Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет90/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Леопольд Ранке (1795–1886) позитивист. Берлин университетінің профес­соры. Тарихилық қағидаттың қалыптасуына еңбек сіңірді. Ол та­ри­хи деректің мән­ін көтеріп, деректі қатаң сыни тұрғыдан талдау қажеттігін тү­сі­ніп, зерт­теудің нақты статистикалық, салыстырмалы – тарихи әдісте­рін енгізді. Ол мұр­а­­ғат деректерін тарих ғылымның негізгі дерегі деп есеп­те­ді. Ранке өз заманында Пруссия монархиясы тарих­на­машысы ретінде та­рих­ты сол замандағы қалпында қабылдады. Э. Карр, К. Маркс оның дерекке көзқарасын сынға алды.
Люсьен Февер (1878–1956) атақты француз тарихшысы. Филология про­фессоры отбасы тарихынан докторлық диссертация қорғады. 1911–1919 жылдары Дижона, 1919–1933 жылдары Страсбург универси­тет­те­рін­де профес­сор қызметін атқарды. Ал 1933 жылдан өмірдің соңына де­йін Колледжде Франс университетінде сабақ берді.
1929 жылы Марк Блок екеуі «Эконимика және әлеуметтік тарих ан­налдары» деп аталатын журнал шығаруды жолға қойды. Журнал 1946 жыл­дан бас­тап жаңа «Анналы. Экономика. Қоғам. Өркениет.»,- де­ген атқа ие бол­ды. Журналдың айналасында сол заманның белгілі тарихшылары топталды. Олар­ды кейде «Жаңа тарихшылар» немесе «Анналдар мектебі» деп те ата­й­ды. Марк Блок қайтыс болғаннан кейін Л.Февр журналды жал­ғыз басқарды.
Л.Февр энциклопедиялық білімі бар,сол замандағы Францияның белді тарих­шыларының бірі болды. Ол 16 ғасыр тарихының әр түрлі тақырып­тарына қалам тартқан ғалым. Ол әсіресе тарих ғылымының теориялық мәселелеріне, тарихи танымның жаңа ұстанымдарын қалыптастыруға көп күш жұмсады. Тарихты жаңаша жазуды ол «Тарих үшін күрес» – деп атады.
Люсьен Февр «Кітаптар тарихы» деп аталатын жаңа пәнді оқу жос­парына кіргізуге ат салысты. 1950 жылдары кітап басу тарихын кеңінен зерт­теді. Оның қолдауымен жас тарихшы Анри Жан Мартен 1958 жылы «Кітаптың пайда болуы» деген еңбекті жарыққа әкелді.
Қай тақырыпты зерттесе де Л.Февр ондағы адам тарихына қат­ты көңіл бөлді. Адамның ақыл ойы,оның пікірі,ментальдығы тарихи про­цес­­­ске әсер ете­ді. Әрбір өркениет өзіне тән әлемнің образын жасайды. Өркениет тарихын зерт­теу барысында дүниенің образы,коллективизм және индивиду­ализм мәселе­леріне бірінші кезекте көңіл аудару қажет. Қай қоғамда болма­сын адам оның қоз­ғаушы күші. Жасына, дәулетіне, қызметіне қарамай, өзі си­яқ­ты басқа тұлғалармен бірге тарихты жасай­ды. Міне Л.Февр мен М.Блоктың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет