Пән аты: Информатика Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру



бет3/7
Дата14.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#135158
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Операциялық жүйелер топтамасы

Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше әр түрлі жұптары даярланған: Microsoft MS DOS фирмасының операциялық жүйесі Windows (95,98,ME,NT,2000, XP, Vista ), Linex Apple фирмасының дербес компьютерлерінде MAC OS операциялық жүйесінің әр түрлі версиясы қолданылады. Серверде көбіне Windows NT/XP және UNIX операциялық жүйелері пайдаланылады.

Операциялық жүйе топтамасының маңызды белгілерінің бірі ЭЕМ ресурстарын басқару ерекшелігі болып табылады. Бұл бәрінен бұрын көпмақсаттылықты қолдау. Бір мезгілде орындалатын процестердің санына байланысты операциялық жүйелер екі топқа бөлінеді:


    1. біртапсырмалы

    2. көптапсырмалы

Біртапсырмалы операциялық жүйелердің пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді.

Көптапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді.

Топтаманың келесі белгісіне көпқолданушы режимді қолдау жатады. Оның екі түрі белгілі.


  1. Бірпайдаланушы

  2. көппайдаланушы

Бірпайдаланушы операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Көппайдаланушы операциялық жүйе қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар операциялық жүйелердің командалық және / немесе графикалық интерфейсі бар.

Графикалық интерфейсті операциялық жүйелерде командаларды пайдаланушы тышқанның көмегімен енгізе алады, ал командалық жол режімінде командаларды клавиатураның көмегімен енгізеді.

Біз қазіргі кезде кең тараған Windows операциялық жүйесімен танысуды жалғастырамыз. Windows сөзі ағылшын тілінен аударғанда «терезелер» деген ұғым береді.

Windows –графикалық (терезелі) операциялық жүйе. Экранда график түрінде ОЖ-ні басқару элементтері бейнеленген және пайдаланушы оның қосымшаларындағы қажетті элементті тышқанның көмегімен таңдай алады.



IV. Сабақты бекіту.

  1. Қандай операциялық жүйелерді білесіз?

  2. Көптапсырмалы операциялық жүйелердің біртапсырмалы операциялық жүйелерден айырмашылығы қандай?

  3. Көппайдаланушы операциялық жүйелердің бірпайдаланушы операциялық жүйеден негізгі айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма: Операциялық жүйелер топтамасы

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Операциялық жүйелерді баптау

Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.

Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:


  1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау;

  2. негізгі менюді баптау;

  3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.

Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер ... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады.

Бума (Папка) қосымша бетінен сіз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режимін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.

Қарап шығу (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейгнелейтін жалаушларды қосады және өшіреді.

Келесі Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін (жаңа кеңейтулер) қосуға мүмкіндік береді.

Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню (Баптау – Тапсырмалар тақтасы) немесе Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) контекстік менюінің Қасиеттер командаларының көмегімен орындайды. Екі команда да екі қосымша беттен тұрады, солардың көмегімен қажетті параметрлерді өзгертуге болатын бір ғана диалогтік терезені шақырады.

Жалпы (Общие) қосымша беті келесі режімдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:



  1. Барлық терезелердің үстінен орналастыру (Расположить поверх всех окон)- тапсырмалар тақтасы қосымшалардың барлық терезелерінің үстінде орналасады;

  2. Экраннан автоматты түрде өшіру (Автоматически убирать с экрана ) – тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқанды көшіргеннен кейін ғана пайда болады;

  3. Негізгі менюдегі ұсақ белгілер (мелкие значки в главном меню) – негізгі меню ұсақ белгіленіп, олар өте аз орын алады;

  4. Сағатты бейнелеу (Отображать часы) – Тапсырмалар тақтасына сағат индикаторы орнатылады;

  5. Қысқартылған менюді пайдалану (Использовать сокращенные меню) – менюді ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.

Қосымша (Дополнительно) қосымша бетінің көмегімен қосуға, өшіруге, апаруға және негізгі меню пунктеріне жаңа ат қоюға болады.

Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының көмегімен орындалады.

Басқару тақтасы бумасының терезсінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілерді көресіз. Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан (Экран, Шрифты, Дата и время, Клавиатура, Мышь) және т.б.

IV. Сабақты бекіту.


  1. Басқару тақтасы бумасының міндеті мен атқаратын қызметін айтыңыз.

  2. Windows жұмыс үстелінің фондық суретін қалай орнатуға болады?

Үйге тапсырма: Операциялық жүйелер топтамасы

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен бумаларды іздеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Файлдар мен бумалар

Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып, оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата-анаңыздан сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде де қандай да бір файлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда қойғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке Іздеу (Пойск) немесе Табу (Найти) командалары келеді.

Іздеу командасы компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алады. Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.

Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет.



  1. Жіберу батырмасына шертіңіз

  2. Табу пунктін таңдаңыз

  3. Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз

  4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз

  5. Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;

  6. Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа обьекті таңдауға болады.

  7. Табу батырмасына шертіңіз.

IV. Сабақты бекіту.

  1. Іздеу командасы не үшін қолданылады?

  2. Қандай белгілер бойынша Іздеу командасы арқылы обьектіні табуға болады?

Үйге тапсырма: Файлдар мен бумалар іздеу

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютерлік вирустардан қорғау

Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.



Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін. Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:



Файлдық

Жүктейтін (загрузочный)

Макровирустар

Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі

Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.

Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.

Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар
IV. Сабақты бекіту.

1. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)

2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.

3. Ақпаратты компьютерлік вирустардың қорғау шараларын атап шығыңдар.

4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

5. Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?

6. Архивтік файл дегеніміз не?

7. Қандай архивтер көп томды деп аталады?

8. Архивтен алу дегеніміз не?



V. Үйге тапсырма беру: Компьютерлік вирустардан қорғау

VI. Оқушыларды бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Файлдарды архивтеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Файлдарды архивтеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Резервтік (Қорда сақталатын) көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желілер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватордеп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар –архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрады. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін де қажет.

Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып –түю, сығу), ал файлды архивтен алу- архивтен шығару деп аталады. Буып-түйілген (сығылған) файл архив деп аталады.

Ақпараттар көлемі кішірейетін, ал ақпарат саны сол қалпында қалатын әр түрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәтіндік және графикалық файлдар жақсы сығылады, ал іс-жүзінде архивтер файлы сығылмайды.

Кейбір архиваторлар архивтегі файлдарды бұрынғы қалпына келтіру үшін архиватор-программаны қажет етпейтінімен өзгешеленетін, архивтерден арнайы программасыз өзі шығаратын архивтерді құра алады.

Программашылар көптеген әр түрлі архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңінен тарағаны WinRar және WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді. Архиваторды таңдағанда олардың әмбебаптығы және сенімділігі басшылыққа алынады, бірақ, әрине, оның негізгі параметрлерін – сығу сапасы және жылдамдығын ұмытпаған жөн.

Архивтерді құру және оларды басқарудың бірден-бір кеңінен тараған әйгілі құралына, орыс тіліне толығымен көшірілген архиватор WinRar жатады.

WinRar RAR және ZIP архивтермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен өзі шығаратын архивтерді ( SFX, ағылшын тілінде Self-extracting) құрады және т.с.с.

Көптомдық архивтер –бірнеше бөліктен тұратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.

Windows үшін WinZip программасы архивтік файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кең тараған архиватор болып табылады.



IV. Сабақты бекіту.

1. Файлды сығу, архив, архиватор дегеніміз не?

2. Сығылған файл әдеттегі файлдан қалай ерекшеленеді?

3. Архиватор-программаларды атаңыз.



V. Үйге тапсырма беру: Файлдарды архивтеу

VI. Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: 7-бөлім.Компьютерлік графика

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік-Оқушылардың мәтіндік, дыбыстық, және графикалық ақпараттардың ұсынылуы. Графикалық ақпарат туралы түсінік, графикалық обьектілермен орындалатын оперециялар,түс және палитра комрьютерлік графиканың қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Тәрбиелік-Жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық-Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер.оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойыншақайталау сұрақтары:

1.Антивирустық программа дегенімңз не?Ол неге қарсы арналған?(не үшін керек?)

2.Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар?

3.Ақпаратты компьютерлік вирустардан қорғау шараларын атап шығарыңдар?

4.Ақпаратты сығу дегеніміз не?

5.Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?

6.Архивтік файл дегеніміз не?

7.Қандай архивтер көп томды деп аталады?

8.Архивтен алу дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы.

Мәтіндік режимде,әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді. Экранның әрбір позициясыеа арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін. Мәтіндік режимде құрастырылған қарапайым суреттерді және мәліиеттерді шығаруға болады.



Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады.Компютерге мәтіндік символды енгізгенде, мысалы, «А» пернесін басқанда, жедел жадқа 01000001 екілік коды беріледі. Символды экранға шыаранда кері кодтау (декодталу) жүргізіледі,яғни біз экранда оның екілік кодынан алынған символды көреміз.

Дыбыс өз табиғатында ауа тербелмелі болып табылатын үздіксіз сигнал.

Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны нолдермен бірліктердің жиыны түрінде ұсыну керек.Бұл мына жолмен жасалады: микрофонның көмегімен дыбыс электорон тобының тербелісіне айналады.Бірдей, өз уақыт аралығы (0,00002с) сайын электр тоғының шамасын белгілейміз. Жоғарырақ мәнін-бірлік, төмен мәнін 0 деп есептейміз әрине, бәрі белгілі дәрежедегі дәлдікпен орындалады. Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз, оны компьютерге енгізуге,сақтауға және өңдеуге болады.

Компьютерде дыбыстық ақпаратты шығарғанда кері процесс жүред, екілік кодтар жиыны электр импульстеріне айналдырылады да, динамика арқылы өткізіледі, сонда біз дыбысты естиміз.

Қазіргі кезде компьютерден мәтіндік ақпаратты сөз сөйлеу түрінде шығару мүмкіндігі бар, яғни компьютер мәтінді «оқи алады».

Адамның сөзін қарапайым дыбыстар (фонемалалар) тізбегі және олардың арасындағы паузалар(үзілістер)түріеде ұсынуға болады.Мысалы,қазақ тілінде орыс тілінде 40-45 фонеманы ерекшелеуге болады.



Графикалық ақпарат туралы түсінік.

Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп олардың саны манитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы,VGA типті экран үшін түсті болғанда,көлденеңінен-640;тігінен-480 нүкте,ал 256 түсті болғанда көлденеңінен 320; тігінен-200 нүкте)болады.

Мониторлар базалық түсінің турлері 16 стандрартты түсті болады және келесідей 4 элементпен:түстің үш құраушысы:қызыл, жасыл, көк,жарықтан мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады.Төрт құраушысының әрқайсысының бар болу 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі.

Мысалы,егер еомпьютерлердің мониторы болса,онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады,4 битке көп керек:640*350*4=112000(байт)=110(Кбайт).



Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түріндеұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.

Фотосуреттерде де растрлық кескін сияқты сақталады.Егер машиналарыңа сканер қосылған болса,онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып,оларды дискіде трастрлық кескін түрінде мақтауға болады.Сканер суретті «суреткн түсіреді»де,оны «цифрланған»нүктелер жиыны түрінде көрсетеді.Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.

Ақ-қара фотосуреттер,әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда,сапасын жақсы сақтап сканерленеді.

Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да,кемшіліктері де бар.

Артықшылығы:растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуне, яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді, қажет болмаған жағдайда ішінра алып иастауға немесе басқа кез келген түсек өзгертуге болады.

Кемшілігі:растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен(бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) өзгертекен де,кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысылы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде-кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерді жоғалтқандықтан)

Растрлық кескіндердің тағы бір кемілігі-файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, соғұрлым үлкен болады.)

Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есепетеулерге негізделген.

Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.

Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.

Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.

Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жсалады. Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды. Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.



Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт.Оның міндеті-обьектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика. Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде,есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу,экспиремент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с түрінде қолданылады. Білім беруде-мультимедиалық программалық құралдарда.

Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді-міне, осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегемен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график,диаграмма )жасалады.

Көркемдік және жарнамалық графика.Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін,мысалы,баспа өнімдерін,жарнама безендіру,фотосуреттерді бояу және өңдеу,мультфильмдер,бейнесабақтар,компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады,ол дыбысты,музыканы,мәтінді,бейне мен анимацияны(қозғалатын обьектілер)қарастырып үйлестіреді.Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.



Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:

Кескіннің ақпараттық көлемін анықтаңдар.



4.Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

1.Компьютерде дыбыс қалай ұсынылуы мүмкін?

2.Компьютерде мәтіндік және графикалық ақпарат қалай ұсынылады?

3.Графикалық ақпараттыңқандай түрлері бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет