«Дөңгелек үстел»
- Бұл педагогтардың тілдесу түрлерінің бір түрі. Тәрбиелеу мен оқытудың кез-келген сұрақтарын талқылау кезінде қатысушыларды орналастырудың дөңгелек педагогикалық нысандары ұжымды өз-өзін басқарушы жасауға рұқсат етеді, барлық қатысушыларды тең жағдайға қоюға рұқсат етеді, өзара әрекеттестік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. «Дөңгелек үстел» ұйымдастырушысының рөлі нақты мақсаттарға жетуге бағытталған талқылауға сұрақтар ойластыру мен дайындаудан тұрады.
Әдеби және педагогикалық газет
- Кейбір МдҰ қызметкерлерді біріктіретін жұмыстың қызық нысаны пайдаланылады. Мақсаты: үлкендердің, сондай-ақ балалар мен ата-аналардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын көрсету. Тәрбиешілер мақалалар, әңгімелер жазады, өлеңдер ойдан құрастырады, балалармен жұмыста қажет тұлғалық қасиеттерін, кәсіби қасиеттерін бағалайды, - шығармашылық, тілдік дағдыларға ие болуы — пікір айту көркемдігі және т.б.
Шығармашылық топтар
- Шығармашылық топтар –әдістемелік жұмыстың маңызды түрі болып саналады.Олар әдістемелік жұмыстың жаңа тиімді түрлерін іздеу нәтижесінде пайда болған.
- Мұндай топтар қандай да жаңа озық тәжірибені, жаңа әдістемені меңгеру немесе ойды өңдеу қажет болғанда, тек қана ерікті негізде құрылады. Топқа өзара ұнату, жеке достық немесе психологиялық үйлесімділік негізінде бірнеше педагог бірігеді. Топта ұйымдастырушылық сұрақтарды өз мойнына алатын, артынан алып жүретін, бір-екі басшы болуы мүмкін.
- Топтың әр мүшесі алдымен өз бетімен тәжірибені, зерттемені оқып біледі, содан кейін барлығы пікір алмасады, ұсыныстарын айтады..Мұның барлығы әрқайсысының жұмыс ттәжірибесінде іске асырылғаны маңызды. Топтың мүшелері бір-бірінің оқу-қызметіне қатысады, оларды талқылайды, ең үздік тәсілдер мен амалдарды бөліп көрсетеді. Егер педагогтың білімді түсінуі немесе шеберлігінде қандай да кемшілік байқалатын болса, онда қосымша әдебиеттің бірлескен оқуы жүреді. Жаңдан бірлескен шығармашылық топтарға қойылған мақсат жетілгенненк кейін ғана — топ тарайды. Шығармашылық шағын топта бейресми тілдесу, басты көңіл - мұнда нәтижесімен кейін мекеменің барлық ұжымы танысатын іздеу, зерттеу қызметіне бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |