Осы кезеңнен кейін психотерапияның
орталық фазасы басталады. Бұл негізгі
жұмыстың
атқарылатын фазасы, яғни клиент ойларын анық айтып жеткізуі,
психотерапевттің клиенттің ойын дұрыс түсінгені туралы ой талқылауы.
Осы фазада клиент психотерапевттің тыңдауына жəне түсінгенін талқылауына
қарсылық
көрсетеді. Қарсылық көрсетудің бірнеше көздері бар: клиенттің ролін орындаудағы
немесе өзгеруге деген ішкі барьер (психотерапиялық əсерге қарсылық көрсету),
тұлға
стилінің сəйкессіздігі (мінез-құлықтың қарсылық көрсетуі), проблемаға байланысты
жағымсыз сезімдер (мəніне қарсылық көрсету), психотерапевтке деген ішкі сезімі
(ауысыммен байланысты қарсылық көрсету). Бұл арадағы қарым-қатынасты қиындатады,
бірақ клиенттің ішкі үрейін ашуға көмектеседі.
Психотерапевке
деген
қарым-қатынасындағы
ауысым
–
қарым-қатынасты
қиындататын күрделі жайттің бірі. Егер клиент психотерапевтке жағымсыз сезімде болса,
ал басқа жағынан көмек пен түсінуге
деген қажеттілікті ғана емес, сонымен қатар
махаббат пен қолдауды қажет етсе психотерапия тиімді болмайды.
Терапия барысында да психотерапевтке деген жағымсыз қатынас туындауы мүмкін. Ол
екі жағдайда қарастырылады: біріншісі, махаббат пен қолдау
көрсетпеген психотерапевт
клиентті фрустрацияға жеткізсе, екінші жағынан, терапия
кезінде өзіне маңызды
адамдарға жағымсыз сезімдер пайда болады да осы сезімдер психотерапевтке
бағытталады немесе ауысады.
Орталық фазада өзараəрекетті қиындататын тағы бір фактор – психотерапевт
бекітілімдері. Барлық мамандарда клиентке
дегенде жалтақтау болады, кейде ол соңғы
мінез-құлықтары мен сөздеріне негізделген, ал кейде өз өмірінің жағдайына негізделген.
Осы кезде психотерпевт
кері ауысым реакциясын бақылап саналы сезінуі керек болады.
Егер психотерапевт өзін жақсы білетін болса, оның реакциясын психотерапияда қолдануға
болады.
Нəтиже, қарсылық көрсету, ауысым жəне кері ауысым – орталық фазаның негізгілері.
Мақсатқа
жеткеннен
кейін
қорытынды
аяқтаушы
кезең
басталады.
Аяқтау
психотерапиялық
жұмыстың анализінен, қорытынды шығарудан жəне клиентпен өмірлік
бастауы мен тұлғалық қалыптасуындағы болашағы жайлы əңгімелесуден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: