2. Позитивизм тарихнамасының ерекшеліктері.
Жоғарыда көрсеткеніміздей капиталистік қатынас қарыштап дамып жатқан елдердегі өндірістік революция нақтылы ғалымдардың дамуын тездетті. Техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы жаңалықтар өндірістің дамуына игі әсерін тигізелі. Жаратылыстану ғылымыңдағы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы қоғамтанушыларды өз концепцияларын қайта қарауға ынталандырды.
Міне осындай жағдайда дүниеге позитивизм идеясы келді. Философия ғылымының аясында пайда болған позитивизм түсініктері тарихшылар тарапынан да кең қолдау тапты. Тарихшылар деректерді сын тезінен өткізе отырып, одан нақтылы білім алуға тырысты. Ғалымдар енді шаруашылық және әлеуметтік мәселелерге кеңірек көңіл аудара бастады. Олардың арасында «Фактлер плюрализмі»теориясы, тарихи процеске эволюционистік тұрғыдан қарау, тарихи заңдарға функционалистік көзқарас сияқты концепциялар кең етек алды.
Позитив тарихшылары деректерді талдау әдістерін одан әрі дамытты. Олар статистикалық және салыстырмалы–тарихи әдістерді кіргізді. Тарих процеске саяси, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық, идеологиялық, географиялық, психологиялық тағы да басқа сол сияқты факторлардың әсер ететіндігін анықтайды. Тарихшы өз зерттеулерінде осы факторлардың барлығын ескеруі қажет. Сонда ғана оның шығармасының нәтижелі болуы мүмкін. «Фактлер плюрализмі» теориясының мәні осында. Жоғарыдағы факторларды тең ұстай отыра позитивист–тарихшы дегенмен өз шығармасын көп факторлардың біріне ереше көңіл аударады. Олар «Прогресс теориясын» одан әрі дамытты.
Позитивизм ілімінің негізін қалаушы француз математигі О.Конт. Өзінің көзқарасын 1832–1842 жылдары жазған «Позитивті философия курсы» еңбегінде жария етеді. Ол барлық ғылымдарды теориялық және қолданбалы деп екіге бөледі. Тарихты ол қосымша пән деп есептеді. Ол жаңа қоғамды кең заңдылықтарын зерттейтін – әлеуметтану ғылымын ойлап тапты. Жаңа ғылым тарихшылар тапқан фактілердің бір–бірімен себеп–салдарлық байланысына талдау жасайды. Осылайша тарихтың заңдылығы ашылады. О.Конт адамзат тарихының дамуын кезектесіп келетін үш деңгейге бөледі (үш деңгейлік заң). Біріншісі теориялық (көне дәуір мен орта ғасыр), келесісі метафизикалық (XVI– XVIII ғасырлар) соңғысы позитивтік немесе ғылыми (қазіргі уақыт). Бір деңгейден келесісіне қоғам эволюциялық жолмен жетеді.
Позитивизм идеяларын қолдаған ағылшын тарихшыларының бірі Имполит Адольф Тэн. Ол 1863–1854 жылдары «Ағылшын әдебиетінің тарихы», 1876–1893 жылдары «Происхождение современной Франции» атты еңбектерінде жаңа әдістерді пайдалана отырып жазды. Бірінші кітап тарихи–генетикалық, ал екіншісінде «психологиялық» әдіс пайдаланды. Оның тарихи концепцияларына қысқаша тоқталып өтейік: Қоғамның психологиясына үш фактор әсер етуі мүмкін. Кез келген елдегі тарихи процеске әсер ететін негізгі факторларды И.Тэн «нәсіл–расса» деп атайды. Яғни сол елдің халқының ұлттық ерекшеліктері. Келесі фактор сол елдің географиялық саяси–әлеуметтік жағдайы. Ал соңғысы «Тарихи сәт» (исторический момент) – Тарихи дәстүр, географиялық орта және ұлттық ерекшелік негізінде «тарихи сәт» қалыптасады. Осы концепцияны пайдалана отырып И.Тэн 1871 жылы Франциядағы Перион коммунасының бастауына тоқталады. Ол мұрағат қорларынан біраз құжаттыр жинап XVIII ғасырдағы француз революциясының тарихын баяндайды. Халықтық қозғалыстың екі тобына ол ерекше тоқталады. Алғашқы топ қарапайым халық. Оны автор дөрекі, надан, ағарту философиясын бойына сіңірген, алдында кездескенің қиратушы, талқандаушы күш ретінде суреттейді. Екіншісі якобиншілер. Бұлар ерекше бір психологиялық тип. Руссоның идеясында тәрбиеленген, өмірде өзіне орын таба алмаған, тағдырына өкпелі, былшыл, артық әңгімеге жақын, өнбейтін шаруаның соңынан қуатын адам. Яғни революция қоғамға пайдасы аз, бар құндылықты қирататын қозғалыс. И.Тэннің кітаптарын консервативті топ зор ықыласпен карап алады.
Бірақ XX ғасырдың басында француздың А.Олар атты тарихшысы И.Тэн еңбегіне күйрете соққы берді. 1907 жылы оның «Тэн–тарихшысы» – атты кітабы жарық көрді. Онда ол Тэннің пайдаланған құжаттары өтірік деген қорытындыға келді. Олар ғылыми анықтама аппаратын толық тексеріп, кейбір құжаттарды пайдаланудағы И.Тэннің оның мазмұнын әдейі бұзғандығын, кейбір фактілер негізінде бұрыс қорытынды жасағандығын атап көрсетті. И.Тэн шығармаларының қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталмаған, зияңды еңбек екендігін дәлелдеуге тырысты.
Ағылшын елінде позитивті идеяны қолдаған тарихшы Генри Томас Бокаль болды. Ағылшының белгілі тарихшысы 19 тілді білді, кітапханасында 22 мың кітабы бар еді. Оның арманы «Адамзат өркениетінің тарихын» жазу еді. Алдымен «Ағылшын өркениеті тарихы» атты екі томдық еңбегі жарық көрді. Ол адамзат тарихы табиғат тарихының жалғасы ретінде көрді. Тарихшы табиғи ортаны, байлықтың бөлінісін, халықтың өсімі процесін, әсіресе, білімнің жинақталуын зерттеуі қажет. Бокаль қоғам эволюциясының факторларын сипаттайды. Көне қоғамда өркениет жетістіктері географиялық ортаға тәуелді еді. Өркениет өзінің келесі деңгейінде азаматтың ақыл–ойына байланысты дамыды. Оның концепциясының негізгі идеясы – өркениет адамның ақыл–ойы эволюциясына байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысында Алмания жерінде белгілі тарихшы Ранке негізін салған мектеп өкілдері неміс тарихнамасында өз орнын алды. Олар көбінесе сыртқы саясат пен дипломатия тарихына аса назар салды. Олардың қатарына Г.Зибель, Г.Грейгке және Иоган Густав Берихад Дройзен жатты.
Генрих Зибель тапсырмасымен «Герман империясының негізін қалау» атты шығармасымен неміс тарихнамасын байытты. Г.Грейгкенің «Неміс тарихы» монографиясы, И.Дройзеннің «Прусс саясатының тарихы» зерттеуі де тарихнамаға қосылған үлкен үлес еді. Бұл шығармаларды неміс қоғамын біріктіру процессіндегі Пруссия миссиясы мен Гогенцоллердердің рөлін дәлелдейді.Сол кезеңде Алманияда елдің экономикасы мен әлеуметтік тарихын зерттеуге ат салысқан да ғалымдар болды. Елде позитивистік тұрғыдағы саяси экономия тарихи мектебі қалыптасты. Бұл мектептің көрнекті өкілдері Г.Шноллер, А.Вагнер, Л.Бренитано еді. Аты аталғандар негізінде экономикалық факторларға көңіл аударды. Олар экономикалық фактор психологиялық және табиғи факторлардың өзара тығыз байланыста ғана оң нәтиже беретіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар гогонцоллерндердің әлеуметтік миссиясы концепциясын негіздеді.
Достарыңызбен бөлісу: |