Педагогикалық жағдаят №192
Сіз екі баланың төбелесіп жатқанын көрдіңіз. Осы жағдайда Сіз не істейсіз және неліктен?
Педагогикалық жағдаят №193
Сынып оқушылары балалардың біреуімен қарым-қатынас жасаудан қашады. Осындай жағдайда Сіз не істейсіз және неліктен?
Педагогикалық жағдаят №194
Сізге оның баласына қатынасыңыз ұнамайтын бір оқушының ата-анасы келді. Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №195
Сыныпта екі лидер бар – жағымды және жағымсыз. Балалардың көпшілігі сыныптағы жағымсыз лидердің жетегімен кетеді. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №196
Сыныпта ата-аналар жиналысында балалар үшін ата-аналар арасында кикілжің туындады. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №197
Сыныптағы оқушының бірі қуыршақ театрына ойын көрсетуіне бармайтынын айтты. Сіз бұл шешімнің оның отбасындағы қаражаттық жағдаймен байланысты екендігің білесіз. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №198
7 сынып оқушысы Сіз қатысып отырғанда әріптесіңіздің 5 сынып мұғалімінің әрекетіне теріс баға берді. Осы жағдайдағы Сіздің әрекетіңіз және неліктен?
Педагогикалық жағдаят №199
Сыныпта мұғалімнің ұсыныстарына педагогтың жасы мен тәжірибесінің аздығына, беделінің жоқтығына байланысты ата-ананың көңіл аудармауы орын алады. Осы жағдайда Сіз қалай әрекет етесіз?
Педагогикалық жағдаят №200
Бастауыш сынып мұғалімі оқушының біреуінің анасына балалар сабақта жаңа нені білді және білген материалды үйде бекіту жөнінде ұсыныс жасады. Анасы шұғыл жауап қайтарды: оның баламен үйде отыратын уақыты жоқтығын, бұл мұғалімнің міндеті екендігін, ол «осы үшін ақша алатынын» айтты. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |