Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет77/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №437
Сіз сыныпқа ерте келіп қалдыңыз, кенет екі оқушының (оның бірі сынып старостасы) журналдағы бағаны түзетіп жатқанын байқап қалдыңыз. Осы жағдайда не істер едіңіз?

  1. «Оларды қатаң жазалаймын».

  2. «Ол оқушыларды директор орынбасарына немесе директорға ертіп барамын».

  3. «Журнал еш уақытта қараусыз қалмайды».

  4. «Қай мұғалімнің журналды сеніп тапсырғанын анықтап, солармен әңгіме жүргіземін».

  5. «Әдетте староста мұндай әрекетке бармайды және т.б.»

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №438
Сіз педагогсіз. Сіздің сыныбыңызда бір жыл бойы оқушылар арасында жарыс өтті. Сыйлыққа жалпы қордан жиналып алынған ақшаға хрусталь мүсін берілуі керек еді. Ол мүсін мұғалім шкафында тұрды. Оқу жылының соңында жарысты қорытындылауға жақын қалғанда сыныптағы 2 оқушы бір-бірімен соқтығысып, абайсызда сол мүсінді сындырып қояды. Сіздің әрекетіңіз:

  1. Оқушыларға қайтадан ақша жинап, мүсінді сатып алуын сұраймын.

  2. Ол сыйлықты өзім сатып аламын.

  3. Кінәлі балалардың мойнына артып қоямын.

  4. Жеңімпаздарды сыйлықсыз қалдырамын, өйткені сыйлық маңызды емес.

  5. Оқушылар арасында мәселені шешудің жолдарын іздестіріп, дауысқа саламын.

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №439
Сіз өз мектебіңіздің бітіруші сыныбындағы білгірлер клубының мүшесісіз. Сіз жақын арадағы сенбіде көрші қалаға туыс әпкеңіздің (жақсы қарым-қатынастағы) үйлену тойына барғалы жатырсыз. Міне, сол кезде, бейсенбі күні кешке Сіздің білгірлер командаңыздың капитаны қуанышты хабармен, яғни команданың жеңімпазы, Қазақстандағы қалаған ЖОО-на мемлекет есебінен оқуға түсуге мүмкіндік беретін, жақын арадағы сенбі күні болатын жарысқа шақырып жатқанын хабарлайды. Сонымен қатар капитан команда құрамын өзгертуге болмайтындықтан, сіздің қатысуыңызсыз жарысқа команданың қатысу мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді. Сіз қандай шешім қабылдайсыз?
1. Мен тойға барамын, себебі мен біраздан бері жоспарлағанмын және сүйікті әпкемді оның өміріндегі маңызды күнінде ренжіткім келмейді. Ал ЖОО-на, команданың әрбір мүшесі түсе алады деп ойлаймын, біз тектен тек білгірлер клубы емеспіз.
2. Жарысқа қатысамын, себебі командалас балалардың көңілін қалдыра алмаймын, ал әпкем мені түсінеді деп ойлаймын.
3. Тойға барамын, өйткені біздің жеңіске жететіндігіміз нақты емес, ал бірақ тойдың болатыны нақты.
4. Тиын тастаймын, не түссе сол болады.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет