Педагогикалық практикасына арналған


ПРАКТИКАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ТӘРТІБІ



бет9/11
Дата02.02.2022
өлшемі39.07 Kb.
#455054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
МУ 3 курс каз

6 ПРАКТИКАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ТӘРТІБІ

Практика соңында барлық есеп құжаттарын практика жетекшісіне (кафедрадан және педагогика кафедрасынан) тапсыру керек.

Практика соңында студент комиссияның алдында практика есебін қорғайды.

Практика нәтижелерін бағалау критерилері:

- кәсібилікке бағытталу деңгейі (педагогикалық жұмысқа деген махаббат, балаларға деген сүйіспеншілік, педагогикалық практикаға деген жауапкершілік, шығармашылық белсенділік, тәртіп);

- білім беру мекемесінің оқу-тәрбие жұмыстарына қатысу деңгейі;

- түрлі іс-шараларға қатысу сапасы;

-құжаттарды рәсімдеудегі ұқыптылық, уақытында тапсырылуы, сауаттылық, дұрыстылығы;

- комиссия мүшелері алдындағы өз-өзіне деген сенімділік.



«Өте жақсы» деген баға практика бағдарламасы талап еткен барлық тапсырманы жоғары деңгейде орындаған студентке қойылады. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып негізгі оқу-тәрбие міндеттерін дұрыс анықтаған және тиімді жүргізген студентке қойылады. Жұмысты өз бетімен істей білген, шығармашылық тұрғыдан қарай білген, педагогикалық әдептілік пен мәдениет таныта білген және құжаттарды уақытында тапсырған студентке қойылады.

«Жақсы» деген баға практика уақытында жоспарланған жұмыстарды толық орындаған, негізгі оқу-тәрбие міндеттерін анықтаған және оларды шешу жолдарын таба білген, жұмысты өз бетімен істей білген, бірақ оған шығармашылық тұрғыдан қарамаған студентке қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет