Карл Брюхер (1847–1980) деген тарихшы герман тарихын кезеңдеудің жаңа схемасын ұсынды. Оның негізіне шаруашылық түрлерінің жатқандығын көрсетті.
Позитивтік бағытта зерттеу жұмысын жүргізген екінші бір неміс ғалымы Карл Лампрехт (1856–1915). Өз творчествасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани факторлардың синтезінде универсалды тарих жазуға тырысты. Тарих заңдылық психология заңдылығының бір түрі екендігін, ал тарих дегеніміз белгілі бір әлеуметтік психологиялық заманның ауысуы екендігін дәлелдеді.Мәдениеттің психологиялық сатылары герман тарихын кезеңдеудің негізі болды. 1891–1909 жылдары жарық көрген «Герман халқының тарихы» – атты шығармадағы герман тарихының алғашқы фазасы– шаруашылықтың ұжымдық түрі – «анимизм». Меншіктің пайда болуына байланысты жеке шаруашылық қалыптасады. Бұл дәуірді неміс ғалымдары «символизм» – деп атайды. Бұл дәуір ерте орта ғасырдан бастап X ғасырға дейін созылды.
Дамыған орта ғасырға Ламперехт екі мәдени кезеңді сиғызды: X–XIII ғасырлардағы – «типизм», XIII–XIV ғасырлардығы «конвенционализм». Бұл уақытта натуралды шаруашылық пен феодалдық вотчина үстемдік құрды. XV ғасырдан бастап товарлы–ақша қатынасының пайда болуына байланысты «индивидуализм» кезеңі басталады. Ал XVIII ғасырда оны «субъективизм» кезеңі ауыстырады. Сословиялық құрылыс ыдырайды және еркін экономикалық әрекет кезеңі туады. Әрбір мәдени кезең ішінде арнайы «әлеуметтік жан» пайда болады. Оны зерттеу үшін Лампрехт адамның психологиялық өмірін зерттейтін ғылым саласының қажеттігін айтады. Америка тарихнамасында позитивтік бағыт ұстанған Дон Мак Мастер өзінің «Америка халқының тарихы» – шығармасында халықтың тұрмыс–тіршілігін, әдет–ғұрпын, рухани жағдайына көңіл бөлді. Тарихи дерек ретінде газет–журнал мақалаларын, ұмытылған естеліктерді, хаттар мен күнделіктерді пайдаланды. Ол өз елінің тарихын эволюциялық процесс ретінде қарастырды. Тәуелсіздік үшін болған соғыс респектабельді революция. Оның негізгі қозғаушы күші «Ұлы орта тап».
Американдық екінші бір тарихшы Генри Адаек (1838–1918) америка тарихы бойынша лекция оқыды. Соның нәтижесінде «Донефферсон және Мэдисон билігі кезінде АҚШ тарихы» – атты еңбек жазды. Кітап позитивизм методологиясы тұрғысынан жазылған. Автор американдық әлеуметтік дамуын табиғаттағы физикалық құбылыстармен салыстырады. Ол елдің діни өмірін зерттейді, білім беру ісіндегі ағарту идеяларының рөлін ашты, отаршылдықтың американдықтар психологиясына әсерін түсіндіруге тырысты. Американ ұлттық сипатының эволюциясының нәтижесінде «жаңа типтегі адам» пайда болды.
Француз позитивистік тарихнамасының екінші өкілі Алексис Шарль – Анти Клерель де Токвиль (1805–1859). Белгілі қоғам қайраткері, парламент депутаты, әлеуметтанушы, тарихшы. Оның алғашқы іргелі шығармасы 1835–1840 жылдары жазылған «Америкадағы демократия». Мұнда ол Франциядағы және Америкадағы бірінші революцияларды салыстырады. Америка революциясы тәртіп пен заңды сақтай отыра діни рух пен бостандық идеяларының қабысқанына ғана ерекше көңіл аударады. Токвиль буржуазия мен дворяндар мүдделерінің одағы болған ағылшын саяси құрылысын мадақтайды.
Оның негізгі тарихи шығармасы 1856 жылы жазылған «Ескі тәртіп және революция». Бұл кітапты жазуға себеп болған 1848–1849 жылғы француз революциясы мен III Наполеонның төңкерісі. Авторитарлық режимге қарсы бола тұра Токвиль революциялық қайта құруларды ұнатпайды. Ол ескі тәртіпті француз халқы жеккөргендігін айта келе революцияны антифеодалдық деп есептейді. Бірақ ол ескі тәртіпті революциялық жолмен жою міндет емес екендігін, оның басқа да жолдары бар екендігіне тоқталады. Ол революция қарсаңында Францияда буржузиялық қоғамның негіздері қалыптаса бастағандығын атап көрсетті. Шаруалар меншігі, әкімшілік децентрализация, азаматтар құқығы сияқты шаралар іске асқан болатын. Революция бұл процессті тездетті. Оның франция қоғамына пайдасынан зияны көп болды. Токвиль алдына мынадай сұрақ қояды. Революция қандай себептермен іске асты. Бірақ оның себептерін іздеудің орнына оған жауаптыларды іздеді. Әлбетте революция алдында Францияда деспотизм орнатқан ескі үкімет кінәлі еді.
Достарыңызбен бөлісу: |