Эмпириялық және теориялық – ғылыми танымның негізгі формаларын, сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын категориялар. Ғылыми таным Эмпириялық және теориялық зерттеулерге бөлінеді. зерттеу тікелей объектіге бағытталып, бақылау мен тәжірибе деректеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымының түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып-білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де бір-бірімен табиғи байланыста және бірін-бірі ғыл. танымның біртұтас құрылымында деп біледі. Эмпириялық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай отырып, теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер қояды. Екінші жағынан, теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байытып, оған нақты сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көріп-білудің жаңа перспективаларын ашады, эмпир. зерттеуді бағдарлап, оған жөн сілтеп отырады. Ғылым жаңа эмпир. деректермен толыға отырып дамиды. Өмірде ғана көрінетін қозғалысты шын мәніндегі ішкі қозғалысқа айналдыруды көздеген ғылым міндетін эмпир. таныммен тығыз байланысты теор. ойлау жүйесі шешеді. Эмпириялық және теориялық мәселесінің диалект.-материалистік шешімі гносеологияның, методологияның және ғыл. логиканың болжамдарды тексерудің ғылым заңдарын білдіретін білімнің және бақылау мен тәжірибе деректерін қалыптастыратын білімнің арақатынасын, идеализацияның, типологияның, түсіндірудің табиғаты, т.б. маңызды мәселелерді пысықтау негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |