Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет69/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №407
Сіз тақтада белгілі бір әрекет орындап жатырсыз (теңдеулер шығару, формула жазу және т.б.). Сіздің жазбаларыңызда қате кеткен. Оқушылардың біреуі байқап қалып, бүкіл сынып көретіндей айтып қалды. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?
1. Қатесіне келісемін және жөндеймін.
2. Жағымсыз түрде әрекет етемін.
3. Кеткен қатені көрсеткені үшін алғыс білдіремін.
4. Көңіліме аламын және бірден білдіремін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №408
Сіз сынып жетекші болып отырған 9-сыныптың оқушылары бір оқушыға бойкот жариялады. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз (сіздің әрекетіңіз, не істейсіз, не айтасыз т.б.) және неге?

  1. Жанжалдың не себептен болуын анықтау үшін сыныппен сөйлесемін.

  2. Әр оқушымен жеке әңгіме жүргіземін.

  3. Ата-аналар жиналысын өткіземін.

  4. Мектептің психолог маманымен ақылдасамын.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №409
Сіздің көзіңізше оқушылардың бірі сіздің әріптесіңіздің біріне теріс баға берді. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз (сіздің әрекетіңіз, не істейсіз, не айтасыз т.б.) және неге?

  1. Адамның сыртынан жаман пікір айтудың әдепсіздікке жататынын түсіндіремін.

  2. Қатал түрде оқушыны орнына қоямын.

  3. Оған мұғалімді бағалауға құзыреттілік берілмегенін түсіндіріп көремін.

  4. Мұғалімдер бөлмесіне шақыртамын.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №410
Сіздің тоқсандыққа қойған бағаларыңыз бойынша келіспеушіліктерін білдіріп, 10-сынып оқушыларының ата-аналары сізге келді. Олар Сіздің тоқсандыққа қойған бағаларыңызды әділетті емес деп санайды. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңізжәне т.б. ) ?

  1. Ата-аналарды сабаққа қатысуға шақырамын.

  2. Пән мұғалімдерін ата-аналармен әңгімелесуге шақырамын.

  3. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін түсіндіремін.

  4. Педагог қызметін бағалау олардың құзыретіне жатпайтынын түсіндіріп, теріс пікір білдіремін.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет