Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет82/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Бартольд Василий Владимирович (1869–1930,) – белгілі шығыс­та­ну­­шы ғалым, 1891 жылы Санкт–Петербург университетінің шығыс тілі фа­куль­тетін бітіріп, сонда ғылыми және оқытушылық қызмет атқарды. Қазақ өлкесін мекен­деген тайпалардың тарихын зерттеуге зор үлес қосты. Бұл еңбектерін жазуда ол араб, парсы және жергілікті авторлар­дың материал­дарын пайдаланды. Олар­дың ішіндегі аса құндылары: «О христианстве в Туркестане в домонгольский период» («Записки Восточного Отдела Им­пера­торского Русского Архео­логического Об­щес­тва», т. VIII (1893–94); «Образование империи Чин­гисхана» («За­писки Восточного Отдела», т. X, 1896);«Отчет о поездке в Сред­нюю Азию в 189394 годах» (СПб., 1897,«Записки Академии Наук», исто­рико–филологический отдел, 8–я серия, т. I, № 4); «Очерк истории Семиречья» («Памятная книжка Семиреченской области», т. II, Верный, 1898); «Отчет о командировке в Турке­стан» («За­писки Восточного отдела Археологического Общества», т. XV, 1902 03);«Сведения об Аральском море и низовьях Амударьи с древнейших времен до XVII века» (Ташкент, 1902); «О некоторых восточных ру­ко­пи­сях в библиотеках Константин­ополя и Каира» («Записки Восточного Отдела», т. XVIII, 1908); «История изучения Востока в Европе и в России» (СПб., 1911, университетский курс); «История культурной жизни Туркестана». Л., 1927;«Киргизы: Исторический очерк». Фрунзе, 1927; Тюрки. Двенад­цатьлекций по истории турецких народов Средней Азии; Культура мусульманс­тва. Изд–во «Огни» Петроград, 1918. Орталық Азия мен Қазақстан халық­тарының көне дәуірден бастап–ақ өзінің тарихы, мәдениеті болғанын ғылым түрде негіздеді. Шығыстану тарихына зор көңіл бөлді. «Еуропа мен Ресейде шығысты зерттеу та­ри­хы»(1911), «Петербург универ­сите­ті шығыс тілдері факультетінің 1855­–1905 жылдардағы қыз­метіне шолу» (1909) атты еңбектер жарияла­ды.Бартольттың көптеген еңбектері ағылшын, француз, неміс, түрік, араб, парсы, тағы басқа тілдерге аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет