Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық өсу және беделділік ұстанымы



бет107/175
Дата02.10.2023
өлшемі2.12 Mb.
#479531
түріСеминар
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   175
Ïåäàãîãèêàëû çåðòòåóëåð ìåòîäîëîãèÿñûíû ì ñåëåëåð³

Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық өсу және беделділік ұстанымы.
Ұстанымның бастауы. Әлеуметтік педагог (мұғалім, тәрбиеші, ата-ана) тәрбиеленушінің жеке тұлғасының қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Оның ықпалы көбінесе өзінің тартымдылығымен және беделділігімен айқындалады. Нақ осы факті С.Т.Щацкийдің мынадай пікіріне негіз болды: «Педагог өзін-өзі өсіруге (интеллектуалдық) тиіс, бұл балалар үшін де тиімді болмақ, өйткені, оларға деген қызығушылығы артады. Балалар мұны әрқашанда түйсіктерімен сезінеді».1
«Беделділік, – деп жазды А.С.Макаренко – қажетті нәрсе, онсыз жұмыс істеу мүмкін емес, ал отбасында бұл – ең бірінші қажет
Ата-ананың беделі туралы педагог бедел, бұл - өмірге және ата-ананың жұмысына, олардың мінез-құлқына, өз балаларының өмірін білуіне және оларға өз пікірлерін таңбай, жалықтырмай, шаршатпай көмек беруге ұмтылуы – балаларына өздеріне тән мінездерін қалыптастыра отырып, қиыншылықтан дербес түрде шыға білуге мүмкіндік беруіне негізделгендігін жазды.3 Бұл сипаттама әлеуметтік педагогтың өзара қарым-қатынасы мен қызметіне толықтай сәйкес келді.

Ұстанымның мәні. Әлеуметтік педагогтың (тәрбиешінің, ата-ананың) мәртебесі және мақсаты одан тұрақты түрде шығармашылықты тұрғыда өзін-өзі жетілдіруді, жетістікке жетуді талап етеді. Тап осындай білімдар, интеллектуалдық даярлығы мол, өзін-өзі үзбей жетілдіретін әлеуметтік педагог ғана өзінің тәрбиеленушілері үшін қызғылықты, тартымды әрі беделді болмақ. Балалар ондай педагогпен өзара белсенді араласып, жандарына жақын тұтады.


Әлеуметтік педагогтың, ата-ананың, тәрбиешінің беделі тәрбиешінің өз тәрбиеленушілерінің алдындағы жеке қасиеттері мен өмірлік тәжірибесінің аса маңыздылығымен және осы арқылы олардың мінез-құлықтарына ықпал етуге негіізделуімен сипатталады.
_________________________________________________________
1. С.Т.Щацкий. Педагогические сочинения. 4-т Просвещение, 1962 -1964. 2-т. 36-б.
2. А.С.Макаренко.Педагогические сочинения. 8-т. М.:Педагогика, 983-1986. 5-т. 242-б.

Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық өсуімен беделділігі қағидасынан туындайтын ұсынымдар:


- өзін-өзі жетілдіруге тұрақты түрде мақсатты бағытталған жұмыстың өзін-өзі жетілдірудің қажеттігі. Әлеуметтік педагогтың бұл қасиеті білім беру мекемесінде тәрбиеленеді, уақыт өте келе бұл ұмтылыс жеке тұлғаның табиғи қажеттілігіне айналады;
- әлеуметтік педагогтың өзі жұмыс жүргізетін тәрбиеленушілерінің мүдделері мен кәсіби қызметі саласындағы жетістіктерден, нақтылы өмірден кеш қалуына жол беруге болмайды. Нақтылы өмірден қалып қою оп-оңай;
- әлеуметтік педагогтың беделі туралы тұрақты қамқорлық қажет. Педагог беделі оның бүкіл өмірі бойында және кәсіби қызметі жолында қалыптасқанымен, оны бір сәтте ғана жоғалтып алуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет