Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет67/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №398
Оқушының оқу үлгеріміне қатысты мұғалімнің айтқан ескертуіне қарай, ол оқу пәнін меңгеру үшін көп жұмыс жасаудың қажет еместігін былай жеткізеді: «Мені жеткілікті қабілетті адам деп санайды» Мұғалім бұл оқушыға қалай жауап беру керек?
1. «Бұған дейін сенің басыңнан өткерген қиындықтарың және сенің білімің, өкінішке орай, мұны байқатпайды».
2. «Көптеген адамдар өздерін жеткілікті қабілеттімін деп есептейді, бірақ кейбіреуі өмірде олай емес».
3. «Мен өзің туралы жоғары ойда екендігіңе қуаныштымын».
4. «Бұл сізден оқуда үлкен күшті талап етеді».
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №401
Оқушы «Мен бүгін тағы да дәптерімді алып келуді, үй тапсырмасын орындауды т.б. ұмытып кеттім», - деді мұғалімге. Мұғалім бұл жағдайда қалай жауап беруі мүмкін?
1. «Міне, тағы да!»
2. «Бұл сенің жауапкершілігі жоқ оқушы екеніңді көрсетпей ме?»
3. «Саған барлық іске салмақты оймен қарауды бастау керек сияқты деп ойлаймын».
4. «Тапсырманы неге орындамағаныңды білгім келеді».
5. «Қалай ойлайсың, мен неге әрдайым осы жайлы сенің есіңе түсірем?»
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №402
Оқушы «Сабақта сіздің сөйлегеніңіз және қорғағаныңыз маған ұнамайды», - деді мұғалімге. Мұғалімнің жауабы қандай болуы мүмкін?
1. «Сен, мүмкін, бұл туралы түсінбейтін шығарсың?»
2. «Алдағы уақытта барысында сенің ойыңның өзгеруіне сенімдімін».
3. «Ал сен өзің ұнатасың ба және қорғауға дайынсың ба?»
4. «Жолдасыңның түсінігі мен талғамы жоқ».
5. «Сен қалай ойлайсың, мен неге мұны айтып отырмын және қорғаймын?»
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №403
Оқушы мұғалімге оның сабақ берген пәнінен жақсы меңгеру мүмкіндігіне орай өзінің сенімсіздігін білдіріп: «Мен сізге мені толғандырып жүрген мәселе жайлы айттым. Енді сіз маған мұның себебін және одан әрі не істеуім керектігін айтыңызшы», - деді. Мұғалім бұл сұраққа қалай жауап беруі керек?
1. «Менің ойымша, сізде толық қанағаттанбаушылық бар сияқты».
2. «Мазасыздануға ешқандай негіздеме жоқ».
3. «Тұжырымдалған ойымды айтпас бұрын, бірінші кезекте сізді толғандырған мәселе жайында біліп алуым керек».
4. «Мен сізге қазір нақты жауап беруге дайын емеспін, маған ойлану қажет».
5. «Еш уайымдама, мұндай жағдай менің басымнан да өткен».
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет