«Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет6/7
Дата11.07.2016
өлшемі1.28 Mb.
#190242
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:


  1. Тəрбиелік істер жүйесінде өзіндік тəрбиенің орны қандай?

  2. Қайта тəрбиелеу не үшін қажет?

  3. Тəрбиенің негізгі заңдылықтарына түсінік беріңіз.

  4. Гуманистік тəрбие принциптерін атаңыз.

  5. Гуманистік тəрбие принциптерінің негізгі салаларын атаңыз.

  6. Педагогикалық қызметтегі тəрбие принциптері мен ережелерінің маңызын ашып беріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.

4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.

5.Дүсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж.


3 ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР

Тәжірибелік сабақтарындағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға байланысты нұсқаулар


    1. Талқылауға ұсынылатын семинар тақырыбы мен сұрақтарын ұғу, әдістемелік нұсқаулықтармен танысу.

    2. Тақырыбы бойынша дәріс конспектісін оқу, қажетті әдебиет пен материал іздестіру, ақпараттың ең маңыздысын ғана таңдап алу және бастысын жанамаларынан айыра білу, мәтінді лексикалық, синтаксистік тұрғыдан өңдеу, оқыған материалды құрылымдау, жүйелеу, оқыған материал бойынша қорытындылар шығару, түсінуге қиындық пен қарама-қайшылық туғызған сұрақтарды арнайы жекелеп көрсету.

    3. Семинардың типіне байланысты әр түрлі тапсырмалар орындалады: конспект жазу (тезистік, дәйексөздік, сызбалық, сұрақ-жауаптық, тақырыптық, шолу-тақырыптық және т.б.), жоспар құру (қарапайым немесе күрделі), реферат, эссе жазу, педагогикалық есептерді шешу және т.б.

    4. Мынандай ортақ талаптарға сүйене отырып логикалық бірізді әрі айқын сөз даярлау: сөз сөйлеу, бір бөліктен екінші бөлікке байланыса ауысу, аргументтер келтіру, қорытындылар жасау.

    5. Сөйлеген сөз мағына жағынан айқын, грамматикалық дұрыс болуы керек.

    6. Сөйлеген сөз эмоционалды тұрғысынан жақсы болуы керек (қолды сермеп сөйлеу мен мимиканы көп қолданудың қажеті жоқ).

    7. Сөз мәнерлі, дикция айқын болу керек.

    8. Сөз сөйлегенде тыңдаушылармен тығыз байланыс орнатып, олардың көңілдерін назардан шығармау керек.

    9. Көрнекілік материал қолдану.

    10. Сөз сөйлегенде уақыт регламентін сақтау.

Семинардың маңызды бір кезеңі әңгіме және пікірталас жүргізудің ережелерін сақтау:

1) талдауға ұсынылатын сұрақты ұғу, талқылаудың пәнін және әңгіме қатысушылардың көзқарастарын айқындау;

2) нақты дәлелді аргументтерді келтіре отырып өз пікірінің дұрыс екенін дәлелдеу;

3) пікірталасқа қатысушыларды мұқият тыңдау;

4) әңгімеге дер кезінде араласа білу;

5) басқалардың пікірін сынға алмау, туындаған шиеленісті бәсеңдету үшін әзіл-оспақты орынды қолдана білу.





  1. тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері

Сабақтың мазмұны:

1.Педагогикалық білімдерді меңгерудің ерекшеліктері

2.Педагогиканы оқыту әдістемесі теория мен практиканың жиынтығы ретінде

3.Педагогиканы оқыту әдістемесінің жалпы және дербес бөліктері



Сабақтың мақсаты: педагогикалық ғылымдар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, педагогиканы ғылым және өнер ретінде меңгеруге студенттердің қызығушылықтарын арттыру.
Бақылау сұрақтары:

1.Педагогиканы оқыту әдістемесі оқу пәні ретіндегі сипаты жайлы баяндаңыз

1.Педагогикалық білімдерді меңгерудің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз?

2.Педагогиканы оқыту әдістемесі теория мен практиканың жиынтығын атаңыз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989


2- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама

Сабақтың мазмұны:

1. Педагогиканың мазмұны ғылымның бейнесі ретінде

2. Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипаты

Сабақтың мақсаты:

Педагогикалық ғылымдар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, педагогиканы ғылым және өнер ретінде меңгеруге студенттердің қызығушылықтарын арттыру.



Бақылау сұрақтары:

1. 1. Педагогиканың мазмұны ғылымның бейнесіне сипаттама беріңіз?

2. Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипатына анықтама беріңіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989



3- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Педагогиканы оқытудағы технологиялар, оның компоненттері

Сабақтың мазмұны:

1. Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегі ретінде

2. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері

3. Педагогиканы оқыту үдерісінің ерекшеліктері



Сабақтың мақсаты: Педагогикалық білімді меңгеру деңгейлерінің сипаттамасымен таныстыру

Бақылау сұрақтары:

1.Педагогиканы оқыту заңдылықтары оқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетіңіз

2. Оқыту үдерісі өзара байланысты қандай компоненттерден тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989



4- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Іскер ойын педагогикадағы белсенді оқыту әдісі ретінде

Сабақтың мазмұны:

1. Іскерлік ойындар әдісі туралы жалпы түсінік



Сабақтың мақсаты: аналитикалық, жобалау, жоспарлау, құрылымдау, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, рефлексивтік іскерлік, дағдыларын және құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Іскерлік ойынның міндетті бөліктерін атаңыз

2. Іскер ойын әдісі дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989



5- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Модульдік оқыту

Сабақтың мазмұны:

1.Модульдік оқытудың негізі

2. Модульдік оқытудың ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

Модульдік оқытудың ерекшелігімен студенттерді танысу.


Бақылау сұрақтары:

1. Модульдік оқытудың негізіне анықтама беріңіз?

2. Модульдік оқытудың ерекшелігін атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989



6- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын талдау

Сабақтың мазмұны:

1.


2.

Сабақтың мақсаты:
Бақылау сұрақтары:

1.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989


7- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Педагогикадағы оқытудың көрнекі құралдары

Сабақтың мазмұны:

  1. Оқытудың көрнекілік құралдары студенттің оқу материалын жақсы меңгеруінің негізі

  2. Кабинет – әдістемелік орталық.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқытудың көрнекілік құралдары студенттің оқу материалын жақсы меңгеруінің негізін қалыптастыру


Бақылау сұрақтары:

  1. 1. Оқытудың көрнекілік құралдары дегеніміз не?

  2. Кабинет – әдістемелік орталық қандай талаптарға жауап беруі керек?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989



8- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Педагогика бойынша лекцияларды дайындау мен өткізудің әдістемесі

Сабақтың мазмұны:

1.Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы

2. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметі

3. Дәрісті оқу кезеңдеріне дайындық



Сабақтың мақсаты: тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру, дамыту туралы, студенттердің оқу материалын ары қарай игеруі үшін бағыт-бағдар беру.
Бақылау сұрақтары:

1 Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасына мысал келтіріңіз?

2. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметі қандай?

3. Дәрісті оқу кезеңдеріне дайындық қалай жүргізіледі?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989


9- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Педагогика бойынша семинар сабақтарын дайындау мен өткізудің әдістемесі

Сабақтың мазмұны:

1. Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы

2.Семинар сабақтың негізгі дидактикалық қызметі

3.Семинарға дайындалудың кезеңдері


Сабақтың мақсаты: тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру, дамыту туралы пәнаралық білімдер жүйесін қалыптастыру
Бақылау сұрақтары:

1.Семинар сабағын іскерлік ойындар элементтерін қатыстыруымен қандай формада өткізуге болады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989


10- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Педагогика бойынша практикалық сабақтарды дайындау мен өткізудің әдістемесі

Сабақтың мазмұны:

1. 1. Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы

2. Практикалық сабақтың негізгі дидактикалық қызметі

3. Практикалық сабаққа дайындалудың кезеңдері


Сабақтың мақсаты: тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру, дамыту туралы пәнаралық білімдер жүйесін қалыптастыру
Бақылау сұрақтары:

1. Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы

2. Практикалық сабақтың негізгі дидактикалық қызметі

3. Практикалық сабаққа дайындалудың кезеңдерін атаңыз


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989


11- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Тесттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу

Сабақтың мазмұны:

1. Тесттік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері

2. Қазіргі кезде дидактикада тест тапсырмаларының негізгі түрлері

Сабақтың мақсаты: бақылау сапасын арттыру және оқу үдерісінің тиімділігін бағалау құралы ретінде ұғым қалыптастыру

Бақылау сұрақтары:

1.Тест тапсырмасы қандай талаптарға сай болу керек?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989


12- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқытудың әдістемесі

Сабақтың мазмұны:

1.Педагогика ғылым және өнер ретінде

2.Тұтас педагогикалық үдеріс: мәні, құрылымы, қарама-қайшылықтары, қозғаушы күштері, негізгі сипаттамалары, қызметтері, заңдылықтары мен принциптері.

Сабақтың мақсаты: тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру, дамыту туралы пәнаралық білімдер жүйесін қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары:

1 Педагогика ғылым ретінде

2.Тұтас педагогикалық үдеріс: мәні, құрылымы, қарама-қайшылықтары, қозғаушы күштері, негізгі сипаттамалары, қызметтері, заңдылықтары мен принциптеріне сипаттама беріңіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989


13- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: «Дидактика» бөлімін оқыту әдістемесі

Сабақтың мазмұны:

1 Дидактика оқытудың педагогикалық теориясы ретінде.

2 Оқыту үдерісі тұтас жүйе ретінде.

3 Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

4 Жалпы білім беру мазмұны.

5 Оқытудың әдістері мен құралдары.


Сабақтың мақсаты: «Дидактика» бөлімін оқыту әдістемесі бөлімінде студенттің іскерлік дағыдыларын, оқытудың түрлі технологияларын қолданудың ерекшеліктерімен таныстыру.
Бақылау сұрақтары:

1.Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастырыңыз?

2.Оқу әдістерін дидактикалық әдіс бойынша таптасытырңыз?

3.Әдіс, тәсіл, оқыту әдісі дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989


14- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: «Тәрбие теориясы» бөлімін оқытудың әдістемесі

Сабақтың мазмұны:

1.Тәрбиенің теориялық негіздері

2. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны

3. Тәрбие әдістерінің жүйесі



Сабақтың мақсаты:

«Тәрбие теориясы» бөлімін оқыту әдістемесі бөлімінде студенттің іскерлік дағыдыларын, оқытудың түрлі технологияларын қолданудың ерекшеліктерімен таныстыру.


Бақылау сұрақтары:

1. Тәрбиенің теориялық негіздерін атаңыз?

2. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұнына сипаттама беріңіз?

3. Тәрбие әдістерінің жүйесін атаңыз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989



15- тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Педагогика курсында білім беру жүйесін басқару мәселелерін зерттеу әдістемесі

Сабақтың мазмұны:

Педагогика курсында білім беру жүйесін басқару мәселелерін зерттеу әдістемесін қолданудың ерекшеліктерімен таныстыру.


Сабақтың мақсаты: әдіснама мәні, қызметі, деңгейлері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру; педагогиканың философиялық негіздерімен (экзистенциализм, неопозитивизм, прагматизм, диалектикалық материализм және т.б.), сонымен қатар педагогиканы зерттеу әдістемесімен таныстыру.
Бақылау сұрақтары:

1. Педагогика курсында білім беру жүйесін басқару мәселелерін зерттеу әдістемесіне анықтама беріңіз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987

2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006

3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

5.1 Студенттердің өздік жұмыстарының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық
Педагогика пәні бойынша өзіндік жұмыстың әр түрлі тапсырмаларын орындау үшін студенттерге ұсынылатын нұсқаулар
1. Ақпараттық хабарлама әзірлеу – семинар, практикалық сабақтарда баяндау үшін әзірленген, көлемі жағынан шағын болып келетін өзіндік жұмыстың түрі.

