Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті



бет6/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#14304
1   2   3   4   5   6   7   8

Келесі қадам сауалнаманың «кілтіне» сәйкес жауап берген сыналушылардың үлесін анықтайтын көрсеткішті немесе тап-сырманың тиімділік индексін есептеуден тұрады. Бұл көр-сеткіш дұрыс жауап берген зерттелушілердің («кілтке» сай деп аталатын) санын, олардың жалпы санына бөлу арқылы шыға-рылады. Әрбір тапсырма үшін бұл индекс 0,25-тен 0,75-ке дейін шамамен жалпы сауалнама үшін орташа есеппен 0,5 жақын болу керек. 0,25-тен аз индекс тапсырманың тиімсіз екендігін көр-сетеді, себебі көптеген сыналушылар оған дұрыс жауап бермеген, ал 0,75-тен жоғары болса, онда бұл тапсырмаға шектен тыс көп сыналушы дұрыс жауап берген. Тапсырмаларды талдау Кесте 3.3 әрбір тапсырма үшін тиімділік индексі былайша шығады: (а) 3/5 = 0,6; (b) 2/5 = 0,4; (с) 0/5 = 0; (d) 3/5 = 0,6; (е) 5/5 = 1. Бұдан са-уалнаманың соңғы нұсқасынан (с) және (е) тапсырмаларын алып тастау керек дегенді білдіреді.

Зерттелуші тұлғалық ерекшеліктерді өлшей алатын болса, тапсырмаларды (сұрақтар, пайымдаулар) сауалнаманың соңғы нұсқасына енгізу қажет. Тапсырмалардың дискриминациясын анықтау үшін тұтас тесттің жалпы ұпайымен қоса, әрбір тап-сырманың корреляция коэффициенті анықталады. Коэффициент корреляциясы неғұрлым жоғары болса, тапсырманың дис-криминациясы да соғұрлым жоғары, тапсырма да жақсы болып есептеледі. Бұл негізгі критерий. Әдетте ең аз дегенде 0,2 кор-реляция талап етіледі. Теріс немесе нөлдік корреляциясы бар тапсырмалар алынып тасталады.

Бұл көрсеткішті есептеу үшін Пирсонның сәттерді шығару коэффициенті қолданылады. әдетте есептеу арнайы ком-пьютерлік бағдарламалар арқылы шығарылады, алайда тест құ-растырушылар ең болмағанда бір рет қолмен есептеп шығаруы тиіс. Есептеп үйренемін деушілерге ескерту, корреляция коэф-фициенті үнемі +1-ден аз және -1-ден көп болады. Егер осы ин-тервалдың шегінен шығып кеткен коэффициент көрсеткіші алын-са, онда есептеуде қателік кеткенін білдіреді. Пирсонның сәттерді шығару коэффициентінің формуласы мынадай:



мұндағы r – корреляция коэффициенті; X - әрбір тапсырма бойынша нәтиже; Y – тұтас тест бойынша ұпай (нәтиже); n – қо-сарланған шығарулар саны; Σ – қосындысы (барлығы). Пирсон бойынша сәттерді шығару корреляция коэффициентін есептеу үшін қажет: әрбір тапсырма бойынша сыналушылардың ұпай саны (XΣ), тұтас тест бойынша сыналушылардың ұпай саны (ΣY), тұтас сауалнама бойынша сыналушылардың ұпай санының тек-шеленген (квадратталған) саны (ΣX2), әрбір тапсырма және бар-лық тапсырмалар бойынша ұпайларды шығару саны (ΣXY). Аталған көрсеткіштерді мағыналар формуласына қою арқылы корреляция коэффициенті есептелінеді. Төмендегі мысал осы коэффициентті алудың оңай тәсілін көрсетеді. Қателік кетпес үшін әрбір тапсырманы қайталап есептеген жөн.

Тесттің соңғы нұсқасына тапсырманы енгізу мәселесін ше-шерде көптеген факторларды ескеру қажет. Тиімділігі мен дис-криминативтілігін зерттеуге қоса, соңғы нұсқаға қажетті тап-сырмалар санын анықтау (20-30 тапсырмадан кем емес) және олардың осыған дейін құрылған тест торына қаншалықты кірігіп тұрғанын анықтау керек. Мысалы, өлшеудің кейбір облыстары бойынша аздаған тапсырма болса, дискриминациясы төмен тап-сырмаларды енгізуге болады. Сонымен қоса, кейде сауалнаманың соңғы нұқсасына нәтижелілік көрсеткіші соншалықты жоғары емес тапсырмаларды, дискриминациясы жеткілікті болған жағ-дайда қосудың маңызы бар. Тікелей және кері тапсырмалар саны бірдей болуын қамтамасыз ету керек. Түрлі жынысты сына-лушылар үшін тапсырмаларды талдаудың жекелеген проце-дураларын орындаған жөн.


Кесте 3.4

Сыналу-шылар

Тапсыр-малар бойынша ұпайлар

Текшедегі тапсырма бойынша ұпай

Барлық тест бойынша ұпай

Текшеде-гі барлық тест бо-йынша ұпай


Тапсырма және барлық тест бойынша ұпайларды шығару

n

X

X2

Y

Y2

XY

1

1

1

30

900

30

2

3

9

57

3249

171

3

5

25

94

8836

470

4

4

16

76

5776

304

5

3

9

80

6400

240

6

1

1

33

1089

33

7

2

4

54

2916

108

8

2

4

58

3364

116

9

5

25

83

6889

415

10

4

6

76

5776

304

n = 10

ΣX = 30

ΣX2 = 110

ΣY = 641

ΣY2 = 45195

ΣXY = 2191



Тапсырмаларды жақсарту тәсілдері тест құрастырудың осы кезеңінде жүзеге асады. Мысалы, тапсырмадағы «кейде» жа-уабын «үнемі» жауабына ауыстыру тиімділік көрсеткішін арт-тырады. Алайда сұрақтардағы бұл өзгерістер тесттің сенімділігі мен валидтілігіне әсер етуі мүмкін. Тапсырмаларды талдау про-цедуралары әрбір тапсырма параметрлері жайында қажетті ақ-парат береді. Дегенмен де құрастырылушы тесттің жүзеге асуы үшін критерийлердің қайсысы аса маңызды екендігін тек зер-ттеуші ғана шеше алады.

1980 жж. дәстүрлі процедуралардан бөлек, қуаттылығы күшті компьютерді қолданбаса жүзеге асырылуы қиын анағұрлым күр-делі тапсырмаларды талдау процедуралары пайда болды. Оларға бәрінен бұрын «тапсырма - жауап» теориясы (item response theory, IRT ) жатады. (бұл теория туралы толығырақ П.Клайннан, 1994; А.Анастази және С.Урбинадан, 2001 қараңыз)



Тесттің сенімділігін анықтау

Егер қайталап жүргізгенде әрбір сыналушының көрсеткіштері алдыңғысындай болса, онда тест сенімді деп есептеледі.

Психометрикадағы сенімділік терминінің екі мағынасы бар. Соның бірі – ішкі үйлесімділік бойынша сенімділік. Тест ва-лидті болуы үшін, ол үйлесімді болуы қажет.

Ретесттік валидтілік – бір тестті сыналушыларға алғашқы жағдайды сақтап екінші рет ұсынуды, содан соң мағлұматтардың екі қатарының арасындағы корреляцияны анықтауды білдіреді. Сенімділікті анықтаудың бұл тәсілін қолданғанда сыналушылар өз жауаптарын естерінде сақтап, екінші ретте соны қайта жаң-ғыртулары мүмкін екенін есте ұстау керек, сондықтан да тестті қайталап өткізудің арасындағы уақыттық интервал бір айдан аз болмаған жөн. Кейбір психологтар тестілеу арасындағы интервал 6 айдан аз болмауы тиіс дейді (Клайн, 1994).

Л.Ф.Бурлачук П.Клайнның міндетті 6 айлық интервалымен келіспейді. Оған дәлел ретінде канадалық психологтар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Тұлғалық сауалнаманының кө-мегімен арасына 3 апта интервалмен 302 студент зерттелген. 0,872 тең ретесттік сенімділіктің стандарттық коэффициент ар-найы нұқсаулардың біреуі берілген сыналушылардың үш то-бынан алынған сенімділік коэффициентінен айырмашылығы бол-мады: 1) ойланып жауап беру; 2) өткен жауаптарды қайта жаң-ғыртуды қолдану; 3) тесттің параллельдік формасын орындау. Сенімділіктің стандарттық коэффициенті өткен жауаптарды қай-та жаңғырту нұқсауынан алынған коэффициентінен жоғары бо-лып шықты.

Ретесттік сенімділік үшін қажетті корреляция коэффи-циентінің ең төмен көрсеткіші 0,7 тең. Бірақ кейбір тесттер үшін бұл көрсеткіш жоғары болуы мүмкін.

Параллельдік формалардың сенімділігі сауалнаманың эк-вивалентін қалыптастыруды және олардан нәтижелер арасындағы корреляцияны бағалау үшін бастапқыдағы сыналушыларға ұсынуды білдіреді. Бұл тәсілдің кең таралуына кедергі етуші не-гізгі мәселе – тапсырмалардың екі жинағын дайындауды қажет етеді, ал оны орындау өте қиын, себебі олардың эквиваленттілігін дәлелдеу керек.

Тесттің бөліктерінің сенімділігі сауалнаманы екіге бөлу арқылы анықталады (әдетте жұп және тақ тапсырмалар арқылы), содан соң сол бөліктер арасындағы корреляция есептеледі.

Сенімділікті анықтаудың бұл тәсіліне тек нәтижені жедел түрде алу қажет болғанда ғана жүгінген жөн.

Ретесттік сенімділікті және корреляцияның параллельдік се-німділігін анықтау үшін Пирсонның сәттерді шығару (произведение моментов) коэффициенті қолданылады. Тесттің бөліктерінің сенімділігін анықтау үшін соған дейін есептелеген Пирсонның сәттерді шығару коэффициенті (тесттің екі бөлігінің арасындағы) Спирмен-Браун формуласында қолданылады. Спир-мен-Браун формуласы мынадай:

мұндағы r11 - барлық сауалнама бойынша бағаланған сенім-ділік; r ½½ - сауалнаманың екі бөлігінің арасындағы кор-реляция.

Мысалы, егер тесттің екі бөлігінің арасындағы Пирсонның сәттерді шығару корреляциялық коэффициенті 0,80 тең болса, онда:

Сенімділікті анықтаудың неғұрлым тиімді процедурасына елеулі уақыттық интервалдан соң қайталап зерттеу жүргізу жа-татынын еске саламыз.

Сенімділікті зерттеудің барлығы жеткілікті репрезентативтік іріктеу (200 немесе одан да көп сыналушы) негізінде орындалуы тиіс. Сенімділік – тесттің маңызды сипаты, бірақ өздігінен еш-қандай құндылыққа ие емес. Ол валидтілікке қол жеткізу үшін қажет.



Факторлық талдау

Көп жағдайда тест құрастырушы ақпаратты «сығу» міндетін жүзеге асыруы қажет болады, басқаша айтқанда зерттелуші құбылыстың көптеген бақыланулары немесе ауыспалыларының болуынан сипаттаманы шағындау. Факторлық талдау осы зерттелуші көпқырлы құбылыстың өлшемін азайту әдісі болып табылады.

Факторлық талдау психологиялық ғылымнан туындағанын және Ч.Спеирменнің зерттеулерімен тығыз байланысты (Spearmen, 1904). Психологтар Т. Келли, Л.Терстоун, Дж. Гилфорд, Р. Кэттелл және математиктер К. Пирсон, К. Холзингер, Г. Харман және т.б. жұмыстарынан соң, факторлық талдауды ма-тематикалық негіздеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.

Эксперименттік мағлұматтардың матрица арқылы берілетіні белгілі. Зерттеуші ең алдымен корреляциялық матрицаны алуы керек.

Мысал ретінде Л.Айкеннің (Aiken, 1996) зерттеуіне жү-гінейік. Бұл зерттеуде колледждің 90 студенттің 11 параметр бо-йынша бес ұпайлық шкаланың көмегімен оқытушыны бағалауы (1 – төмен ұпай, 5 – жоғары ұпай) сұралады: әдептілігі, сыпайы-лығы, креативтілігі, мейірімділігі, өз пәніне қызығушылығы, пән-ді білуі, студенттердің түрткісін оятуы, өзін ұйымдастыруы, шы-дамдылығы, дайындығы және кешікпей жүруі.

Егер студенттерден алынған оқытушы тұлғасының сапалары тізімінің рейтингтік бағалануының корреляцияларының мат-рицасын жоғарғы сол жақтағы бұрыштан оң жақтағы төменгі бұ-рышқа қарай диагональ жүргізу арқылы екі тең үшбұрышқа бөлсек, онда мұның бірінші бағандағы баға мен жоғарғы бірінші жолдың бағасы бірдей - симметриялық матрица екендігін кө-реміз. Екінші баған мен екінші жолдың да бағасы бірдей, әрі қа-рай т.с.с. Сондай-ақ негізгі диагональдағы барлық сан (жоғарғы сол жақтан бастап, төменгі оң жаққа дейін) +1,00-ге тең – бұл әрбір шкаланың өз-өзімен шамалық корреляциясы болып та-былады.

Психологиялық тестілеудегі факторлық талдаудың мақсаты, түрлі тесттер немесе психометрикалық өлшеулер бойынша ба-ғалау топтарының дисперсиясының көпшілік бөлігін түсіндіретін бірнеше фундаменталдық факторларды табуынан тұрады. Жоға-рыда көретілген мысалда 11 ауыспалы бар, сондықтан да фак-торлық талдаудың мақсаты, факторлық салмақ матрицасын не-месе факторлар мен шкала тапсырмалары арасындағы корре-ляцияны табудан тұрады. Факторлық талдаудың бірнеше про-цедуралары бар, бірақ олардың бәрі де екі кезеңнен тұрады: 1) бастапқы факторлық матрица шығу үшін корреляциялар мат-рицасын факторлау; 2) факторлық салмақтың ең қарапайым конфигурациясын табу үшін факторлық матрицаны айналдыру (кестеге қараңыз).

Бұл үрдістегі факторизация кезеңі түрлі тесттер арасындағы байланыстарды түсіндіруге қажетті факторлар санын анықтауға бағытталған және әрбір тесттің әрбір факторы бойынша сал-мақтың бастапқы бағалануын алуды қамтамасыз етеді. Фак-торларды айналдыру, тесттің көп бөлігі кез-келген фактор бо-йынша төмен салмаққа, аздаған тесттердің жоғары салмаққа ие болғанында, факторлар конфигурациясын құру арқылы оларды неғұрлым түсінікті ету үшін қажет.



Кесте 3.5

Оқытушы тұлғасын бағалауға арналған шкаланың 11 тапсырмалары арасындағы корреляция матрицасының үлгісі

Тапсырма


1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11

1

1,000

0,727

0,424

0,573

0,343

0,294

0,458

0,200

0,425

0,091

0,078

2

0,727

1,000

0,304

0,620

0,287

0,258

0,363

0,075

0,459

0,115

0,127

3

0,424

0,304

1,000

0,470

0,510

0,080

0,691

0,206

0,304

0,115

0,112

4

0,573

0,620

0,470

1,000

0,336

0,195

0,390

0,061

0,528

0,129

0,022

5

0,343

0,287

0,510

0,336

1,000

0,171

0,638

0,374

0,203

0,026

0,244

6

0,294

0,258

0,080

0,195

0,171

1,000

0,108

0,227

0,159

0,243

0,430

7

0,458

0,363

0,691

0,390

0,638

0,108

1,000

0,218

0,314

0,490

0,065

8

0,200

0,075

0,206

0,061

0,374

0,227

0,218

1,000

0,085

0,108

0,421

9

0,425

0,459

0,304

0,528

0,203

0,159

0,314

0,085

1,000

0,524

0,187

10

0,091

0,115

0,129

0,026

0,243

0,490

0,108

0,524

0,114

1,000

0,611

11

0,078

0,127

0,112

0,022

0,244

0,430

0,065

0,421

0,187

0,611

1,000

Факторлаудың көп тараған процедурасы – басты осьтер әді-сі (principal axis), ал ең танымал айналдыру процедурасы – вари-макс айналдыру.

Кесте 3.4 үш фактор көрініп тұр, олар А, В, С бағандарында орналасқан. Әрбір фактор бағанының астына жазылған көлемдер – осы фактор бойынша 11 тапсырманың әрқайсысының салмағы немесе корреляциясы.

Мысалы, 1 тапсырма А факторы бойынша 0,754; В факторы бойынша – 0,271; С факторы бойынша – 0,250 салмаққа ие. Әрбір фактор бойынша салмақтың текшелерінің қосындысы осы тап-сырманың дисперсиялық үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, 1 тапсырма бойынша дисперсияның үлесі мынаған тең:

(0,754)2 + (-0,271)2 + (0,250)2 = 0,704

Бұл 1 тапсырма бойынша көрсеткіштердің 70,4% вариациясы осы үш фактордың әсерімен түсіндіріледі дегенді білдіреді.

Факторлық-талдау тәсілі тесттің сенімділігін де бағалауға мүмкіндік береді. тесттің толық дисперсиясы жалпы факторлар дисперсиясының қосындысына, арнайы факторлардың қосынды-сына, қателіктер дисперсиясының қосындысына тең екендігі бел-гілі. Осыған орай егер біз тесттің факторлық талдауын жүргізсек, оның факторларын текшеге көбейтіп және салмағын қоссақ, онда біз оның сенімділігін аламыз, себебі факторлардың салмағы, жал-пы және арнайы факторларымен бірге тесттің корреляциясын көрсетеді. Алайда сенімділікті бұлайша анықтау, түрлі фактор-лар жиынтығын өлшеуге арналған тесттерден гөрі, көбінесе фак-торланған тесттерге дәл келетінін айта кету керек.
Кесте 3.6

Оқытушы тұлғасын бағалау шкаласы бойынша рейтингтік бағалауы айналған және айналмаған факторлық салмақтардың матрицасы (мәліметтер SPSS бағдарламасының көмегімен алынған)




Тапсырма


Факторлық салмақтар

Диспер-сия үлесі

Айналуға дейінгі матрица

Айналудан кейінгі матрица

А В С

АІ ВІ СІ

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11


0, 754 - 0, 271 0, 250

0, 708 - 0, 281 0, 415

0, 689 - 0, 206 0, 440

0, 702 - 0, 392 0, 240

0, 674 - 0, 063 0, 500

0, 442 - 0, 477 0, 402

0, 714 - 0, 216 0, 485

0, 434 - 0, 573 0, 257

0, 594 - 0, 201 0, 330

0, 408 - 0, 769 0, 063

0, 388 - 0, 718 0, 122


0, 783 0, 090 0,288

0, 853 0, 089 0, 131

0, 303 0, 015 0, 786

0, 790 0, 041 0, 280

0, 148 0, 243 0, 792

0, 353 0, 669 0, 113

0, 298 0, 009 0, 838

0, 082 0, 649 0, 392

0, 691 0, 102 0, 120

0, 011 0, 867 0, 100

0, 052 0, 822 0, 048


0, 704

0, 752


0, 710

0, 704


0, 708

0, 585


0, 791

0, 582


0, 502

0, 762


0, 681

Факторлық матрица кестенің АІ , ВІ, СІ бағандарында көр-сетілген. әрбір тапсырманың дисперсиялық үлесі, факторларды айналдыруға дейінгі факторлық матрицадағыдай, бірақ айнал-дырылғаннан кейін алынған факторларды интерпретациялау оңай. Варимакс айналдыруы ортогоналдық айналдыру процеду-расы болып табылады, оның факторлық осьтері бір-біріне пер-пендикуляр болып қала береді. Осы процедураға қарама-қарсы қисық бұрышты айналдырудағы факторлық осьтер бір-біріне қатысты үшкір және бітеу бұрыштар құрайды. Қисық бұрышты факторлардың интерпретациясы ортогоналдық факторларға қара-ғанда жеңіл, себебі ол факторлардың бір-бірімен корреляциясы жоқ (тәуелсіз).

Айналдырудан кейін факторлық матрицаны интер-претациялағанда, осы фактор бойынша 0,50 салмағы бар тап-сырмаларға ерекше мән берген жөн. Төрт тапсырманың - 1 (әдепті), 2 (сыпайы), 4 (жылы жүзді), 9 (шыдамды) - АІ факторы бойынша жоғары салмағы бар. Осыған орай бұл факторға «әдептілік» немесе «сыпайылық» деген атау сәйкес келер еді. Тағы да төрт тапсырманың жоғары салмақтары бар, бірақ енді ВІ факторы бойынша: 6 (мағлұматтылық), 8 (ұйымдасқан), 10 (даярлық) 11 (кешікпей жүру) , яғни ВІ факторына «дайын болу» деген атау сәйкес келер еді. Соңғы үш тапсырманың СІ факторы бойынша жоғары салмақтары бар: 3 (креативті), 5 (әуесқой), 7 (түрткі оята алады); бұл фактордың атауы – «стимул беруші» не-месе «түрткі оятушы» болуы мүмкін. Осы үш фактор студенттер қалайтын оқытушы тұлғасының типін анықтағанда, пси-хологиялық мағынаға ие болуы мүмкін.

Факторлық талдаудың бұдан да басқа қосымшалары бар.



Тесттің валидтілігі

Тесттің валидтілігін дәлелдейтін көптеген тәсілдері бар.

Тест өлшеуі тиістіні өлшей алса, онда ол валидті деп аталады.

Көрнекті америкалық тест құрастырушы А.Анастазидің анықтамасы бойынша «тесттің валидтілігі дегеніміз – тесттің нені өлшейтіндігін және ол оны қаншалықты жақсы өлшейтіндігін көрсететін ұғым». Валидтілік әдістердің белгілі бір сапаларды, ерекшеліктерді зерттеуге қаншалықты жарайтындығын және оның тиімділігін анықтайды.

Әдістеменің теориялық валидтілігін анықтаудағы неғұрлым көп тараған түріне конвергенттік валидтілік жатады, яғни осы әдістемеге ұқсас беделді әдістемелермен салыстырып, ара-ларындағы маңызды байланысты дәлелдеу қажет. Егер арала-рында маңызды байланыс жоқтығы дәлелденсе, ол дис-криминантты валидтілік деп аталады.

Валидтіліктің басқа түрі – прагматикалық валидтілік - әдіс-темені оның тәжірибелік мағынасы, тиімділігі, пайдалылығы тұр-ғысынан тексеру. Сұндай тексеруді жүргізу үшін тәуелсіз сыртқы критерийлер қолданылады, яғни өлшенуші психикалық қасиеттің адамдар өмірі мен іс-әрекетінде көрініс беруі жөнінде ақпарат беретін тестке тәуелсіз сыртқы құрал қолданылады. Ондай сырт-қы критерийлерге үлгерім, кәсіптік жетістіктер, түрлі іс-әрекет барысындағы жетістіктер, субъективтік бағалау (немесе өзін-өзі бағалау) және т.б. жатады. Егер, мысалы, әдістеме кәсіптік ма-ңызды сапалардың даму ерекшеліктерін өлшесе, онда осы сапа-лар жүзеге асатынсол тәрізді іс-әрекетті немесе жекелеген опера-цияларды табу қажет.

Тесттің валидтілігін тексеру үшін белгілі топтар әдісін қол-дануға болады. Бұл жағдайда критерий бойынша қандай топқа жататындығы алдын ала белгілі (мысалы, «жоғары жетістігі бар, тәртіпті студенттер» - жоғары критерий, «үлгерімі төмен, тәртіп-сіз студенттер» - төмен критерий, ал орташа көрсеткіші бар сту-денттер бұл тестілеуге қатыспайды) адамдар шақырылады, тест өткізіліп, тест нәтижесі мен критерий арасындағы корреляцияны табады.





Жоғары критерий

Төмен критерий

Тесттің жоғары көрсеткіштері

a

b

Тесттің төмен көрсеткіштері

с

d

Бұл жердегі а – тест және критерий бойынша жоғары топқа енген сыналушылар, с – критерий бойынша жоғары топқа жа-татын, ал тест нәтижесі бойынша төмен көрсеткіші бар сына-лушылар. Тест толығымен валидті болса, в және с элементтері нөлге тең болуы қажет. Тест критерийі бойынша соңғы топтар арасындағы сәйкестік пен корреляция өлшемі Гилфордтың фи-коэффициенті көмегімен бағаланады.



Егер P = 0,36 төмен және сыналушылар саны 30 адамнан көп болса, тест пен критерий арасында статистикалық маңызды бай-ланыс бар деп айтуға болады.

Валидтілік коэффициентері сенімділік коэффициентерінен үнемі төмен болып келеді. Көрнекті психодиагносттардың пікір-лері бойынша, 0, 20 – 0, 30 – төмен, 0, 30-0, 50 – орташа, 0, 60 – жоғары коэффициент деп есептелінеді.

Диангостикалық әдістемелердің ерекшелігіне байланысты оның бірнеше түрі бар.


  1. Ағымдық валидтілік. Сыртқы критерий бойынша анықталады, ол туралы ақпарат сынақ жүргізу ба-рысында (мысалы, үлгерім, өнімділік және т.б.) жи-налады.

  2. Болжамдық валидтілік. Сыртқы критерий бойынша ақпарат зерттеу өткізілгеннен біраз уақыт өткен соң жиналады. Мұндай валидтілік әдістеменің зерт-телушінің белгілі бір іс-әрекетінің жетістігін болжай алуға мүмкіндігі бар екенін айғақтайды. Болжамдық валидтілікті тексеру үшін 300-ден аса адамды, мысалы оқуға түсушілерді зерттеу қажет, ал 2-3 жыл өткеннен кейін осы адамдар арасынан «озаттар» мен «үлгер-меушілер» критерийалдық топтарын анықтап алып, тесттің бұрынғы көрсеткіштерімен корреляциясын есептеу қажет. Егер корреляция 0,4 – 0,6-дан жоғары болса, онда тестті оқуға түсушілерге кәсіптік бағдар бе-ру және олардың оқу үлгерімдерін болжау үшін қол-дануға болады.

  3. Ретроспективті валидтілік сапаның өткен уақыт-тағы оқиғаны көрсететін критерийі негізінде анық-талады.

  4. Дифференциалды валидтілікті қызығушылықтар тесттерінің мысалымен көрсетуге болады. Қызы-ғушылық тесттерінің әдетте академиялық үлгеріммен корреляциясы болады, бірақ әр пән бойынша әрқилы. Дифференциалдық валидтіліктің мағынасы инкре-менттік тәрізді шектеулі.

Тесттің стандартталуы

Психометрикалық тесттердің маңызды айырмашылықтары-ның біріне олардың стандартталуы жатады, ал ол болса бір сына-лаушыдан алынған көрсеткіштерді генералдық жиынтықтағы не-месе сәйкес топтардағы нақ сондай көрсеткіштермен салыстыру-ға мүмкіндік береді. Осылайша жекелеген сыналушының көрсет-кіштерін адекваттық интерпретациялауға қол жеткізуге болады. Мұндайда норма немесе нормативтік көрсеткішетр ұғымы қол-данылады. Стандарттық нормаларды алу үшін анық айқындалған критерийге сәйкес, неғұрлым көп сыналушылар санын мұқият іріктеп алу керек. Стандарттық іріктеуді қалыптастыруда оның көлемі мен репрезентативтілігін есепке алу қажет. Тесттердің нұсқауларында көбінесе стандарттық қателіктерді азайту үшін 500 сыналушыдан тұратын іріктеу жеткілікті деп саналады. Алай-да іріктеудің репрезентативтілігі оның көлеміне тәуелді емес. Мысалы, бастауыш мектепте оқитын балалардың барлық по-пуляциясының нормативтік көрсеткіштерін алу үшін көлемі 10 мыңнан астам іріктеу қажет, ал авиакомпаниялардың шеф-ұшқыштары тәрізді шектеулі популяцияның іріктеуіне сон-шалықты көп сыналушы қажет емес. Осылайша, іріктеудің ре-презентативтілігі, оның көлеміне қарағанда анағұрлым маңызды параметр болып табылады. Кейбір жағдайларда жасына, жы-нысына, әлеуметтік мәртебесіне қарай стандартизацияның бір-неше топтарын қалыптастыру немесе стандартизациятобын стратификациялау керек болады. Үнемі норманы анықтау керек емес. Ғылыми зерттеуде психологиялық тесттерді қолдану ке-зінде нормалар мен тесттің «шикі» көрсеткіштері аса маңызды емес.

Әрбір топ үшін норма орташа көлемдер мен стандарттық ауытқушылықтардың көрсекіштері арқылы берілуі тиіс. Орташа көлемді есептеу қарапайым және жақсы танымал, ал стандарттық ауытқушылық мынадай формула арқылы шығарылады:

мұндағы SD – стандарттық ауытқушылық; X 2 – барлық сы-налушылардың сауалнама бойынша нәтижелері; n – сыналушы-лар саны; ∑ - қосынды.

Қазіргі таңда психологиялық өлшеуге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын стандарттық көрсеткіштер деп аталатын бағалау нәтижесі қолданылады. Мұндай көрсеткіштер сыналушы-ның жеке көрсеткіштерінің тиісті іріктеудің стандарттық ауыт-қушылығының бірліктері ішіндегі орташасынан айырмашылығын көрсетеді. Стандарттық көрсеткіштер екі жолмен алынады: бас-тапқы бағалауды («шикі») сызықтық және сызықтық емес жол-мен өзгерту. Сызықтық өзгертуде бастапқы бөлудегі «шикі» ба-ғалардың барлық қасиетері сақталады және мұндай көрсеткіштер стандарттық немесе z-көрсеткіштер деп аталады. z -көрсеткішті шығару үшін бастапқы бағалау мен нормативтік топтың орташа бағалануының арасындағы айырмашылықты тауып, оны норма-тивтік топтың стандарттық ауытқушылығына бөлеміз. Ол формула мынадай:


Бұл жерде бастапқы бағалауды шкалаға өзгертудің негізгі себебі, көрсеткіштерді қай тест арқылы алынғанына қарамастан бір-бірімен салыстыру үшін жасалғанын айта кету керек. Орналастырылған «шикі» бағалары шамамен бірдей формада болса ғана сызықтық өзгерту салыстырмалы көрсеткіштер бере алады. Түрлі формадағы орналастыру негізінде алынған көрсеткіштерді салыстыру үшін сызықтық емес өзгертуге немесе нормаланған стандарттық көрсеткіштерге жүгінеміз. Сызықтық емес өзгерту процедурасы қарапайым және ол көптеген математикалық ста-тистика әдістемелік құралдарында сипатталған. Ондай көр-сеткіштер әдетте кестелер арқылы есептеледі. Бұл кестелерде ор-таша қалыпты қисықтан стандарттық ауытқушылықтың бірнеше бірлігіне артта қалған бөліктердің пайыздық жағдайлары беріледі.

Алғашында әрбір «шикі» бағадан асып кеткен көрсеткіштері бар тұлғалар анықталып, соңынан осы пайыз бойынша кестеден нормаланған стандарттық көрсеткіштің тиісті мағынасын табамыз. Бұл көрсеткіштердің де, сызықтық өзгерту тәрізді орташасы (X) 0-ге және стандарттық ауытқушылығы (SD) 1-ге тең болады. Нөлдік көрсеткіш сыналушының қалыпты қисықтың орташасына сәйкес нысанаға дәл тигізіп, топтан 50 % озып шыққанын білдіреді. Егер көрсеткіш –1 тең болса, сыналушы топтан 16 %, ал егер +1 болса, онда топтан 84 % асады. Нор-маланған стандарттық көрсеткіштерге кез-келген ыңғайлы форма беруге болады, мысалы, оны 10-ға көбейтіп және 50 шығаруды қосу арқылы «Т – көрсеткішті» аламыз, бұл жерде 50-ге тең Т ор-ташаға, 60 тең Т - орташадан бір стандарттық ауытқу-шылығының бір бірлік асады.
8 тақырып. Интеллектіні өлшеу

Жоспар


  1. Интеллектіні анықтау тәсілдері

  2. Интеллектіні өлшеу тесттері, олардың түрлері

  3. Интеллект құрылымы

  4. Интеллект құрылымы туралы иерархиялық теориялар

Интеллект тесттері зерде, ақыл-ойдың даму деңгейін анық-тауға арналған. Бұл жерде интеллект деп жеке даралықтың кез-келген көріністері емес, танымдық үрдістер мен қызметтер (ой-лау, ес, жад, зейін) туралы айтылып отыр. Интеллект тесттер психодиагностика әдістемелерінің ішіндегі тарихи ертеректе пай-да болғаны болып есептеледі.

Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткіші ретінде «интеллектуалдық коэффициент» деген ұғым қалып-тасқан. Бұл коэффициент психодиагностикалық жолмен «ақыл-ой жасын» (орындалған тест тапсырмаларының санына қарай) хро-нологиялық немесе паспорттық жасқа бөліп және алынған санды 100-ге бөлу арқылы шығады. Егер көрсеткіш 100-ден жоғары болса, онда зерттелушінің үлкен жасқа арналған тапсырмаларды орындағаны, егер IQ төмен болса, онда зерттелушінің өзінің жа-сына сәйкес тапсырмаларды орындай алмағаны болып табылады. Арнайы статистикалық аппарат арқылы нормалар шегі анық-талады, яғни белгілі бір жастағы адамның интеллектуалыдқ дамуынан хабар беретін IQ көрсеткіштер есептеледі. Ол шектер 84-тен төмен болса, ол төмен интеллект, егер 116-дан жоғары болса, интеллектуалдық дамудың жоғары көрсеткіші деп қарастырылады. Шетелде, әсіресе АҚШ-та интеллектуалдық тесттер білім саласында кең тараған. Оқу орнына және жұмысқа орналасуда тесттер практикалық психологияның міндетті құралы ретінде қолданылады.

Көп тараған интеллект тесттеріне Д.Векслердің, Р.Амтхауэрдің, Дж.Равеннің Стенфорд-Биненің тесттері жатады. Бұл тесттердің сенімділігі мен валидтілігі тұрақты болып та-былады.

М.К.Акимова, Е.М.Борисова, К.М.Гуревич, В.Г.Зархин, В.Т.Козлова, Г.П.Логинова, А.М.Раевский, Н.А.Ференс – осы ав-торлар ұжымы оқуға түсушілерге арналған интеллектуалдық да-муды анықтайтын АСТУР тестін құрастырып шығарды. Тест 8 субтесттен тұрады: 1) мағлұматтылық, 2) қосарланған ұқсастықтар, 3) лабильділік, 4) жіктеу, 5) жалпылама, 6) жүйелік кестелер, 7) сандар қатары, 8) геометриялық пішіндер.

Тестілеу нәтижесін өңдеу барысында тек орташа ұпай ғана емес, сондай-ақ зерттелушінің жеке дара тестілік профилін де анықтауға болады.

Адамның қабілеттерін мына топтарға бөлуге болады:



  • жалпы қабілеттер (заңдылықтарды анықтауға қабі-леттілік интеллектінің жалпы деңгейі);

  • модальдық жалпы қабілеттер (вербалдық интеллект, нумерикалық интеллект (есептеуге мүмкіндік беретін), кеңістіктік интеллект, техникалық практикалық интел-лект);

  • арнайы қабілеттер (белгілі бір арнайы іс-«рекет түр-лерін жеңіл және жемісті тгеруге жағдай жасайды: му-зыкалық қабілеттер, техникалық қабілеттер, әртістік, пе-дагогикалық қабілеттер);

  • жеке-дара қабілеттер (психикалық танымдық қыз-меттердің даму деңгейі: жад, ес, зейін, қабылдау, ойлау, елестету).

Адамның танымдық үрдістерінің жиынтығын интеллект анықтайды.

Интеллект – ол саналы әрекет ету, өнімді ойлауға, өмірлік жағдайларды жақсы шеше алуға жоғары қабілеттілік (Векслер), яғни интеллект адамның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті ретінде қарастырылады.

Алғашында Спирмен (1904 ж.) мынадай пастулаттар құ-растырды: интеллект адамның басқадай тұлғалық сипаттарына тәуелді емес; интеллект өзінің құрылымына интеллектуалдық емес сапаларды қоспайды (қызығушылықтар, жетістікке жету түрткілері, үрейлену және т.б.). интеллект ақыл-ой қуатының жалпы факторы ретінде танылады. Спирмен кез-келген интел-лектуалдық іс-әрекеттің жемісі жалпы факторға, жалпы қабі-леттерге тәуелді екендігін көрсетті. Осылайша, ол интеллектінің басты факторын (G факторы) және арнайы қабілеттердің көр-сеткіші болып табылатын S факторын бөліп көрсетті. Спирменнің пікірі бойынша, әрбір адам белгілі бір жалпы интел-лектуалдық деңгейімен сипатталады.


9 тақырып. Тұлғалық сауалнамалар

Жоспар

  1. Тұлғаны зерттеудің маңызы: жалпы ережелер

  2. Бақылау

  3. Анамнез әдісі. Анамнез әдісін бағалау

  4. Корреляциялық әдіс. Корреляция әдісін бағалау

Тұлғаны зерттеудің маңызы: жалпы ережелер

Тұлғаны зерттеу (бақылау немесе эксперимент болса да) мі-нез-құлыққа қатысты күрделі сұрақтарға жауап беретін ақпарат немесе дәйек жинау құралынан тұрады. Ғылыми әдіс міндетті түрде эмпирикалық тексеруден өтуі қажет. Бұл жан-жақты ба-қылау немесе эксперименттен соң нақты дәйектер немесе айны-малылар арасындағы ара қатынасты анықтау дегенді білдіреді. Айнымалыларды зерттеу үшін қолданылатын процедуралар басқа зерттеушілер оларды тексере алу үшін жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Ғылыми зерттеудің бұл аспектісі зерттеу практикасының басты күші болып табылады, себебі қате ақпараттардан арылуға көмектеседі.

Эмпирикалық әдістің екі артықшылығы бар: біріншісі, ол қа-телікке жол бермейді. Егер екі зерттеудің қорытындысы бір-бі-ріне сәйкес келмесе, персонологтар оны анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізеді. Екіншісі, адамдарды және олардың реак-цияларын қалай сипаттау керектігі туралы түсініктері, па-йымдаулары анық, әрі нақты эмпирикалық әдіс қызықтырған оқиғаларды немесе құбылыстарды сипаттағанда тек ғылыми тілді ғана қолданады.

Бақылау

Кез-келген зерттеу, мейлі ол ауру тарихын зерттеу, корреля-циялық тәуелділікті анықтау немесе зертханалық эксперимент болса да бақылауды қолданады. кейбір жағдайларда зерттеу идея-сының тууы жүйесіз бақылаудан басталады (мысалы, сыныптас екі қыздың төмен баға үшін мұғалімді кінәлауы).

Мінез-құлық туралы ақпарат алудың басқа жолы – жүйесіз бақылауға қарағанда шынайы өмір жағдайындағы көріністерді бақылау және тіркеу (бірақ, бұл жолы анағұрлым жүйелірек). Ол шынайы бақылау деп аталады. Балалардың ойын үлгілері мен достық қарым-қатынастары, жасөспірімдердің антиәлеуметтік мінез-құлқы, толық және қалыпты салмағы бар адамдардың та-ғамға қатысты әдеттері, іскерліктегі сәтті менеджерлердің бас-қару стилі, сондай-ақ көптеген клиникалық құбылыстар шынайы бақылау жолымен зерттелген. Бұл мінез-құлықты түсіндірмейді, бірақ әдеттегі ортада адамдардың өздерін қалай ұстайтындығы жайында ақпарат береді.

Алайда шынайы бақылаудың да шегі бар. Негізгі мәселе ба-қылаушылардың көп жағдайда өздері басқара алмайтын, алдын- ала болжанбаған оқиғалардың жәй ғана куәсі болатындығында. Бұған бақылаушының өз мәселелері де қосылады: пайымдаулары және бақыланушы оқиғаның кейбір аспектілеріне баса мән беруі. Бақыланушы адамдар санының аздығы да сынға ұшырауда. Ай-талық, бақылаушы конфликтіні шешу стилін үшін зертеу үшін отбасының пікірталасын бақылайды. Конфликтіні шешу тәсіліне білдірмей әсер етуі үшін ол отбасы мүшелерінің сеніміне қандай деңгейде ие болуы қажет. Бұған қарамастан, шынайы ба-қылаудың артықшылықтары айқын: біз адамдар мінез-құлқының үлгілерін зертхананың жасанды атмосферасынан емес, күнделікті жағдайлардан аламыз.



Анамнез әдісі. Анамнез әдісін бағалау

Жеке адамның мінез-құлқын ұзақ уақыт бойы бөлшектеп зерттеу ауру тарихын немесе анамнезді зерттеу деп аталады. Бұл әдіс психологиялық мәселелері бар адамдарға диагностика жүр-гізу және емдеу мақсатымен клиникалық межицинада қолда-нылады.

Мысалы, Фрейдтің психодинамикалық теориясы жекелеген клиникалық жағдайларды қарқынды зерттеу негізінде анықталды. Бұл әдісті әдетте психотерапия үрдісінде немесе диагноз қоюда өмір тарихы зерттелінуші психикалық аурулармен немесе мәсе-лесі бар пациенттермен жұмыс жасағанда қолданады. Тек нақты бір тұлғаның ауру тарихын неғұрлым кеңірек, бөлшектеп си-паттау мен талдаудан тұрса да, оларды зерттеу өте маңызды бо-лып табылады. Себебі, бір ғана клиникалық жағдай адам мінез-құлқының белгілі бір заңдылықтарын түсінуге жол ашады. Мы-сал ретінде өлім жазасына кесілген 15 ер адамның ауру тарихын зерттеуге үңілуге болады. Оларға кесілген жаза орындалуы қажет болғандықтан, солардың кандидатурасы таңдалып алынды. Зерт-теушілердің таңырқауына орай, 15-ң де анамнезінде бас қаң-қасының ауыр жарақаты болған, ал 12-ң миының зақымдануының белгілері тіркелген және көбінің интеллектуалдық даму деңгейі ортадан төмен болған. Алынған нәтижелер қылмыскер жайлы қа-лыптасқан қатігез, суыққанды, адам өлтіруші деген таптаурын бейнені өзгертуге алып келді.

Клиникалық жағдайларды зерттеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. артықшылығы тұлғаның жеке дара сапа-ларының күрделілігін және қарама-қайшылығын толықтай қам-туға мүмкіндік береді. бір немесеғ бірнеше индивидуумның өмір-лік тәжірибені қалай жинайтынын, күйзелістерменикүресуін зерт-теу қажет болса, онда клиникалық оқиғаларды зерттеу әдісін қол-дануға болады. қандай да бір феноменнің өте сирек кездесетін жағдайларын зерттеудің жалғыз әдісі клиникалық оқиғаларды зерттеу әдісі болып табылады.

Кемшіліктері. біріншіден, зерттеуші анықтаған ара қа-тынастарының себеп-салдары бар екендігіне толық сенімді бола алмайды. Екіншіден, бұл әдісте тек бір адам ғана зертте-летіндіктен, жалпылама қорытынды шығару мүмкіндігі шектеулі. Үшіншіден, клиникалық жағдайды зерттеуден алынған нәтиже-лер ретроспективті немесеғ өзінің шығу тегі бойынша анық болмауы мүмкін (бұрмаланған). Соңында, дәйектер дәлелденсе де, индивид ерекшеліктері туралы қорытындыға зерттеушінің жеке басының құштарлықтары мен пайымдаулары еніп кетуі мүмкін.

Корреляциялық әдіс. Корреляция әдісін бағалау

Клиникалық жағдайлар әдісінің шектеулерін жеңу үшін, зерттеушілер корреляциялық әдіс деп аталатын альтернативтік әдісті қолданады. бұл әдіс оқиғалар арасында және солардың ішінде өзара байланыс орнатуға тырысады. Айнымалы – кез-кел-ген өлшенуі мүмкін көлем. Мысалы, үрейлену – айнымалы, се-бебі оны өлшеуге болады және де адамдардың үрейленуінің кө-ріну деңгейі де әрқилы. белгілі бір дағдыны қажет ететін тап-сырманы орындау дәлдігі де өлшеуге болатын айнымалы болып табылады. бірқатар адамдардың үрейлену деңгейін, сондай-ақ со-лардың әрқайсының топпен бірге күрделі тапсырманы орын-даудағы әрекеттерінің дәлдік деңгейін өлшеп корреляциялық зерттеу жүргізуге болады. егер жарияланған нәтижелер басқа зерттеулермен дәлелденсе, онда үрейлену деңгейі төмен субъекті-лердің тапсырманы орындау дәлдігінің көрсеткішетрі анағұрлым жоғары деп санауға болады. тапсырманы дәлдікпен орындауға басқа да факторлар (мысалы, осыған дейінгі оны орындау тә-жірибесі, түрткі, интеллект) әсер етуі мүкін. болғандықтан, әрекеттердің дәлдігі мен үрейлену арасындағы байланыс толық сенімді емес, дегенмен де ол назар аударуды қажет етеді.

Корреляциялық зерттеу кезіндегі айнымалыларға сы-нақтардың нәтижесі, демографиялық сипаттамалар (жас, жыныс, өмірге келу реті және әлеуметтік-экономикалық мәртебе), өзін-өзі бағалау, түрткілер, құндылықтар мен ұстанымдар, физиология-лық реакциялар (жүрек соғысының жиілігі, артериалдық қан қы-сымы және тері-гальваникалық реакция), сондай-ақ мінез-құлық стилі. Корреляциялық әдісті қолданғанда психологтар жоғары бі-лімнің кәсіби жемістілікке әсері бар ма? өзін-өзі бағалау мен жалғыздықтың арасында өзара байланыс бар ма? деген тәрізді сұрақтарға жауап іздейді.

Корреляциялық әдіс ол сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруден басқа, бір айнымалының нәтижелері екіншісінің нәтижелеріне сәйкестігіне сандық баға берумен айналысады. ол үшін психологтар корреляция коэффи-циенті деп аталатын статистикалық индексті есептеп шығарады. Корреляция коэффициенті (кішкентай r әрпімен белгіленеді) бізге мынаны көрсетеді: 1) екі айнымалының тәуелділік деңгейін және 2) ол тәуелділіктердің (тікелей және теріс тәуелділік) бағытын көрсетеді.

Корреляция коэффициенті -1 (толық теріс немесе сәйкессіздік тәуелділігі) 0 арқылы байланыстың болмауы +1 (толық тәуелділік немесе тікелей тәуелділік) дейін. Нөлге жақын коэффициент өл-шенуші екі айнымалының бір-бірімен ешқандай да байланысы жоқтығын көрсетеді. Яғни Х айнымалысының үлкен немесе кіші көрсеткіші Y көрсеткішінің үлкен немесе кіші көрсеткіштерімен маңызды байланысы жоқ дегенді білдіреді. мысал ретінде мына екі айнымалыларды алайық: интеллеект пен дененің салмағы. Жалпы алғанда, толық адамдардың арық адамдарға қарағанда интеллектісі төмен немесе жоғары деп айта алмаймыз және керісінше, +1 немесе-1 корреляция коэффициенті екі айнымалы-ның арасында толық, бұлтартпас сәйкестік барлығын айта аламыз. Толық сәйкестік корреляциясы тұлғаны зерттеуде мүлдем кездеспейді деп айтуға болады, сондықтан да көптеген психологиялық айнымалылар бір-бірімен байланысты болса да, оның деңгейі соншалықты күшті емес. 0,30 және0,60 ше-гіндегі корреляция коэффициенті тұлғаны зерттеуде жиі кездеседі. Сондықтан да ғылыми болжам жасау үшін теориялық және практикалық маңызы бар. 0 мен 0,30 арасындағы кор-реляция коэффициентіне сақтықпен қараған жөн, олардың ғылыми болжам үшін құндылығы төмен.

Бір айнымалының үлкен көрсеткіштері басқа айнымалының үлкен көрсеткіштерімен байланысты болуы немесе бір айныма-лының аз көрсеткіштері басқа айнымалының аз көрсеткіштерімен байланысты болуы оң корреляция дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, екі айнымалы бірге үлкейіп, бірге кішірейеді. Мысалы, адамның бойы мен денесінің салмағы арасында оң корреляция бар. Жалпы алғанда, бойы ұзын адамдардың, бойы төмендерге қарағанда үлкен салмақты болу тенденциясы бар. Тағы бір оң корреляция – балалардың теледидар бағдарламаларынан көретін зорлық-зомбылық көріністерінің саны мен олардың өздерін аг-рессивті ұстауы арасында байланыстың болуы. Орташа алғанда, балалар теледидардан зорлық-зомбылық көріністерін неғұрлым жиі көрсе, соғұрлым агрессивті мінез-құлық танытады.

Теріс корреляция бір айнымалының жоғары көрсеткіштерінің басқа айнымалының төмен көрсеткіштерімен (және керісінше) байланыстылығын білдіреді. Кері корреляцияға мысал ретінде студенттердің сабаққа жиі келмеуі мен емтихандарды жемісті тапсыруы арасындағы байланысты алуға болады. Жалпы алғанда, сабақтан жиі қалатын студенттер емтиханда төмен баға алу тен-денциясын жиі байқатады. Сабақтан аз қалған студенттер жоғары бағалар алады. Басқа мысал – ұялшақтық пен табандылық. Ұялшақтық көрсеткіші бойынша жоғары ұпай алғандар сенімсіз мінез-құлық көрсетуге бейім, ал ұялшақтық көрсеткіші төмендер табандылық, сенімділік танытады.

Корреляция коэффициенті +1 немесе -1 неғұрлым жақын болса, зерттелінуші айнымалылардың арасындағы байланыс соғұрлым күштірек болады. +0,80 кор-реляция коэффициенті +0,30 корреляция коэффициентіне қа-рағанда екі айнымалы арасындағы анағұрлым күшті тәуелділікті көрсетеді. -0,25 корреляция коэффициентіне (r) қарағанда, -0,65 r айнымалыларының өзара күшті байланысын білдіреді. Кореляция коэффициенттің сандық мағынасына ғана тәуелді екендігін есте ұстаған жөн, коэффициент алдында тұрған «+» немесе «-» белгілері корреляцияның оң немесе теріс екендігін ғана білдіреді. Мысалы, r = 0,70 көрсеткіші де күшті корреляцияны аңғартады.



Корреляциялық әдісті бағалау.

Корреляциялық әдістің кейбір айрықша артықшылықтары бар. Эксперименталдық зерттеулер көмегімен тексере алмайтын айнымалылар жиынтығын зерттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, балалық шақта басыанн өткен жыныстық зорлық көрсету мен ересек жасындағы эмоционалдық мәселелер арасындағы бай-ланысты анықтау үшін корреляциялық талдауды қолдану әдептік тұрғыдан алғанда жалғыз тәсіл болуы мүмкін. Дәл осы тәрізді, адамның құндылық бағдарларының ата-ананның тәрбиелеуі арасындағы сәйкестік қаншалықты екенін анықтау үшін де осы әдісті қолдануға болады, себебі ата-ананың тәрбиелеу стилін эксперименталды бақылау әдеп тұрғысынан жөн болмағандықтан осы әдіс таңдалады.

Корреляциялық әдістің екінші артықшылығы шынай өмір жағдайында тұлғаның көптеген аспектілдерін зерттеуге мүм-кіндік береді. Мысалы, ата-ананың ажырасуының балалардың мектепке беімделуі мен мінез-құлқына әсерін анықтағымыз кел-се, ажырасқан отбасы балаларының әлеуметтік және ака-демиялық жетістіктерін белгілі бір уақыт аралығында жүйелі зерттеуіміз қажет. Үшінші артықшылығы, кейде оның көмегімен бір айнымалыны білу арқылы, басқа бір айнымалыны алдын-ала болжауға болатындығында.
10 тақырып. Креативтілікке психологиялық диагностика жүргізу

Жоспар

1 Креативтілік туралы түсінік

2 Креативтілік параметрлері

Креативтілік немесе шығармашылық қабілет Гилфордтың интеллект құрылымының текше тәріздес үлгісі туралы жұмысы жарияланған соң белсенді түрде зерттеле бастады. Онда ол 1) белгілі бір жолмен жүріп, нақты бір шешімге келетін кон-вергенттік ойлау мен 2) мәселені шешудің вариативтік жол-дарын тауып, күтпеген нәтижелерге алып келетін дивергенттік ойлауды (немесе шығармашылық ойлауды) бөліп көрсетті.

«Ақыл-ойы орташа» адамдардың интеллектісі мен шығармашылық қабілеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Ин-теллектісі қалыпты адамдардың шығармашылық қабілеттері де қалыпты болып келеді. Тек белгілі бір деңгейден бастап ин-теллект пен шығармашылықтың жолдары ажырай бастайды. Ол деңгей 120-ға тең IQ облысында жатыр. Интеллект коэффи-циентін тесттермен өлшеуге болады. Қазіргі кезде интеллектіні бағалау үшін Стенфорд-Бине тесті мен Векслер шкаласы қолданылады. IQ деңгейі 120-дан жоғары болғанда шығарма-шылық пен интеллектуалдық іс-әрекет арасындағы корреляция жойылады, себебі шығармашылық ойлаудың өзіндік ерекшелік-тері бар және ол интеллектімен бірдей емес.

Шығармашылық ойлау:


  1. Иілгіш, яғни қарапайым адамдар бір немесе екі ғана ше-шімін тапқан жағдайда, шығармашылығы жоғары адам-дар көптеген шешім ұсынулары мүмкін;

  2. Шапшаң, ширақ, яғни шығармашылық ойлау үшін мә-селенің бір қырынан екіншісіне ауысу еш қиындық ту-дырмайды;

  3. Айрықшалық, ол күтпеген, қарапайым емес, ерекше ше-шімдер тудырады.

Ешкім де интеллектуал немесе шығармашылықты болып ту-майды. Барлығы тек әрқайсымызға әрқилы деңгейде берілген қа-білеттерді іске асыру үшін қоршаған ортаның берген мүмкін-діктеріне байланысты.

Фергюсон «шығармашылық қабілеттер туындамайды, олар босатылады», деп көрсетті.

Қабілеттер мен шығармашылық деңгейі үнемі корреляцияға жатпайтындықтан, интеллектуалдық дарындылық пен өнімділік және шығармашылық дарындылық пен өнімділіктің ара жігін ажырататын анықтаманың қажеттілігі туындады. Осы соңғы тү-сінік креативтілік коэффициенті (Cr) деген атау алды. 1960 жылы Гетцельс пен Джексон интеллект пен креативтілік көр-сеткіштерінің арасында корреляция болмайтындығы жайында де-ректерді жариялады.

Шығармашылық дарындылық және шығармашылық өнім-ділік басқаша параметрлермен сипатталады:



-Ойлау байлығы (уақыт бірлігіне шаққандағы жаңа идеялар саны);

-Ойдың иілгіштігі (бір тапсырмадан екіншісіне ауысу жылдамдығы);

-Айрықшалық;

-Білімқұмарлық, әуесқойлық;

-Болжам жасауға қабілеттілік;

-Иррелеванттылық – реакцияның стимулға логика-лық тәуелсіздігі;

-Қиял-ғажайыптылығы – стимул мен реакцияның белгілі бір логикалық байланыстылығы бола тұра, жа-уаптың шындықтан алшақтығы.

-Гилфорд креативтіліктің 6 параметрін бөліп көрсетеді:

  1. Мәселені байқау және қоя алуға қабілеттілік.

  2. Неғұрлым көп идея шығара алуға қабілеттілік.

  3. Аяқ астынан пайда болған семантикалық иілгіштік – алуан түрлі идеяларды шығара алуға қабілеттілік.

  4. Айрықшалық – алшақ ассоциация, ерекше жауаптар, стандарттық емес шешімдер шығаруға қабілеттілік.

  5. Бөлшектер қоса отырып, объектіні жетілдіруге қабі-леттілік.

  6. Семантикалық иілгіштікті көрсете отырып стандарттық емес мәселелерді шеше алуға қабілеттілік – объектіден жаңа белгілерді көру, қолданудың жаңа түрін табу.

Гилфорд Cr-ті диагностикалауға арналған тесттер батареясын құрастырды (10 тест – вербалдық Cr., 4 тест – вербалдық емес Cr. арналған). Cr-ке арналған кейбір тапсырмалардан мысал кел-тірейік: «Сөз қолдану жеңілдігі» тесті («О» әрпі неғұрлым көп сөз жазыңыз); «Идеяның жылдамдығы» тесті (түсі ақ болуы мүмкін заттар мен құбылыстарды білдіретін неғұрлым көп сөз жазыңыз); «Идеяның оралымдылығы», «Заттарды қолдану икемділігі» тесті (консерві банкісін қолданудың неғұрлым көп түрін көрсетіңіз); «Бейнелер құрастыру» тесті (үшбұрыш, шаршы, шеңбер, тра-пеция пішіндер жиынтығын қолданып неғұрлым көп бейнелер құрастыру).

Торранс Cr-ті зерттеуді әрі қарай жалғастырды, бірақ ол білімдегі кемшіліктер мен орны толмай тұрған бос жерлерді өткір қабылдауға қабілеттілік пен дисгармонияны сезе білуді де креа-тивтілік деп түсінуді енгізді. Торранс мектепалды балаларынан үлкендерге дейін Cr – к тесттер топтамасын құрастырды, бала-лардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын бағдарлама құ-растырды: бірінші кезеңде сыналушыларға конвергенттік ой-лауды жаттықтыруға арналған анаграммалар (мағынасыз орна-ласқан әріптерден сөз іздеу). Соңынан сыналушыға түрлі заттар беріліп, соларды қолданудың алуан түрлерін атау ұсынылады. Торранс бойынша, қабілеттер жаттығуының мұндай тәсілі адам-ды сыртық қоршаудан босатып, ол шығармашылықты және стан-дартсыз ойлай бастайды. Торранс батареясының құрамына шы-ғармашылықтың үш аймағын зерттейтін 12 тест кіреді: сөздік шығармашылықты ойлау, бейнелеу шығармашылықты ойлау және сөздік-дыбыстық шығармашылықты ойлау. Торранс Cr – к деңгейін бағалау үшін мынадай көрсеткіштерді қолданды:



Жеңілдігі – тапсырманы орындау шапшаңдығы.

Иілгіштігі – жауап беру барысында бір нысандар сы-ныбынан екінші нысандар сыныбына ауысу саны.

Айрықшалығы – біркелкі топ сыналушылар жауап-тарының арасында сол жауаптың неғұрлым аз кездесуі. Егер белгілі бір жауап 1 % - дан аз кездессе (яғни, 100 адамның 1 осындай жауап берсе), онда айрықшалыққа ең жоғарғы 4 ұпай беріледі, егер 2 %-дан аз кездессе – 3 ұпаймен бағаланады, егер 6 %-дан көп (100 адамнан 6-7 адам бірдей жауап берсе), онда айрықшалық жоқ, 0 ұпай беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет