Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Тарихнамалық кезеңдердің жалпы сипаты



бет10/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Тарихнамалық кезеңдердің жалпы сипаты оның хронологиялық ше­гін анықтаудан басталады. Содан кейін сипаттама беріліп отырған ке­зең­де тақы­рыптың зерттелу деңгейіне баға берген абзал, оған дейінгі ке­зең­мен салысты­ру қажет. Зерттелу деңгейі жоғары болса оның себеп­терін көр­сетіп, әсер ет­кен жағ­дайларға тоқталған жөн. Егер тақырыпқа бұл ке­зең­­де онша мән беріл­ме­се, кедергі болған себептерге талдау жасау қажет­тілігі туындайды.
Келесі кезекте дәл осы кезеңде тарихшылардың жеткен жетістік­тері­не тоқ­­талады. Мына төмендегі сұрақтарға жауап беріледі: алғашқы жа­рия­­ланған мақала, ғылыми мақала, ғылыми кітап, монография, қорғал­ған кандидаттық және докторлық диссертация,жарияланған тарих­нама­лық еңбек,а жариялан­ған дерек­танулық еңбек,өткізілген ғылыми кон­ферен­­циялар мен семинарлар.
Әрбір тарихнамалық кезеңнің негізгі әдебиет түрлерін анықтау.
Тарихнамалық кезеңнің жалпы сипатынан кейін тарихнамалық пән­нің зерт­телуі көрініс тапқан ғылыми әдебиеттер тізімі бері­леді.
- Зерттеу пәніне немесе оның кейбір аспектілеріне тікелей бай­ланысты әдебиет­тер. Оны практика жүзінде арнаулы әдебиеттер деп атайды.
- Зерттеу пәні оның бір ғана аспектісі болған үлкен проблема ту­ралы әдебиет.
- Зерттеу пәні жөнінде басым концепция көрініс тапқан іргелі шығармалар.
- Зерттеу пәні бойынша жарияланған арнаулы тарихнамалық ең­бек­тер.
- Зерттеу пәні бойынша жарияланған арнаулы деректемелік ең­бек­тер.
- Зерттеу пәні бойынша жарияланған арнаулы библиографиялық ең­бектер.
- Зерттеу пәні бойынша қорғалған кандидаттық және докторлық дис­сертаци­я­лар.­
Әрбір кезеңге сипаттама бергенде тек қана зерттеліп отырған проб­ле­ма көр­і­­ніс тапқан әдебиеттер ғана аталады. Сынағанның жөні осы деп, ав­тор­дың кемшіліктеріне асыра көңіл бөліп, оған кезінде шешіл­ме­ген ғылы­ми про­бле­ма­­ның себептерін бір басына үйіп–төгудің реті жоқ.
Тарихнамашы өзі талдап отырған автордың жетістіктеріне аса мән бе­ріп, оның өзіне дейінгі кезеңдердегі тарихшылармен салыстырғанда ғы­лым­­ға қан­­дай жаңалықтар кіргізді, проблеманы зерттеуге қандай үлес қос­ты деген сияқты с­ұ­рақ­тарға жауап бергені абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет