пыстырады. Мысалы, біз бір кітапты қайта- қайта оқысақ, бір
әңгімені қайта-қайта тыңдасақ, біздің ішіміз пысады. Мұғалім
бір сѳзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің де іші пысады.
Әсерлер, суреттер тез алмасса да, адамның іші пысады.
Мысалы, кѳз алдымызда түрлі-түрлі нәрселер тез-тез
алмасқандықтан, біздің отарбада кетіп бара жатқанда ішіміз
пысады. Мұғалім үсті-үстіне тѳпеп, түрлі білімді, түрлі сѳзді
айта берсе, баланың да іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі ѳзі
білген білімінің бәрін
балаға тез білдіруде емес, еппен,
жинақты, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол
баланың іскерлігін ѳзіне қарата алады. Болмаса баланың
іскерлігі басқа нәрсеге ауып кетеді.
Сабақ уақытында
балалардың
ойнауы,
тыныш
отырмауы,
бір-бірімен
сѳйлеулері мұғалімнің жинақ, жігерлі бола білмегендігінен.
Ішкі сезімдердің адам үшін ең қымбаттары – сұлулық һәм
құлық сезімдері.
119
Ж
С Ұ Л У Л Ы Қ
( Э С Т Е Т И К А ) С Е З І М Д Е Р І
аратылыстың һәм искусствоның сұлу заттары адам
жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл,
күңіренген орман, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ, шетсіз-
түпсіз қара кѳк теңіз, түрлі шѳптер
мен толқынданған дала,
бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері,
ерке сұлу ай, жұлдызды түн,
міне осылар сықылды
жаратылыстың сұлу заттары, кѳріністері яки искусствоның
тылсымдай
жанды билеп алып кететін ән, сиқырлы сѳз, сұлу
картина сықылды әсерлері адам жаныңда бір ләззат, бір
сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Архитектура,
сұлу сурет (живопись),
скульптура сықылды пластика
искусствосы адамның кѳру сезімін сиқырлап барып, жанда
сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу
нәрсені
сүюіне,
кѳріксіз
нәрседен
жиренуіне,
хатта
жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тыйылуына кѳп кѳмек
кѳрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы
тәрбие қылынуға тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: