зертханалык және тажірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиогрофиядан түратын комекші, аралык, және корытынды бақылау сурақтарырынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

— электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа катысты ақпараттың нақты әрі қысқа бірілуін ескеру;

— белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық, беттен артық болмау.

Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық. бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жак тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықтарын электрондық. оқулықты көп пайдалануына түра кследі. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғыры-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсср етеді.

Сондай-ақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика. химия, биология сскілді пәндерге қатысты урдістіерді аиимациалап көрсету, тіпті кинофилмдер мен диафильмдер үзінділерін сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электроңдық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркендік әдістемслік деңгейін арттырады,

"Информатика" пәнін оқытуда редакторын оқыту" электрондық оқулығын пайдаланса болады.

Электрондық оқулықты құруға қолданбалы бағдарламасын қолдануға болады. қолданбалы бағдарламасы арқылы презентация жасауға болады. Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар.

Бұл жерде презентация дегеніміз-баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жаинау, диплом немссе, курстық жұмысты қорғау, бизнес-жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыга салу, қандай да бір қызмет түрін ұсыну.

Кез келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын ролі зор. Біздің мақсатымыз — презентация даярлаудың техникалық құралымен таныстыру. Презентация өтізуде көрнекі құралдар (графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар) кеңінен қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы оны презентация даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттілігін туғазды.

Интернет диетанцялық презентациялар откізудің ең қолайлысы құралы болып табылады.

Бүгінде Интернетте автоматты рсжимде жұмыс істейтін көптеген презеитацияларды көруге болады.Екінші жағынан алғанда, прсзентация деп айрықша тексті электрондық, құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиялық, мазмұны мсн құжатты экранға шығаруды басқарудың мүмкіншіліктерімсн ерекшсленеді.

Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактиеті және дистанциялық түрде өтеді, тектес құжаттарды арнаулы бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындайды.

Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі — MICROSOFT office кестесімен бірге қойылатын Місrosof Power Point қолданбалы бағдарламасы.

Бұл презентация даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып табылады. құралдарының көмегімем дайындалған жұмысгы оның кез келген кезеңінен, көрсетуге болады.

Роwer Роіnt-тағы кез келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдтардың саны көп бола берсді. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінік жеке нөмірі болады, слайд құрылғанда ол бірден міндетті түрде номірленсді.

Құжаттағы слайдтар сызықта тізбектеле орналасады. Слайдтарды жою, кірістіру, орын ауыстыру нсмесе көрсету олардың сызықтық құрылымын бұзбайды.

Слайттар әр текті нысаңдардан тұрады.

Слайдта орналастырылатын барлық, нысандар Роwег Роіпt ішкі, құралдарымен де, сонымсн қатар сыртқы қолданбалы бағдарламаларда да құрылып, безендірілу мүмкіндігіне ие. Місrоsоf offcе дестесіyс керегін барлық калданбалы бағдарламалар сияқты Роwег Роіnt бағдарламасының да өзіндік стандартты басқару элемеінттері бар.



Роwer point бағдарламаcында презентацияны даярламас бұрын біріншіден сізде оның мазмунды бөлігі дайын болуы қажет.

Компьютер автор үшін презентацияның мазмұның, мақсатын, құрылымын анықтай, алмайды, ол тек идеяларды жүзеге асыруда колданылатын техникалық болып табылады.


15-дәріс. Педагогикалық тірек – сызбалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет