Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


Дәріс сабақтарының мазмұны



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#133837
1   2   3   4

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 тақырып. Кіріспе. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері, қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні.

Жоспар

  1. Студенттерді қазіргі жаңа жас ерекшелік психологиясының кұрылымымен, методологиялық негіздерімен, жас ерекшелік құрылымының аспектілерімен, жеке адамның психикалық сфераларының дамуымен, даму коррекциясымен, диагностикасымен таныстыру.

  2. Даму психологиясындагы жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі зксперименталды зерттеулердің мәндерін, жас ерекшелік психологиясындагы теория мен практиканың байланысын ашу.

  3. Жас ерекшелігінің дамуының фундаменталды және қолданбалы зерттеулерімен студенттерді таныстыру.

Жас ерекшелік психолоиясы психологияның басқа да салаларымен ( еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т.б.) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т.б. байланысты.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұ л- әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ( мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б. ) ерекшеліктері де енеді.

Жас ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, блаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Адамның өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты, психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес

жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:

1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /

2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /

3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /

4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /

5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /

6. Жоғары сырып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /

7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /

8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /

9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /

10. Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /

11. Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /

2 тақырып. Психикалық дамудың заңдылықтары.

Жоспар


  1. Психикалык дамудың жылжымалы күштері және қайнар кездері.

  2. Дамудың табиғи алғышарттары. Психикалык дамуда тәрбиелеу мен окытудың басты ролі.

  3. Сензитивтік кезеңнің және жетекші іс-әрекеттің әлеуметтік жагдайының даму түсінігі.

Даму психологиясының өмірге келуі 19 ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни психологияға генетикалық идеяның енуімен байданысты. Даму психологиясының одан әрі өрлеуіне Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары айтарлықтай әсер етті. Ол психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында психологиялық экспериментті даму психологиясында қолданудың арнай жолдары табыла қоймады. Эксперименттің психологиядағы едәуір жетістіктері ( Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауездің ес процесін зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен қимыл-қозғалыстың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттегендері, және т.б. ), осындай зертеу жетістіктеріне сүйене отырып, даму психологиясы өрістей бастады.

Адамның өзіндік даму жолындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әсіресе өмірдің алғашқы кезеңдеріне аса көңіл аудару қажет. Осындай пікірді қолдайтын психологтар, бала өмірінің ерекшеліктеріне, әсіресі оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне көңіл аударды. Мәселен, Ж.Ж.Руссо “Бала-кішкентай ересек адам” – деген жалпы қорытынды жасады. Кейіннен, Кеңес елдерінде, АҚШ-та өрістеген көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың байқаулары, есте сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша сапалық ерекшеліктері болатыны анық.

Маркстік-Лениндік философияның негізгі қағидаларына және диалектика қағидаларына, физиология саласындағы жоғары жүйке қызметіндегі жаңалықтарға сүйене отырып, кеңес ғалымдары адамның даму процесі (онтогенезі) табиғат құбылыстары мен адам адам қоғамындағы кез келген әсер ететін заңдарға бағынған, бірақ бұл заңдар адамынң жеке бас ретіндегі, жаңа қоғамды құрушы азамат ретіндегі психикалық даму процесінің ерекшелігіне сәйкес өзгешелік болып табылады.



Жас ерекшелік психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму проблемасы, мұндай дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты проблема.

20 ғасырдың басында даму психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші 2 ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік

факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа деген сөз емес. Биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.

Биогенетикалық бағытқа «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуына жеңіл-желпі, атүс тіүсіну тенденциялары жатады. Биогенетиктер үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болғанымен, биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы болып есептелінеді. Биогенетиктердің пікірінше, даму жеке адамның сапалық және сандық жақтары міндетті түрде тұқым қуалаушылықпен анықталады, ал орта- бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.

Биогенетикалық заңды ең алғаш тұжырымды алғаш ашқан 19 ғасырда Геккель болды. Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психика лық дамуы жатады, ал сы ртқыц фактор ретінде қайсыбір тұқымқуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге жарамды болады деген идея жатқызылады.



Әлеуметтік-генетикалық бағытты қолдаушылардың пікірінше, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті, қоршаған орта қандай болса, оның мінез-құлықтарының механизмі, да му жолдары, сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер секілді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам белсінділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік ортада көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қала йша қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалды

3 тақырып. Бала психологиясының дамуындағы негізгі багыттар.

Жоспар

  1. Бала психологиясының дамуындагы биогенетикалык және социогенетикалык багыттар.

  2. Генетикалык және конвергенция теориясы.

  3. Л.С.Выготскийдің жогаргы психикалық функцияларды дамыту теориясы.

Психология ғылымының бір саласы бола отырып, педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні – бақылау мен эксприментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады. Психологиялық-педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мысалы , жас ерекшелік психологиясындағы бақылаулар, көбіне бала психикасының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеу сипатына күнделікті жазу түрінде болады. Француздардың белгілі марксист – псиголог А.Валлон 1952 жылы : “Білімнің түрлі саласында эксперимент қарапайым бақылауды ығыстырып отыратын болса, психолгияның көпшілік бөлімдерінде бақылаудың рөлі басымырақ болып қала береді... Балалар психологиясы, былайша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясы тек қана бақылауға негізделеді.”. Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында психологиялық эксперименттің рөлі айтарлықтай өсті. Психологиялық-недагогикалық зерттеулерде пайдалануының жиілігі жағынан лабораториялық эксперимент баланы зерттеуде жетекші рөл алып жүрген табиғи экспериментке ғана жол береді. Оқу тәрбие процесі жағдайында жүргізілетін табиғи эксперимент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерімен жеке ащдам арасындағы қатыастарды тәжірибенің табиғи жағдайға жақын әлуметтік ұйымдастырылған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Елімізде педагогикалық-психология үшін табиғи эксперименттің ерекше түрі- қалыптастыру экспериментті өте маңызды болып есептеледі. Бұл жерде сыналушылардың іс әрекетінде болатын өзгерістер зерттеушінің (педагог рөлін атқаратын) сыналушыға (оқушыға) белсенді әсер етуі нәтижесінде бақыланып отырады. Мысалы бастауыш мектеп жасында абстрактылы ұғымдарды меңгеру мүмкіндігін дәлелдейтін деректер бірсыпыра оқыту эксперименттін жүргізу нәти жесінде алынады. Психологиялық-педагогикалық мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі- егіздер әдісі деп аталынады.Оның мәні- бір жұмыртқадан өрбіген егіздер дің психикалық дамуын бақылаулар мен экспери мент жағдайларында салыстырып көру.Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бір деңгейлігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынын болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді.Зерттеуші психиканың қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Бірнеше қайталанылатын мұндай кесулер бірқатар сыналушылар жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы, елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде жылдар бойы) зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеу деп аталынады. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы өзіне бақылау мен эксперименттің және олардың өзертіліп пайдалынылған(әңгіме, іс-әрекет нәтижесін талдау, тесттер т.б) барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылау зерттеу методикаларын кең қолданады. Нақтылы психологиялық методикалардың молдығы мен сан алуандылығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының күрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамасыз етеді. Оқушының даралығы ерекшеліктеріне қабылдау ойлау өзгешеліктері жеке адам бойындағы мінез, темперамент, қабылдау, секілді қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлқының табиғатының негізін құрайды. Дербес қабілеттің дамуы жеке адамдардың табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты.

4 тақырып. Психологиядагы жас периодизация мәселесі.

Жоспар

  1. Әртүрлі багыттар мен кезеңдер критерилері (Д.Б.Әльконин, А.Н.Леоньтев, Л.И.Божович, Д.И. Фельдштейн).

  2. Л.С.Выготскийдің жұмыстарындагы периодизация мәселесі. "Жас дамуының әлеуметтік жагдайы" ұгымдары.

  3. Баланың психикалык дамуындагы дагдарыстардың мәнін түсіну.

  4. Жетекші іс-әрекет түсінігі. Жетекші іс -әрекет және жастагы негізгі психологиялык жаңа құрылулар. Онтогенездегі жетекші іс -әрекеттердің ауысуы.

Жас ерекшелік психолоиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зе рттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы – даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы- педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады. Жас ерекшелік психолоиясы психологияның басқа да салаларымен (еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т.б.) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т.б. байланысты.

Психикалық дамудың механизмдері.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұ л- әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ( мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б. ) ерекшеліктері де енеді.

Жас ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді. Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, блаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады



5 тақырып. Мектепке денінгі бала психикасының дамуы.

Жоспар

  1. Әртүрлі жас сатыларындагы психикалык және физикалык даму ерекшеліктері. Туа пайда болган рефлекстер.

  2. Шартты рефлекстердің пайда болуы. Рецепторларды, әмоцияларды, қозгалыстарды даму.

  3. Іс-әрекеттің әр түрлі формаларының және мектепке дейінгілердің ересектермен, құрбыларымен карым катынас формаларының даму ерекшеліктері.

Жаңа туған бала (туған сәттен бір –екі айға дейін) бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шарттсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады.олар түрлі физиологиялық функцияларын туін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, бірқатар арнайы қозғалыс рефлексі, жармасу және сүйену рефлекстері, атап басу рефлекстері және т.б. жатады. Олардың бәрі баланың сезі м мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай, тиісті мөлшерде танып жетілген жұлын және ми қабығы асты нерв орталығы мен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдарымен аяқтарының жалпы, жіктелменген қимылдар мен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтанғышмиелин қабықтарымен қапталған. Бұл қозылудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстің пайда болуының қиындығына жеткізеді. Туа біткен мінез- құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені үйренудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдаюйына түссе, оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде көру, есту тәрізді жоғарғы анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланстар жасала бастайды. Көпт еген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторларда шартты рефлекстер жасалады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі .нашар ажыратылатын болса, ал туған кезең соңына қарай олар болініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Пайда боған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуде көрінеді. Екі-үш айға қарай балалда үлкендерге көңіл аударудың еренкше түрлері көртіне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүние мен жасаудың қажетті дәнекерші қажеттерін қанағаттандыру қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне юайланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қылық реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адам бетіне тесіліп қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептеледі.

6 тақырып. Мектепке дейінгі балалардыц танымдык процесстерініц дамуы.

Жоспар


  1. Сезімдердің қалыптасуы.

  2. Баланың жаңа іс-әрекетке қосылуы. (тазалык, оку мен еңбектің әлементтері). Бала дамуындагы ойынның рөлі.

  3. Ойын теориялары. (Штерн, Адлер, Д.Әльконин) Ойынның басқа іс-әрекеттернінен ерекшеліктері.

Мепепке дейінгі балалық шақта организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсуі мен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скалеттің сүйектеніп, бұлшықеттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарларының қабақтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болуы жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігін арта түсуіүшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастармен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынастың пайда болуы, “балалар қоғамының” құрылуы болып табылады.

Бөбек жасындағылар негізінен үй ішіндегілермен қарым-қатынас жасайды, ал / 4,5-5 жаста / бала сыртқа шығып, құрбыларымен ойнайды, әрқайсысының сөз қоры бірінің білмегенін бірі білуі арқылы, бөбекке қарағанда, 3 есе арта түседі. Бұл жаста сөз қоры 3200-3800-ге жетіп қалады. Сөздік қорының көбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім, сан есім және т.б. арқылы іске асады.

Егер бөбек сөздерден сөйлем құрастыра алмаса, енді бұл жаста қарапайым сөздеден сөйлем құрастыра білу қабілеті артады. Бірақ сөйлем құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке дейінгілер есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер деп, сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Сонымен қатар, қолданылатын сөзін бала тым өткір және күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір категориялар жоқ болғандықтан, мектепке дейінгілер үшін сөйлеу жеңіл әрі оңай түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды “желімдей” беруге мүмкіндік туады.

Фонематикалық есту ана тіліне байланысты қалыптаса бастайды, фонематикалық есту мектепке дейінгілерде ана тілінде жақсы дамыған. Мысалы, біреу “сөз” деген сөздің орнына “бөз” десе оны кекетіп бір әріптің өзгерілуі, сол сөздің мәнісін өзгертіп жіберетінін бала сезеді.

Егер бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға / жағдайға / тәуелді келсе, мектепке дейінгілерде сөйлем көп текстіге сай құрала бастайды. Ситуацияға байланысты сөйлеуде зат есім онша кездеспейді, оның орнына есімдік көп айтылады. Демек балалар сөйлеіп отырғанда қасына біреу келсе, олардың сөзіне түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жөнінде екенін білу қажет. Ал контекстіге байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар не жөнінде болып отырғанын білмесе де / ситуацияны білмесе де / сол айтылған сөздің тікелей мәнісіне қарап, соны айқын түсіне алуын айтамыз. Мектепке дейінгілер / 6-7 жас / ситуацияға байланысты сөйлеуден контекст арқылы сөйлеуге көшеді. Себебі, олардың тек ситуацияға орай түсінікті емес, онсыз да түсінікті келеді. Осыған қарап ситуацияға қатысты тілдің төменгі сатысы екен, ал контекстің негізінде сөйлеу жоғарғы сатысы екенін айтуға болмайды. Себебі, тек мектепке дейінгілер емес, ересектерде кейбір жағдайда ситуацияға негізделе отырып сөйлейтіні жиі кездеседі. Мектепке дейінгілердің сөздері көбінесе өздеріне арналған. Себебі, ересектер сөйлегенде сөзін өзгелерге арнайды. Ал кіші балалар кейде өз-өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрикалық / лат. Его+центрум - өзіне сөйлеу / деп атаған. Әдетте, үлкендер айланғанда ішкі сөйлеу арқылы өз ісін жоспарлайды. Ішкі сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп, өз-өзіне айтады.



7 тақырып. Бастауыш мектеп жасындагы баланың дамуы.

Жоспар

  1. Бастауыш мектеп жасындагылардың дамуыныц жалпы шарты.

  2. Оку іс әрекеті кіші мектептегілердің жетекші іс әрекеті ретінде. Оқу іс әрекетінік жалпы күрылымы, қалыптастыру заңдылықтары.

  3. Мектептегі алгашкы теориялык ойлаудың калыптасуы (Д.Б.Әльконин, В.В.Давыдов).

Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Бастауыш мектеп жасындағы пайда болу экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуыммен байланысты. Баланың психологиялық дамуындағы оның рөлі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейін балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.

Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде түрінде қатар жүреді. Кез-келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады.Сондықтан ғалымдардың назары қазіргі бастауыш клас оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады.Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де кең кұлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті,алайда оларға дәлдікті талап ететін ұқсас қимылдарды орындау қиынрақ ссоғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз-он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он-он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш класс оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болды. Оның білегі тез талады да, ол тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып оқушыларына, әсіресе 1-2 сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды.Балаларда көп ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалатын тапсырманы көріп алу тілегі көпнесе нәтижені жақсартпайды. Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері шап-шаң өседі және ол қан мен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады.

Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізі, жетекші түрі мен сипаталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алған мен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық рөлін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Әсіресе мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуін айқын аңғартады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерде үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді күте отырып мектепке қуана барады.



8 тақырып. Жасөспірімдік кезеңнін сипаттамасы.

Жоспар

  1. Жасөспірім жасының дагдарысы мәселесін шетел және кеңес психологиясында зерттеу.

  2. Жасеспірім жасына өтудің анатомиялык-Аизиологиялық және психологиялык алгы шарттары.

  3. Жасеспірімдердің физикалык, акыл-ой, әлеуметтік дамуындагы индивидуалды және жыныстык айырмашылыктар. "Есею сезімі" жасөспірім жасының негізгі психологиялык күрылымы ретінде, онын түрлері.

  4. Жасөспірім жасындагы жетекші іс-әрекет.

Жас шағы психологиясында жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектің бастауымен аяқталатын даму стадиясы деп атлады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екінші әлуметтік шек болатын осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімділіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқалардың бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдік алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психолбогиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жасөспірімділікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімділікті алдымен индивид немесе жеке адам дамуы ретінде ішкі процес тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әлуметтік және мәдени ортада біркелкі болып өтеді. Жас өспірімділік әлуметтік теориялар оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектің дербесте жауапты іс әрекетіне көшу деп қарайды. Зеттеушілер адам менгеруге тиісті әлуметтік рөлге, оның бағалаушылық бағдарларының қалытасуына, еңбек өміріне аяқ басумен байланысты проблемаларға назар аудару, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлуметтік проблемалардан шығады.

Қазіргі ғылым жастық проблемасын әлуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплекстік зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептіреу қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлуметтік толысу мерзімімен әркезде үйлесе бермейді.Акселерация, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары ұзын 2-3 бұрынға қарағанда орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пупертатық және поспертуаттық фазаларға бөлінеді, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншек жасты екі кезеңмен байланыстырады.

Акселерацияға байланысты жеткіншек кезеңнің шектері томенгіндейде, казір ол 14-14.5 жастан-ақ аяқталады. Жас өспірімдік керісінше тез басталады.Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлуметтік жағдайлар анықтайды.

Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар

Бастауыш сынып оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау мектеп жасына дейінгі балаларда жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын жорамалдайды. Бастауыш сынып оқушыларының жаңа қасиеттері оқу қызметінің қалыптасу шамасына қарай туып, дамиды.



9 тақырып. Ерте жастық шақ психологиясы (Ранняя юность).

Жоспар

  1. Жасөспірім кезеңнен ерте жастық шақка өту, оны шет ел және кеңес психологиясында зерттеу.

  2. Өтудің анатомия-физиологиялық және психологиялык алғы шарттары. Жетекші іс-әрекет мәселесі.

  3. Акселерация мәселесі. Кәсіби багдарлану ерте жастық шақтың жетекші жаңы қүрылымдары ретінде.

Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды.Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда “кішкентай бала секілді” қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделерімен, көзқарастарымен, пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген құқысын айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған ( баланың ересектермен қатынасындағы тең құқысыздық жағдайын бейнелейтін ) типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Жеткіншек ересектердің құқыларын шектейді де, өз құқыларын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тнң құқылықты талап етеді. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары – ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңа, ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектік сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы құқыларының мүлдем жаңа мәселесін туғызады.

Жеткіншек пен ересек арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері.

Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай сол,

нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарла сып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары – жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны.

Егер ересектің өзі инициатива білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін. Мұның шарты ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ.



10 тақырып. Кемелдену жасы, қартаю кезеці және кәрілік психологиясы.

Жоспар

  1. Кемелденуге өтудің жалпы шарттары. Кемелдену кезеңінің әлеуметтік мәні. әлеуметтік белсенділіктің ерекшеліктері.

  2. Кемелдену жасының периодизациясы. "Акме" және акмеология ұғымы. Ересектердің даму заңдылыктары. Кемелдену жасының дагдарысы.

  3. Қоғамдық пайдалы еңбек жетекші іс- әрекет ретінде. Кәсіби және қогамдық іс әрекет. Ересектердің танымдық қызығулары. Ересек адамның жеке басы, әлеуметтік белсенділік. Құнды бағдаралану, дүниетаным мәндері.

Адамның соңғы өмір уақытын – қартаю деп атаймыз ( 60-70 жас аралығы ). Б.Д.Бромлей қарттық кезеңнен басқа ( 55-70 жас аралығы ) солу-қажу, 70-тен жоғары кезеңді төмендеу деп атады. Э.Эриксон бойынша, өмірдің соңғы жылдарын кемелденудің соңы деп атаймыз. Өйткені, мұндай атау адам өмірінің аяқталу кезеңінің мазмұнына көбірек сай келетін секілді. Сондай-ақ, бұл кезеңді көптеген адамдарда “қартаю – қуаныш емес” деген түсінігіне сай келе бермейді.

Жо.ғарыда айтып өткендей, кемелддік пен соңғы кемелдікті ажыратып тұратын – бұл зейнетке кету факторы болып табылады. Бұл көбіне кризистік кезеңді тудырады, яғни бұл зейнетке кету кризисі“ де п аталады.

Ең алдымен, әдеттегі тұрмыс салты бұзалады, адам өзін керексіз, тастанды сезініп, ендігі кезекті қоғамдық өмірге қатысы жоқтығын түсінеді. Өзінің әлеуметтік статусының төмнедеуі, жылдар бойы жинақталғаг өмір ырғағының жоғалуы, әдетте, адамның жалпы физикалық және психологиялық жағдайының нашарлауына да әкелуі мүмкін, сондай-ақ кейбір жағдайларда өл імге де әкелуі мүмкін.

“Зейнетке кету кризисі”, әдетте, немерелерінің өзіндік-жеке өмір сүруінің бастауымен тереңдей түседі, әсіресе, өзін жанұяға арнаған әйелдер үшін. Өмірдің соңғы кезеңдерінде биологиялық қартаю процісі тез жүреді. Физикалық күші таусыла бастайды, денсаулықтың жалпы жағдайы нашарлай бастайды, кейбір психикалық функциялардың деңгейі төмендей бастайды, ең алдымен еске сақтау процесі мен ас қорыту мүше лерінің қызметі бұзылады. Бұл регрессивті процестер адамдардың хронологиялық және биологиялық жасына сәйкес әр түрлі сәйкес пайда болып отыратын көптеген адамдарда паспорттық жас психологиялық жасқа негізделіп ке леді.

Қазіргі кезде Қазақстанда әйелдер өмірінің ұзақтығы 80 жас болса, ал ерлер өмірінің ұзақтығы 60 жас болып табылады. Бірақ та, статистикалық мәліметтер бойынша, өлім жастық шақта немесе бөьек кезінде де келуі мүмкін. Зейнетке кету көбіне биологиялық қартаюмен сәйкес келе бермейді, және де материалдық жағдайының төмнедеуіне де алып келеді. Сондай-ақ, өмір серігінің өліміне байланысты, немесе туысқандарын жоғалтумен байланысты да кризис тереңдей түсуі мүмкін.

Э.Эриксон бойынша, қарттық кезеңде “адамның көңіл бөлу фокусы” болашақ туралы уайымдары өткен тәжірибеге ауыстырылады. Одан кейін психологиялық өткен шақ ұлғайып, нақты мерзімдік перспектива қысқарады. Осыменен, психологиялық қартаю, қарттық сезімінің туындауы қалыптасады. Сондай-ақ Э.Эриксон, бұл жерде дамудың негізгі екі сызығын бөліп көрсетті. Егер де адам “өзгелер туралы уайымдап, олардың жағдайларын жасап, өзгелер үшін үлгі болған болса, онда бұл адамда өткен тәжірибесінен қалған жемістерді қайта жаңғырту туралы идеялар туындауы мүмкін. Мұндай адамда өзінің бүкіл өмір барысындағы тұлғалық дамуындағы бағалау өлшеміне байланысты “эго-интеграция” процесі пайда болуы мүмкін”. Э.Эриксонның ойынша, эго-интеграция психо-әлеуметтік кризиске қарағанда қарттық кезеңге маңызды фактор болып табылады. Егер де адамның дамуы прогресс ивті сипатта болатын болса, ол өзінің бүкіл даму жолына қанағаттанып, кәсіби қызмет саласымен қатар, неке мен жанұяда да үйлесімді қатынаста болуы мүмкін. Өзінің шеберлігінің жалғасын өзіннің ұл-қыздарын көргенде, немесе берген тәрбие, білімінің нәтижесіне қанағаттанатын болса, онда адам қарттық кезеңге көңілі толып, келер өлімнен қорықпайды. Тек осындай жағдайда ғана, Э.Эриксонның айтуынша, адам нағыз қарттыққа жете алады, сүрген өмірінің даналығын сезіне алады.



11 тақырып. Әлеуметтік психологияның негізгі парадигмалары, теориялық және қолданбалы міндеттері.

Жоспар

  1. Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуының алғашарттары.

  2. Алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялар («Халықтар психологиясы» М.Лацарус, Г. Штейнталь, В.Вундт: «Көпшілік психологиясы»

  3. Г.Тард: В. Макдугаллдың «Әлеуметтік жүріс-тұрыс инстинкті» теориясы).

Әлеуметтік психологияның пайда болуы (ХІХ 60 жылдары – ХХ ғасырдың басы). Бұл кезеңнің ерекшелігі әлеуметтік психологиялық ойлардың жаратылыстану қоғамдық ғылымда көрінуі мүмкін. Мұнда адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне адамдардың топтағы қарым-қатынасына қарым-қатынасы мен бейімділігіне көп назар аударылды. Осыған орай әскери ғылымда әлеуметтік психология салалары т.б. Батыс Елдері мен қатар халықтар психологиясы дамыды. Ал медицинада ауру адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасы зерттелді. А.К. Михайловскийдің пікірінше әлеуметтік дамудың қозғаушы күші басшы және тобыр. Өйткені басшы тобырды қалай басқарса тобыр солай іс-әрекет жасайды. Ал оған әсер етуші негізгі психологиялық факторлар: еліктеу, қоғамдық көңіл – күй, қоғамдық мұқтаждықтар, қажеттіліктер. Ресейдегі алғашқы әлеуметтік психологияға алғаш оқу құрамын жазған. В. М. Вехтер “Ұжымдық рефлексалогия” (1921). Ол әлеуметтік психологиялық фенолин ретінде: жерлесу, өзара қарым-қатынас, қарым-қатынас мәселелері.

2.Әлеуметтік психологияның дамуы (ХХ – ғасырдың 20 – 30 жылдары). Бұл кезеңде әлеуметтік психологияны марксистік тұрғыдан қарастырды. Бұл мәселеге Л. Н. Вайталовский, М. Р. Рейснер, К. Н. Карнилов, Ю. В. Фракфурт т.б. өз пікірлерін айтты. Осы кезеңдегі әлеуметтік психологиялық негізгі бағыты болып ұжым мәселерін қарады. Ұжым теориясырн заңдылықтарын қарастырған әлеуметтік психологтар. Б. В. Биляев, Л. Н. Вайтоловский, т.б. Осы кезеңде балалар ұжымының құрлымын, дамуын басқару феномені, қараусыз қалған мәселесін қарастырды. Педалогия ғылымы дамыды.

3.Әлеуметтік психологияның құлдырауы (ХХ ғасырдың 30 – 50 жылдары). 1930 жылы елдегі жағдай қүрт өзгерді. Соған байланысты ғылымда өзгеретін болды. Отандық ғылым Батыс ғылымынан бөліне бастады. Бұл кезеңде:

1.Әлеуметтік психологияның теориялық қажетсіздігі.

2.Батыс елдерінің идеологиясымен сәйкестенбеуі. Әлеуметтік психологияның зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде қолданылмауы.

3.Әлеуметтік психологияға немқұрайлылық.

Алайда бұл кезеңдеде зерттеулер жүргізілді.

1.Әдістемелік мәселесі (Б. Г. Ананьев).

2.С.Н. Рубинштейн әдістемелік қағидалар – детерменизм сана мен іс- әрекет бірлігі, даму қағидасы мәдени тарихи тұжырымдар әлеуметтік психологиялық теориялық әдістемелік негіздері болды).

3.Ұжым психологиясы мәселесі. Бұл мәселені қарастырған А. С. Макаренко (“Ұстаздық дастан”. Онда ұжымдық психологияның екі түрін көрсетеді: алғашқы және кейінгі.

4.Бұл кезеңде мектеп ұжымындағы жеке адамның қалыптасуы ұжыммен жеке адамның қатынасы т.б.

12 тақырып. Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Жоспар


  1. Әлеуметтік түсінігі. Әлеуметтену механизімдері мен институттарының жалпы сипаттамасы.

  2. Тұлғаның әлеуметтену процесінің ерекшеліктері.

  3. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері.

Әлеуметтік психология ғылымы басқа ғылымдар сияқты өз алдына ғылым ретінде XIX ғасырда қалыптасты.

1908 жылдан бастап У.Манк – Дугол және Э.Росс еңбектері жарық көргеннен кейін бұл ғылым кеңінен таныла бастайды.

Өз жұмыстарында алғаш “әлеуметтік психология” терминін қолданды.Алғашқы әлеуметтік психология мәселелері ерте кезде философия ғылымынын зерттеулері XIX ғасырда басталды.

Әлеуметтік психология пәні топтағы қоғамдағы және тұлғаның алатын орнын зерттейді. Психология ғылымы сияқты әлеуметтік психология және тұлғаның психалық процестерін ғана емес, әлеуметттік қарым – қатынастағы ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтік психология әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын зерттейді.

Әлеуметтік психология әлеуметтік сана мен жалпы психаны зерттейді, әлеуметтік психология философия ғылымының құрамдас бір бөлігі болып келді, әлеуметтік психология философия, психология, социология этнография, әдебиет т.б. ғылымдармен байланыста дамиды.

Әлеуметтік психология қоғамдық сананың және тұлғаға әсері қарым – қатынас ықпалын анықтайды:

Адам мен қоғам арасындағы келіспеушілік жағдайларда болдырмау мәселелерін қарастырады.

Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі әдістемелік мәселе қамтылды:

1.Үлкен , ірі топтардағы психологиялық әлеуметтік жағдайлар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар жеткізіледі.

2.Кіші топтардағы психологиялық - әлеуметтік жағдайлар оларға корпарациялар, ұжымдар, топтар т.б. енеді.

3.Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік психологиялық орны, адамның өзін - өзі бағалай білуі, ұстамдылығы, бағыт – бағдары, табандылығы, ұжымшылдығы, тұрақтылығы т.б. зерттеуге мән беріледі.

Әлеуметтік психологиялық зерттеу дегеніміз – жеке және топтық субъектілердің өзара әсерлесу нәтижелерінде пайда болатын психологиялық заңдылықтарын ашу мақсатында жүргізілетін ғылыми зерттеу түрі. Әлеуметтік психологиялық құбылыстардың негізгі қайнар көзі.

а) жекелік және топтың, іс-әрекет пен қатар сипаты;

б) өмір сүру стилі мен ерекшеліктері;

в) даралық және топтық сана ерекшеліктері (әлеуметтік тоқтамдар, құндылықтар, баға пікір, қарым – қатынас, күтім т.с.с.;

г) даралық және топтық шама, сана, сансыздық (әлеуметтік ............);

д) даралық және топтық материалды және рухани іс - әрекеттерінің нәтижелері;

е) жеке адамның, топтық өміріндегі жағдайлар.

Әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдістер қатарына мыналар жатады.

1.Бақылау әдісі зерттеушінің рөліне байланысты, бақылау қатынасты және қатынассыз болып бөлінеді.


  1. Ұйымдастыруға байланысты: табиғи және лабороториялық

  2. Нәтижелерді талдау әдістері.

  3. Ақпаратты қабылдау тәсіліне байланысты.

  4. Қолдану мақсатына байланысты.

  5. Мәртебесіне байланысты.

  6. Құжаттың деңгейіне байланысты.

Әлеуметтік психологияда сауалнама әдісі пайданылады. Олар :

  1. Алдын ала ақпарат жинауға.

  2. Жаңа әдістемені тәжірибеден өткізу үшін .

  3. Алынған мәліметтерді нақтылау мақсатында.

  4. Әлеуметтік психологиялық ақпарат жинау үшін.

Жеке адамдарды топтық бағалау әдісі қолданылады. Бұл әдіс салыстыру және баллдық шкала бойынша жүргізіледі.

13 тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық реттеудің психологиялық механизмдері.

Жоспар

  1. Қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, құндылықтар, ережелер, әлеуметтік бағдарлар және олардың тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық психикалық реттеудегі ролі.

Адам – белгіл бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам” етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. ¤йткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т.б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымнан, снімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белглі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – “барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы”.

Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерешеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнеміөзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. Адамның белсенділігі тума қасиетінен, яғни “психикалық энергиясының” дәрежесінен, “психикалық қуатынан” болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. ¤йткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.



Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактылы (адамдары ылғи да жүздесіп жүретін топ), оқшауланған, формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. болып бірнешеге бөлінеді. Мәселен, сынып оқушылары, жұмысты бригадасы, әскери бөлімше, отбасы ыконтактылы немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, студенттер тобы – ресми топ деп аталынса, отбасы мүшелері, дос жарандар, ағайын туыстар ресми емес топ деп аталынады. Топ екі адамнан бастап құралады; екіден қырық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп сыныбы), мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын (саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни ұйымдар т.б.) үлкен топтар деп атайды. Әрбір топтың ресми, не ресми емес жетекшілері (лидер) болады. Топтар ассоциация, кооперация деп те бөлінеді. Мұның ішінде референттік топ дегеннің мәні ерекше. Бұл – әрбір адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-бағдар сілтеп отырған топ. Реалды, контактылы топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А.С.Макаренконың айтуынша ұжым-мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі дәстүр салттары бар, өзін-өзі басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. “Жерден жұлып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес” (А.Толстой). сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. “Әлеуметшіліксіз, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939) – қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес... Оңды әлеуметшілк құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек”. Осы айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

14 тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері.

Жоспар

  1. Шағын топтың психологиялық мәселесін өңдеудің әлеуметтік-тарихи және нақты-ғылымы алғышарттары.

  2. ХХ-ғасырдың 30-40 жылдары топтық феномендерді зерттеудің жетекші бағыттары.

Адам аралық қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес. Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайды. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушілікпен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен көдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жек көруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.

Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.

Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелілікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді. Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама – қарсылықты қатынастар бой тіктейді. Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дайдамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді. Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.

Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатнастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.

Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс-бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да кездеседі.

Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.

Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.

Бірақ өмірде және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.

15 тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы.

Жоспар


  1. Шағын топтың пайда болауының объективті және субъективті себепкерлері әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.

  2. Әлеуметтік индентификация түсінігі.

Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар, бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.

Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.

Қоғамдық – әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жан-жалды қатынастың ушығуынан.

Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі – бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.

Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен – бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттілігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір-бірінен бейтарап қалады. ¤мірлік маңызды қажеттіліктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.

Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруис адамдардың барша, ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады. Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік). Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспеушілік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.

Адамдар арасындағы қатынастарының өзгеруіне мүмкін болар себеп-бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік-психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жаққа бөліп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесіп тұрады: өзара келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетеді. Мейлі, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынас кейін ресми бекігенімен, тату-тәтті туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын. Керісінше, кім де кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.

Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады. Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшелінеді.

Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мазғымастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай. Ірілі-кішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъектердің ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетері баршаға аян.

16 тақырып. Топтық қатысымдылық құрылымы. Топтық бірлестік. Топқа бірігу мәселесі. Топты дамыту моделі.

Жоспар


  1. Топаралық қатынас психологиясын зерттеудің мотивациялық (З.Фрейд, Д.Доллард , Н. Миллер, Т. Адорно), ситуациялық (М.Шериф) және т.б. когнитивті (а.Тәшфел, Дж.Тәрнер, В.Дауз) және іс-әрекеттік (В.С. Агеев) бағыттары.

Әлеуметтік психологияда “топ” термині жан – жақты және көп мағыналы болып табылады. Адамдар бір – бірімен көптеген, әртүрлі тұрақты бірлестіктерге біріккен, өте күрделі ұйымдасқан қоғамды “топтар ” деп атайды. Топтар үлкен және шағын топтар деп бөлінеді.

Үлкен топ дегеніміз – мемлекеттің, ұлттың, партиялардың, әлеуметтік бірлестіктердің тарапынан ұсынылған, кәсіптік экономикалық, жас, жыныстық, мәдени белгілері бойынша бөлінеді.

Шағын топ дегеніміз- бұл адамның бірігуі оның мүшелерінің жалпы мақсаты бір және бір – бірімен тікелей жеке байланыста болатын құрам жағынан көп емес адамдардың бірлестігі. Шетелдің әлеуметтік психологиясында шағын топ термині қолданылады. Шағын топтарды зерттеуде АҚШ және Батыс Европа ғалымдары, психологтары М:Аргайл., Р.Бейл., М.Шериф., Л.Фестингер т.б. еңбектері зор. Шағын топтар шартты және наминалды шағын топ болып бөлінеді. Шартты топтарға сынып оқушылары жатады.

Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор – бұл адамдардың жас деңгейі. ¤мір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен-бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілікте сонша болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды. Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе ала ма, не сезбей ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу).

Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. ¤мірде екіұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсызда сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.

Адамдар арасындағы қатынастардың нақты өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. ¤зінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді.



17 тақырып. Әлеуметтік психологиялық диагностика және адамның әлеуметтік жүріс-тұрысын алдын-ала болжау мәселесі.

Жоспар

  1. Әлеуметтік психологиядағы үлкен топтарды зерттеудің теориялық және әдістемелік принциптері, мәселелері.

  2. Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі.

Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен. Назарға алынған адам жөнінде көп әртүрлі ақпаратты бірінен кейін бірі бір ізді қабылдау кезінде біздің санамызда ең алғашқы мәлімет тұрақталып қалатыны ғылымда дәлелденген.

Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы әсерленуге қарсы құбылыс – жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріседі, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай құрылады.



Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөліктері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.

Оқиғалар мен құбылыстарды дәл болжастыру қажеттілігі адамдардың өзара түсінуі мен бірін-бірі қабылдауына өте қажет. Мысалы, адамға тән белгілі бітістері бойынша оның әлі белгісіз, бірақ онда болуы тиіс қасиеттерін де анықтауымыз мүмкін: батыр адам әрқашан адал да аңғал болатынына ешбір күмәнданбаймыз, сондай-ақ, қорқақ-әрдайым өтірікші, мәдениетті-ой-өрісі кең, қайырымды-үйіршең, сенгіш, өшпенді адам-әрқашан тұйық, күмәншіл келеді. Егер өмір жағдайлары адамның әлі белгісіз қасиеттері жөніндегі біздің болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген біздің сенімімізді бекіте түседі не керісінше де болуы мүмкін. Адамның болжастыру қабілетіне өмірлік тәжірибе өзі түзетулер енгізіп, нақтылап барады.



Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейнгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі. Егер қандай да адам бір көруден бізге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейін де біз осы бағамыздан танбай, басқа бір сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керісінше де болуы мүмкін: алғашқы тілдесуден ұнамаған адам кейін қай күйге түсіп жолықса да, баяғы көрушілігімізден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы келеңсіз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады.

Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл-жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынада: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Көп қайталап кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде бірі, мысалы, адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық ішкі қасиетпен ұштастырылады. Осы біріккен образ негізінде екінші бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішініне қарап, өзіміздің санамызда орныққан осы пішінге сәйкес қасиетті іздестіреміз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбіне тұйық, ауыр мінезді келеді. Міне осы жалпылай, біріктіре түзген ішкі бейнемізді қабағы түксиген нақты адамдардың бәріне бірдей баламалай саламыз. Адамдардың психологиясындағы жалпылық олардың іс-әрекетінде жалпылай кездеседі, ал іс-әрекеттегі жалпы қасиеттер адамдардың жалпы сырт тұлғалық бейнесінен көрінеді. Осылай жалпылай біріктіріп, образ жасау қасиеті жас өспірімдік шақтан орнығып, кейін өмір бойы түзетулермен реттеліп барады. Осы тәсілді жақсы игеруден адам психологиясы құрылымының бір белгісі: әрекет-қылығы, дүниетанымы немесе мінезі-бойынша сол адамның басқа да қасиеттерін бағалаушы адам өзінде қалыптасқан бірікпе образ арқылы ашуға бейімделеді. Егер осы бірікпе образ жасау тәсілі адамның сырт көрінісі мен ішкі дүниесі арасындағы байланыстың шындыққа жақын екенін дәлелдей алса, онда бұл адамдарды бағалауда, олардың әрекет-қылығын күні бұрын болжастыруда таптырмас құралға айналады, ал кері жағдайда жаңсақ әңгімелерге тап қылады.

Бөгде адамның тұлғалық ерекшеліктерін тануда жеке дара және кәсіби ерекшеліктер көп рөл ойнайды. Қайырымды, мейірман, әсерлі адам басқаларды жеңіл түсінеді, қабылдайды, себебі мұндай адамдар, әдетте үлкен де бай қатынас тәжірибесіне ие болумен, басқалардан әрқашан жақсылық қасиеттерді іздестіруге бейім келеді, ал өз өмір жолы сәтсіздіктен қаланып, көпшілікпен тіл табыса алмаған адам басқалардың да оңды образын жасауға қабілетсіз келеді.
Әдебиеттер:


  1. Грейс Крайг.Психология развития.-СПб,2009

  2. Райе Ф.Психология подросткового и юношеского возраста.-СПб,2009.

  3. Абрамова Г.С. Возрастная психология:Учебное пособие для вузов Рек. Учебно-метод. объед.Ун-тов России.-М.:Академический Проект, 2009.-702с.

  4. Волков Б.С., Волкова Н.В. Детская психология в вопросах и ответах.-М.Сфера,2009.-255с.

  5. Вроно Е. М. Поймите своего ребенка:О детских страхах,конфликтах и других проблемах.- М. : Дрофа, 2009.- 223с

  6. Проблемы психического развития современного школьника: сборник статей/ под ред. Агеева В.В.; Академия "Престиж".-Алматы,2009.-126с.

  7. Мухина, В. С. Возрастная психология : феноменология развития детство, отрочество: учебник для вузов/В. С. Мухина.-9-е изд., стер.- М. : Академия, 2010.-454 с.-(Высшее образование)

  8. Ермолаева, М. В. Основы возрастной психологии и акмеологии: учебное пособие/М. В. Ермолаева.-М.:Ось-89, 2011

  9. Шаповаленко, И. В. Возрастная психология (Психология развития и возрастная психология):учебник для вузов/И. В. Шаповаленко.-М. : Гардарики, 2009




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет