Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет14/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №88
Үйде мынадай жағдайлар орын алды. Анасы баласына айтады: Сен өз міндеттеріңе жауапкершілікпен қарамайсың, таңғы астан қалған ыдыстарыңды не үшін жумағансың? Баласы жауап берді: сен өзің де әрдайым таңғы астан кейін ыдысыңды жуып жүрмейсің.
Анасы айтады: Мен – бұл мүлде басқа әңгіме. Сенің анаңның онсызда үйде жасайтын жұмыстары көп, сенің ойыңша, сендер сияқты жалқаулардың арттарыңды аз жинаймын ба? Бала қарсы сөз айтты: мен жалқау емеспін.

  1. Анасы баласымен сөйлесу барысында қандай қателіктер жіберді?

  2. Мұндай тәрбиенің арты неге әкеліп соқтыруы мүмкін?

Жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №89


Сағат түнгі 11 болды, ал қызы әлі келмеді. Анасы алаңдап, бүкіл құрдастарына, сыныптастарына хабарласты. Қызы ешқайда жоқ болды. Түннің ортасында Сәуле көңілді әрі бақытты күйде үйге оралды.

  • Қайда жүрсің? Саған осыншалықты кеш келуге кім рұқсат берді?

Егер сен 11 сыныпта болсаң, есейіп кеттім деп ойлайсың ба? Қайда екенің белгісіз құрып кеткенше, одан да сабақ оқысаң қайтеді! – деп анасы көңілдегісін айтты.

  • Ана, неге сонша алаңдайсың, мен Дамирмен оның оқу орнындағы дискотекада болдым,- деп қыз ақталғысы келді.

  • Қандай Дамирмен? Әлгімен бе? – деп Сәуленің күнделігінен бозбаланың сүретін жұлып алды. – Мен саған ҰБТ-ның алдында қыдыру дегенді көрсетемін! – деп қызына айқайлап, ашу үстінде Дамирдің сүретін жыртып тастады.

  • Бұған қалай дәтің барды! – деп жерде жатқан сурет қиындыларын жинап жүріп айқайлады. Оларды жинап алып, бөлмесіне жылап кіріп кетті.

Бұл жағдайды талдаңыз және анасы мен қызының әрекеттеріне баға беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №90
Сіз үйге қайтатын автобуста, шу шықты, шудың себебі сен – ауыр сөмкесі бар үлкен кісіге орын бермедің. Сол күні кешке жаңа көршілер қонаққа шақырды, бағанағы көліктегі орын бермеген кісі сіздің көршіңіз болып шықты.
Ал үстел үстінде, бағанағы ауыр сөмкесіндегі заттар болып шықты.
Осы жағдайда сен не істер едің:

  1. Өз қылығыма кешірім сұраймын

  2. Үйге кірмей кетіп қалам

  3. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет