Іскерлік пен дағдылар:
педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды;
білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді;
жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін көрсетеді;
ерекше білім қажет ететін тұлғаларға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді;
«Мәңгілік Ел» - жаңа жүйе құраушы құндылықтарына араластығын танытады.
|
Білім:
балаларды оқыту мен дамытудағы тәрбиелеудің басыңқы рөлін түсіну;
балаларды тәрбиелеудегі ересек адамдардың үлгі болуының жетекші рөлін түсіну;
«оқытып тәрбиелеу» жалпы дидактикалық қағидатты іске асыру әдістері мен тәсілдері;
бастауыш мектеп педагогикасының ерекшеліктері;
гуманистік педагогиканың қазіргі тұжырымдамалары;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудегі денсаулықты сақтау заманауи технологиялары.
|
3-еңбек қызметі Әдістемелік: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді
жүзеге асырады
|
Іскерлік пен дағдылар:
тәлімгер жетекшілігімен заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес педагогикалық әрекетті ұйымдастырады ;
тәлімгер жетекшілігімен оқу бағдарлама талаптарына сәйкес оқу сабақтарын жоспарлайды;
тәлімгер жетекшілігімен өзінің кәсіби даму траекториясын анықтайды;
тәлімгер жетекшілігімен есеп құжаттарын ресімдейді;
тәлімгер жетекшілігімен АКТ-құзыреттілігінің жалпы пайдалану деңгейін игереді: мәтіндерді теруді және шығаруды іске асырады, интернет көздерінен ақпаратты таңдайды;
тәлімгер жетекшілігімен білім алушыларды оқыту үшін компьютерлік таныстыру рәсімдері мен ресурстарын дайындайды .
|
Білім:
отандық және шетелдік білім жүйесі дамуының заманауи үрдістері;
білім саласындағы ұлттық заңнамаларды (Бала құқығы туралы конвенция, «ҚР Білім туралы», ҚР бала құқықтары туралы, «Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет
көрсету туралы», «ҚР тілдер туралы» заңдарын, ҚР еңбек кодексін;
МЖМБС, типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламалары ;
білім ұйымдарының әрекеті мәселелері бойынша басқа нормативтік құқықтық актілер;
ҚР білім жүйесінің ерекшеліктері.
|
4-еңбек қызметі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |