сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы
бар. Жазушы, ақын деген сѳз –
ойлаған ойын әдемілеп
жарыққа шығара алатын адам деген сѳз. Тілі кем болса,
адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің
жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы,
адамның толық
мағынасымен адам аталуы тіл арқасында.
Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де
қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып
жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы
үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы
ұлттың құри бастағанын кѳрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе
болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы,
тұрмысы, мінезі айнадай кѳрініп тұрады.
Қазақ тілінде
қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық,
біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере кѳшкен
тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі
кѳрініп тұр.
Казақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі
түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл
жоқ. Түрік тілімен сѳйлеймін деген түрік балалары күндерде
бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін
қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр.
Татардың
әдебиет тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді.
Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен
тілдің негізі қазақ тілі болса, сѳз жоқ, түрік
елінің келешек
тарихында қазақ ұлты тѳрден орын алмақшы. Келешектің
осылай болуына біздің иманымыз берік.
Жарық кѳрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, ѳткір, күшті, кең тілім.
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ қолыңмең тарта аларсың сен, тілім.
Достарыңызбен бөлісу: