алмаймыз. Суреттегенде, соған қарсы болып, тіпті тұқымы жат
екінші нәрсе суреттелмейді. Мысалы, қысты суреттегенде, оған
қарсы сиырды суреттемейсің, бәлки жазды суреттейсің. Себебі
қыс пен сиырдың тіпті тұқымы басқа.
Балаларды оқытқанда қарсылық ассоциациясының кѳп
пайдасы тиеді. Бір нәрсені
балаға ашық ұқтырмақшы болсаң,
сол нәрсенің қарама-қарсысын алып кел. Мысалы, балаға жер
ортасының ыстығын түсіндірмекші болсаң, солтүстіктің
суығымен салыстыр.
78
Е
Е С
( З Е Й І Н )
с һәм еске түсіру. Суреттеулерді жанның жоғалтпай
сақтай білуі ес деп аталады. Ал
енді сақталып тұрған
суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп
алып келе білуі еске түсіру деп аталады.
Әр адамның есі әр түрлі. Кейбіреулер тез алып,
яғни тез
жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады, бірақ
тез ұмытпайды.
Кейбіреулер тез алады, сонда да ұмытпайды.
Адамның білімді болуына, әрине, естің осы тѳртінші түрі, онан
соң үшінші түрі пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: