Педагогика тарихы


Қазақстан Республикасы мемлекеттік “Білім” бағдарламасы



бет96/113
Дата23.12.2023
өлшемі2.03 Mb.
#487680
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік “Білім” бағдарламасы
ХХІ ғасырдың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ мемлекеттік “Білім” бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтастай алғанда, білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Білім” бағдарламасы мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы кәсіптік оқу орындарының, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі білім беру жүйесінің, қосымша білім беру, т.б. білім беру мекемелерінің мақсат, міндеттерін айқындай отырып, білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша:
- мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламалары мен бастауыш мектептер бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз етілуі тиіс;
-жалпы орта білім беру саласында білім берудің мазмұнын демократияландыру және ізгілікті ету бағытында айтарлықтай жаңарту қажет. Оқушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуының жоғары негіздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

  • бастауыш және орта кәсіптік білім беру саласында басты назар еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша жұмысшылар мен орта буын мамандарын даярлауға ғана емес, жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтуға жақсы даярлауға мүмкіндік беретін кәсіптік білімді, білік пен дағдылар алуға ынталандыруға аударылуы керек;

  • жоғары кәсіптік білім беру саласында жоғары кәсіптік білім мамандықтарының мемлекеттік жіктеушісі мен жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде сапалы білім беру, олардың қазіргі заманғы технологиялары бар кәсіпорындардың базасында өндірістік практика өтуі және лабораториялық әрі практикалық сабақтар жүргізу, оқу үрдісінде ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін түбегейлі шешу талап етілуі қажет. Жоғары кәсіптік білімнің сапасын бағалау жоғары оқу орындарының рейтингтер жүйесін енгізу жолымен жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік аттестациялау әлемдік білім беру кеңістігіне ену процестерін ескере отырып жетілдірілуі тиіс;

  • қосымша білім беру жүйелерін кеңейту, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерін көтермелеу және балалардың, жасөспірімдер мен жастардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру істерін жетілдіру көзделуі тиіс.

Бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында да әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бағытталған іргелі реформалар жасалды. Орта білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігімен сәйкестендіруге байланысты 12 жылдық білім беру жүйесі эксперименттік тұрғыда енгізілді.
Жоғары білім беру жүйесіне бакалавриат, жоғары оқу орнынан кейінгі білім магистратура, докторантура () білім беру сатыларын біртіндеп енгізу процесі басталды. Мұндағы негізгі мақсат - жоғары оқу орнынан кейінгі білімді әлемдік білім кеңістігіндегі білім жүйесімен сәйкестендіруден туындап отыр. Қазақстандағы білім беру жүйесін әлемдік білім стандартарына сәйкестендіруде қоғам мүшелерінің денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын өзара бірлікте қарастырылған еліміздің “Қазақстан–2030” стратегиялық бағдарламасы маңызды орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет