Еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы міндеттер - Оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу
- Педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру
- Педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту
- Кадрларды даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру
- Білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу
- Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту
Инновация ұғымы Инновацияға нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Ш.Таубаева мен Қ.Құдайбергенованың берген анықтамасына сүйенсек , «инновация» – бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті» - Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп ұғамыз.
- Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter» – бұл «өзара», «act» – әрекет ету дегенді білдіреді.
- «Интерактивті» сөзі – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлденемен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.
Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналар - Білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі
- Күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу
- Тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік
- Жақын эмоциялық жағдайларда оң-сол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойдағы ұқсас сезімдерді бастан кешуі.
Достарыңызбен бөлісу: |