Педагогикалық факультет


№ 2 дəріс  Тақырып: Психотерапиядағы психотерапевт тұлғасы



Pdf көрінісі
бет23/55
Дата17.05.2023
өлшемі0.52 Mb.
#473851
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Психотерапия негіздері.

№ 2 дəріс 
Тақырып: Психотерапиядағы психотерапевт тұлғасы. 
Дəріс мазмұны 
1.Психотерапевт тұлғасы. 
2.Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары. 
Қазіргі уақытта психотерапиямен психологиялық салада білім алған адамдар саны өте 
көп. Бұл адамдар тобы психотерапия курсын өтпесе де өздерін адамдарға көмек тесе 
алатындай сезінеді. Шынында да бұл кездейсоқ көмектесуі мүмкін, ал кейде жоқ. 
Сонымен қатар. Қарым-қатынас дағдыларын игерген адамдар да психотерапияны табысты 
өткізуі мүмкін. 
Жақсы психотерапевт тұлғасының қандай болуы керек екенін айту өте қиын 1947ж 
АҚШ психологиялық комитеті клиникалық психология саласында Жақсы психотерапевт 
тұлғасына 15 сипаттама берді. Хольт жəне Луборски бұл сипатамма санын 25 дейін созды. 
Жақсы психотерапевт деп адамдарға пайдасы бар адамдарды айтамыз. Психотерапия 
тұлғааралық процесс болғандықтан клиенпен жұмыс кезінде тиімді əдістерді қолдана алу 
қажет. Ал тұлға аралық қарым-қатынас процесін іштей интуитивті сезетін терапевт 
алдына үрейлі мəселесімен келіп отырған адамды түсіне алмай, оған деген жауапты өз 
мойына алмауы мүмкін. 
Тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары. 
Білікті терапевт клиентке ұнамды атмосфера орната алуы қажет.Оны Орлинский
психотерапия аффирмациясы деп атады. Яғни терапевт жағымды зейін деген мағына 
береді.Тиімді терапия кезінде клиент өзіне деген зейін мен қолдауды сезінеді.Тиімді 
терапияның 3 категориясы психотерапевтпен қабылданған:
терапевттің шынайылығы;
• конфиденциялдылық; 
• эмпатия. 
№ 3 дəріс 
Тақырып: Психотерапия процесі мен теориялары. 
Дəріс мазмұны: 
1.Тұлғаның динамикалық теориялары. 
2.Психотерапияның стратегиясы жəне тактикасы. 


Тұлғаның динамикалық теориясы адамның мінез-құлқын түсінуде психоаналитикалық 
бағытта анық байқалады. Психотерапияның теориясы мен практикасында тұлғаның 
динамикалық теориясының үш элементі маңызды орын алады: бейсаналылық түсінігі, 
конфликт пен қорғаныс түсінігі жəне «Меннің» уайымдаушы мен бақылаушы түсінігі. 
Бейсаналылық 
Адамның өзіне есеп бере алмайтын ойлары мен сезімдері мүмкіндігін түсінігімен 
байланысты. Сана аймағында жоқ ойлар мен сезімдер үнемі адамның іс-əрекетіне əсер 
етіп отырады жəне адам кей іс-əрекеттерінің себептерін білмеуі де мүмкін. Мысалы, ер 
адам жұмыс бабымен көтеріліп жатқан кезде өзінің қызметтік міндеттерін орындауға 
деген жауапкершілігі күшейіп кеткеніне өзі таң қалып, əкесінен гөрі мансабының сəтті 
болуы үшін қорқынышы бар екенін мүлдем сезінбеуі мүмкін.
Бірақ бейсана əсер еткен мінез-құлық əрекеті үнемі жағымсыз нəтиже əкелмейді. Əйел 
адам өзінің əкесіне ұқсас ер адаммен тұрмыс құрса, онда ол өкінбейтіндей таңдау жасауы 
əбден мүмкін. Басқа жағынан алып қарағанда адам өзінің санасыз мотивтерімен 
қаншалықты шешім қабылдаса, психологиялық проблемаларға жəне бейімделудегі 
қиындықтарға соншалық кезігуіне тəуекел бар. Адам өзінің сезімдерін түрлі көзқараспен 
талдай келе қажеттілігіне сай əрекетті таңдайды.
Бейсаналылықты анық жəне ішкі (скрытое) сипатына бөлу арқылы түсіндіруге болады. 
Анық мінез əрекеті тікелей бақыланатын болса, ішкі-бақыланатын мінез-құлықтың 
астарындағы мінез əрекеті. Клиенттің өзінің анық жəне ішкі əрекетін шектеуі 
психотерапевтке клиенттің мотиві туралы құнды ақпарат алуға болады. Мысалы: клиент 
сеансқа кешігіп келсе, ол оны жолдағы кедергілермен түсіндіреді. Мүмкін кедергі болған 
шығар, бірақ клиент өзінің кешігуінің басқа себебін саналы сезінбейді. Ал оның ішкі мінез 
көрінісінде психотерапевттің өткен сеанста кешіккені үшін мен ақша төлеуім керек емес 
деген ашуы болуы мүмкін, бұл бейсаналы ішкі сөзінен білінеді: Егер сізді менің 
проблемам шынымен ойландырса, сіз кешікпей уақытында келер едіңіз. 
Осы мысал көрсеткендей психотерапиядағы өзгерісті бағыттың бірі-санасызды саналы 
сезіну. Ішкі санасыз ойларды анықтау арқылы психотерапевт клиеттің өзіндік санасын 
кеңейтуге 
көмектеседі. 
Өзіндік 
санасының 
кеңеюі 
клиенттің 
ішкі 
ойларын, 
келіспеушіліктерін, үрейленушілігін бақылауға жəне өзін конструктивті ұстауға мүмкіндік 
береді. 
Конфликт жəне қорғаныс механизмі 
Конфликт пен қорғаныс механизмі тұлғаның динамикалық теориясында үрейленуден 
қашуға деген мотив ретінде қарастырылады. Мұнда қоғамның талабына сай емес санасыз 
тілектері бар адамдар келіспеушілік үрейленушілікті тудырады деп ойлайды. Мысалы: өз 
анасына жағымсыз сезімі бар, бірақ қызы анасын жақсы көру керек деген парызды есте 
ұстайтын əйел адам анасының қасында өзін қолайсыз сезінеді.
Үрейлену жағдайы жағымсыз болғандықтан, адамдар қандай əдістермен болса да 
қорғанып сол сезімді жоюға тырысады. Жоғарыда айтқан мысалды əрі қарай өрбітететін 
болсақ əйел адам анасымен бірге болғандағы қолайсыздық сезімінен арылу үшін
анасымен кездесуден қашады немесе анасын жақсы көретінін, қайырымды екенін 
көрсетуге тырысады. (реакция қалыптастырады) 
Кейде осы қорғаныс үрейленуден болатын келіспеушіліктен арылуға көмектеседі. Бірақ 
қорғаныс реакциясы симптом формасын алса, үрейлену жағдайына əкелетін дезадаптация 
болуы мүмкін. Анасына деген жағымсыз сезімін жоюға тырысққан əйел адам анасымен 
ұзақ қарым-қатынастан болған бас ауруы пайда болады, бұл яғни жоғарыда айтылған 
реакция қалыптастырудан болған симптон. Бұл келіспеушілік бейсаналы түрде өткенімен 
персонаж өзімен сондай құбылыстар не үшін болатынын түсінбейді, бірақ сол жағдайды 
жақсартуға тырысады. Психотерапевттің міндеті – осындай адамдарға өзі қорғанатын ішкі 
қажеттілігін зерттеп, саналы сезіндіруге көмектесу болып табылады. Психотерапевт 
адамға конфликт себебін ашып, мінез-құлқын саналы басқаруға, психологиялық жағдайын 
жақсартуға тырысады.


 Өзіндік уайым жəне өзін-өзі бақылау 
Тұлғаның динамикалық теориясында адамды өзінде болып жатқан жағдайларды 
уайымдауға жəне өзін-өзі бақылап отыратын қабілеті бар деп қарастырады. Бұл екі қабілет 
адам бойында көрінгенмен тұлға типіне байланысты біреуімен ғана іс-əрекет жүзеге 
асады. Біреулерде «уайымдағыш» қабілеті болса онда: олар өзіндік анализбен айналыспай, 
не сезеді соны сезінеді, не істейді соны іс қылады. Ал кейбіреулер «бақылаушылар» олар: 
өзінің ішкі тілектерін ойланып, сезімі мен көзқарастарының бұрқ етіп көрінуіне жол 
бермейді. Өзіндік уайым мен өзі-өзі бақылау жағымды адаптацияға əкелуі мүмкін емес. 
Нағыз «уайымдағыштарда» импульсивті ойланбаған іс-əрекет, интроспекцияның 
жеткіліксіздігіне деген тенденциялары болады, нағыз «бақылаушылар» шектен тыс өзін 
анализдеуге, реакциясы мен іс-əрекетіне келгенде өзін шектеуге бейім. 
Психотерапевт клиенттің екі қабілетін де іске қоса білу керек. Өзін-өзі бақылауға бейім 
клиент психотерапевтпен өз іс-əрекетін жақсы талдайды, бірақ өзімен болып жатқан 
өмірлік тəжірибенің жаңа көзі болуы мүмкін сезімдерін бұрқ етіп шығаруға қабілетсіз, ал 
керісінше, «уайымдағыштар» сезімі мен көзқарасын өте жақсы көрсеткенімен уайымының 
мəнін түсінуге келгенде анализдеу қиынға түседі. 
Сəтті психотерапия үшін клиент «Менінде» уайым мен бақылаушы арасындағы шекара 
қозғалмалы болғаны жөн.Тұлғаның қызмет аспектісі ретінде «Эгоның жарылуы» деп 
аталады. (ego split) Клиентке ойлануы мен бұрқ еткен сезімін жəне өзіндік сананы 
біріктіру қажет. Сонымен қатар психотерапевт көмегімен өзіне сырт көзбен қарап үйренуі 
керек. Психотерапия – оқу процесіне ұқсас, яғни клиент өзінің жағдайын жақсарту мен 
қатар өзі туралы жаңа білім алады.
Психотерапияның стратегиясы жəне тактикасы 
Психотерапевттің жұмысы тиімді болу үшін өз қызметінің стратегиясы мен тактикасы 
туралы білуі керек. Стратегия – психотерапияның негізгі кезеңдеріне қойылатын 
мақсатқа байланысты, ал тактика – нəтижеге жету үшін пайдаланатын спецификалық 
əдістерге байланысты. Стратегия мынадай мақсаттарға байланысты болуы мүмкін: 
клиенттің өз ойын еркін білдіруге деген қабілеті; бейімделе алмауының негізгі себептерін 
саналы сезінуі; ойлау мен эмоционалды жауап қайтаруының жаңа əдістерін ашуы. 
Тактикаға терапевт не айтады, не істейтіні кіреді, соның ішінде: өзекті стратегиялық 
мақсаттың нəтижесі үшін қойылған сұрақтар, қорытынды ескертулер, мимика, 
пантомимика. 
Психотерапевт стратегия мен тактиканы қай кезеңде болса да неге қол жеткізетінін 
білу үшін өте маңызды. Тактикасыз стратегия, стратегиясыз тактика болуы мүмкін емес. 
Егер психотерапевт нақты мақсат арқылы клиентке көмектескісі келсе, бірақ қабілеті 
жетпесе – бұл тактикасыз стратегия, ал егер терапевт алдына еш мақсат қоймай, жақсы 
сөздер таба алса терапияның болашағы жоқ яғни стратегиясыз такт. 
Психотерапия үрдісі 
Психотерапия əр түрлі адамдармен түрлі жағдайда өтсе де бəрінде бірдей даму стадиясы 
міндетті түрде болады.
Психотерапия клиенттің психотерапевтке жолыққан кезінен, мақсатқа бағытталған 
сұрақтарды шешуінен басталады. Психотерапиялық қарым-қатынастың бастапқы 
фазасы
1) клиентің өзіндегі жəне өз өміріндегі қандай жағдайды өзгерткісі келетінін 
диагностикалау; 
2) қажеттілігін бағалау, клиенттің мотивтері, емдеу курсы барысындағы клиенттердің 
мүмкіндіктері; 
3) егер психотерапия керек болатын болса психотерапиялық контракт жасау; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет