Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Ғасырлар тоғысында ұлттық және әлемдік құндылықтарды өзара кіріктіру арқылы Қазақстанның білім беру жүйесі және педагогикалық ғылымды жетілдіру талабына сәйкес жасалған “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” білім беру жүйесінің алдына төмендегідей күрделі міндеттерді қойып отыр:
-халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
-білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
-Қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынастарға, жоғары мәдениетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;
-Мемлекеттік тілді басым дамыту;
-Отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту;
-12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу;
-Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу (БХСЖ) ұсынымдарына сәйкес кәсіптік білім беру және мамандарды даярлау жүйесін қайта құрылымдау;
-оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртұтас үш сатылы моделін жасау (бакалавриат-магистратура-докторантура);
-экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру;
-әлемдік білім кеңістігіне ықпалдау;
-білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
-бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру;білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
-білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту;
-білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
-білім берудің сапасын арттыру үшін экономика секторлары ресурстарын тартудың тетіктерін жасау;
-педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру менеджерлерін даярлау;
-көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету.
Жоғарыдағы міндеттерді іске асыруда кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылды. Әсіресе нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабілетті білім беруге қажетті жағдайлар жасалып, білім берудің барлық деңгейінің сабақтастығы қамтамасыз етілді.
Педагог-қызметкерлерді мемлекеттік қолдау күшейтілді және олардың еңбегін ынталандыру тетіктері жетілдірілді, еңбек ақысы басқа салалармен салыстырғанда жоғарылады, ұзақ мерзімді несиеге тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы іске асырылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін” атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары” білім беру жүйесін дамытуға үлкен ықпал етуде.
Достарыңызбен бөлісу: |