Бартольд Василий Владимирович (1869–1930,) – белгілі шығыстанушы ғалым, 1891 жылы Санкт–Петербург университетінің шығыс тілі факультетін бітіріп, сонда ғылыми және оқытушылық қызмет атқарды. Қазақ өлкесін мекендеген тайпалардың тарихын зерттеуге зор үлес қосты. Бұл еңбектерін жазуда ол араб, парсы және жергілікті авторлардың материалдарын пайдаланды. Олардың ішіндегі аса құндылары: «О христианстве в Туркестане в домонгольский период» («Записки Восточного Отдела Императорского Русского Археологического Общества», т. VIII (1893–94); «Образование империи Чингисхана» («Записки Восточного Отдела», т. X, 1896);«Отчет о поездке в Среднюю Азию в 1893–94 годах» (СПб., 1897,«Записки Академии Наук», историко–филологический отдел, 8–я серия, т. I, № 4); «Очерк истории Семиречья» («Памятная книжка Семиреченской области», т. II, Верный, 1898); «Отчет о командировке в Туркестан» («Записки Восточного отдела Археологического Общества», т. XV, 1902 – 03);«Сведения об Аральском море и низовьях Амударьи с древнейших времен до XVII века» (Ташкент, 1902); «О некоторых восточных рукописях в библиотеках Константинополя и Каира» («Записки Восточного Отдела», т. XVIII, 1908); «История изучения Востока в Европе и в России» (СПб., 1911, университетский курс); «История культурной жизни Туркестана». Л., 1927;«Киргизы: Исторический очерк». Фрунзе, 1927; Тюрки. Двенадцатьлекций по истории турецких народов Средней Азии; Культура мусульманства. Изд–во «Огни» Петроград, 1918. Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының көне дәуірден бастап–ақ өзінің тарихы, мәдениеті болғанын ғылым түрде негіздеді. Шығыстану тарихына зор көңіл бөлді. «Еуропа мен Ресейде шығысты зерттеу тарихы»(1911), «Петербург университеті шығыс тілдері факультетінің 1855–1905 жылдардағы қызметіне шолу» (1909) атты еңбектер жариялады.Бартольттың көптеген еңбектері ағылшын, француз, неміс, түрік, араб, парсы, тағы басқа тілдерге аударылған.
Достарыңызбен бөлісу: |