Педагогика


Толық һәм шолақ силлогизм



Pdf көрінісі
бет43/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Педагогика

Толық һәм шолақ силлогизм. Үш бѳлімі де түгел, яғни
орта, зор қазбалары һәм нәтижесі бар силлогизм толық
болады. Ал енді екі қазбасының біреуі түсіп қалған силлогизм
шолақ силлогизм (интимема) болады. Мысалы, біз «Адам
ѳледі, ендеше Сәрсембай ѳледі» десек, кіші қазбаны түсіріп,
қалдырып, шолақ силлогизм жасаған боламыз, сѳйлегенде
кѳбінесе осы шолақ силлогизм қолданылады.
Силлогизмдердің бѳлінуі. Силлогизмдер жабайы һәм
күрделі атанып екіге бѳлінеді. Егерде нәтиже екі хұкімнен яғни
зор һәм кіші қазбадан ғана тудырылған болса, мұндай
силлогизм жабайы деп аталады. Жабайы силлогизм ѳзі үшке
бѳлінеді: кесімді, шартты, һәм бѳлмелі. Мысалдар: а)
Борышын жасырған ѳледі. Сәрсембай борышын жасырды,
ендеше Сәрсембай ѳледі; б) Суық болса, су қатып қалады.
Кѳлдің суы қатып қалды. Ендеше суық болды; г) Мынау жылқы
98


не сенікі, не менікі. Жоқ, ол сенікі де емес, менікі де емес екен.
Ендеше мынау жылқы басқанікі.
Егер бірнеше силлогизмдер қосылып, солардың бірінің
нәтижесі екіншісіне негіз болып отырса, міне осылай бірнеше
силлогизмнен жасалған бір силлогизм күрделі силлогизм деп
аталады. Мысалы, Сәрсембай – адам, әрбір адам ѳз ұлтын
сүйеді, ендеше Сәрсембай да ѳз ұлтын сүйеді (бірінші
силлогизм). Сәрсембай ѳз ұлтын сүйеді, ѳз ұлтын сүйген адам
ұлтының бақыты үшін ѳз бақытын құрбан қылады, ендеше
Сәрсембай да ұлтының бақыты үшін ѳз бақытын құрбан
қылады.
Күрделі силлогизмдер де кѳбінесе сѳйлеудің сұлу болуы
үшін ортадағы нәтижелер қалдырылып, ең соңынан бір-ақ
нәтиже шығарылады, яғни күрделі силлогизм қысқартылады.
Қысқартылған күрделі силлогизм сорит деп аталады.
Сенека данышпанның сориты: «есті адам қанағатты,
қанағатты адам тиянақты, тиянақты адам кѳнтерлі, кѳнтерлі
адам қайғысыз, қайғысыз адам бақытты, ендеше кім есті адам
– 
сол бақытты».
Күрделі силлогизмдер де жабайы силлогизмдер сықылды
кесімді, шартты һәм бѳлмелі аталып үшке бѳлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет