Педагогика тарихы


Психологиялық көзқарастары



бет89/113
Дата23.12.2023
өлшемі2.03 Mb.
#487680
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Психологиялық көзқарастары. Ол психология саласында да өндіре еңбек етіп, артына көп мұра қалдырып кетті. Оның екі кітабы: “Психология” (376-бет, 1926 ж.), “Жан жүйесі және өнер таңдау” (80-бет, 1926 ж.) осы ғылым саласынан жазылған тұңғыш төл туындылар. Ж.Аймауытов “Тәрбиеге жетекші” (1924), “Комплексті оқыту жолдары” (1929), “Жаңа ауыл” (1930) дейтін еңбектерінде де психологиялық мәселелерге ерекше мән берген.
Ж.Аймауытовтың психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның “Психология” атты төл оқу құралы толығырақ сөз етуді қажет етеді.
Жүсіпбек “Психология нені сөйлейді?” дейтін бірінші тарауда осы ғылымның екі жарым мың жылдық тарихынан біраз мағлұмат береді. Бұл жерде рационалистік (ақыл-ой), эксперименттік (тәжірибе) психологияның жай-жапсарын баяндайтын беттері өте тартымды. Кітаптың екінші тарауында адамның жан-дүниесін, мінез-құлқын зерттеуді қайтып ұйымдастыруға болатындығын айта келіп, (бақылау, анкета, әңгімелесу, тәжірибе әдістерінің мән-жайын) тәптіштеп түсіндіреді. Ол – жан дүниесінің заңдылықтарын зерттеуде математиканы, оның вариациялық статистика дейтін саласын қалайша пайдалануға болатындығын қазақ топырағында алғаш рет сөз етеді. Кітаптың үшінші тарауы “Тірі заттардың қылығын жалпы мінездеу” (қазіргі терминде “Психика және сана”) деп аталады. Мұнда психофизикалық және психофизиологиялық құбылыстар, атап айтқанда, организмнің, тітіркенушілік пен сезгіштік қасиеттерінің ерекшеліктері, жануар мен адамның дағды, инстинктері (соқыр сезімдері), бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары, өсімдіктер дүниесіндегі тіршілік белгісі (тропизмдер) ғылыми талдауға алынады…
Ал Ж.Аймауытов “Жан жүйесі мен өнер таңдау” (Мәскеу, 1926) атты еңбегінде ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау әдістері арқылы мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын тәжірибе арқылы анықтағысы келген. Зерттеудің басты мақсаты: Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа заманның кезінде жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жәрдемдесу…
Аймауытов еңбектерінің ерекше назар аударатын басты ерекшелігі – бұлар төл тілімізде туындаған тұңғыш психологиялық дүние болуымен қатар еліміздегі отызға жуық түркі тектес халықтар тілдерінде алғаш жарық көрген, ғылыми туындылар екендігінде…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет