Германия классикалық романтизмнің отаны еді. Дәл осы жерде романтикалық көзқарастың негіздері жасалды. Германия тарихнамасында консервативті романтизмнің мерейі үстем болды. К.Ф.Савиньи, К.Ф.Эйхгорн негізін салған «құқық тарихи мектебі (историческая школа права)» осы идеяның жүзеге асырушысы болды. Осымен қатар, Леопольд Ранке негізін қалаған «тарихты діни–консервативті тұрғыдан қарастыру» мектебі де тарихи зерттеулерге өз үлесін қосты.
Ағылшын елінде консервативті романтикалық идеяларды дамытқан, 1790 жылы «Француз революциясы туралы ой» атты кітап жазған публицист – Эдмунд Берг еді. Кейіннен бұл бағыттағы идеяларды «Тори тарихнамасы» өкілдерімен қырықыншы жылдары қалыптасқан «Жас Англия» тобының мүшелері дамытты. Бірақ, Англияда бірде–бір тарихшысын консервативті романтикалық тарихнаманың өкілі еді деп айта алмаймыз.
Консервативті романтикалық тарихнама Францияда да дамыды. Бұл елде О.Тьерри , Франсуа Рене де Шатобриан, Жозеф де Местр, Луи–Габриэль–Амбруаз Бональд шығармаларын жатқызуға болады. Алғашында романтикалық тарихи революциясы барысында, оған қарсылардың реакциясы ретінде пайда болды. Оның өкілдері эмиграцияда болғандар саяси көзқарасы ультророялизм бағытында еді.
Олардың көрнекті өкілдерінің бірі Жозеф де Местр (1753–1821), 1802–1817 жж. Петербургте өмір сүрген. Философиялық көзқарасы жағынан провидиенцалист. Революция да, соғыс та құдайдың әмірімен болады. Сөйтіп ол адамзат қоғамын күнәһарлардан, пиғылы жаман адамдардан тазартады. 1796 жылы «Франция туралы ойлар» атты трактатын жазды. Сонымен қатар, белгілі трактаттарының бірі «Петербург хаттары», «Петербургтегі кештер» деп аталады. Оның ойынша, адам табиғатынан дөрекі, зұлым болып жаратылады. Сондықтан олдарды тек қатаң тәртіпте ұстап отыратын мықты мемлекетік аппарат керек. Оның басында шексіз билігі бар басқарушы отыруы тиісті. Қоғамдағы тепе–теңдікті ұстау процесінде ол шіркеуге де үлкен мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: |