Педагогикалық факультет


№ 5 дəріс  Тақырып: Адлердің индивидуальды психологиясы



Pdf көрінісі
бет26/55
Дата17.05.2023
өлшемі0.52 Mb.
#473851
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Психотерапия негіздері.

№ 5 дəріс 
Тақырып: Адлердің индивидуальды психологиясы 
Дəріс мазмұны: 
1.Адлер теориясындағы негізгі ұғымдар 
2.Толымсыздық сезімі мен бірінші болуға ұмтылушылық
3. Балалардың дүниеге келу реті бойынша талдау 
Адлердің негізгі идеялары мен принциптері:
- тұтастық принципі (холизм ағ. аударғанда тұстастық ); 
- өмірдің жеке стилінің бірлігі 
- əлеуметтік қызығушылық, əлеуметтік сезім 
- мақсатқа жетуге мінез-құлықтың бағытталуы
Адлердің З.Фрейдтен айырмашылығы – адамның ойлауы мен эмоционалды күйіне, мінез-
құлқына, бұрынғы өміріне қарағанда (бұрынғы өмірлік тəжірибесі, ерте балалық шағы), 
болашағы əсер етеді (мақсаты, өмірлік күтулері, т.б.). адамның мінез-құлқына, ойына, 
сезіміне тікелей жəне жанама əсер ететін негізгі мотивтер бар: ашық не жасырын түрде 
бірінші болуға ұмтылу, басқа адамдардан ерекше болу, өмірлік кеңістікті жаулап алу, т.б. 
Мұндай əрекеттер көп адамдардың қолынан келмеуі мүмкін, оның жүзеге аспауы 
невроздар мен көптеген психологиялық проблемаларды туындатады. Адлер психология 
мен психотерапияға толымсыздық комплексі терминін енгізді. Бұл адамның толымсыз 
жақтарын мақсатқа жетудегі күшті энергиямен толтыруы. Толымсыз себептері балалық 
шақтан басталады: бойдың аласа болуы, денелік не ақыл-ой жағынан құрдастарынан 
қалыс қалу, сырт келбетіндегі шын не ойдан шығарылған келбетсіздік, əлеуметтік 
толымсыздық т.б. Адлердің жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі – холизм, яғни бұл 
адамның əрекеттері мен ойлары, сезімдерін бір-бірімен байланыссыз, тəуелсіз болса да 
ішкі (туғаннан п.б.) биологиялық нышандар жəне сыртқы (əлеуметтік, қоғамдық, 
жанұялық) факторлардың əсерлерінің тұтас жүйе ретінде қабылдануы.
 
№ 6 дəріс 
Тақырып: Невроз бен фрустрация психотерпевт жұмысының объектісі ретінде
Дəріс мазмұны: 
1.Невроз жəне фрустрация мəселелері
2.Емдеу жолдары
Психотерпевт – практик психолог, кеңес беруші, жоғары білікті əлеуметтік 
жұмысшы, неврозбен ауыратын клиенттермен жұмыс жасайды. Невроз – фрустрация 
нəтижесінде пайда болады. Сондықтан психотерпияны ұғыну үшін осы түсініктерді игеруі 
қажет (фрустрация – жоспардың бұзылуы, үміттің үзілуі). Бұл – адамның күшті 
қанағаттанбаушылық сезімі. Арман, мақсат, тілектердің кедергіге ұшырап, жүзеге аспуы. 
Фрустрацияға психикалық қысылыспен байланысты депрессиялық күй тəн. Күшті 
фрустрация психо-физиологогиялық процестерді тежейді. Адамның барлық процестеріне 
əсер етеді, танымдық, эмоционалдық əсер етеді. Адамның ішкі дүниесін бұзып, басқа 
адмагершілік, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа кедергі келтіреді. Осы жағдайда 


психотерапевттердің көмегі қажет. Психотерапевттер клиентке фрустрация туындатып 
тұрған кедергінің қайсысы қиын екенін, ал кейбір жағдайда мүлде кедергі еместігін 
түсіндіре білуі қажет.
Невроз - фрустрация тудыратын кедергілер, клиент үшін өте қиын жағдай болып 
есептелгенде туындайды. Мұндай кедергілер клиенттің жүйкеелік – психикалық күйін 
жəне мінез-құлық реакцияларын тудырады. Клиенттің күрескісі келгенімен өздігінен жеңе 
алмауы мүмкін. Клиенттің жүйкелік мінез құлқы мен күйі қалыпты жағдайда 
циклойдтығымен рационалды еместігімен, жүйке жүйесі мен күшін босқа құртуымен 
ерекшеленеді. Невроз мінез құлық стратегиясының дұрыс қабылданбауы, егер ол 
қайталана беретін болса, невроастенияға ұласуы мүмкін. Ең бастысы өз мінез-құлқын 
танып, кедергілер болса, құтылуға ұмтылу. Психотерапияның барлық классикалық 
бағыттары бір-біріне ұқсас, мəселелер мен кедергілердің кездесуі жəне соларды шешуге 
тырысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет