Пән аты: Информатика Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы



бет6/7
Дата14.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#135158
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.

Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т.с.с. әріп комбинациялары басталады.

Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.

Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:

* Енгізу пернесін басу;

* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;

* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;

* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.

Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.



Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.

Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.

Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.

Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.

Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.

Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты қрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.

Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.


Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1) Microsoft Excel қалай қосылады?

2) Microsoft Excel –дің жұмыс парағы дегеніміз не?

3) Microsoft Excel –дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіз?

4) Microsoft Excel –де жаңа құжатты қалай құрамыз?

5) Excel –де құжатты қалай сақтаймыз?


V. Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel кестелік процессоры. Microsoft Excel - мен танысу.
VІ. Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ЕХСЕІ- ге берілгендерді ұяшыққа енгізу және редакциялау жолын шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары


  1. Microsoft Excel программасын деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді

  2. Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.

  3. Microsoft Excel терезесі қандай элементтерден тұрады

  4. Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар

  5. Жұмыс парағының беті бойынша қандай пернелер арқылы орын ауыстырамыз

  6. Кестенің жұмыс беттері бойынша қандай жолдармен орын ауыстырамыз

  7. Кесте бетінің таңбасының атын қалай ауыстырамыз

  8. Бағанның ені мен биіктігін өзгерту қандай жолдармен жүзеге асады

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Берілгендерді енгізу. Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі.

Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар: қызыл крест, жасыл белгі «» және «=» белгісі немесе

Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер - өшіріледі.

Егер белгісінің батырмасын шертсеңіз, экранда Функция шебері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінеді.





Формула жолы

Енгізуді аяқтау үшін Enter –ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.

Кез келген электронды кестенің ұяшығына:


  • сан;

  • формула

  • мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.

Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады.

Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.

Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.

Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =А5+B5+C5.

Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.

Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды.



Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:

    1. ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.

    2. ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.

Ұяшықтағы редакциялауды аяқтағасын, Enter пернесін басу керек.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Электрондық кестеде берілгендердің қандай типі болуы мүмкін?

  2. Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?

  3. Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?

Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel –ге берілгендерді енгізу және редакциялау

Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Формуланы енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ЕХСЕІ- дегі берілгендермен жұмыс істеу, деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ms Excel -де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.

Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.

Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.



Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:

  • формула енгізетін ұяшықты белгілеу;

  • Функция менюіндегі Қою немесе батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.

  • Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізімінде Функцияны таңдау керек;

  • ОК батырмасын шертіңіз.

Формулаларды көшіру. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

Ұяшықтағы мәліметтерді көшіру үшін:

  • мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу;

  • Түзету (Правка) менюіндегі Көшіру (Копировать) командасын шақыру.

  • Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Вставить (Қою) командасын шақыру.

  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.

Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:

  • мәліметтердің орны ауыстырылатын ұяшықты белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру.

  • Бөлік қойылатын ұяшықтың сол жақ жоғарғы аймағын белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Қою командасын шақыру.

  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға қойылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Excel – дің қызметі қандай?

  2. Excel қызметінің негізгі категорияларын айтып беріңіз.

  3. Excel ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын ауыстыру және оларды көшіру операциялары қалай ерекшеленеді?

Үйге тапсырма беру: Формуланы енгізу және көшіру

Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Берілгендерді форматтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ЕХСЕІ- дегі берілгендермен жұмыс істеу, деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Енгізілген мәтіндерді және сандық мәндерді, сонымен бірге есептелінген нәтижелерді өзгерту арқылы кестенің сыртқы пішінін әдемі етіп форматтауға болады.

Ұяшықтардың аумағын форматтау үшін оларды белгілеу керек. Сосын Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдап, сәкес қосымшаны ашыңыз.

Сандардың форматы. Кестеде әр санды әр түрлі форматта беруге болады (ондық сандар түрінде және т.б.). Ұяшықтағы мәліметтердің форматын өзгерту үшін:



  • ұяшықтарды белгілеу;

  • Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдау;

  • Ұяшықтар форматы (Формат ячеек) диалогтік терезесінде Сан (Число) қосымшасын таңдау керек.

  • Сандық формат (Числовые форматы) тізімінен ұяшықтағы мәліметті форматтау типі, ал оң жақтағы өрістен форматтың параметрлері таңдалады;

  • Үлгі өрісінде ұяшықтағы мәліметке сәйкес таңдап алынған форматты көруге болады;

  • Жаңа формат енгізу үшін Барлық форматтар бөлімін таңдаған соң, Тип өрісінен жаңа пішінді енгізу;

  • ОК батырмасын шерту қажет.

Ұяшықтағы мәліметтерді туралау. Ұяшықтар форматы диалогтік терезесіндегі Туралау (Выравнивание) қосымшасын қолданып, ұяшықтағы мәтіндер мен сандарды көлденең және тік туралауды орындауға болады. Ұяшықтағы мәліметтерді көлденең орналастырып қоймай, оларды берілген бұрыш арқылы орналастыру мәліметтердің жақсы көрінуіне мүмкіндік береді.

Үнсіз келісім бойынша ұяшықтың қабылдайтын ені мен биіктігі стандарт түрде болады. Жолдың биіктігін немесе бағандардың енін қзгерту үшін тақырып шекараларын керегінше созу керек.

(Тышқанның сілтемесі тақырып шекарасында екі жақтың бағыттаушы сызығына өзгереді)

Жол биіктігін және баған енін дәлірек қою үшін Формат менюіндегі Баған (Жол) – Ені (Биіктігі) (Столбец (Строка) – Ширина (Высота)) бөлімдерін таңдау керек. Бағанның ені (Жолдың биіктігі (Ширина столбца (Высота строки)) өрісіне мәндерді енгізіп, ОК батырмасын шерту қажет.

Ұяшық аумағын автоматты түрде форматтау. Аумақты автоматты түрде форматтау үшін алдымен оны белгілеп алған соң, Формат менюіндегі Автоформат командасын және қажет форматты таңдау керек.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:


  1. Ұяшықтарды форматтау қалай орындалады?

  2. Автоформат командасы не үшін арналған және ол қалай қолданылады?

Үйге тапсырма беру: Берілгендерді форматтау.

Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?

  2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?

  3. Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?

  4. Формула қандай символмен басталады?

  5. Автосумма деген не?

  6. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?

  7. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?

  8. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.

Оларға түсініктеме мәтін, тақрыптар және т.б. қосуға болады.



Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.



Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Мысалы, 8.12.-суретте бір аптадағы азық-түлік шығындарының дөңгелек диаграммасы берілген.

Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.



Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.

График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.

Диаграмманы құру үшін:


  • диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;

  • диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;

  • Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;

  • Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;

  • Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;

  • Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;

  • Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

Диаграмманың немесе басқа обьектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тышқанды шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диаграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюінде қажет команданы таңдау керек. Диаграманы жою үшін оған тышқанды бір рет шертіп, Delete пернесін басыңыз.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Диаграмма деп нені атайды?

2. Диаграмманың қандай түрлері бар?

3. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз.

4. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз.

V. Үйге тапсырма беру: Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

VI. Оқушыларды бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Құжат беттерін рәсімдеу және басу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:


  1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?

  2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?

  3. Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?

  4. Формула қандай символмен басталады?

  5. Автосумма деген не?

  6. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?

  7. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?

  8. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құжат беттерін рәсімдеу және басу

Дайын құжатты принтерде басу электронды кесте жұмысының ең соңғы қадамы болып табылады. Егер кесте үлкен болса, онда оны басуға жіберген кезде ол бағандар немесе жолдарға бөлініп қалған бірнеше беттен тұратын басылым болады.

Мұны болдырмау үшін электронды кестені басуға беруден бұрын мыналарды орындау қажет:

1. Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) немесе стандарт аспатар тақтасындағы батырмасын шертіңіз. Алдын ала көру терезесіндегі кестенің парақта қалай басылып шығатынын көруге болады.

2. Егер кестенің форматы ұнамаса, онда Файл-Беттің параметрлері (Файл-Параметры страницы) командасын таңдау керек.

Бет (Страница) қосымшасында парақ бетінің өлшемін және қалпын, көріну масштабын және баспа сапасын қойыңыз. Бағдар (Ориентация) қоршауында парақ бетінің қалпы қойылады:

Книжная – парақ бетінің тік орналасуы;

Альбомная – парақ бетінің көлденең орналасуы.

Бет өрісін қою үшін Өріс қосымшасын таңдаңыз. Барлық тиісті шамалар қойылғасын, Беттің параметрлері терезесіндегі ОК батырмасын шерту керек.

Сосын кестені алдын ала тағы бір рет көріп, дұрыс болған жағдайда Файл-Қағазға басу (Файл-Печать) командасын таңдаңыз.



Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Excel және Word құжаттарын баспаға шығарудың айырмашылығы неде?

2. Диаграмма деп нені атайды?

2. Диаграмманың қандай түрлері бар?

3. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз.

4. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет