Психодиагностикалық зерттеу жүргізудің әдебі
Өкінішке орай, отандық психодиагностиканың диагнос-тикалық зерттеулерінде туындайтын әдеп мәселелеріне аз мән беріледі.Соңғы жылдары ТМД көлемінде құрастырылған (мыса-лы, Ресейде, Украинада) психологтың әдеп кодексі жалпылама түрде, бастысы – оларды жүзеге асыруды қадағаланбайды. Пси-ходиагностика саласындағы шетел психологтарының, маман-дардың жұмыс тәжірибесі тесттерді басып шығару және қол-дануда көптеген әдеп мәселелеріне кезігеді. Америкалық психо-логиялық ассоциацияның қабылдауымен шыққан психологтың практикалық, оның ішінде психодиагностикалық іс-әрекетін рет-теудің нормативтік-құқықтық нормаларын үлгі етуге болады (то-лығырақ А.Анастазиді, С.Урбинаны қараңыз, 2001). Шетел пси-хологтары атап көрсеткен кейбір мәселелерге тоқтала кетейік.
Тесттер «Психологиялық және білім тесттеріне арналған стандарттарда» сипатталған талаптарға, ал психологтың іс-әрекеті «Әдеп стандарттарымен және мінез-құлық кодексі-мен» реттелуі керек. Тестті қолданушы оның валидтілігі мен сенімділігі, оны қолданудағы шектеулер жайлы мағлұматы болуы керек. Тесттерді іріктеуге, алынған нәтижелерді интер-претациялауға баса мән беру керек. Кез-келген диагностикалық құрал зерттеу мақсатына сәйкес келуі қажет. Кәсіби психо-логиялық құралдарды кез-келгеннің қолдануына жол берілмеуі қажет. Компьтерленген тесттермен жұмыс жасауға ерекше талап-тар қойылады. Компьютерлік сынақты ешқашанда психологсыз өткізуге болмайтындығын есте ұстау қажет. Әдістемелерді теріс пайдалану қолданушының өзі туралы, өзінің мүмкіндіктері жа-йында бұрмаланған пікірлердің пайда болуына, көп жағдайда психологиялық жарақаттаушы ықпал етуі мүмкін. Тесттердің конфиденциалдылығына үлкен мән беріледі.
Ешбір психолог тесттердің барлығын бірдей білуі мүмкін емес, сондықтан да алдын ала дайындалу артық емес. Кейбір тесттерді қолдану арнайы білімдерді және оқытуды қажет етеді. Мысалы, Калифорниялық психологиялық сауалнамамен жұмыс жасау үшін АҚШ-да қабылданған талаптар бойынша психо-логтың лицензиясы болуын талап етеді. Зерттелінуші өзіне ұғынықты түрде тесттің мақсаты жайында, сондай-ақ алынған нәтижелердің қалай қолданылатындығы жайында мағлұматтар алуы қажет. Сонымен қоса, ол тесттің нәтижесін білуге құқылы.
Психодиагностика саласындағы маман адамдармен жұмыс жасап қана қоймайды, оның оларға ықпал ете алатын үлкен мүмкіндіктері бар, ол үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Біздің зерттеулеріміздің зерттелінуші үшін тұлғалық мағынасы бар екендігін естен шығармауымыз қажет. Осыдан психологтың кә-сіби әдебінің маңызды талаптарының бірі – тұлғаға моралдық зиян келтірмеу. Психологиялық диагностикада «айдар тағу», зерттелінушіге жоғарыдан қарау тәрізді мәселелер мүлдем бол-мауы керек.
7 тақырып. Психодиагностиканың психометрикалық негіздері. (Тест құрастырудың негізгі кезеңдері)
Жоспар
-
Тапсырмалар санын анықтау (тесттің спецификасы)
-
Тапсырмаларды құрастыру
-
Тестті безендіру
-
Алғашқы қолданылуы (пилотаждық зерттеу)
-
Тапсырмаларды талдау
-
Тесттің сенімділігін анықтау
-
Факторлық талдау
-
Тесттің сенімділігі
-
Тесттің валидтілігі
-
Тесттің стандартталуы
Тапсырмалар санын анықтау (тесттің спецификациясы)
Тестті құрастырмас бұрын оның не үшін қажет екендігін нақ-ты білу қажет. Сондықтан да алғашқы қадам болашақ тесттің мақсатын анықтаудан басталады. Содан соң болашақ тесттің спецификациясын құрастыруға мән беру қажет. Оны кесте тү-рінде беру ыңғайлы, онда көлденеңінен, өлшенуі қажетті маз-мұндық аймағы, ал тігінен – олардың манифестациясы немесе мазмұндық аймағы көрінуі мүмкін жолдар орналасуы қажет.
Мысалы, Дж. Руст пен С.Голомбоктың (Rust, Golombok, 1988) «жұбайлардың мәртебесінің сауалнамасы» құрастыруда са-рапшылар ретінде, отбасылық терапевттер мен кеңес беру-шілердің, сондай-ақ осы мамандардың клиентерден алған мәлі-меттеріне сүйенген. Сарапшылардан әйел мен еркек арасындағы өзара қарым-қатынас салаларының, олардың пайымдауынша үй-лесімді отбасы үшін аса маңыздыларын атауды өтінді. Клиент-терден алынған ақпарат жұбайлардың өзгеріс енгізгісі келген отбасылық өмірдің мәселесі бар аймағын аңғаруға мүмкіндік бе-реді. Осының негізінде «ортақ қызығушықтар мен тәуелділік-тә-уелсіздік деңгейлері», «вербалдық – вербалдық емес коммуни-кация», «сенім мен құрмет» және т.б. тәрізді мазмұндық аймақтар бөлініп көрсетілді. Болашақ тесттің мақсатын айқын түсіну өл-шенетіннің тізімдер қатарын құруды жеңілдетеді. Мани-фестацияның спецификациясы кезінде оларды жүзеге асырудың түрлі формаларын қамтамасыз ету қажет. Мысалы, жоғарыда аталған сауалнаманы құрастырғанда «қарым-қатынаста байқала-тын ұстанымдар мен сезімдер» жұбайлар арасындағы «вербалдық және вербалдық емес коммуникациялар» манифестациясы ретін-де қарастырылды.
Практикалық тұрғыдан әрбір ось бойынша 4-тен 7-ге дейін категориялар құрастырылады. Категориялардың аздығы сауал-наманы тым тарылтып, ал ал көптігі сауалнаманы құрастыру үрдісін тым күрделендіріп жібереді. Нәтижесінде тор пайда болады, оның ұяшықтар саны, мінез-құлық манифестациясының санына көбейтілген зерттеу үшін жоспарланған параметрдің санына тең.
Кесте 3.1
Болашақ сауалнаманың спецификациясы
Манифестациялар
|
Мазмұндық аймақтар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сауалнама құрастыру кезінде тор ұяшықтарының өлшемі 16-дан 25-ке дейін (мысалы, 44, 4х5, 54 немесе 55) нақты құрастыруға, ұсынуға және өңдеуге болатын тест ұзындығы үшін ең тиімдісі деп саналады.
Әрі қарай, әрбір ұяшық үшін қанша тапсырма, мысалы сұрақ болуы керектігін анықтау қажет. Бұл міндетті шешу кезінде па-раметрлердің ішіндегі біреуін өлшеудің басқасына немесе бас-қаларына қарағанда қандай маңызы барлығын зерттеуші бас-шылыққа алуы қажет. 1.1. кестесінде көрсетілген торда А және В деп белгіленген мазмұндық аймақтарға салмақтың 40 %, ал С және D - салмақтың 10 % қосу керек. Ал әрбір А, В, С, D мани-фестацияларына 25 % салмақ беріледі. Жалпы алғанда барлық мазмұндық аймақтар (көлденеңінен) мен манифестациялардың (тігінен) пайыздық салмағы 100 % болуы тиіс. Пайыздық сал-мақтардың бұлайша орналасуы әрбір ұяшық үшін барлық тап-сырмалардың қанша бөлігін құру қажет екендігін көрсетеді. Ке-лесі қадам тестке қанша тапсырма енгізу қажеттігін шешуден тұрады. Бұл жерде тордың өлшемін және тапсырмаларды орын-дауға кететін уақыт тәрізді факторларды ескеру қажет. Тап-сырмалар санын анықтау кезінде зерттеуші алдынан екі дилемма шығады: бір жағынан, тесттің сенімділігі, ол тапсырмалар санын көбейтуді талап етеді, екінші жағынан – зерттеу жүргізу бары-сында зейінді шоғырландыруға жағдай жасауды білдіретін, зерт-телінушінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тапсырмалар санының неғұрлым аз болуы. Сауалнаманың сенімділігіне қол жеткізу үшін, ол орындау уақыты 10 минуттан аспайтын 20 тап-сырмадан аз болмауы қажет. Сонымен қоса, тест тапсырмалары-ның санын анықтауда зерттелінетін контингенттің ерекшеліктері де маңызды рөл атқарады. Құрастырушылар жүргізген бастапқы (пилоттық) зерттеулердегі тесттің алғашқы нұсқасының тапсыр-малар саны, соңғы нұсқаға енгізілетіндерден 50% көп болуы ке-рек.
Тордың әрбір ұяшығының пайыздық салмағы анықталып жә-не тесттің пилоттық нұсқасына арналған тапсырмалар саны бекі-тілген соң, әрбір ұяшық үшін қанша тапсырма құрастырылғанын есептеу қиын емес. Төмендегі тор (Rust, Golombok, 1989) 80 сұ-рақтан тұратын сауалнама көмегімен пилотаждық зерттеу жүргі-зуге қажетті, әрбір ұяшыққа арналған тапсырмалар санын құ-райды. (кесте 1.1)
Кесте 3.2
Сауалнаманың мазмұндық аймақтарының – манифестациялар мен тапсырмалар санының пайыздық салмағын анықтау
Манифестациялар
|
Мазмұндық аймақ
|
Тапсырмалар саны
|
А B C D
40 % 40 % 10% 10 %
|
A (25%)
B (25%)
C (25%)
D (25%)
|
8 8 2
2
8 8 2 2
8 8 2 2
8 8 2 2
|
20
20
20
20
|
Тапсырмалар саны
|
32 32 8 8
|
80
|
Әрбір ұяшықтың тапсырмалар санын есептеу үшін тұлға-ның кейбір қасиеттерін өлшеуге арналған тапсырмалардың жал-пы санын, мінез-құлық көріністерінің пайыздық салмағына кө-бейтеміз. Мысалы, тордағы ұяшықтың сол жақ шетіндегі тап-сырмалар санының қатынасы 25 % 32 тапсырмаға тең, ол 8 тап-сырманы құрайды – 25 / 100 32 = 8. Егер әрбір ұяшық үшін тапсырмалардың тұтас саны шықпаса, оны дөңгелектеу керек.
Тапсырмаларды құрастыру
Әрбір тапсырмада тек бір сұрақ немесе пікір болуы мүмкін екендігін ең алдымен көрсету қажет. «Осы адам немесе басқа адамдар үшін», «басқалар тәрізді» және т.б. типте құрастырылған тапсырмалардың болмауын қадағалау керек. Әрбір тапсырма (сұ-рақ) өте анық және қарапайым құралуы тиіс. Мағынасы бұ-лыңғыр түйіндерден аулақ болып, неғұрлым қарапайым жауаптар нұсқаларын ұстанған жөн. Зерттелушілер бұл тапсырма қандай сапаны өлшеуге арналғанын сезбеулері қажет. Олай болмаған жағдайда олардың жауаптары, ахуалдың шынайы көрінісінен емес, өз бойындағы осы сапа жайындағы көзқарасынан тұратын болады.
Тапсырмалар зерттелінуші мінез-құлықтың жалпы аймақ-тарын емес, нақты аспектілерін қамтуы қажет. Мысалы, «Сізге спорт ұнайды ма?» дегеннен гөрі, «Сіз қандай да бір спорттық ойынмен жиі айналысасыз ба?» деген нақты сұрақты қолданған жөн.
Мүмкін болса, «жиі», «сирек» және т.б. сөздерді қолданудан бас тартқан абзал. Басқаша айтсақ, тапсырмаларды құрастыруда әрекеттердің жиілігін көрсететін сөздерді өте сақ қолданған жөн. Мысалы, «Сіз спирттік ішімдіктерді жиі қолданасыз ба?» деген сұрақ ахуалдың шынайы көрінісін емес, зерттелушінің субъек-тивтік пікірін білдіреді. Сондай-ақ сезімдерді білдіретін тер-миндерден аулақ болған жөн. Одан гөрі тапсырманы мінез-құлық контексінде ұсыну керек. Мысалы, «Сіз көркем әдебиет оқы-ғанды ұнатасыз ба?» деген тапсырманы «Сіз көркем әдебиетті үнемі оқисыз ба?» деген сұраққа ауыстырған жөн.
Ұсынылған жауаптарды сыналушының қабылдауы өте ма-ңызды. Сыналушы дұрыс емес деп қабылдаған жауаптар таңдал-мауы мүмкін.
Тапсырмлаар құрастырылып болған соң, оларға қайта ора-лып, түйіндерді тағы бір рет бағалап шығу қажет. Ол үшін екі-үш сарапшыны шақыруға болады. Тұлға сауалнамаларында әдетте тапсырмалардың үш типі қолданылады. дихотомиялық, трихо-томиялық және рейтингтік шкаласы бар тапсырмалар. Альтер-нативтік таңдауы бар тапсырмалар (дихотомиялық) кең таралған, олар түсінуге оңай, өңдеуі жылдам. Оларға жауап беру үшін көп уақыт кетпейді. Бірақ зерттелушілер ұсынылған аль-тернативаға көңілдерінің толмауы, жауап нұсқаларының көп болуын қалауы бұлардың кемшіліктеріне жатады. Трихотомиялық тапсырмалар (жауаптың үш нұсқасы «иә», «жоқ», «білмеймін») да көп таралған, альтернативаға қарағанда сыналу-шының өзін неғұрлым дәл көрсете алуы олардың артық-шылықтары болып табылады. Жауаптардың екіден көп болуы-ның кемшілігі жауаптың нейтралдық нұсқаларын таңдау ұста-нымдарын бекітуі мүмкін («білмеймін», «кейде» және т.б.).
Жауап нұқсаларының санына қойылатын арнайы ережелер жоқ. Рейтингтік шкаланы қолданатын сауалнамаларда жетіден артық жауап болмағаны дұрыс. Құрастырылушы сауалнамада тапсырмалардың тек бір типін ғана қолданған дұрыс.
Тұлғалық сауалнамалар тапсырмаларын құрастыруда туын-дайтын негізгі мәселелер ұмтылушы (установка) факторлардың актуализациясы. Келісуге ұмтылу (установка на согласие) кері тапсырмаларды енгізу арқылы жоюға болады, олардың саны «тікелей» тапсырмалар санына тең болуы қажет. Мысалы, «Мен өз анаммен қарым-қатынасыма ризамын» пайымдауын «Мен өз анаммен қарым-қатынасыма риза емеспін» пайымадуымен то-лықтыруға болады. Кері тапсырмаларды енгізгенде олардың ма-ғынасын тексеру қажет. Қосарланған теріс пайымдаулардан да аулақ болған жөн.
Сауалнама тапсырмаларынан сыналушы әлеуметтік қолдау – қолдамау тұрғысынан баға беруі тиіс жауаптарды алып тастау арқылы әлеумет қолдайтын жауапқа ұмтылуды азайтуға бо-лады. Егер белгілі бір себептермен оған қол жеткізу қиын болса, онда сыналушы өзін жақсы жағынан көрсететін жауапқа ұм-тылмас үшін, жанама сұрақтарды енгізген жөн. Мысалы, «Адам-дар үнемі маған қарсы әрекеттер жасап жүреді» (параноидтық тенденцияларды анықтау) пайымдауын «Мен кейбір адамдарға толық сенемін» деп ауыстыруға болады. Бұл ұмтылумен тиімді күресу үшін, сыналушының әрбір сұраққа көп ойланбай жауап беруін талап ету керек.
Кейбір зерттеушілер сауалнама құрастыру барысында әлеу-мет қолдайтын жауаптарға ұмтылатын тұлғаларды анықтайтын арнайы тапсырмалар топтарын қолданады. Ол тапсырмалар бар-лық адамдар жасайтын болмашы теріс қылықтардан тұрады. Мы-салы, «Мен ешқашанда өтірік айтпаймын» немесе «Мен кез-десулер мен шақыруларға үнемі кешікпей Екіұшты жауаптарға ұмтылудан (орташа категориядағы жауаптар) бас тарта алмаған жағдайда, сыналушының мұндай жауаптарға ұмтыл-мауын сауалнаманың нұсқаулығында атап көрсетілуі тиіс және зейіннің шашыраңқылығына, соның негізінде «ең жеңіл жауап-ты» таңдауға алып келмес үшін, ондай сұрақтар көп болмауы керек. Тапсырмалар орташа категориядағы жауаптарды таңдауға ұмтылмайтындай болып құрастырылуы қажет.
Ең шеткі жауаптарға ұмтылу әдетте рейтингтік шкалаларда көп қолданылады. П.Клайнның пікірі бойынша, ең шеткі жа-уаптардың әрекетінің нәтижесінде, сыналушының таңдауына кең мүмкіндік беретін рейтингтік шкалалардың артықшылықтары жо-йылып кетеді.
Қорытындылай келе, Гилфордтың нақтылығы жоқ, анық-талмаған және біркелкі емес тапсырмалар аталған ұмтылулардың пайда болуына жол береді деген пікірін еске түсіруге болады.
Тестті безендіру.
Кез-келген сауалнама негізгі ақпараттар бөлімінен, оның атауынан, сондай-ақ аты-жөнінен, жынысынан, білімінен және зерттеушіге қажетті тағы да басқа мәліметтерден тұрады.
Нұсқау түсіну үшін айқын және қол жетімді болуы қажет. Онда жауапты қалай таңдау және оны жауап парағында қалай белгілеу керектігі көрсетіледі. Осы жерде құрастырушының сы-налушыға жеткізу керек деп тапқан қосымша ақпараты да тұра-ды. Мысалы, «неғұрлым жылдам жауап беруге тырысыңыз» не-месе «біздің сізге қажетті көмегімізді көрсете алуымыз үшін, әр-бір сұраққа шынайы жауап беруіңізді сұраймыз». Сыналушының тиімді жұмыс жасауына ықпал етеін ақпараттың, мысалы құпия сақталатындығының астын сызып қою керек.
Сауалнаманың мәтінін жинақтау үшін мына нұсқауларды бас-шылыққа алған жөн.
-
Әрбір тапсырма нөмірленеді.
-
Беттегі әрбір жол қысқа және 10-12 сөзден аспауы қажет.
-
Барлық тапсырмалар тік жолмен жоғарыдан төмен қарай беттің сол жақ бұрышында орналасуы қажет.
-
Жауап нұсқалары, беттің оң жақ бұрышынан жоғарыдан төмен қарай тігінен орналасуы керек. Әрбір тапсырма мен жауаптар нұсқаларының арасында визуалдық байланыс орнауын қамтамасыз ету қажет. Оны тапсырмалардан жа-уап нұсқаларына қарай үзік сызықтардың көмегімен жүзе-ге асыруға болады. Мысалы,
-
------------------------------------ иә білмеймін жоқ
-
------------------------------------ иә білмеймін жоқ
-
------------------------------------ иә білмеймін жоқ
-
Әрбір тапсырма бір-бірінен бөлек тұруы керек, оны көл-денең сызықтан гөрі, бос кеңістікті қолданып жасаған жөн.
-
Егер бірнеше тапсырмалар типі қолданылса, бірдей тап-сырмаларды топтастырған жөн. Тапсырмалардың әр типі-нің өзінің нұқсаулары және жауап нұсқалары болуы тиіс.
-
Сауалнама эстетикалық тартымды түрде басылуы қажет. Оған компьютерлер арқылы қол жеткізуге болады. Сауал-нама дизайны оны формалдық құжат немесе ойынға жа-қын (шрифттің, қағаз түсінің және тапсырмалардың ор-наласуының ерекшелігі) қабылдауға ықпал етуі мүмкін.
-
Әдетте зерттеу нәтижелері сауалнамаға қосылмайды, бі-рақ кейбір жағдайларда сыналушы жұмыс жасап отырған бланкке психолог толтыратын қорытынды блок кіруі мүм-кін.
Алғашқы қолданылуы (пилотаждық зерттеу)
Тест тұлғаның қандай ерекшеліктерін зерттеуге арналған бол-са, пилотаждық зерттеуге қатысатын тұлғалардың да соған ерек-шеліктері болуы керек. Алынған мағлұматтар сауалнаманың соң-ғы нұқсасына ең жақсы тапсырмаларды таңдауға көмектеседі.
Егер, мысалы, сауалнама ішімдікке байланысты мәселесі бар тұлғаларды зерттеуге арналса пилотаждық зерттеуді тиісті кеңес беру орталықтарында, клиникаларда жүргізуге болады. Сауал-нама кез-келген, айталық, үлкендерге де, психикасы қалыпты популяция өкілдеріне де қолданылатын болса, зерттелушілердің репрезентативтік тобын құру қажет. Спецификалық топ таңдауға қарағанда, бұны жүзеге асыру қиынырақ. Әдетте іріктеу қөп уақытты алады, сондықтан да пилотаждық зерттеу кезінде оны-мен айналысудың қажеті жоқ. Егер репрезентативтік іріктеуді құ-ру мүмкін болмаса, әдетте репрзентативтікке жақын іріктеуді құруға болады. Пилотаждық зерттеуге қатысатын тұлғалар демо-графиялық көрсеткіштері, яғни жасы, жынысы, әлеуметтік мәр-тебесі бойынша айырмашылықтары болуы қажет. Сауалнаманың пилотаждық зерттелуін неғұрлым көп сыналушыларға жүргізген жөн. Пилотаждық зерттеуге қажетті респонденттердің ең аз саны, тапсырмалар санынан екі есе көп болуы қажет. Пилотаждық зерттеуді мүлдем жүргізбегеннен гөрі, сыналушылар аз болса да, өткізген абзал.
Тапсырмаларды талдау
Пилотаждық зерттеуден алынған мағлұматар бойынша тапсырмаларды талдаудың мақсаты сауалнаманың соңғы нұс-қасына ең үздік тапсырмаларды іріктеу болып табылады және оған дұрыс жауап бергендердің үлесін анықтау (кілтке сәйкес) мен әрбір тапсырманың дискриминанттылығы кіреді. Алғашқы қадамы әрбір бағаны (a, b, c, d және т.б.) тапсырмадан, ал әрбір жолы (1,2,3,4,5 және т.б.) - зерттелушіден тұратын тапсырма-ларды талдау кестесін құрудан (кесте 3.3) басталуы тиіс. Тұлғалық сауалнамаларды құрастыру туралы сөз болғанда, кес-теге әрбір тапсырмаға тиісті ұпай жазылады, бұл жерде кері тапсырмалардың (кері мазмұнды) да тікелей тапсырмалар тәрізді, бірақ бағалау континуумнының қарама-қарсы бағытында баға-ланатынын ескеру қажет. Содан соң әрбір қатар бойынша (сыналушылар) жалпы ұпай және әрбір баған (тапсырмалар) бо-йынша жалпы ұпай алу үшін әрбір тордың ұпайлары қосылады.
Кесте 3.3
Тапсырмаларды талдауға арналған матрицаның үлгісі
Зерттелушілер
|
Тапсырмалар
|
Барлығы
|
a
|
b
|
c
|
d
|
е
|
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
1
0
1
1
0
|
1
1
0
0
0
|
0
0
0
0
0
|
1
0
1
0
1
|
1
1
1
1
1
|
4
2
3
2
2
|
Барлығы
|
3
|
2
|
0
|
3
|
5
|
13
|
Достарыңызбен бөлісу: |