Хабарлама мақсаты – оқу материалын белгілі бір тақырып бойынша жинақтау. Хабарлама қысқа болғанымен, фактілік, статистикалық ақпараттармен толықтырылады. Жазбаша рәсімделіп, көрнекілік элементтерін қамтуы мүмкін. Хабарламаға сапалы дайындалу үшін мына ұсыныстарды орындау керек:

-мәселе бойынша әдебиеттерді оқу;

-хабарлама жоспарын құру (оқу материалының күрделілігіне қарай жай (қарапайым) немесе күрделі жоспар құруға болады);

-негізгі түсініктерін таңдап, анықтама беру;

-қарастырылып отырған құбылыстың (үдерістің, нысанның т.б.) себеп-салдарлық байланысын көрсету;

-оқу нысанын жан-жақты сипаттайтын қосымша мәліметтерді қолдану;

-томендегі берілген үлгі бойынша хабарлама мәтінін дайындау:

Тақырып (мәселе) атауы: «Педагогикалық зерттеу әдістері»


  1. Түсініктің мәні:




  1. Зерттеу әдістерінің классификациясы





  1. Зерттеу әдістерінің сипаттамасы





  1. Зерттеу әдістерін таңдау жолдары




  1. Хабарлама бойынша қорытындылар

Ақпараттық хабарламаны бағалау критерилері:

-мазмұнның тақырыпқа сай келуі;

-материалды өңдеудің негізі мен тереңдігі;

-оқуға міндетті (негізгі) әрі қосымша әдебиеттерді пайдалану;

-көрнекілікті қолдану;

-хабарлама жасауға бөлінген уақыт регламентін сақтау (5 минут).
2. Глоссарий (сөздік) құрастыру – педагогика тақырыбы бойынша кездескен терминдерді жинақтау мен жүйелеуден тұратын өзіндік жұмыс түрі.

Глоссарийді құру мақсаты – басты терминдер мен олардың анықтамаларын көрсету. Терминдер мен олардың анықтамалары жазбаша рәсімделіп, әліпби тәртібімен беріледі.

Студент келесі нұсқауларды ұстануына болады:

-тақырып бойынша материалды оқу;

-басты терминдерді таңдау;

-негізгі анықтамаларды жазу;

-анықтамаларды талдау, ең нақты және қысқа анықтаманы шығару;

-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, глоссарий құрастыру:





Терминдер

Анықтамасы

Алынған жері

1.

Анализ (талдау)

Құбылыстардың жекелеген жақтарын, белгілері мен қасиеттерін анықтап қарастыру

Философиялық-энциклопедиялық сөздік - М.: Инфра-М., 1997. – 376с.

Глоссарийді бағалау критерилері:

-терминдердің тақырыпқа сәйкестігі;

-терминдердің көп аспектілігі және оларды оқылып отырған пәннің ерекшелігіне сай ықшамдаудың нақтылығы;

-талапқа сай рәсімдеудің сәйкестігі;

-жұмыстың көрсетілген мерзімінде тапсырылуы.

3. Алғашқы дереккөздерден конспекті жазу (мақалалар, оқулықтар, монографиялар және т.б.) – ақпаратты қысқаша үлгіде конспектілеуге бағытталған өзіндік жұмыстың бір түрі.

Жұмыстың бұл түрінің мақсаты деректемелердің негізгі ережелерін анықтау, автор теорияға қандай жаңалық енгізгеніне талдау жасау. Жұмыс жазбаша рәсімделеді.

Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулар:

-деректеменің оқу матералын оқып шығуы, бастысын, жаднамасын анықтау;

-жоспар құру;

-тақырып бөлімдерінің арасында байланыс орнату;

-басты түсініктер, сөздерді, ұғымдарды айқындау;

-күрделі сөйлемдерді жай, қарапайым, қысқа сөйлемдерге ауыстыру;

-шартты қысқартулар жүйесін әзірлеу және қолдану;

-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, конспект жазу:


1. Дереккөздер конспектісі (оқулық, монография тарауы)

______________________________________________________________________

2. Автордың толық аты-жөні, жұмыстың толық атауы, басылып шыққан уақыты______________________________________________________________________

3.Жоспары

1.______________________________________________________________________

________________________________________________________________________



    1. ____________________________________________________________________

    2. ____________________________________________________________________

2. ______________________________________________________________________

2.1_____________________________________________________________________

2.2_____________________________________________________________________


  1. Жоспардың әр сұрағын толығымен ашып көрсету

Дереккөздерді конспектілеуді бағалау критерилері:



-мазмұн жоспарға сай келуі;

-автор жұмысының нәтижелерін, негізгі ережелерін дәлелді беруі;

-негізгі жайттарды бірізділік пен нақтылық арқылы беруі;

-ерекше мәнге ие ақпаратты белгілеп көрсету үшін графикалық және басқа да шартты таңбаларды қолдану;

-баяндаудың сауаттылығы;

-талаптарына сай рәсімделуі;

-конспектіні мерзімінде тапсыруы.
4. Эссе жазу – тақырыбы субьективті түрде ғана ашылған өзекті тақырыпқа еркін түрде шағын көлемді шығарма жазудағы өзіндік жұмыстың бір түрі.

Эссе мақсаты – мәселенің мәнін ашу, логикалық ойлаудың нәтижесінде өз пікірін жазбаша түрінде беру және әр түрлі көзқарасты ұстану.

Тапсырманы орындауға келесі нұсқаулар беріледі:

-эссе тақырыбын мұқият оқып, ондағы мәселені анықтап алу;

-эссе тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысып, іріктеп алу;

-эссе жоспарын құру;

-мәселенің мазмұнын және оны шешу жолдарын қысқа, тұжырымды етіп көрсету;

-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, эссені рәсімдеу:

Эссе тақырыбы мен мақсаты________________________________________

Эссе мазмұны:

-тақырыптың теория мен практика үшін өзектілігі;

-мәселені шешу үшін дәл келетін жолдарды талдау («артықшылықтары», «кемшіліктері»);

-мәселені шешудің өзіндік жолын ұсыну;

-ұсынылған жолдың шынайылыққа айналдыру (жоспары, ресурстары және т.б.);

-ұсынылған жолдың, тәсілдің «күшті» және «әлсіз» жақтарын көрсету.

Эссені бағалау критерилері:

-мазмұн эссе тақырыбына сәйкес келуі;

-мәселенің қазіргі жағдайын нақтылы бағалау;

-ұсынылған идеяның тиімділігі мен мәні;

-мәселені шешудегі ерекше жолдың, амалдың бар болуы;

-баяндаудың айшықтығы, бейнелілігі;

-баяндау сауттылығы.


5. Рецензия (сын пікір) жазу – рефератқа, кітапқа, мақалаға, шығармаға және т.б. пікір жазатын өзіндік жұмыстың бір түрі.

Рецензияны жазудағы мақсат – жұмысқа талдау жасау: оның мазмұны, «артықшылықтары» мен «кемшіліктері», зерттелініп отырған мәселеге автордың қосқан үлесі, амалдардың өзіндік ерекшелігі.

Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар:

-рецензияланатын дереккөзді мұқият оқып шығу;

-рецензия жоспарын құру;

-рецензияланатын дереккөздің «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» айқындау;

-жұмысқа баға беру;

-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, рецензияны рәсімдеу:




Дереккөзге (реферат, мақала және т.б.)

Рецензия (Сын пікір)


Автордың аты-жөні, жұмыс атауы, басылған жылы

Жоспары:


  1. Автор туралы қысқаша мәлімет

  2. Басылым түрі (реферат, мақала, кітап және т.б.)

  3. Басылымның мақсаты мен міндеттері

  4. Басылым құрылымы және жұмыстың қысқаша мазмұны

  5. Аталған басылымның осыған ұқсас басылымдардан ерекшелігі

  6. Басылымның артықшылықтары мен кемшіліктері

  7. Басылымның практикалық мәні

  8. Баяндау стилі (қол жетімділігі, анықтылығы, бейнелілігі, көрнекілік және т.б.).

  9. Басылымның жалпы бағасы

Рецензияны бағалау критерилері:

-рецензияланатын жұмыстың толық талдауы;

-рецензияланатын дереккөздің «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» айқындау;

-студенттің рецензияланатын дереккөзге өзінің жеке пікірін білдіру;

-рәсімдеу талаптарына сәйкестігі;

-мазмұндаудың сауаттылығы;

-көрсетілген мерзімде өткізілуі.


6. Аннотация жазу – кітаптың, мақаланың қысқаша мазмұнын көрсететін өзіндік жұмыстың түрі.

Аннотацияны жазудың мақсаты – жұмыстың негізгі мазмұнын сипаттау және оның қандай оқырмандарға арналғаны туралы мәлімет беру.

Тапсырманы орындауға байланысты ұсыныстар:

-аннотацияланатын дереккөзді мұқият оқып шығу;

-аннотация жоспарын құру;

-негізгі ой, мәселені көрсету, автордың пікірін, оның қорытындыларын анықтау;

-үлгі бойынша аннотацияны рәсімдеу:


Дереккөзге (кітапқа, оқулыққа, монографияға, мақалаға және т.б.)

Аннотация


Автордың аты-жөні, жұмыс атауы, басылған жылы

Жоспары:


  1. Автор туралы қысқаша мәлімет

  2. Басылым түрі (реферат, мақала, кітап және т.б.)

  3. Басылымның мақсаты мен міндеттері

  4. Басылым құрылымы және жұмыстың қысқаша мазмұны

  5. Автордың көрсеткен негізгі, мәселері, пікірлері

  6. Көрсетілген мәселелерді шешудегі автордың берген ұсыныстары мен қорытындылары

Аннотация авторы

Аннотацияны бағалаудың критерилері:

-аннотацияның мазмұндылығы;

-аннотацияланатын дереккөздің негізгі ережелерін баяндау;

-рәсімдеудің талаптарға сәйкестігі;

-мазмұндау сауаттылығы;

-жұмысты көрсетілген мерзімде өткізу.
7. Тақырып бойынша жинақталған кесте құру үлкен ақпарат көлемін жүйелеу мен жинақтау арқылы кестеде көрсететін өзіндік жұмыстың бір түрі.

Кестені құру мақсаты – ақпараттың мол көлемін құрылымдау, оны дұрыс түсіну және есте сақтау үшін кестеге енгізу.

Тапсырманы орындауға байланысты нұсқаулар:

-тақырып бойынша ақпаратпен танысу;

-жұмыстың мақсатын айқындау;

-ақпаратты құрылымдау, оны қысқаша түрде көрсетіп, осы мәліметтермен кестенің негізгі графаларын толтыру;

-үлгі бойынша кесте толтыру:



«Жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамының (ПОҚ) қызмет мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар» тақырыбындағы жинақталған кесте
Жоғары оқу орындарындағы ПОҚ профессиограммасы


Тұлға мен оның іс-әрекетінің сипаты

Мазмұны

1. ЖОО ПОҚ кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің қоғамдық-әлеуметтік және кәсіби сипаттамасы

1.1 Мамандық атауы

1.2 ЖОО ПОҚ қойылатын жалпы талаптар (лауазымдық міндеттерге сипаттама)



2. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны

2.1 ЖОО ПОҚ іс-әрекетінің саласы

2.2 Іс-әрекеттің мақсаты

2.3 ЖОО ПОҚ іс-әрекетінің мазмұны, пәні, құралдары

2.4 Іс-әрекеттің объектілері, субъектілері

2.5 ЖОО ПОҚ іс-әрекетінің құралдары

2.6 Іс-әрекетінің нәтижесі

2.7 ЖОО ПОҚ шешетін мәселелері мен міндеттері

2.8 Іс-әрекеттің түрлері мен деңгейлері

2.9 Іс-әрекеттің қызметтері және бірліктері


3. Білім, іскерлік және құзыреттілік

3.1. Кәсіби педагогикалық білім, іскерлік және құзыреттілік

4. Кәсіби маңызды қасиеттер

4.1 Интеллектуалдық қасиеттер және қабілеттер

4.2 Кәсіби педагогикалық өзіндік сананың қасиеттері

4.3 Адамгершілік қасиеттер

4.4 Жеке психологиялық ерекшеліктер






-кестені үлгі бойынша толтыру


Жинақталған кестені бағалау критерилері:

-мазмұны тақырып пен мақсатқа сай келуі;

-кесте құрылымының қисындылығы;

-ақпараттың құрылымдылығы, жүйелілігі;

-кестені талаптарға сай рәсімдеу;

-кестені уақытында өткізу.


8. Фактілік сызбаларды құру – ешбір өлшемсіз, шартты белгілердің көмегімен ақпаратты беруді құрайтын өзіндік жұмыс түрі.

Фактілік сызбалардың мақсаты – ойлардың, түсініктердің көлемдік және көрнекілік тұрғыда берілуін, олардың өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін көрсету.

Тапсырманы орындауға берілетін ұсыныстар:

-тақырып бойынша ақпаратпен танысу;

-басты элементтерді анықтап, олардың арасындағы өзара байланысты және өзара шарттасу белгілерін анықтау;

-ақпаратты жүйелеу;

-фактілік сызбалар құру.

Сызбаны бағалау критерилері:

-мазмұнның тақырыпқа сай келуі;

-ақпараттың жүйелілігі;

-ақпараттың басты элементтерінің арасындағы кисындық байланыс;

-тапсырманы орындауға шығармашылық тұрғыдан қарау;

-жұмысты орындаудағы мұқияттылық;

-жұмысты уақытында өткізу.


9. Тақырып бойынша сөзжұмбақтар құрастыру – ақпараттың графикалық түрде бейнелейтін өзіндік жұмыс түрі.

Сөзжұмбақтарды құрастыру мақсаты – ақпаратты жүйелеу, білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар сөзжұмбақты құрастыру өзін-өзі бақылау және өзара бақылау әдісі ретінде қолдануға болады.

Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулар:

-тақырып бойынша оқу материалымен танысу;

-оларға сұрақтар мен жауаптар құрастыру;

-графикалық сызба сызу.

Сөзжұмбақты бағалау критерилері:

-мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі;

-сұрақтарды дұрыс құрастыра білу;

-сөзжұмбақтың көлемі (10 сөзден кем емес);

-жұмысты уақытында тапсыру.
10. Реферат жазу – белгілі бір тақырыптағы жұмыстың немесе мақаланың, кітаптың мазмұнын қысқа да нұсқа үлгіде алу мақсатында ақпаратты жинақтау, жүйелеуге бағытталған өзіндік жұмыс түрі.

Реферат жазу мақсаты – оқылатын тақырыпқа жаңашылдық элементтерін енгізе отырып, толықтыру.

Тапсырманы орындауға байланысты нұсқаулар:

-автор шешімін табуы тиіс мәселелер мен негізігі сұрақтарды айқындау;

-автор дәлелдейтін негізгі ережелерді ерекшелеп көрсету, ол қандай тәсілдермен дәлелденетіндігін (теориялық немесе экспериментік жол) көрсету, негізгі қорытындыларды, жаңалықтарды айқындап, көзқарастарды салыстыру және авторлар пікірінің тоғысатын, алшақтайтын жерлерін көрсету;

-тақырыпқа жеке көзқарасты қысқаша түрде көрсетіп, оның теориялық және практикалық мәнін бағалау;

-рефераттың жоспарын құру.

Реферат құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиет тізімінен тұруы керек.

Реферат кіріспесінде тақырып таңдалуы, өзектілігі және қаралатын мәселенің тереңдігі баяндалады. Ал рефераттың негізгі бөлімінде қаралатын мәселе және оның кейбір кемшіліктерін ашуда қолданылатын концепциялар, әр түрлі авторлар теориясы көрсетілуі керек. Сонымен қатар автор өз зерттеулерінің нәтижелерін де қолдана алады.

Рефератты рәсімдеу талаптарын қарастырайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет