Педагогикалық жағдаят №201
Ұзартылған күн тобынан баласын алуға келген ата-анасы баласының киімінің ластанғаның көріп, педагогты балаларды дұрыс қадағаламайтындығын айтып кінәлайды. Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №202
Екінші сынып оқушысының анасы мұғалімнен кеңес сұрайды: Уақыт өткен сайын қырсық болып келе жатқан ұлыммен не істесем болады? Ол ұлының әкесі мен атасының да қырсық болғандығын айтты. «Мүмкін, бұл тұқымқуалаушылық шығар?» Осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз (қалай жасайсыз, не айтасыз және т.с.с)?
Педагогикалық жағдаят №203
Сабақтан соң оқушылардың бірі Сізге келіп, жаңа тақырып бойынша ештеңе түсінбегендігін айтты. Ол Сізден тақырыпты тағы да қайталап түсіндіріп беруіңізді сұранады. Бұл жағдайда Сіз қандай әрекетке барасыз, не айтасыз және не үшін?
Педагогикалық жағдаят №204
Айша - өте ұялшақ, әлсіз, ұяң қыз. Мұғалімнің айтуы бойынша, сабақта белсенділік танытпайды, ал дене шынықтыру сабағында оқушыларды бір бағанда алып жүру ұсынылса, барлығын ритмнен шатастырып алады. Қатарластарынан алшақ жүруге тырысады. Сіз бұл жағдайда қалай жасайсыз және неліктен?
Педагогикалық жағдаят №205
Ата-аналар мұғалімге: «Неліктен барлық балалар сурет салу дағдыларын бірдей меңгермейді? Барлығы да мектепке барады, барлығымен де бір деңгейге үйрету жұмыстары жасалады. Балаларға, ата-аналарына не істеу қажет?» - деп сұрақ қояды. Сіз бұл жағдайда қалай жасайсыз және неліктен?
Педагогикалық жағдаят №206
Мұғалім ұқыпсыз оқушыға кезекті екісін қойып: «Сен тағыда бақылау жұмысын «екіге» жаздың», - дейді. Оқушы: «Мен дұрыс жаздым. Сіз маған ылғи қадаласыз». Сіз бұл жағдайда қалай жасайсыз және неліктен?
Педагогикалық жағдаят №207
Сыныпта сабақ үстінде үнемі сағыз шайнап отыратын қыз бала бар. Ескерту мен тыйымдар көмектеспейді. Бұл әуестікті оқушы түсіндіре алмайды. Не істеуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |