Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет38/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №222
Әжесі немересі жиі-жиі суықтап қалатын болғандықтан, балабақшада серуенге және бассейнге апармауды сұрайды. Аталмыш фактыны ол педагогтар балалардың киінуіне қарамайтындығымен және осы жастағы балалар өздері дұрыс киіне алмайтындықтарын айтып дәлелдейді. Тәрбиешінің, Сережа мектепте қалай киінетін болады деген сұрағына әжесі ол кезде де өзі барып киіндіріп тұратындығын, сол үшін жұмыстан шығып кеткендігін айтып жауап берді. Сіз осы баланың әжесі және ата-аналармен жұмысты қалай ұйымдастыратын едіңіз? Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №223
Бірінші сабаққа кешігіп қалған оқушылардың ақталған сөздерімен таныс болыңыз.
- Әкем мені тамақтандырды, ал менің тамақ жегім келмеді.
- Анам кеше түнде сағатты қоюды ұмытып кетіпті, сағат тоқтап қалыпты, біз ұйықтап қалдық.
- Кеше анама бүгін дене шынықтыру сабағы болатындығын және маған ішкөйлек керектігін айтуды ұмытып кетіппін. Анам таңертең ішкөйлегімді үтіктеген соң мен кешігіп қалдым.
- Мектепке жайлап келе жатып, ойға шомып кетіппін.
- Екінші аяқ-киімімді ұмытып кетіппін, кезекшілер қайта үйіме жіберді.
Әрбір жауапты талдаңыз. Сабаққа кешігіп келетін әрбір оқушыға қандай қөзқарас (реакция) көрсетесіз?


Педагогикалық жағдаят №224
Сіздің сыныбыңызда пәнді өте жақсы білетін, бірақ сынып алдында жауап бере алмайтын, ұяң, үнсіз жүретін оқушы бар. Мәселені шешу үшін өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №225
Жасөспірім 14 жаста, үздік оқиды, оқу материалын жылдам меңгереді. Бір жыл бұрын ата-анасы оған жақсы оқығандығы үшін компьютер сыйлады. Қазіргі күнде жасөспірім бос уақытының барлығын компьютер алдында өткізеді. Дұрыс тамақтанбайды, ұйқысы да бұзылған, жүйкесі тозып, агрессияға бейім болған. Мәселені шешудің қандай жолын ұсынар едіңіз?


Педагогикалық жағдаят №226
Сіздің пәніңіз сабақ кестесінде бірінші болып тұр. Бір оқушы үнемі кешігіп келеді. Өзінің қылығын түсіндіргенде ол үнемі ұйықтап қалатындығын айтады. Бұл жағдайға Сіз қалай қарайсыз (қалай жасайсыз, не істейсіз, не айтасыз және т.с.с.) және не себепті?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет