Педагогика тарихы


Орта кәсіби білімнің құрылымы және мазмұны



бет101/113
Дата23.12.2023
өлшемі2.03 Mb.
#487680
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Орта кәсіби білімнің құрылымы және мазмұны


Орта кәсіби білім негізінен колледж, училище (лицей) болып бөлінеді. Білім беру жүйесін реформалауға байланысты 1989 жылдан бастап дәстүрлі кәсіптік-техникалық училищелер базасында - лицейлер, техникумдар базасында - колледждер құрылды. "Білім туралы" заңда "колледж дегеніміз –орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны" - деп көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастауыш және орта арнаулы кәсіптік білім беру жіктеушісінде - орта кәсіби және жоғары кәсіптік білім мамандықтарының саны мен сапасын айқындайтын құжатта білім беру жүйесі сатыларының сабақтастығын сақтауға айрықша мән берілген.
Білім беру стандарттары мен типтік бағдарламаларда мамандардың колледждердегі алған кәсіби білімдерін жоғары оқу орнында бакалавриаттарындағы білім беру жүйесінде сабақтастықта толықтыра түсуге мүмкіндік жасалған. Колледжді бітірушілер үшін мамандықтарына сәйкес жоғары оқу орындарында қысқартылған оқу формасы бойынша 3 жыл оқиды. 12 жылдық мектепті бітірген талапкер бастауыш білім беретін мектептер үшін мамандар дайындайтын педагогикалық колледждердегі оқу мерзімі 2 жыл деп белгіленіп отыр.
1991-2005 жылдар аралығында қоғамдық сұраныстың нәтижесінде лицей, колледждердегі білім беру екі тілде қазақ және орыс тілдерінде жүргізіле бастады. 1995 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім министрлігі арнаулы орта оқу -орындары жайлы жаңа Ережені бекітті. Ережеде арнаулы оқу орындарының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды реттейтін нормативті дайындау және бекітуге тапсырма берілді.
Сонымен қатар, арнайы оқу орындарына мемлекеттік білім стандарттары жасалды, көптеген жаңа мамандықтар және қосымша мамандандырулар енгізілді, базаны компьютерлік ақпарттандыру, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану, колледж-университет кешендерін құру, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, қаржыландырудың жаңа жүйесіне көшу іске асырылды. Арнаулы орта кәсіби оқу орындарында білім мазмұны бәсекеге қабілетті кәсіби құзыреттілігін толық қамтамасыз ететін маман дайындау көзделді.
1995-2003 жылдар аралығында кәсіптік білім жүйесін дамытуға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігі тарапынан аса маңызды құжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Кәсіптік бастауыш және орта білім мамандықтарының тізбесі" (11.01,2000 жыл, № 8 бұйрық), "Кәсіптік бастауыш және орта білім Мемлекеттік стандарттарын құрастыруға арналған әдістемелік құрал" (16.09.2002 ж., № 675 бұйрық), "Кәсіптік бастауыш және орта білім Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының құрылымы мен мазмұны" Жалпы Ереже. (1.12.2000, бұйрық № 1191), "Кәсіптік бастауыш және орта білім жоспаларының типтік моделі" (16.09.2002, № 675 бұйрық), т.б. құжаттарды дайындап, бекітті.
82 мамандық бойынша кәсіптік бастауыш және орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29-сәуірдегі № 409 қаулысымен бекітілген "Арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасап шығару" бағдарламасына сәйкес кәсіби білім беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер басылып шығарылды.
Білікті жұмысшылар дайындаудың іргелі және қолданбалы зерттеулер негізінде ұсынылған тиімді әдістерін зерттеуді практикалық тұрғыда жүзеге асыру үшін алдыңғы қатарлы шығармашылық әдіспен жұмыс істейтін кәсіптік-техникалық мектептердің, лицейлердің, колледждердің педагогикалық ұйымдарында 1999 жылдан бастап кәсіптік білім институтының эксперимент алаңдары құрылды.
Мұнда алаңдар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 29 оқу орнында ұйымдастырылды. Мысалы, Алматы қаласындағы №18 кәсіптік мектепте дәстүрлі емес оқыту әдістері - блокты-модульды оқыту жүйесі енгізіліп, оқытушылар оқушылар бойындағы кәсіби білім пен дағдыны қалыптастыру үшін мониторинг, деңгейлеп оқыту әдістерін тиімді пайдалана бастады.
Алматы индустралды педагогикалық колледж базасында кәсіби білім мазмұнын кешенді дамыту мақсатында лицей-колледж-академия үздіксіз білім беру жүйесі енгізілді. Негізгі мектептің 9-сыныбын бітірген оқушылар лицейдің бастапқы сатысына қабылданып, 6 жылдан соң жоғары білімді маман дипломын алып шығатын болды. Үздіксіз білім беру жүйесі туралы Алматының №1 кәсіптік білім лицейі, Петропавл қаласындағы педколледж, Қарағанды қаласындағы №3 кәсіптік лицей, Атырау қаласындағы №1 кәсіптік лицейде қалыптасты.
Соңғы жылдары ауылдық жерлердегі кәсіптік-техникалық мектептерде - Алматы облысы №1 кәсіптік мектепте, Маңғыстау облысындағы №3 кәсіптік мектепте, Көкшетау облысындағы №4 кәсіптік мектепте оқытудың жаңа технологиясы енгізілді. Бұлар ауылдық жерлерде кадр дайындайтын оқу орны ғана емес, сонымен бірге мамандар дайындаудың сатылы оқу-әдістмелік орталығы, өндірістің жаңа технологиясын ендіру мен насихаттаудың ошағы болып отыр.
Бірқатар эксперименттік оқу орындары, соның ішінде Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде білім алушыларға барлық пәндер бойынша компьютерлік жаңа мультимедиялық бағдарламалар негізінде оқыту іске асырылды. Мамандар дайындауда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде бұл колледждер бағалы ғылыми -әдістемелік ұсыныстар жасады.
Республикада 1995-2000 оқу жылдары аралығында кәсіптік оқыту жүйесін жетілдіруге байланысты 40-тан астам ғылыми –теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет