Б
С Ѳ З
А Л Д Ы
ұл кітап 2-3 жыл бұрын
қысқа уақыттық мұғалімдер
курсында оқылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге
шейін басылып шығып жарық кѳре алмады. Бұл айып менікі
емес, бүлінген замандікі.
Кітапты бір орыс кітабынан тура тәржіма деуге болмайды.
Алдыма
бір кітапты жайып қойып, бұрылмастан желе
бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдарының
пікірлерін таңдап алуға
ұмтылдым. Шамасы келгенше қазақ қанына қабыстыруға
тырыстым (Кѳп
пайдаланылған Рубинштейн, Скворцов,
Смирновтардың педагогика туралы еңбектері).
Бізде бұрын жасалған
пән тілі болмағандықтан, түрлі
терминдерге тап басқандай қазақша сѳз табу кѳп күшке тиді.
Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза
орыс сѳздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі
болып кеткен шет сѳздерді қазақшаға аударам деп азаптануды
тиісті таппадым.
Мен педагогика майданында бәйгі алып жүрген жүйрік
емеспін. Кітаптың құрылысында, тілінде, түрлі ат қоюда, хатта,
кітаптың жалпы негізінде кѳп кемшіліктер болуға мүмкін.
2
Мұғалімдер
тексеріп оқып, қате жерлерін кѳрсетсе, сансыз
рахмет айтар едім.