Педагогикалық жағдаят №440
Елестетіп көріңіз, Сіз мұғалімсіз. Сіздің сабақ өтіп жатқан кезіңізде сыныпқа ашық тұрған терезеден үлкен ара ұшып кірді және бөлмеде ұшып жүр. Сіз не істер едіңіз?
1. Оған көңіл аудармауға тырысамын және балалардан да соны талап етемін, сосын сабақты жалғастыра беремін.
2. Араны бір затпен ұрып, одан өзім құтылуға тырысамын, бірақ оған оқушылардың араласуына қарсы боламын.
3. Оқушылармен бірге арадан құтылу үшін оны ұстауға тырысамыз.
4. Барлық терезені ашып, балаларды сыныптан шығарып, араны өзім сыртқа қууға тырысамын.
5. Барлық терезені ашып, балалармен бірге араны сыртқа қууға тырысамыз.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №441
Елестетіп көріңіз, Сіз мұғалімсіз. Сіздің сыныбыңыздың оқушысы бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болып сыныпқа спорт киіммен және төсбелгімен келді, алайда спорттық киімде сабаққа қатысуға рұқсат етілмейтін (дене шынықтыру сабағынан басқа) мектеп киім үлгісінің оқушыларға арналған өз ережесі бар. Сіз не істер едіңіз?
1. Мектеп ережесін бұзуына байланысты оқушыны киім ауыстырып келуге үйіне жіберемін.
2. Ондай киімде бір күн мектепте жүруіне рұқсат беремін, бірақ бұдан былай олай жасамауын ескертемін.
3. Мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін ақылдасу үшін оқушыны мектеп директорына апарамын.
4. Әкімшілік бөліміндегілерден және әріптестерімнен спортшының осындай киімде жүруіне рұқсат беруін сұраймын, себебі ондай образбен ол спортты насихаттайды, патриоттық сезім тудырады, сонымен қатар ол - біздің мектебіміздің мақтанышы.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №442
Сіз 7”Б”-сынып жетекшісісіз, 7 оқушыдан тұратын спорттық жарыстарға 7, 8, 9 сыныптардан дайындадыңыз. Жаттығу кезінде Сіз оларға әрдайым жеңесіңдер деп айттыңыз. Бірақ сіз ойлағандай болмады, Сіздің командаңыз ең соңғы орында болды. Сіздің іс-әрекетіңіз:
Команданың жеңілуіне себепкер болған балаларды командадан бөліп аламын.
Балаларға жаттығу кезінде жақсы дайындалмағанын айтамын.
Балаларды тыныштандырып, оларға келесі жолы бізде бұдан да жақсы көрсеткіш болады деп айтамын.
Талдау жасап, балалармен бірге қорытынды жасаймын.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |