Пән бағдарламасының беттік парағы (syllabus)



Дата11.07.2016
өлшемі323.59 Kb.
#190766


Пән бағдарламасының беттік парағы (SYLLABUS)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
KKMP 4306 – Металлургиялық өнімдердің сапасын бақылау

Павлодар, 2013 ж.



Лист утверждения программы дисциплины (Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19









БЕКІТЕМІН:

ММЖжК деканы

__________Тоқтағанов Т.Т.

«___»_________20__ ж.



Құрастырушы: _________ магистр, аға оқытушы Абсолямова Д.Р.

(қолы)
Металлургия кафедрасы
Пән бағдарламасы (Syllabus)

KKMP 4306 – Металлургиялық өнімдердің сапасын бақылау


5В070900 «Металлургия» мамандығының күндізгі оқу түріндегі студенттеріне арналған
Бағдарлама «__»_________20__ж., №__ хаттамамен бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған
Кафедра отырысында ұсынылған «__» _____20__ ж., №_ хаттама
Кафедра меңгерушісі_________ Сүйіндіков М.М.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу әдістемелік кеңесі қолдаған «__» _____20__ ж., №__ хаттама
ОӘК төрағасы __________ Ахметов Ж.Е.

1. Оқу пәннің төлқұжаты
Пән аталуы Металлургиялық өнімдерінің сапасын бақылау
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 1 кредит

Курс: 4

Семестр: 7



Аудиторлық сабақтардың барлыңы – 15 сағат

Дәріс – 7,5 сағат

Тәжірибелік – 7,5 сағат

СӨЖ – 30 часов

сонын ішінде ОСӨЖ – 15сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 45 сағат


Бақылау түрі

емтихан – 7 семестр


Пререквизиттер

Материалтану, құю өндірісінің технологиясы, құю өндірісінің физика-химиялық негіздері, құю қорытпалары және балқыту.


Постреквизиттер

Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: Мемлекеттік емтихан, дипломдық жобалау.


2. Оқытушы туралы мағлұмат және контактылы ақпараттар
Дәріс, тәжірибелік, СОӨЖ – Абсолямова Д.Р., магистр, аға оқытушы

Металлургия кафедрасы, Б–224 аудиториясы.

телефон: 8 (7182) 673623,
3. Пән, мақсаттары және міндеттері
Пән туралы мағлумат

«Металлургиялық өнімнің сапасын бақылау» пәні – өзіне құйылған бұйымдардың ақаулары, ұсталық-қалыптау өнімдерінің ақаулары, илемдеудің ақаулары, сапа бақалауын ұйымдастыру. бұйым бетін, геометриясын және дәлдік классын бақылау, капиллярлық және магниттік бақылау, электрмагнитті және электр бақылау, радиациялық, акустикалық бақылау бойынша негізгі мәліметтерден тұратын профилдеуші пән болып табылады.



Пәнді оқыту мақсаты

Негізгі мақсаты тәлімгерлер тандап алған мамандығы мен мамандыруы бойынша жалпы мәліметтерді алу, университеттін бағдарламану ресурстарымен қолдану, конспекттер мен рефераттарды құрастыру кезінде қажетті тәжірибелік дағдыларды алу.


Пәнді оқыту міндеттері

Металлургиялық өнімнің сапасын бақылау мәселерімен, өнімнің ақау түрлерімен, олардың пайда болуы мен оларды болдармау әдістерімен таныстыру болып табылады.



4. Біліуіне, істей білуіне, дағдыларына және құзыреттеріне қойылатын талаптар
Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттердің мағлұматтары болуы керек: қобылау және жаю орнақтарының тағайындалуы мен құрылымы бойынша, сонымен қатар құбыр илемдеу цехтарының басқа да жабдықтары бойынша білімдерді алу; жабдықтың негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштердің рационалды үйлесімін анықтауын істей білу, металлургиялық өңдірісіндегі жабдықтарымен қолдану және есептеу кезіндегі қажетті тәжірибелік дағдыларын тәлімгерлерге еңгізу болып табылады

білуі керек:



  • металлургиялық өнімнің ақауларының топтастыруын;

  • бұйым сапасын бақылау техникалық түрлерін;

  • ақаулардан сақтау тәсілдерін;

  • металлургиялық өнімнің сапасын басқару қазіргі тәсілдері.

істей білуі керек:

- ақаусыз бұйымдарды алуына кепілдік беретін металлургиялық өнімді дайындау технологиялық үрдісін тандау.



құзыретті болу:

  • берілген өндірістік шарттарда металлургиялық өнімнің сапасын техникалық бақылаудың ен тиімді тәсілін тандау.


5. Пәннің тақырыптық жоспары
Сабақ түрі бойынша академиялық сағаттардың реттелуі


т/б

Тақырыптар аталуы

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағаттар саны

ОӨЖ

дәріс

тәж.

зертх.

барлығы


соның ішінде СОӨЖ

1

Құйылған бұйымдардың ақаулары

1

0,5




2

1

2

Ұсталық-қалыптау өнімдерінің ақаулары

1

1




4

2

3

Илемдеудің ақаулары

1

1




4

2

4

Сапа бақалауын ұйымдастыру

1

1




4

2

5

Бұйым бетін, геометриясын және дәлдік классын бақылау

1

1




4

1

6

Капиллярлық және магниттік бақылау

1

1




2

1

7

Электрмагнитті және электр бақылау

1

1




6

3

8

Радиациялық, акустикалық бақылау

0,5

1




4

2




Барлығы:45 (1 кредит)

7,5

7,5




30

15



6. Дәріс сабақтардың мазмұны



Тақырып 1. Кіріспе. Құйылған бұйымдардың ақаулары.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Құйылған бұйымдардың ақауларын зерттеу.



Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Өнімнің сапасы – оның объективті ерекшеліктерінің бірі және бірсыпыра қасиеттер жиынтығын құрайды, тұтынушылардың талабын қанағаттандыруды басты нысан етіп алады. Өнімнің сапасы белгілейтін қасиеттер тұтынушылардың өнім тағайындалымдарына сай талаптарын қанағаттандырумен ұштасады.

Өнімнің сапасын жақсарту шаралары бірсыпыра мақсат – міндеттерді ұсынады: машиналар мен механизмдердің, құрастырмалардың ұзақ мерзімге жарамдылығы мен сенімділігін көтеруге бағытталады, техникалық ерекшеліктерінің (жылдамдық, қысым, температура) дұрыс болуы; тауардың бәсекеге төтеп беруі жағдайын көтеру; тұтынушылардың неғұрлым сапалы тауарларға деген сұранысын арттыру; табиғи және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану қажеттілігі; өнімнің сапасының төмен болуының елдің экономикасына және еңбек ұжымының моральдық – психологиялық ахуалына кері әсер ететіндігін білу т.б.

Тақырып 2. Ұсталық-қалыптау өнімдерінің ақаулары.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Құйылған бұйымдардың ақауларды зерттеу.

2. Ақаулардың бес негізгі топтары.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Болат құймакесектер болат маркасына, балқыту технологиясына байланысты және таратып құю түрлі беттік, ішкі ақауларға ие болады.

Солардың бірі, мысалы, металл емес қосылыстар, олардың зиянды әсерін жою, аластату үлкен қиындық әкеледі. Ерекше ықпал - әсерінің бірі – оттексіздендіру, балқыту режимдерінің бұзылуы. Құймакесектер ақауының көпшілігі әрі қарай шектікте сақталады, нәтижесінде өнімнің сапасы төмендеп, жарамды материалдар шығуы азаяды.

Жарық – тесік – болат құймакесектерде жиі кездесетін ақау түрлері. Шығу тегіне қарай оларды мынадай категорияларға бөледі: ыстық шектік және көлденең, әрі құймакесектің беттік қабатында орын алушы; өстік кристалларалық; суық;

Ыстық жарық – тесіктер – көбінесе шектік, тотықты беттермен құймакесектің түрлі орындарынан мекен алады, шағын көлемі бұрыштарда, сол заттар қатарынан орвн алады; құймақалыптың діңгектерінің жайғасу ретіне қарай да ақаулар орын алуы мүмкін. Жарық – тесік ұзындығы белгілі көлемді қамтиды; кей кезде 1м қамтиды, ені – 1 – 3мм. Ыстық ақаулардың туындауына жол ашатын бірсыпыра себептер бар, олар мыналар:

а) кернеу, сұйық жүрекшенің тұнбасының қарсылығынан туындайтын жүйе;

б) кернеу, қалыпты түрде құймакесек қабатын салқындатудан туындайды;

в) кернеу құймакесек қабықшасынан орын алып, оның тепе – тең емес қалындығының алғышарты болып есептеледі;

г) қатайған қабықтардың баяулатылған тұнбасы құймакесектерде құймақалып қабырғаларындағы сыртқы ақауларға байланысты. Сұйық болаттың салқындауынан құймақалыпта кристалдану жүреді және онымен бірге құймакесектің көлемді қабық тұнбасы орын алмақ; соңғысымен қатты бөліктерде ішкі кернеудің туындауы қатысты.

Жоғары көміртекті болаттың ыстық жарықтарды туындатуына көп себептер әсер етеді, бұл жағдайда болаттар қатаюдың кең ауқымды интервалын иеленбек, ал сұйық фазаның қалған көлемі кристалдандыру бұл тиімді интервалында бос жүйені толтыруға жеткілікті жағдай туғызып, тұнбаның баяулауында туындайды.

Қоспалы үстеуіштер құймакесектің сыртқы қабығының икемділігіне ерекше әсер етеді. Көп жағдайлардп қоспалы элементтердің құрамын ұлғайту шаралары бойынша көп жағдайларда дендриттер арасындағы байланыс сұйық фазаның көлемінің лайықты болмауынан бұзылады, бұлда ыстық жарықтың түзілуіне келіп соғады. Мынадай элементтер: хром, никель, молибден жоғары температурада болаттың сызықтық тұнбасын арттырады, бұл да жарықтардың тұындауына әкеліп соғады.

Тақырып 3. Илемдеудің ақаулары.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Илемдеу кезіндегі пайда болатын ақаулар.



Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Илемдеу өнімінің сапасы өзіне мынадай қасиеттерді қамтиды:беріктік, икемділік, тұрақтылық, пісіруге икемділік, коррозияға төзімділік, беттік құрылымның беріктігі, көлденің қиылыстардың көлемінің дұрыс болуы, басқа да ерекшеліктер, әр нақтылы жағдайда металл өнімдердің пайдалануы барысында анықталады, оған машиналар, басқа да құрылымдар енеді. Даяр прокаттың сапасын анықтаудың факторлары күрделі үрдіс, көп жағдайларда қарама-қарсы бағыттарда жүреді. Құймакесектің енінің оның қалыңдығына қатынасының артуы қолайсыз болып есептеледі, ол құймакесектердің жарыққа тұрақтылығы мен беріктігіне кері әсер беріп, құймакесектерді салқындатуда және кристалдандыруда көрініс табады.

Илемдеу өнімдерін өндіруде оның пайдалану мүмкіндіктерін технологиялық әдістермен жоғарылатуға болады, осы әдіс қазір илемдеу цехтарында кең қолданылады. Оларға енетіні: даяр өнімдерді өңдеудің термикалық және термомеханикалық әдістері; жұмыс құрылымдарының беріктігін арттыру, илемдеу бетінің дұрыс ыңғайда болуына күш салу, металл және металл емес жабындардың беттік дұрыс ыңғайда болуы қарастырылады. Илемдеу өнімдерінің деңгейі көбінесе металдың сапасына қатысты, илемдеу жабдықтарының жағдайына байланысты, нормативті-техникалық құжаттарға тікелей қатысты және атқарушылар еңбегінің сапасына байланысты. Илемдеу сапасының көрсеткіштерін технологиялық үрдіс барысында қадағалайды, оған металдың сапасы, макро,микроқұрылым, механикалық қасиет, ішкі ақаулар, арнаулы қасиет белгілер енеді. Сонымен қоса кескіннің көлемі, жекелеген элементтердің қатынасы, беттердің өлшемі немесе сортты прокат штангы, беттердің планшеттілігі немесе сорттың қисықтық жайы да қарастырылады.

Тақырып 4. Сапа бақалауын ұйымдастыру.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Металлургиялық өнімдерінің сапасын реттеудің негізгі тәсілдері.



Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Техникалық бақылау –құйманың талапқа сай жүзеге асуын тексеруден өткізу, сапасын қадағалау, нормативті-техникалық құжаттарға сай болуын ескеру, қадағалау. Техникалық бақылаудың мәні келесі операцияларды іске асырумен жалғасын табады:

-құйманың лайықты жағдайы барысында бастапқы ақпарат көзін иелену, яғни сапаның көрсеткіштерін арнаулы құралдар немесе визуалды түрде тексеру;

Бастапқы ақпаратты нормативті талаптармен салыстыру, лайықты құжаттармен жұмыс;

Екінші реттегі ақпарат нәтижесінде құйманың жарамдылығы немесе ақаулығы жөнінде шешім қабылдау; Өнімнің сапасын тексерудегі терминология ГОСТ 16504-81 жүйесінде орын алған.

Бақыланатын белгі –нысанның ерекшеліктері, бақылауға енеді, мысалы, құйманың кедір-бұдырлығы, қорытпаның механикалық қасиеті, құйма ақаулардың орын алуы.



Тақырып 5. Бұйым бетін, геометриясын және дәлдік классын бақылау.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Металлургиялық өнімдерінің өлшем дәлділігін бақылау әдістерін, дәлділік классын анықтау әдістерін, беттегі кедір-бұдырлығын бағалау әдістерін оқып уйрену.



Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Геометриясы бойынша сәйкессіздік. Бұл топ ақаудың 14 түрін біріктіреді, олар пішіннің бұзылуымен қатысты, көлемінің дәл келмеуі және құйма салмағына қатысты.

Соңына дейін құйылмаған –ақаудың түзілуі металдың пішінінің қуысының толық болмауынан пайда болады. Бұндай ақаудың негізгі себебі-сұйық металдың жеткіліксіз болуы.

Құю үрдісінің сәйкессіздігі- құйманың конфигурациясының сызбамен сай болмауы, модельдік жабдықтың тозуы немесе пішіннің ақауы болып табылады. Бұл ақаудың түрі құюдағы технологиялық үрдістердің бұзылуынан да болады. Саңылаулы ақаулар- шұғыл түрдегі ақаулар, құйма қабырғасынан орын алып, металдың қарсы ағындарының сәйкес келмеуінен белең алады. Бұл сәйкессіздік кристалдандырудың интервалы кең қорытпаларға тән және жұқа құйма қабырғаларынан байқалады. Бұл ақаулар құйманы визуалды қарастыруда нақтыланады. Сығылу түріндегі ақау – құйманың конфигурациясының жергілікті бұзылуынан болады, пішіннің деформациясы оларды жинау мен құюда өзгереді. Сығылу ақауы туынды форманың қалыңдауы мен ажырау ерекшеліктеріне де қатысты.



Тақырып 6. Капиллярлық және магниттік бақылау.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Капиллярлық және магниттік бақылау әдістерінің физикалық негіздерін, құймалар сапасын капиллярлық және магниттік бақылау әдістерінің құралдары мен әдістемесін оқып уйрену.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Кристаллитаралық жарықтардың түзілу механизмі құймакесек қабаты бетінде туындайтын жарықтардың пайда болу механизмдерімен ұқсас. Кристалдандырудың соңғы кезеңінде қарама – қарсы жақтан қозғалатын, бір – біріне бағытталған екі фазалық аймақ құймакесек өсі бойынша қиысады. Бұл ұақытқа дейін құймақалыпқа сұйық металдың түсуі тоқталады, ізінше өстік ауқымдағы тұнба жылдамдығын қарқынды етеді. Осы орайда өстік көлемде керу, созу кернеуі туындайды, ал перифериялы түрінде – қысу кернеуі. Егер керу, созу кернеуі сыни шаманы қамтыса, онда өстік аймақта кристаллитаралық жарықтар туындайды. Құймакесекті әрі қарай салқындату үрдісінде кристаллитаралық жарықтар қосымша дамуға мүмкіндік алады.

Кристаллитаралық өстік жарықтарда нағұрлым қабілетті болып келетіні – төмен көміртекті болат, қоспалы хром, никель, вольфрам, олар кристалдандырудың тиімді, тар көлемдегі интервалына ие, жоғары температура облысында аса жоғары емес иекмділікті иеленеді.

Белгілі болғаны, қыздыру құдықшаларына құймакесекті отырғызу үстіңгі беттің 900° С температурасында кристаллитаралық жарықтар тұрғысынана металда ақаудың азаюына әкеледі. Шектік бағытта құймакесектің шөгуінің баяулауы жағдайында үстіңгі бетте ашық жарықтар оын алады. Құймакесектің саңылауларда бой алуы, құймақалып пен басқа да жүйелердегі сипатынан да әр түрлі ақау белгілері орын алуы ықтимал.



Тақырып 7. Электрмагнитті және электр бақылау.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Электрмагнитті және электр бақылау әдістерінің физикалық негізі мен топтастырылуын оқып уйрену.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Сандық, сапалық және альтернативалық белгілеріне қарай өлшенетін параметрдің сандық мәні қамтамасыз етіледі, сапаның тобын не деңгейін анықтау жарамды және ақаулы құймаларда іске асырылады. Белсенді бақылауда тікелей нысанға әсер болады, ал пассивті түрде ақау тіркелінеді. Бұл әдістердің бөлінуі тәжірибелік тұрғыдан аса маңызды деп саналады. Күйреуді бақылау арнаулы үлгілерде жүзеге асады, құймадан тікелей құйылған дүниелерге, бақыланатын құйма үлескілеріне қадағалау жүргізіледі. Соңғылары технологиялық үрдісте немесе бақылау-қабылдау сынақтарында іске асады. Бұл жағдайда әрі қарай қолдану тағайындалымы бойынша күрделі болып саналады. Сол үшін күйреуді бақылауда даяр өнімдерді іріктеу түрінде қарастырылады, арнаулы үлгілерде жаппай бақылау жүреді. Типтік үлгі –балқыту жолымен тексеру болып саналады, әр балқыту үшін барлық элементтер мен қоспалардың барысы айқындалып, механикалық қасиеттері назарға алынады. Балқыту дүниесінің құрамының сәйкессіздігі лайықты параметрлермен сай клмесе ақаулы болып саналады. Балқыту жолымен бақылау түрлі кезеңдік бақылау жүреді: барлық балқытылған заттарды тексереді, әр бесіншіні, әр оныншыны, кезектегі біреуін, әр күнде шығарылғандығынан біреуін т.б.Осы қарастырылған барлық әдістердің физикалық негізі – физикалық өрістердің өзара әрекетіне бағытталады. ГОСТ 18353*79 жүйесі ыңғайында әдістер физикалық мәніне қарай 10 негізгі түрге бөлінеді. Құйманы бақылаудың келесі әдістері бар: магнитті, электрлі, электрлі-магнитті, жылу және заттарды ендіру жолымен әсер ету. Әр әдіс өз белгілері бойынша жіктелінеді: физикалық өріс пен сәулеге қарай, физикалық өрістің бақылау нысанымен өзара әрекетіне қарай; бастапқы ақпараттық параметріне қатысты; бастапқы ақпарат индикациясы амалына қарай; қорытынды ақпараттың ұсынылу ыңғайына қарай жіктелінеді. Түрлі физикалық құбылыстардың алуан түрін пайдаланумен байланысты бұл әдіс-тәсілдердің қолданылу мүмкіндігі өте кең. Осы әдіс-тәсілдердің көмегімен ішкі және беттік ақаулар анықталып, микроқұрылымдар ажыратылады, физикалық және механикалық қорытпалардың қасиеттік белгілері нақтыланады, қабырғаларының қалыңдығы, құйманың беттік жағдайы нақтыланып, маркасы бойынша қорытпаларды сорттау іске асады. Сапалық реттеуді іске асыру тағайындалымына қарай дефектоскоптар, құрылымөлшеуіштер, қалыңдық өлшеуіштер және кешенді бақылау құралдары болып бөлінеді. Сапалық анықтау жоғары тиімділік пен үнемділікті қамтамасыз етуі тиіс, бақылау операцияларының еңбек сыйымдылығы және еңбек өнімділігін арттыру, сонымен қоса бақылаудың құралдарын, автоматты түрлерін кең қолдану есебінен құйма сапаларын белсенді басқаруға мүмкіндік туады. Осы орайда өндіріс шығындары ақауларды нақтылау нәтижесінде төмендеп, әр құйманың барысы жайында толыққанды мағлұмат алуға болады. Бақылаудың тиімді түрлерін іріктеуде ақауды нақтылау үшін бірқатар ерекшеліктерін қарастыру қажет: қорытпаның маркасын, қарастырылатын ақаудың ерекшелігін, құймада орын алу ретін, ақау көлемін нақтылауға мүмкіндік туады.



Тақырып 8. Радиациялық, акустикалық бақылау.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Радиациялық және акустикалық бақылау әдістерініңнегізі мен топтастырылуын оқып үйрену.



Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

ТББ құю цехының негізгі бөлімшелері: бақылау тобы, қалыптау, шикіқұрамдық және көмекші материалдарға бақылау жүргізеді; лабораториялық сынақ тобы, қорытпаның физика-химиялық құрамына бақылау жүргізеді, сонымен қоса қалыптау, формалау және өзекті қоспаларда бақылау жалғасымын табады. Операциялық бақылау тобы сұйық металдың технологиялық қасиетін қадағалап, технологиялық жабдықтардың жағдайына барлау жасайды, яғни негізгі технологиялық операциялардың орындалуына қадағалау жасайды. ТББ жұмысшылары құйманың шығарылуына жауапты, техникалық талаптарға жауап бермейтін өнімдерді бақылауға, жөндеуге лайықтандырады, техникалық бақылау мен бақылау әдістерінің дұрыстығын қадағалайды, құжаттарды дұрыс безендіруге жауапты. ТББ құрылымы және құю цехтарында бақылауды ұйымдастыру өндірістің көлеміне және ерекшеліктеріне қатысты. Технологиялық үрдісте іріктей өткізу әдістері жиі қолданылады. Әдістемелік өткізу мен статистикалық өңдеу нәтижелері ГОСТ 18321-73 сай келуі шарт. Сериялы өндірісте құйма номенклатурасы кеңейеді, жұмыс деңгейі жоғары болып саналады.


Әдебиет: [2]


7. Тәжірибелік сабақтарының мазмұны, олардың сағаттық көлемі



Тақырып 1. Құймалар мен бөлшектердің дәлдік классын, геометриялық пішінін бақылау, 1 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Құймалар мен бөлшектердің дәлдік классын, геометриялық пішінін бақылау үшін арналған аспап жиынтығымен танысу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.



Тапсырмалар:

1. Ақаулар түрлерімен, пайда болу себептерімен, оларды ескерту әдістерімен танысу.

2. Берілген сурет бойынша құймалар мен бөлшектерді бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Құймакесектер сапасы негізіне мынадай көрсеткіштермен бағаланады: түрлі бет ақауларына, құймакесек құрылымына, механикалық қасиеттеріне қатысты. Бұдан басқа қосымша болаттың жаупты маркалары қолданылатын тұс: болаттың сапасын бақылаудағы микро – құрылымдық талдау және арнайы сынақтар.

Макроқұрылымды бағалауда темплеттерді лайықты үрдістен кейін бес балды шкалалық эталондар фотосуретімен салыстыру көмегімен пайдаланады, ол ГОСТ 10 248 – 76 жүйесіне сай. Макроқұрылымын ақаулары болып жалпы және орталық кеуектілік, ликвация, ликвационды квадрат, қабатталу, флокендер, түйіршіктер, қыртыс жиырылымдары енеді.

Микроқұрылымдық талдауда бақылау үлгісі зерттелініп, әр балқыту заттары металды емес қосылыстардың ластану деңгейіне қарай қарастырылады, бұл ретте тотықтар, сульфид,нитрид, карбидтер назарға алынады. Болаттың тазалығын бағалау зерттелген үлгілерді болаттың стандартты үлгілерінің қосылыстарының фотосуреттерімен салыстыру арқылы жұмыс жалғасын табады.



Әдебиет: [10].
Тақырып 2. Құймалар бетіндегі кедір-бұдырлығын бағалау, 1 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Құймалар бетіндегі кедір-бұдырлығын бағалау үшін қолданылатын аспаб жиынтығымен танысу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.



Тапсырмалар:

1. Ұсталық қалыптау өнімдеріндегі ақауларымен танысу.

2. Берілген сурет бойынша кедір-бұдырлығын бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Металды қысыммен өңдеу тәсілдері тағайындалым бойынша екі түрге бөлінеді;

-ұзындығы бойынша тұрақты көлденең қиылыстағы дайындамаларды әзірлеу үшін прокаттау, қалыптау қолданылады;

-даяр өнімдердің көлемімен пішініне жақын дайындамалар мен бөлшектерді алу үшін шыңдау, таптау, қалыптау тәсілдері қолданылады;

Соғылма металды қысыммен өңдеудегі түрлі жолдармен алынады:

-шыңдау, таптаумен – металды әмбебап құралдың көмегімен деформациялау;

-көлемді ыстық қалыптау – қыздырылған дайындаманы арнаулы жабдықта – қалыпта деформациялау;

-суық түрде қалыптау – қыздырылмаған дайындаманы арнаулы қалыпта деформациялау;

-прессалау – саңылау арқылы тұйық қуыстан металды сығу, баспаланатын кескіннің қиылысымиен сәйкес.

Дайындамаларды алудың технологиялық ерекшеліктері осы тәсілдер арқылы соңғы нәтижесінде ақауларды нақтылауды нақтылайды.



Әдебиет: [10].
Тақырып 3. Статикалық бақылаудың әдістері., 1 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Илемнің статикалық бақылауын үйрену



Тапсырмалар:

1. Илемнің ақауларымен танысу.

2. Берілген сурет бойынша ақауларды бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Илемдеу өнімінің сапасы өзіне мынадай қасиеттерді қамтиды:беріктік, икемділік, тұрақтылық, пісіруге икемділік, коррозияға төзімділік, беттік құрылымның беріктігі, көлденің қиылыстардың көлемінің дұрыс болуы, басқа да ерекшеліктер, әр нақтылы жағдайда металл өнімдердің пайдалануы барысында анықталады, оған машиналар, басқа да құрылымдар енеді. Даяр прокаттың сапасын анықтаудың факторлары күрделі үрдіс, көп жағдайларда қарама-қарсы бағыттарда жүреді. Құймакесектің енінің оның қалыңдығына қатынасының артуы қолайсыз болып есептеледі, ол құймакесектердің жарыққа тұрақтылығы мен беріктігіне кері әсер беріп, құймакесектерді салқындатуда және кристалдандыруда көрініс табады.



Әдебиет: [10].
Тақырып 4. Мүмкінді ақаулардың пайызын анықтау, 1 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Құймалар мен бөлшектердің дәлдік классын, геометриялық пішінін бақылауын үйрену.



Тапсырмалар:

1. Ақаулар түрлерімен, пайда болу себептерімен, оларды ескерту әдістерімен танысу.

2. Берілген сурет бойынша құймалар мен бөлшектерді бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Құйманың құрылымының сәйкессіздігі көп жағдайларда кең орын алмақ. Жауапты құймалар үшін микро ғана емес, макроқұрылымдар да нысанға алынбақ, ал микроқұрылымда нысанға көлемі, пішіні, түрлі құрылымдық құрамдас бөліктердің тепе-тең бөліну жағдайлары кепіл болады. Әр қорытпа үшін құрылымның сәйкессіздігі анағұрлым ерекше мәнге ие. Бұл ақауларды нақтылау үшін металлографиялық талдау мен физикалық құрылымдық-сезімтал әдістер қолданылады. Ликвационды ақаулар сонымен қоса химиялық талдаумен құйманың түрлі үлескілерін нысанға ала отырып қарастырылады және микролокальды химиялық талдауды да қолданысқа енгізеді.



Әдебиет: [10].
Тақырып 5. Құймалардың химиялық құрамын, құрылымын және қасиеттерін бақылау, 1 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

    1. Құймалар мен бөлшектердің дәлдік классын, геометриялық пішінін бақылауын үйрену.

Тапсырмалар:

1. Ақаулар түрлерімен, пайда болу себептерімен, оларды ескерту әдістерімен танысу.

2. Берілген сурет бойынша құймалар мен бөлшектерді бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Болат сапасы негізінен химиялық құрамымен, зиянды элементтердің (Р,S), газдардың (оттегі, азот, сутегі) және металл емес кірінділердің (оксид, сульфид, нитрид) мөлшерімен анықталады.

Көптеген жылдардан бергі практика негізінде, сапасы жағынан ЛД үрдісінің болаты мартендік болаттан артық болмаса, кем емес айтуға болады. Фосфор мен күкірт мөлшері бойынша конвертерлік болат мартен болатынан тәуір.

Конвертерлік болатты қорытуда газдардың, әсіресе азоттың мөлшері, аз болуына көңіл бөлінеді.



Әдебиет: [10].
Тақырып 6. Болатты және шойынды құймалардың топтастыруы, олар пайда болу себептері және оларды ескерту әдістері, 1 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Болатты және шойынды құймалардың ақауларының топтастыруымен танысу және олар пайда болу себептерін, оларды ескерту әдістерін білу.

Тапсырмалар:

1. Ақаулар түрлерімен, пайда болу себептерімен, оларды ескерту әдістерімен танысу.

2. Берілген сурет бойынша акауды анықтау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Құйманы балқытылған металды арнаулы формаға құю жолымен алады, қуыс жүйесі бөлшектің пішіндік белгілеріне ие. Алайда бұдан басқа да амалдар қолдануға болады: сазды пішіндерге құю; кокильді құю; орталықтандыра құю; балқытылған үлгілер бойынша құю.

Құймалар сапасы өнімнің қасиеттеріне, түрлі ерекшеліктеріне байланысты стандарт үлгісімен құйма сапасының 11 тобын белгілеу көзделген, құманың сапасын бағалау үшін мемлекеттік стандарт ережелеріне сай 5 түрлі белгілерін нақтылау көзделген:

1. Жіктелімдік көрсеткіштер (қорытпа маркасы, құйма салмағы, дәлдік класы, күрделілік тобы);

2. Тағайындалым көрсеткіштері (уақытша қарсылық, ағымдылық шегі, соққылы тұтқырлық, қатаю, микроқұрылым);

3. Технологиялық және металды үнемді пайдалану көрсеткіштері (механикалық өңдеу, құйманы өңдеу);

4. Өнімнің бетінің сапалық белгілері (өнімнің бетінің кедір-бұдыры, ГОС 2789-73 жүйесіне сәйкес болуы);

5. Экономикалық көрсеткіштер (экономикалық тиімділік, құн);



Әдебиет: [10].
Тақырып 7. Түсті металдар мен корытпалардан жасалған құймалар ақауларының топтастыруы, олар пайда болу себептері және оларды ескерту әдістері, 1 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Түсті металдар мен корытпалардан жасалған құймалар ақауларының топтастыруы, олар пайда болу себептері және оларды ескерту әдістерін үйрену.

Тапсырмалар:

1. Ақаулар түрлерімен, пайда болу себептерімен, оларды ескерту әдістерімен танысу.

2. Берілген сурет бойынша құймалар мен бөлшектерді бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Негізі темір болып келетін қорытпалардың басым көпшілігі коррозияға төзімсіз,сондықтан олардың шығыны да көп. Түсті металдар мен олардың қорытпалары керісінше ауада,суда және т.б. ортада коррозияға төзімді.Жақын болашақта негізі темір қорытпаларды Ті,Мg,Al және олардың қорытпаларымен алмастыру едәуір мөлшерде орын алады деп күтілуде.

Титанды өндірісте қолдану ХХ-ғасырдың ортасында ғана басталғанмен,бүгінде оны өндіру молайып келеді.Титан тығыздығы 4,5т/м3, жеңіл металл. Оның балқу температурасы 1668˚С, серпімділік модулі Е=112000МПА. Титанға полиморфтік түрленіс тән.882˚С температурада гексагониалық тығыз орналасқан торы бар α -титан көлемді центрленген текше торлы β-титанға ауысады. Титан өте жоғары меншікті беріктігімен (в / γ), жақсы механикалық қасиеттерімен, тығыздығының үлкен еместігімен және коррозияға жақсы төзімділігімен (теңіз суында, кейбір қышқылдарда және т.б.ортада) ерекшеленеді.

Титанның механикалық қасиеті сутек,оттек, азот және көміртек мөлшеріне байланысты. Бұл қоспалармен титан ену қатты ертіндісін, гидрид, оксид, нитрид және карбид түзеді. Оттек, азот және көміртектің азғана мөлшерінің өзі титанның қаттылығы мен беріктігін арттырып, пластикалық қасиеттерін төмендетеді.Сонымен қатар пісірілуі, дәнекерленуі, штампталуы нашарлап, коррозияға төзімділігі төмендей бастайды. Титан илемдеу арқылы жақсы өнделеді.



Әдебиет: [10].
Тақырып 8. Құюдың арнайы әдістерімен жасалынған құймалар ақауларының топтастыруы, олар пайда болу себептері және оларды ескерту әдістері, 1 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Құюдың арнайы әдістерімен жасалынған құймалар ақауларының топтастыруы, олар пайда болу себептері және оларды ескерту әдістерімен танысу.



Тапсырмалар:

1. Ақаулар түрлерімен, пайда болу себептерімен, оларды ескерту әдістерімен танысу.

2. Берілген сурет бойынша ақауларды анықтау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

«Құбыр дайындамасы – дайын құбыр» технологиялық үрдіс барысында, әрбір үрдісте, өзінің спецификалық ақауларының орын алуы, сонымен қоса, олардың өндірістің алдынғы деңгейіне трансформациялауы мүмкін.

Отандық және халықаралық тәжірибеде ақауларды, шартты түрде, үш топқа жіктейді:

1) металл сапасынан болатын (болат балұытудан шығатын);

2) илемдеуден болатын;

3) өңдеу кезінде, сонымен қоса термиялық өңдеу кезінде болатын.

Тәжірибе көрсеткендей, илемдеу салдарынан орын алатын ақаулар, барлық ақау тұрлерінің 20-30 % құрайды. Трубалық құймалардың негізгі ақауы (жалпы мөлшердің 90% астаты) , олардың бүиір беттеріндегі, ыстық бойлық және көлденең жарықшақтары. Бойлық жарыұшаұтардың негізгі бөлігі, домалақ құймаларға (75% дейін), квадратты және бұрыштығы 15-20% дейін. Құймаладың құйылуы кезінде жарықшаға төзімділігі келесі факторларға байланысты: қыздыру температурасы мен болат маркасына, шөміштердің құю кезінде толу жылдамдығына, құйма конфигурациясына, металдағы күкірт мөлшеріне, болаттың тотықсыздануына және т.б. байланысты.

Үздіксіз құйылған дайындамаларды өндіру кезінде, металды дайындау технологиясының салдарынан, берілген оптималды режимдерден ауытқу, МЕСТ пен ТШ шарттарына сай емес материалдарды қолдану, ДҮҚМ жұмысының дұрыс жүрмеуі, автомашина жүйесінің сыр беруінен және т.б. себептермен металл дайындамалар әртүрлі ақаулармен бүлінеді.



Әдебиет: [10].
8. Өздік жұмысының тапсырмалары
Тақырып 1. Құйылған бұйымдардың ақауларын зерттеу.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Құймакесек және үздіксіз дайындамалар алудың жолдары.

2) Құймакесектер мен үздіксіз құю дайындамаларының сапасы.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.
Тақырып 2. Құйылған бұйымдардың ақауларды зерттеу. Ақаулардың бес негізгі топтары.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Жартылай өнімдер мен дайындамалардың қырларындағы ақаулар.

2) Декарттық координаттардағы тензорлар.

3) Векторлармен орындалатын амалдар.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.
Тақырып 3. Илемдеу кезіндегі пайда болатын ақаулар.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Илемді алудың жолдары.

2) Илемдеу арқылы алынған дайындамаларының сапасы..

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.
Тақырып 4. Металлургиялық өнімдерінің сапасын реттеудің негізгі тәсілдері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Техникалық бақылау түрлері

2) Техникалық бақылауды ұйымдастыру

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.
9. ООӨЖ (ОӨЖ ООӨЖ 25%құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру













14.45

15.35





2.

Зертханалық сұрақтары бойынша кеңес беру













14.45

15.35





3.

ОӨЖ сұрақтары бойынша кеңес беру



















4.

Тестілеу тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру







11.30-

12.20












10. Оқушылардың білімдерін тексеру кестесі
Дәріске қатысу және тәжірибелік (семинар, зертханалық, жеке, студиялық) бөлігі 0 – 100 балға бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тақырып, мақсат және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындаудың ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Құйылған бұйымдардың ақауларын зерттеу




4 апта



4 апта

2

Реферат

Құйылған бұйымдардың ақауларды зерттеу. Ақаулардың бес негізгі топтары




4 апта




8 апта

3

Межелік бақылау

Модуль 1,2







тестілеу

8 апта

4

Реферат

Илемдеу кезіндегі пайда болатын ақаулар




4 апта




12 апта

5

Реферат

Металлургиялық өнімдерінің сапасын реттеудің негізгі тәсілдері




3 апта




15 апта

6

Межелік бақылау

Модуль 3,4







тестілеу

15 апта



11. Оқушылардың білімдерін бағалау критерийлері

Пәнді оқытуы барлық өткен материалды тестілеу түріндегі емтиханмен аяқталады. Бағдарламаларда ескертілген барлық тапсырмаларды орындау емтиханға жіберу үшін міндетті шарты болып табылады. Әрбір тапсырма 0 – 100 балға бағаланады.

Ағымдағы сабақтарда (дәріске қатысу, үй жұмыстары, ОӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.б., межелік бақылау) барлық тапсырмаларды орындалғанның орта арифметикалықтан жіберу рейтингі шығарылады.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық (тәжірибелік) жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және қорғау) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғаңан үшін оң бағалар алған және жіберу рейтингін (50 балдан төмен емес) жинаған студенттер жіберіледі.

Әрбір пән бойынша (соның ішінде қорытынды бақылау түрі ретінде МЕ болатын пәндерде) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды (Қ) бағамен анықталады, ол ЖР және ҚБ үлес салмақтарын есепке ала (ЖРҮС және ҚБҮС) олардың бағаларынан (емтихан, дифференциалданған сынақ немесе курстық жоба/жұмыс) қалыптасады
Қ = ЖР·0,6 + ҚБ·0,4
Үлес салмақтары жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 аспау, ал ҚБ үшін 0,3 төмен болмау қажет.

Курстық жоба/жұмыс комиссия алдында қорғалады. Жетекші пікірін есепке ала көрсетілген білімдеріне сәйкес баға қойылады.

Егерде жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бойынша оқушы тек қана оң бағаға ие болған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептеледі. Қорытынды бақылауға

Қорытынды бақылауды себепсіз босату «қанағаттанарлықсыз» бағаға тең деп есептеледі. Пән бойынша аралық аттестация және емтихан нәтижелері дәл сол күні немесе келесі күні, егер жазбаша емтихан түстен кейін өткізілсе, студенттерге жеткізіледі.

Межелік бақылаудағы (рейтингтегі) және қорытынды емтихандағы студенттің білімдеріне қорытынды бағаны түзу есептеу үшін 0 ден 100% дейін пайыз арқылы бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағаларынан және межелік бақылаудың бағасынан қалыптасады.

Пән бойынша оқу жетістіктері, яғни студенттердің білімдері, дағдылары және құзыры, оның цифрлік эквивалентіне және бағалардың дәстүрлі бағанасына адекватты көпбалды әріптік жүйесі бойынша бағаланады.


Әріптік жүйесі бойынша баға

Балдардың цифрлік эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйесі бойынша баға

A

4,0

95–100

Өте жақсы

A–

3,67

90–94

B+

3,33

85–89

Жақсы

B

3,0

80–84

B–

2,67

75–79

C+

2,33

70–74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65–69

C–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

Қанағаттанарлықсыз


12. Оқытушы талаптары, саясаты және рәсімі
Нұсқа

Оқушылар барлық аудиториялық сабақтарына кешікпей қатысу міндетті болып табылады. Сабақты босатқан жағдайда деканат орнатқан тәртібіне сәйкес еңбекпен өтеу. Максималды тек қана екі сабақты босату мүмкін. Екі сабаққа кешігіп келу бір сабақты босатқанына тең деп саналады. Егерде екі сабақтан астам қатыспау жағдайда оқытушы келесіде, сұрақтын әкімшілік шешуіне дейін, студентті сабаққа жібермеуге рұқсат. Дәрістерде, осы курс студенттерінің контингентіге кірмейтін, бөтен адам қатысуына тыйым салынады.

Жұмыстарды белгілі мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмалардың ең соңғы тапсыру мерзімі – емтихан сессиясы басталуына дейін 3 күн.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, және курстық жобаны/жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өткен материалды қайтадан орындау міндетті. Оқу материалдарды игеру дәрежесі тест немесе жазбаша жұмыстары арқылы тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізуге рұқсат.

Оқытушы басшылығымен студенттердің өздік жұмыстарын (ОСӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі төрт функцияларын есепке алу керек.

Біріншісі – оқу пәні бойынша өткізілген сабақтар кезінде алынған оқытушының ақпаратын студенттердің белсенді қабылдауының жүзеге асыруын болжайды.

Оқытушы ұсынысы негізінде студенттер өздігінен оқу әдістемелік құралдарын, әдеби көздерін оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жобаны/жұмысты орындайды деп екінші функция ескереді.

Студенттердің қиын жағдайларын талдау және жүйелеу, оқу материалдарды олар түсінуіне және меңгеруіне, басқа оқу амалдарын орындауындағы қиыншылықтар пайда болу себептерін анықтау студенттердің үшінші функциясы болып табылады. Студенттер шешілмейтін қиыншылықтарды оқытушыға арналған сұрақтар жүйесіне аударады, осы сұрақтарға өзіндік жауаптар нұсқаларын қалыптастырады.



Оқытушыдан сәйкесінше түсініктемелерді, кеңестерді сұрау студенттердің төртінші функциясы болып табылады.
13. Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер


  1. Воздвиженский В.М. и др. Контроль качества отливок: Учебное пособие для студентов вузов. - М.: Машиностроение, 1990. – 240 с.: ил.

  2. Исин Д.К., Канунникова С.Г., Исагулов А.З. Методические указания к практическим занятиям по курсу «Контроль качества литых заготовок». Караганда: КарГТУ, 2003. – 54 с.

  3. Справочник по чугунному литью/ Под общ. ред. Н.Г. Гиршовича. - М.: Машиностроение, 1978. – 760 с.

  4. Стальное литье. Справочник/ Под ред. Н.П. Дубинина. – М.: Машгиз, 1961. – 888с.

  5. Цветное литье: Справочник/ Под общ. ред. Н.М. Галдина. - М.: Машиностроение, 1989. – 528 с.

  6. Тодоров Р.П., Пешев П.Ц. Дефекты в отливках из черных сплавов/ Перевод с болгарского. - М.: Машиностроение, 1984. – 179 с.

Қосымша әдебиет

  1. Специальные способы литья: Справочник/ В.А. Ефимов, Г.А. Анисович, В.Н. Бабич/ Под общ. ред. В.А. Ефимова. – М.: Машиностроение, 1991. – 436 с.: ил.

  2. Ткаченко С.С. Брак литья, его предупреждение и исправление/ Под общ. ред. А.М. Липницкого. – 3-е изд., перераб. и доп. - Л.: Машиностроение. Ленинград. отд-ние, 1982. – 56 с., ил.

  3. Баландин Г.Ф. Основы теории формирования отливки. Т. 2. - М.: Машиностроение, 1979. – 336 с.

  4. Воздвиженский В.М., Грачев В.А., Спасский В.В. Литейные сплавы и технология их плавки в машиностроении. - М.: Машиностроение, 1984. – 432 с.

  5. Анисимов Н.Ф., Благов Б.Н. Проектирование литых деталей. – М.: Машиностроение, - 1967. – 272 с.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет