Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


тақырып. Бақылау эмпирикалык зерттеу



бет4/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#141228
1   2   3   4   5   6   7   8

6 тақырып. Бақылау эмпирикалык зерттеу әдісі ретінде.

Жоспар

  1. Бақылау және эксперимент.

  2. Бакылаудың өтілу барысы мен техникасы.

Ғылыми зерттеу адамның іс - әрекетінің ерекше түрі болып есептелінеді. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты ақиқатқа қол жеткізу болғандықтан оның өзіндік принциптері этаптары болады.

Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйеленді. Оның ішінде негізгілері: детерменизм принциптері, санамен іс әрекет бірлігі принципі, және даму принциптері.

Детерменизм принципі бойынша әртүрлі психикалық құбылыс қоршаған орта әсерлеріне қарай пайда болады. Тіршілік жағдайының ауысуына байланысты өзгеріске келеді. Жануарлар психикасының дамуы табиғи сұрыпталумен айғақталады. Ал адам санасының дамуы қоғамның даму ережелерімен ғылыми әдістерінің даму заңдарымен анықталады.

Психологиялық құбылыстарды себеп салдарлы негізде қарастырудан интроспектік әдіснамасы және оның зерттеу әдістері ғылыми мәнін жоғалта бастады. Бұдан кейін психика өзімен өзі тұйықталған құрылым емес, енді ол сыртқы әсерлердің себебінен пайда болған құбылыс еді. Сондықтан оның себеп салдарлы мәні сыртқы іс - әрекетте көрінеді деген тұжырым үстемдік құрды. Сондықтан әдіс қолданысқа ие болды.

Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамның тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні яғни адамның психикалық дамуына, оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі концепцияға негіз болды. Бұл терминнің дамуын психика дамуы оқу мен тәрбие проблемасының шешілуіне негіз болды. 50-жылдары Л.С.Рубинштейн бұл принциптің роліне мән беріп, әдіснамалық маңызын көрсеткен.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі 30-жылдардан басталды. Оны Л.С.Рубинштейн алға тартты. Бұл принцип әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайтынына қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы жүзеге асатындығын көрсетеді. Сана мен әрекет бірлігінің мәні тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесіне қалыптасады.

Даму принципі бойынша барлық заңдылықтар даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындайды. Барлық психикалық болмыс даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді.

1. Кез-келген зерттеу оның тақырыбын анықтаудан басталады. Тақырып зерттеу аумағын, мәселе шеңберін, пәндік, объект пен әдіс таңдауын шектейді. Дегенмен зерттеудің алғашқы кезеңі мәселенің қойылуы болып табылады. Зерттеуші жаңашыл психологиялық білімдердің қайсысына қанағаттанбайтындығын, кемшіліктерін, адам әрекетін түсіндіруде қандай теориялар бір-біріне қарама-қайшы келетіндігін анықтап алу керек.

Эмпирикалық зерттеу үш негізгі жағдайларда жүргізіледі:


  • құбылыстардың бар болғандағы болжамдарын тексеру;

  • құбылыстардың байланысындағы болжамдарды тексеру;

  • А құбылыс мен В құбылысының себептік байланысы болдамдарын тексеру;

Эксперимент құбылыстардың себептік байланысыны табу үшін жүргізіледі. 6-7 жастағы балалардағы мектептегі оқудың алғашқы айларында болаған жоғары невротизацияның (мектептік дезадаптация синдромы) себебі неде? Жауап варианттары мынадай түрде болуы мүмкін: оқу іс-әрекетіне дайындақтың төменгі деңгейі (алғашқы оқу дағдыларына қалыптаса алмау), еркін дамудың жеткіліксіздігі, интеллектің төменгі деңгейі, сынып ұжымына келудегі әлеуметтік- психологиялық мәселелер т.б. бұл болжамдардың барлығыдәлелді және шындлыққа ұқсас болғанмен, оларды тексеруді қажет етеді.

Ең алдымен психологиялық эмпирикалық әдістердің көптігіне назар аудару қажет. Оларды зерттеуді ұйымдастыруға ұсынудағы жалпы ғылымилық критерий позициясымен қарастырамыз.

Эксперименталды зерттеуді өткізуде эмпирикалық мәлімет алуда әдістерді активті және пассивті деп бөлуге болады. Бірінші топқа, яғни активті әдістерге лабараториялық эксперимент пен оның бірнеше модификациясы, квазиэксперимент жатады. Ал екінші топқа- бақылау, клиникалық әдіс, іс- әрекет нәтижесін талдау әдісі, өлшеу және корреляциялау зерттеу, архивтік әдіс т.б. жатады. Зерттеуші бірінші топтағы әдісті қолданып объектіге әсер ету арқылы процесті немесе құбылысты тудырады. Ал екінші топтағы әдісті қолданғанда зерттеуші табиғи процестің нәтижесін тіркеуге алумен шектеледі. Зерттеуші тікелей немесе кейбір әдістерді (сұрақ-жауап, тест т.б) қолдана отырып әрекетті тіркей алады. Сондай-ақ ол зерттеушіге әңгіме барысында немесе лабораториялық эксперименттегі зерттеуші құралдар (аспаптар, тапсырмалар т.б) көмегімен зерттелушінің іс-әрекетін ұйымдастыра отырып әсер ете алады. Бұл психологиялық эмпирикалық әдістердің «екінші өлшемі».

Бақылау да инструменталды болуы мүмкін. Мысалы видео, аудио, жазба және басқа аппараттармен жазып алушыларды қолданғанда. Экспериментте және өлшеу барысында сыналушы тапсырмаларды белсенді түрде орындайды, ал бақылау мен сұрақ жауап та оған ешқандай тапсырма берілмейді, ол өзін табиғи сипатта ұстайды. Тағыда бір маңызды критерий, ол – кроитерий жаңашыл методологиялық ғылымда түсіндірілгендей, идеалды зерттеу белгілері әдісіне сәйкес келуі.

Осы критерий бойынша зерттеуді ұйымдастыру әдістері мынадай түрде бөлінед:

1. Эсперименталды зерттеу, жүйелі бақылау және корреляционды зерттеу. Мұндағы негізгі айырмашылық, зерттеуші сыртқы ауыспалыларды бақылай отырып, негізгі ауыспалы лардың арасындағы коррекциялық немесе себепті байланысты орнатады. Бұл үшін ол мақсатқа бағыттала, бақылаанушы индивидтер мен зерттелуші топтарын таңдап алады, өз әрекеттерін нақты жүйелі түрде жоспарлайды.

2. Табиғи эксперимент және бақылау, әңгіме, клиникалық әдіс, жеке жағдайларды сипаттау әдісі т.б. Олар адам жүріс – тұрысының ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Ауыспалылардағы (тәуелді, тәуелсіз, сыртқы)бақылау тәсілдері жүйелі түрде қолданылмайды, бірақ та күрделі техникаларды (бақылау картасы, аудио-видео аппаратуралар, тесттер және т.б )бақылауда қолданылуы мүмкін.

3. Квазиэксперимент - ауыспалыларға қатал бақылау қойылатын әдіс пен зерттеу жүргізуде табиғи әдістер арасындағы аралық. Оны көбіне (Ф.-Дж.Мак Гиган) жүйелі бақылау әдісімен теңестіріледі, яғни экспериментатор зерттеушіге әсер етпейді. Бірақ бұндай көзқарастар дәлелденбеген. Тағы да бір жағдай әсер теу табиғатта зерттеушіге тәуелсіз, табиғи жүруші ретінде анықталуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эксперимент пен бақылау арсында айнымалы орын алатын зерттеуші әдісті байқаймыз.

Ф.Дж. Гиган эсперименталды әдістерге қарама – қарсы әдістерді көрсетеді:


  1. классикалық клиникалық әдіс.

  2. табиғи бақылау.

  3. Сұрақнама

  4. Архивтік әдіс

  5. Корреляциялық байланыстарды орнату.

  6. Квазиэксперимент

Ал, М.В. Мэтлин мынадай әдістерді көрсетеді.

  1. табиғи бақылау

  2. сұрақнама

  3. корреляциялық байланыс

  4. архивтік зерттеу

  5. жеке жағдайларды зерттеу.


7 тақырып. Бақылау және эксперимент.

Жоспар

  1. Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті.

  2. Эмпирикалык мәліметтерді жинаудың баска да әдістері (анкета, сұхбат).

Бақылау деп – арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған объектінің жүріс - тұрысының бақылап тіркеуге алуын айтамыз ғылыми эмперикалық әдіс ретінде бақылау әдісі XIX ғасырдың соңынын бері клиникалық, әлеуметтік, педагогикалық даму психологиясында, ол XX ғасырдың басынана бастап еңбек психалогиясында адамның табиғи жүріс-тұрыстын бақылауды қажет ететін барлық орындарда қолданыла батады.

Бақылаудың жүйелі және жүйелі емес түрлері ажыратылады. Жүйелі бақылау түрі - арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының жүріс тұрысының зерттеу үшін уақыт белгілеп жүйелі түрде оның іс-әрекетін тіркеп отырады.

Жүйесіз бақылау кеңістікте, ұйымдастырылмаған жағдайда өткізіледі. Ол этнопсихологияда, әлеуметтік психологияда, даму психологияда кеңінен қолданылыста. Мұнда уақыт белгіленбейді. Қажет деген құбылысты зерттеуші тіркеуге алып отырады.

Сондай-ақ жалпы және таңдамалы бақылау түрлері болады. Жалпы бақылауда барлық бақылаушы қажетті деген іс-әрекеттер тіркелініп отырады. Ол таңдамалы бақылауда зерттеуші тек бір іс - әрекет түрін ғана бақылайды. Мысалы: агрессивтілік.

Бақылау белгілі бір құралдардың да көмегімен жүзеге асады. Мысалы: аудио-видио аппаратура т.б.

Егер сыналушы ол топпен таныс болса эфективтілік артады, объективті болады деп есептейді. Қатыса бақылауда негізгі мақсат айтылмайды, ол этикалық нормаға жатады.



Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне, психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.

Бақылау - ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективті ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.



Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл-күй, аффект) түрінде аңғарылады.

Бақылау әдісі адамның психикасының, сыртқы көрінісін (іс-әрекеттері, қылықтары, басқа адамдармен қарым-қатынаста аңғарылатын тілдік ерекшеліктері, тұтастай мінез-құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайында іске асады. Зертеуші адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау арқылы олардың психикалық өмірінің ерекшеліктері туралы бағалай алады, демек, сыртқы объективтілік факторлардан адамның ішкі субъективтік дүниесін түсінуге бағытталады.

Психологиялық бақылау мақсатты болуы қажет: бақылаушы кімді не үшін бақылайтынын нақтылы білуі және түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау кездейсоқ деректерді жа\инақтауға айналады. Психологиялық бақылау белгілі жоспармен немесе бағдарламамен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдарламасы бақылаушыны күні бұрын дайындалған зерттеу мәселереі және деректеермен қамтамасыз етеді.

Белгіленген жоспарсыз немесе бағдарламасыз бақылаудың негізгі бағыты жойылады, соның салдарынан адамның психикалық іс-әрекетінде негізгі және маңызды жағы назардан тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір жүйелі бақылау бақылаудың тұрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бақыланатын деректердің арасныда тығыз байланыс жасауға жағдай тудырады.

Психоллогиялық бақылау, ереже бойынша, ұзақ уақытты қажет етеді. Бақылау неғұрлым ұзақ жүргізілсе, солғұрлым тереңірек және сенімдірек психологиялық қорытынды жасайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді бақылау шәкіртердің жас ерекшеліктерін зерттеуде қолданылады, мәселен, тілі мен ойлауын дамыту ерекшеліктері, эмоциялық ерекшеліктері мен ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы мен бейімділігі, мінез бітісі мен қабілеттілігі.

Сонымен, бақылау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабыладаудың негізінде мақсатты зерттеу.

Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезегн жағдайда шынайылық жоғалады.

Психологиялық зертеулердің табиғилығын сақтау – бақылауға қойылатын бірініші талап. Бақылау әдісіне қойылатын екінші талап, бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни, зертеудің мақсаты мен міндетері айқын қойылуы керек.

Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера т.б.). жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).

Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс - қосылған бақылау. Бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі. Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн. қосылған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске - өз-өзін бақылауға ұқсас.

Өз-өзін бақылау, яғни өз қалып-күйлерін бақылау тек психологияда қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар бірнеше кемшіліге де бар. Біріншіден, өз қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай, олар дұрыс болмауы мүмкін немесе тоқтап та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субъективті бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру бұл әдісте қиын.

Дегенмен, өз-өзін бақылау әдісі психолог үшін аса маңызды. Тәжірибеде басқа адамдардың мінезін көргенде психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді. Көбінесе, ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты жұмыс істеуі үшін өз жағдай мен қалпын объективті түрде бағалауды үйренуі керек.

Бұл әдіс, көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездеріне дәл есептелген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.

Бақылау әдісі мынадай этаптардан тұрады:


  1. Бақылау пәні, заты анықталады және объект таңдалынады. (топ немесе жеке адам)

  2. Бақылау тәсілі таңдалынады.

  3. Бақылау жоспары жасалынады.

  4. Бақылауды нәтижесін өңдеу жолы таңдалады.

  5. Зерттеу нәтижесі жарияланады.

Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.

Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайды жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттелушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тиімді тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппаратардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы.

Объективті мәліметтерден зертелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент әдісінің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменннің басқа феномендерден себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайларымен ажыратылады.

Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптар қодану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зертеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес зейін зертеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистоскоп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Ғылымның тарихы ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығын дәлелдеді. Психология ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өз алдына жеке ғылым болып, философиядан бөлініп шықты. Осы кезеңде психологияда бір жүйелі эксперименталдық зертеулер жүргізіле бастады. (В.Фехнер, Э.Вебер, В.Вунд және т.б.)

Эксперимент – бұл себеп салдарлық байланысты зертеу мақсатындағы зертеушілік қызмет болып табылады. Ол төмендегіше іске асады:


  1. Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әсер етеді;

  2. Экспериментті жүргізуші өтіп жатқан құбылыстың шартын өзгертуі мүмкін;

  3. Экспериментте оның нәтижесін бірнеше рет қайта жаңғыртуға мүмкіншілігі болады;

  4. Нәтижесінде эксперимент сандық заңдылықтардың математикалық амалдарын айқындайды;

Эксперимент психологияның әдісі ретінде психофизиканың және психофизиологияның саласында пада болды және психологияда кеңінен тарады.

Зерханалық экспериментке қарсы үш түрлі пікір қалыптасты: біріншіден, эксперименттің жасандылығы атап көрсетілді, екіншіден, сараптамалық сиапты, үшіншіден, эксперименттің абстрактылығы, экспериментаторға қиындық туғызуы.

Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстың жағдайы жасалады. Мұнда зертеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Әрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан, оның нәтижесі дәл болмауы мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.

Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зертелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Бақылау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болды (1910). Оның негізгі мақсаты – зертеудің эксперименталдық сипатын табиғилық жағдайлармен ұштастыру.



Психологиялық – педагогикалық зерттеу міндеттерін шешетін экспериментті психологиялық – педагогикалық эксперимент деп атайды.

Әр түрлі жас кезеңдерінде шәкіртердің таным мүмкіншіліктерін зертеуде және жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда оның ролі ерекше.

Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады.

Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады.

Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зертеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттердің тәрбиелеу мен оқытудың эксперименталдық дамытушы әдісі болып табылады.
8 тақырып. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Жоспар


  1. Эксперименттегі психолог пен зерттелушінің қарым-қатынасы.

  2. Экспериментатор мен зерттелушінің тұлғасы мен іс-әрекеті.

Психологияда сандық өлшемдер мәселесін алғаш шешуге деген талпыныс адамның сезіну күшін физикалы бірліктегі стимулмен байланыстыра отырып, адам организміне әсер ететін бірнеше заңды ашуға және қалыптастыруға әкелді. Оған Бугер-Вебер, Вебер-Фехнер, Стивенс заңдарын атауға болады. Онда физикалық стимул мен адамның сезінулерінің арасындағы байланыс анықталатын математикалық формула, оснымен бірге сезінудің салыстырмалы және абсолютті шектері анықталады. Соңынан объективтілігінен арттырып, психологияны практикалық мәні бар ғылымға айналдырады. Математика психологияға енуінен біртипті зерттеулердің көп рет жасауға болатын әдістерді талап етті, яғни процедура мен әдістердің стандартталу мәселесін шешуді қажет етті.

Стандартталудың негізгі мәні мынада: екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін бірдей әдістерді, яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.

Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы сипаттама бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеуге, психологиялық түсінуге болытындығымен ажыратылады.

Тест – ағылшын сөзі, қазақшалағанда «байқау» немесе «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді психологиялық зерттеулер тәжірибесіне өткен ғасырдың аяғында америка ғалымы Дж.Кэттел енгізді. А.Бине, Т.Симонмен бірге балалардың ақыл-ой дамуы немесе дарындылығын анықтау үшін өзінің жүйесін жасады. Осы кезден бастап, тест кең көлемде таралып және тәжірибелік мәні арта түсті. Тест дегеніміз не?

Тест – бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ.

Тесттердің де бірнеше түрлері бар. Олар: сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.

Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын, я айқындылғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабын талдау ретінде қалыптасты.

Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест – белгілі бір тапсрымаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Мұндай тесттерде тапсырмалардың біпнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы белгілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.

Тесттерді әзірлеуге талпынған адамдардың бірі – Ф. Гальтон (1822-1911). 1884 ж. Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф.Гальтон антропометриялық зертхана ұйымдастырды (кейіннен бұл Лондондағы Оңтүстік-Кенсингтон мұражайына ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың әртүрін, реакция уақытын және басқа да сенсомоторлы қасиеттерін өлшеуден тоғыз мыңдай адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық ұсынытар өмірдің практикалық мәселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылады. Бұл қолданбалы психологияның бастамасы еді, соңынан бұл “психотехника” деген атқа ие болды.

Бұл терминД.Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж. “Mind” журналында Ф.Гальтонның қорытынды сөзімен “Mental Tests and Measurment” (“Ақыл-ой тесттері және өлшемдер”) мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада: “Психология эксперимент пен өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар секілді тұрақты және дәл ғылым бола алмайды. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін қолдану арқылы бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нәтижелері психикалық процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын және әр түрлі жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болады” , - деп жазады.

1905 ж. француз психологы А.Бине интеллекті бағалайтын бірінші тесті жасады. ХХ ғ. Басында француз үкіметі оқушыларды оқу деңгейіне қарай бөлу үшін А.Бинеге мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдық қабілет шкаласын жасауды тапсырды. Соңынан көптеген ғалымдар тестердің сериясын жасап шығарды. Олардың практикалық міндеттерді жедел шешуге бағытталғандығы бұл психологиялық тесттердің кеңінен тарауына әкелді. Мысалы, Г.Мюнстерберг (1863-1916) кәсіби таңдап алуға арналған тестер жасады. Олар былайша жасалады: алдымен олар ерекше жетістікке жеткен бір топ жұмысшыларға, содан соң жаңадан жұмыс орнына келгендерге. Бұл ой психикалық жұмысшылардың қызметін табысты орындау құрылымдарының тест кезінде зерттелушінің орындай алатын құрылымдарыемн өзара байланысына негізделеді.

Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде психологиялық тесттерді көптеп пайдаланады. Бұл кезде АҚШ соғысқа кірісуге дайындалып жатқан болатын. Бірақ соғысып жатқан жақтардағыдай қаруланбаған еді. Сондықтан соғысқа кіріспес бұрын (1971ж.) әскери биліктегілер елдің ең ірі психологтары Э.Торндайкке (1874-1949), Р.Йеркске (1876-1956), Г.Уипплге (1878-1976) психологияны әскери қызметте қолдану проблемасын шешіп беруді ұсынды. Америка психологиялық ассоциациясы мен университтері бұл бағытта жұмысты бастап та кетті. Р.Йеркстің басшылығымен әр түрлі әскерлерге әскери қызметке шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін алғашқы топтық тесттер жасалады. “Альфа” әскери тестісі сауаттыларға, ал “бета” тестісі сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға арналған вербалды тестеріне ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес тапсырмалардан тұрады. 1 700 000 солдат және 40 000 офицер сыналды. Көрсеткіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі жеті топқа бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары және тиісті әскери оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет көрсеткіші орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет