Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет76/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №434
Мектептен шыға берісте жолда Сіз жоғары сынып оқушыларынан мәдениетсіз сөз естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

  1. Бұның мектеп ережесіне сәйкес келмейтінін түсіндіріп, мектеп директорына ертіп барамын.

  2. Оқушылардың ата-аналарын мектепке шақырып жанжал шығарамын.

  3. Оқушыларға мұндай әрекет жараспайтынын және бұл сөздер ерсі естілетінін жай сөзбен түсіндіремін.

  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №435
Сіз жетекші болып отырған сыныпта діни нанымдарға байланысты жанжал туындады. Сіз не істейсіз?

  1. «Халықтар достығы» тақырыбында тәрбие сабағын өткіземін.

  2. Ата-аналармен әңгіме жүргіземін.

  3. Ештеңе болмағандай жүре бересіз.

  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №436
Сіз сынып жетекшісіз. Оқушыларыңыздың бірінің сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кетті. Күнделігінде «екіліктер» көбейген. Жағдайы нашарлап кетті: мұғалідер оқушыны ұялтады, сабақтан соң алып қалады, үйде көп өтірік айтып кетті, ауру анасы ұлына сенбейді. Сіздің әрекетіңіз:

  1. Үлгерімі жоғары оқушыларға қадағалауын тапсырамын.

  2. Ештеңе істемеймін, мектепте екілік бағамен оқитын оқушылар аз емес.

  3. Педагогикалық кеңесте келесі жылға қалдыруға ұсыныс жасаймын.

  4. Оқушының өзімен әңгімелесемін: «Не істейміз? Екеуміз жағдайды дұрыстауға тырысуымыз керек. Анаңа қазір өте қиын. Біз оған жағдайдың дұрысталатынын дәлелдеуіміз керек. Алда әлі 2 апта уақыт бар. Төрт пәннен екілік бағаңды өзгертуің керек. 12 желтоқсанда анаңды шақырып жағдайдың дұрысталып келе жатқанын көрсетеміз».

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет