Пән аты: Информатика Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы


Үйге тапсырма беру. Оқулық:7-бөлім (



бет4/7
Дата14.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#135158
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

5.Үйге тапсырма беру. Оқулық:7-бөлім (мазмұндау).

6.Оқушыларды бағалау.



Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Тест жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың дербес компьютерлер, компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі, операциялық жүйе, компьютерлік ақпаратты қорғау тақырыптары бойынша алған білімдерін бақылау.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: білімді бақылау.

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1-тест

Дербес пайдаланылатын компьютерлер.

1. Ірі ұйымдар мен халық шаруашылығы салаларына қызмет көрсету үшін қолданылатын қуатты компьютерлер:

а) мини –ЭВМ в) микро-ЭВМ с) үлкен –ЭВМ

2. Мамандандырылған компьютерлер міндеті бойынша:

а) шағын ауқымды нақты міндеттерді шешуге арналған;

в) музыкамен, графикамен, бейнелеумен жұмыс істеуге арналған;

с) технологиялық процесті басқаруға арналған

д) бірнеше адамның пайдалануына арналған.

3. Арифмометрді алғашқы ЭЕМ –дердің бірі деп есептеуге бола ма?

а) иә в) жоқ

4. Міндеті бойынша электрондық –есептеуіш машиналар былай бөлінеді?

а) .үлкен ЭЕМ, мини ЭЕМ, микро ЭЕМ, дербес пайдаланылатын ЭЕМ;

в) тұрмыстық жалпы мақсаттағы кәсіптік;

с) үстел үстілік, шағын, қпалтаға салып жүретін.

5. Өңдірістік процестерді басқару үшін ғылыми мекемелерде, жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарына қолданылатын ЭЕМ:

а) үлкен ЭЕМ; в) мини-ЭЕМ; с) дербес пайдаланылатын ЭЕМ; д) микро-ЭЕМ

6. Өңімділігі салыстырмалы түрде үлкен емес және дерек дайындау бойынша көмекші операциялар орындайтын ЭЕМ:

а) үлкен ЭЕМ; в) мини –ЭЕМ; с) дербес пайдаланылатын ЭЕМ; д) микро ЭЕМ

7. Бір адамның жұмыс істеуіне арналған ЭЕМ:

а) үлкен ЭЕМ; в) мини –ЭЕМ, с) дербес пайдаланылатын ЭЕМ; д) микро –ЭЕМ.

8. Есептеуіш машиналпарының қандай үш сипаттамасы ең маңызды деп есептеледі?

а) тез әрекеттігі; б) ішкі жад көлемі с) ЭЕМ буындары; д) габариттері е) шығарылған жылы;

ж) разрядтылығы

9. «Ашық архитектура принципі» деген не?

а) әр түрлі шалғай құрылғыларды қоса есептегенде, дербес пайдаланылатын компьютер мүмкіндіктерінің кеңеюі;

б) дербес пайдаланылатын компьютердің бұрынғы шығарылған түрімен үйлесімділігі;

с) дербес пайдаланылатын компьютердің сенімділігін арттыру тәсілі

д) адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі

е) дербес пайдаланылатын компьютердің берілген моделі үшін программалық құрал жабдықтардың шектеусіз көбеюі.

10. Дербес пайдаланылатын компьютерлер арнайы міндеті бойынша қандай үш топқа бөлінеді?

а) тұрмыстық; б) дербес с) жалпы мақсаттағы; д) кәсіптік; е) стационарлық f) үстел үстілік;

11. Маман емес пайдаланушылар көбінесе қандай компьютерлерді пайдаланады?

а) жалпы мақсаттағы дербес пайдаланылатын компьютерлерді

б) тұрмыстық компьютерлерді

с) Пентиум

д) кәсіби бағдарлы дербес компьютерлерді

12. Үй жағдайларындағы ойын, оқу, жаттығуға пайдаланылатын, жеткілікті түрде арзан да, сенімді компьютерлер:

а) жалпы мақсаттағы б) тұрмыстық с) кәсіби бағдарлы д) стационарлық

е) үстел үстілік дербес пайдаланылатын компьютерлер

13. Жоғары тезәрекеттігі , жедел жадтың үлкен сыйымдылығы бар, пайдаланушылары маман-программистер болатын, дербес пайдаланылатын компьютерлер:

а) тұрмыстық б) жалпы мақсаттағы с) кәсіби бағдарлы дербес пайдаланылатын компьютерлер

үлкен ЭЕМ

14. Алып жүруге қолайлы және жолға шыққанда пайдалануға болатын компьютерлер класы қалай аталады?

а) LAPTOP б) NOTEBOOK с) HANDHELD д) стационарлық компьютер

15. Өлшемдері бір бет қағаздан кіші болатын, электр желісінен тәуелсіз жұмыс істейтін аса шағын компьютер:

а) NOTEBOOK б) LAPTOP с) HANDHELD д) стационарлық компьютер



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

С

А

В

А

В

С

Д

А,в,

А

А,С,Д

А

В

С

А

С

2-тест

Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі

  1. Компьютердің кеңарнасы дегеніміз?

А) сыртқы құрылғы б) жадтау құрылғысы с) компьютердің негізгі бөліктерін жалғастыратын сымдар;

2. Қандай құрылғылар сыртқыға жатады?

а) микропроцессор б) плоттер с) басқару құрылғысы д) пернетақта

3. Қандай құрылғылар қосымша деп аталады?

а) математикалық процессор б) принтер с) арифметикалық-логикалық құрылғы д) жадқа тікелей шығу контроллері

4. Мультимедиа құрал-жабдықтарының функциялық қызметтеріне нелер жатады?

а) арифметикалық операцияларды орындау, б) сөздерді тану с) ақпарат сақтау д) компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын реттеу ;

5. Жүйелік шина функцияларына не жатады?

а) деректерді оқу б) үш бағыт бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуді; с) ақпарат сақтау; д) файлдарды жазу.

6. Стримердің міндеті.

а) сыртқы құрылғыларды компьютер кенарнасына қосу;

б) берілген программа бойынша компьютер жұмысын басқару

в) сирек пайдаланылатын ақпаратты тұрақты сақтау

7. Жедел жадтау құрылғысы, бұл- ішкі жад, онда

а) компьютер желіден ағытылғанда да ақпарат сақталады,

б) нақтылы міндеттерді шешуге арналған программалар сақталады

с) уақыттың осы мезетінде орындалатын программа және ол тікелей жұмыс істейтін деректер сақталады.

8. Кеш жады:

а) уақыттың берілген мезетінде программа өңдеу жады;

б) шағын көлемді жедел жад, онда жедел жадтың ең жиі пайдаланылатын бөліктері сақталады;

с) операциялық жүйе программаларын сақтауға арналған жад.

9. Сыртқы құрылғылар қандай қызмет атқарады?

а) ақпарат сақтау және өңдеу

б) компьютердің пайдаланушымен, басқару обьектілерімен және басқа ЭЕМ –дермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету

с) берілген программа бойынша ЭЕМ жұмысын басқару, компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын реттеу.

10. Келесі құрылғылардан енгізу құрылғысын көрсетіңдер?

а) телефакс б) сәулелік қалам в) плоттер г) қатқыл магниттік дискіде тасымалдаушы д) пернетақта е) сканер

11. Процессор ақпаратты қандай түрде өңдейді?

а) ондық санау жүйесінде б) мәтіндік түрде в) екілік кодта

12. Компьютер құрамына мультимедиа құрал-жабдықтарымен бірге міндетті түрде мыналар енеді:

а) модем б) CD-ROM үшін дискжетек және дыбыстық плата с) диджитайзер мен плоттер

13. Адаптер:

а) компьютерге сыртқы құрылғыларды қосуға арналған программалық құрал-жабдық

в) арнайы құрылғы, ол арқылы сыртқы құрылғы ақпараттық кеңарнаға қосылады.

с) сегіз, он алты немесе отыз екі сымнан тұратын жиынтық.

14. Компьютер жұмысының өнімділігі (операцияларды орындау шапшандығы) неге байланысты?

а) жадтаушы құрылғылардың сыйымдылығы мен тезәрекеттігіне;

в) қоректендіру кернеуіне;

с) сыртық жад сыйымдылығына

д) пернелерді басу шапшаңдығына ;

е) проецссордың тактілік жиілігіне;

15. Компьютерді желіден ағытқанда қай жеріндегі бүкіл ақпарат өшіріледі?

а) магнитоптикалық дискіде;

б) магниттік тоспаларда;

с) CD-ROM –да;

д) жедел жадта

16. Микропроцессордың міндеті:

а) сыртқы құрылғыларды ақпараттық кеңарнаға қосу;

б) ЭЕМ-нің барлық блоктары жұмысын басқару;

с) жоғары деңгейдегі программалық тілдерінде жазылған программаны машиналық кодқа аудару;

д) ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындау.




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

С

В,Д

А,Д

В,С

А,В

С

С

В

В

В,Е,

С

В

В

Е

Д

В

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: Дербес компьютерлер, компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі. Операциялық жүйе, компьютерлік ақпаратты қорғау тақырыптарына шолу (Қайталау).

VI. Оқушыларды бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютерлік графика туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы

түсіндіру.



Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Графикалық редакторлар

Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.

Графикалық редактор – бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа.

Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градиациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.

Қарапайым растрлық кескіндерді тікелей салуға мүмкіндік беретін қарапайым растрлық редакторлардың қатарына PaintBrush, Paint, Painter жатады.

Растрлық графикалық редакторлардың негізгі класы олардың сапасын арттыру және даяр растрлық кескіндерді өңдеуге арналған.

Мұндай редакторларға Adobe Photoshop, CorelPhotoPaint және басқа осы сияқты программалар жатады.

Растрлық графикалық редакторлар пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:



  • графикалық примитивтерді (сызықтар, төртбұрыштар, эллипстер және басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен) салу;

  • кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;

  • сурет салу және бояу үшін кез келген түсті пайдалану;

  • ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;

  • мәтінге суреттер қоса отырып, көркем хабарландырулар даярлау;

  • алынған кескіндерді сақтау және редакциялау.

Кәсіби растрлық редактор (мысалы, Adobe Photoshop), негізінде сурет салу үшін емес, фотобейнелерді өңдеу, яғни айқындық және қанықтылықты арттыру, ескі фотобейнелердегі кірді және сызаттарды жою үшін пайдаланылады.

Растрлық графика жағдайындағыдай векторлық графикамен де жұмыс істейтін программалық құралдардың өте көп түрі бар, оларды меңгеру растрлықпен салыстырғанда күрделілеу. Векторлық графикалық редакторларға Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, ал кәсіби графикалық редакторларға CorelDraw, Adobe Iuustrator және басқаларын жатқызуға болады.

Векторлық графикалық редакторларды қолданғанда қолданушы мынадай мүмкіндіктерді пайдаланады:


  • обьектілермен жұмыс істеу үшін (орын ауыстыру, масштабтау, айналы бейнелеу) қажетті әр түрлі әдістер;

  • обьектілерді реттеу, біріктіру, қиылыстыруға арналған құралдар;

  • графикалық эффектілер көп;

  • мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі мүмкіндіктері;

  • алынған кескіндерді сақтау.

Сіз сурет салған кезде, алдымен сурет салу құралын (фломастерлер, қылқалам, қарындаш және т.б.) таңдайсыз.

Графикалық редакторлар да графикалық кескіндерді құру және редакциялау үшін құралдарды таңдау мүмкіндігін беріп, оларды бір құрал –саймандар тақтасына біріктіреді.

Paint, Adobe Photoshop растрлық графикалық редакторларының құрал-саймандар тақтасы көрсетілген. Егер зер салып қарасақ, тақтада көптеген бірдей құрал-сайманның бар екенін көреміз.

Обьектілерді салу құрал-саймандары. Графикалық редакторларда қарапайым графикалық обьектілерді (түзу сызық, қисық, эллипс, көпбұрыш және т.с.с.) салуға қажетті құрал саймандар бар. Құрал-саймандар тақтасынан обьектіні таңдағаннан соң, оны редактор терезесінің кез келген жеріне салуға болады.



IV. Сабақты бекіту.

1. Растрлық графикалық редакторларды атаңыз.

2. Векторлық графикалық редакторларды атаңыз

3. Растрлық, векторлық, графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?

4. Paint құрал-саймандарын атап шығыңыз.

VI. Оқушыларды бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Microsoft WORD –пен танысу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, MICROSOFT WORD-ты іске қосу,мәтіндік құжат құру,емлесін тексеру,мәтіндік құжатты пішімдеу,пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,практикум.

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .

Microsoft WORD –пен танысу

MS WORD –бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа. Демек, WORD-та жұмыс жасау принципі Windows жүйесіндегідей: бірдей уақытта бірнеше ашық терезелер және бумалармен жұмыс жасау, жүйелік меню, т.с.с.

MS WORD іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:



  • құжаттарды құру және теру;

  • қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;

  • кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;

  • емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;

  • іскер хаттарды, келісім –шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.

Мәтіндік процессордың кемшіліктері:

  • математикалық формулаларды енгізу күрделі;

  • растрлық графикаларға арналмаған

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

  1. негізгі менюден Жіберу-Программалар- Microsoft Office- MS WORD командаларын орындау арқылы;

  2. Жұмыс үстеліндегі таңбашамен;

  3. Microsoft Office тақтасындағы батырмаларымен.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

  1. файл-Шығу (Выход) командаларын таңдаңыз.

  2. ALT+F4 батырмалар комбинациясын басыңыз;

  3. Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шертіңіз.

Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы сіз файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз.

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. WORD терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows –дағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі меню бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама (Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка).


Терезенің бөлігі элементтеріне қосымша ретінде Word процессорының ерекшеліктерін атап өтейік.

  1. Горизонталь сызғышта үшбұрыштар орналасқан.

  2. Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь жолының сол жақ бөлігінде режімін таңдау батырмасы орналасқан, солдан оңға қарай Әдеттегі (Обычный), Веб –құжат (Веб -документ), Беттерді белгілеу (Разметка страницы), Құрылым (Структура) батырмалары бар.

Әдеттегі – амалдарды орындауға өте ыңғайлы;

Веб-құжат – құжатты Веб –құжат түрінде бейнелеу;

Беттерді белгілеу – құжаттарды баспаға шығаруға сәйкестендіріп бейнелеу;

Құрылым – құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтінді және әр түрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді.

Қалып - күй жолы. Microsoft WORD терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады.

Microsoft Word-пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал-саймандар тақтасын пайдаланасыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты («Стандартная») тақтасы мен Форматтау («Форматирование») тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау (рамка) шығады.

Тақтаны экраннан шығару немесе алып тастау үшін Түр (Вид) менюінен Құрал-саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін таңдап, сонан соң қажет тақтаның атауына шертіңіз. Егер тақта экранда тұрса, оның атауы жанында ٧ таңбасы тұрады.

Құжаттармен жасалатын жұмыс.

Жаңа құжатты құру. Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау қажет. Ашылған диалогтік терезеден алдымен қосымша бетті, сонан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі.

Microsoft Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc .



Құжаттарды ашу. Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет, сонан кейін Құжатты ашу (Открытие документа) диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалынады.

Құжатты сақтау.

Құжатты сақтау үшін Файл менюінде Сақтау (сохранить) командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет.

Құжатты бірінші рет сақтағанда Құжатты сақтау (Сохранение документа) диалогтік терезесі пайда болады.

Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналсқан өрістен құжат сақталатын форматты таңдаңыз. Файл аты (Имя файла) өрісінде файлдың атын жазып, Сақтау батырмасына басыңыз.

Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.

Құжатты басқа атпен сақтау немесе басқа бумада сақтау үшін Файл менюінен Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыз, содан кейін экранда Құжатты сақтау терезесі пайда болады.



IV. Сабақты бекіту.

1. Microsoft Word мәтіндік процессордв қалай іске қосуға болады?

2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады? Ал Форматтау тақтасына ше?

3. Жаңа Word құжаты қалай құрылады?

4. Word құжатын қалай сақтауға болады?

V. Үйге тапсырма беру: Microsoft WORD-пен танысу

VI. Оқушыларды бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word –қа мәтін енгізу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, прктикум,

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құжатқа мәтінді енгізу немесе суретті, кестелерді және т.б. обьектілерді қою үшін оларды орналастыратын жолға курсорды әкелу қажет. Енгізу курсоры жыпылықтаған вертикаль сызық түрінде болады. Терезеде енгізу курсорынан басқа І латын әрпін еске түсіретін тышқан сілтемесі көрінеді. Оның тұрған орны тышқан қозғалған сайын өзгеріп отырады.

Терілген мәтін жаңа жолдың оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде келесі жолға өтеді.

Назар аударыңыз, Word –та жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу қажет болғанда ғана Enter пернесі қолданылады.

Backspace - курсордың сол жағындағы символды жояды

Delete – курсордың оң жағындағы символды жояды

Курсорды құжат бойынша жылжыту үшін нұсқама немесе айналдыру жолы бар батырмаларды, немесе қажет жерде тышқанның сол жағын басу арқылы, сол сияқты 7.2.-кестені пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет