1 –еңбек қызметі Оқытушылық: оқу ақпаратын
таратады, өз бетімен оқуға үйретеді
|
5.1
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен оқытудың тиімді технологияларына сүйене отырып, оның ішінде командалық жұмыс әдістемесін, оқытудың әдістемесін пайдаланады;
өз бетімен оқу бағдарламасын кеңейтетін қосымша ресурстарды қолданып оқу/сабақ өткізеді;
өз бетімен жасөспірім балаларға мақсатты тілдерде –қазақ (Т2), орыс(Т2), ағылшын (Т3) қарым- қатынас жасау үшін бейімделу жағдайын жасайды (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін );
тәлімгердің жетекшілігімен жасөспірімдерді оқыту сабақтастығы мен кіріктіру қағидаттарын есепке ала отырып сабақтарды жоспарлайды;
тәлімгердің жетекшілігімен білім алушылардың лингвистикалық сұраныстары мен қажеттіліктерін есепке ала отырып сабақтарды құрайды;
тәлімгердің жетекшілігімен оқытудың жаңа технологияларын қолданады, оның ішінде АКТ;
тәлімгердің жетекшілігімен білім алушылардың қабілеттерін ескере отырып , дифференциациялау стратегияларын қолданады;
|