Педагогика теориясы



бет5/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Бақылау сұраулары:

  1. «Білім беру туралы» Заң, оның түзілісін сипатта.

  2. «Білім беру туралы» Заң негізінде білім жүйесі және түрлері қайсылар?

  3. Білім саласында қандай реформалардың жүргізілуде?



ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.
Жоспар:

  1. Педагогика ғылымының мақсаты мен міндеті, негізгі категориялары, пайда болуы және дамуы.

  2. Педагогикалық ғылым жүйесі, басқа пәндермен байланысы.

  3. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.



Негізгі ұғымдар: педагогика, тәрбие, білім алу, оқыту, жеке бастың қалыптасуы мен дамуы, педагогиканың салалары, ғылыми-зерттеу методтары.


Педагогика ғылымының мақсаты мен міндеті, негізгі категориялары, пайда болуы және дамуы. Қоғамның өмір сүруі, оның қызмет етуі мен дамуы өмірге қадам басқан адамдардың әрбір жаңа ұрпағы ата-бабаларының қоғамдық тәжірибесін меңгеріп, оны байытып, көбейтіп, өз ұрпағына неғұрлым дамыған түрде жеткізгендіктен ғана мүмкін болады. Уақыт өте келе білімнің жинақталуы педагогика деп аталатын арнайы ғылымның пайда болуына әкелді.
Адамзат қоғамы үнемі дами келе адамдарды тәрбиелеумен білім беру ісіне жаңа талаптар қойды, тәрбиенің арнасы кеңейді, ересек адамдарға білім беріп, оларды бір мақсатқа тәрбиелеу үшін арнаулы оқу орындарына деген қажеттілік келіп шықты.
Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді.
Педагогика ғылымы ең көне ғылымдардың бірінен саналады. Қоғамдық өмірден бөліп алып қарауға болмайтын ғылым болып табылады. Педагогикалық білім жастарды өмірге әзірлеу, тәрбиелеуге байланысты пайда болған адамның өзіндік ерекше әрекетіне жатады.
Көне дәуірдің өзінде – ақ көптеген қоғам қайраткерлері, ойшылдар оқыту мен тәрбиенің рөлінің зор екенін, оның адам үшін қажет екенін білген.
Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.
Педагогика пәнінің негізгі мақсаты болашақ тәрбиеші-оқытушылардың саналы әрекетінде мақсатты тәрізде өз үстінде істеу, ұмтылу, тынымсыз іздену, таңдаған құрал және методтарды қолдау сияқты тәрбиешілік өнерін үйретуге қаратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет