Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


Дәріс сабақтарының мазмұны



бет2/4
Дата27.06.2016
өлшемі319 Kb.
#161359
1   2   3   4

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 тақырып. Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері. Психологиядағы бақылау әдісі.

Жоспар

1. Бақылау және өз-өзін бақылау. Әңгіме және интервью.

2. Психологиялық өлшеу әдістері. Мәліметтерді жазу, графика және аналитика түрінде көрсету (бақылаудың мақсатқа байланысты болуы).

3. «Экспертиза мотивациясының» зерттеуі – зерттелушінің психологиялық экспериментке кіруінің ретінде.

4. Бақылау эмпирикалық мәліметтерді жинақтау тәсілі ретінде. Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері: бақылаушының «пассивтілігі», алынған мәліметтердің «тікелейлік» сипаты.

Жеке психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия, т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон текст деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зертеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылуда. Гальтонның ұсынысы бойынша текст көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен коррекциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Психологиялық зерттеулер математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер диспесиялық талдауды, ал Спирмен – факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көп өлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен коррекциялық байланысты өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқауын статистикалық жолмен талдауға жол ашылды.

Келесі кезеңде Г.Айзенк және Р.кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір – бірімен ұштастырып анықтауға жол ашуда. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу текстері кеңінен қолданыла бастады . 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық текс жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т.Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине – Симон шкаласы деп қолданыла бастады.

Өткен ғасырдан жиырмасыншы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған текстердің көптеген түрлері құралды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан – жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым – қатынасын зерттеуге арналған Я. Коломенскийдің ұжымының қалыптасу деңгейі бағалау текстері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шамаларын ұйымдастыратын орталықтар ашылды. Психология бойынша практикум саласының дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.
Тақырып 2. Өлшеу әдістері. Нольөлшемдік шкалалау.

Жоспар

1. Өлшеу шкалаларының типтері. 1) есімдік; 2) рет; 3) интервал; 4) қарым-қатынас-шкалалары.

2. Психологиялық шкалирование туралы ұғым.

3. Табалдырық өлшеу әдістері. Минималды өзгерістер әдісі.

Көп жағдайда тест құрастырушы ақпаратты «сығу» міндетін жүзеге асыруы қажет болады, басқаша айтқанда зерттелуші құбылыстың көптеген бақыланулары немесе ауыспалыларының болуынан сипаттаманы шағындау. Факторлық талдау осы зерттелуші көпқырлы құбылыстың өлшемін азайту әдісі болып табылады.

Факторлық талдау психологиялық ғылымнан туындағанын және Ч.Спеирменнің зерттеулерімен тығыз байланысты (Spearmen, 1904). Психологтар Т. Келли, Л.Терстоун, Дж. Гилфорд, Р. Кэттелл және математиктер К. Пирсон, К. Холзингер, Г. Харман және т.б. жұмыстарынан соң, факторлық талдауды ма-тематикалық негіздеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.

Эксперименттік мағлұматтардың матрица арқылы берілетіні белгілі. Зерттеуші ең алдымен корреляциялық матрицаны алуы керек.

Мысал ретінде Л.Айкеннің (Aiken, 1996) зерттеуіне жү-гінейік. Бұл зерттеуде колледждің 90 студенттің 11 параметр бо-йынша бес ұпайлық шкаланың көмегімен оқытушыны бағалауы (1 – төмен ұпай, 5 – жоғары ұпай) сұралады: әдептілігі, сыпайы-лығы, креативтілігі, мейірімділігі, өз пәніне қызығушылығы, пән-ді білуі, студенттердің түрткісін оятуы, өзін ұйымдастыруы, шы-дамдылығы, дайындығы және кешікпей жүруі.

Егер студенттерден алынған оқытушы тұлғасының сапалары тізімінің рейтингтік бағалануының корреляцияларының мат-рицасын жоғарғы сол жақтағы бұрыштан оң жақтағы төменгі бұ-рышқа қарай диагональ жүргізу арқылы екі тең үшбұрышқа бөлсек, онда мұның бірінші бағандағы баға мен жоғарғы бірінші жолдың бағасы бірдей - симметриялық матрица екендігін кө-реміз. Екінші баған мен екінші жолдың да бағасы бірдей, әрі қа-рай т.с.с. Сондай-ақ негізгі диагональдағы барлық сан (жоғарғы сол жақтан бастап, төменгі оң жаққа дейін) +1,00-ге тең – бұл әрбір шкаланың өз-өзімен шамалық корреляциясы болып та-былады.

Психологиялық тестілеудегі факторлық талдаудың мақсаты, түрлі тесттер немесе психометрикалық өлшеулер бойынша ба-ғалау топтарының дисперсиясының көпшілік бөлігін түсіндіретін бірнеше фундаменталдық факторларды табуынан тұрады. Жоға-рыда көретілген мысалда 11 ауыспалы бар, сондықтан да фак-торлық талдаудың мақсаты, факторлық салмақ матрицасын не-месе факторлар мен шкала тапсырмалары арасындағы корре-ляцияны табудан тұрады. Факторлық талдаудың бірнеше про-цедуралары бар, бірақ олардың бәрі де екі кезеңнен тұрады: 1) бастапқы факторлық матрица шығу үшін корреляциялар мат-рицасын факторлау; 2) факторлық салмақтың ең қарапайым конфигурациясын табу үшін факторлық матрицаны айналдыру (кестеге қараңыз).

Бұл үрдістегі факторизация кезеңі түрлі тесттер арасындағы байланыстарды түсіндіруге қажетті факторлар санын анықтауға бағытталған және әрбір тесттің әрбір факторы бойынша сал-мақтың бастапқы бағалануын алуды қамтамасыз етеді. Фак-торларды айналдыру, тесттің көп бөлігі кез-келген фактор бо-йынша төмен салмаққа, аздаған тесттердің жоғары салмаққа ие болғанында, факторлар конфигурациясын құру арқылы оларды неғұрлым түсінікті ету үшін қажет.

Тақырып 3. Бірөлшемдік шкалалау. Парлық салыстыру әдісі.

Жоспар

1. Бірөлшемдік шкалалау әдісі. Біріншіреттік және екіншіреттік шкалалар.

2. Балдық бағалау әдісі: сандық, графикалық, кумулятивтік. Балдық бағалау әдісінің класстары.

3. Стандарттық шкала бойынша шкалалау. Балдық бағалау шкалаларды қалыптастырғандағы қателіктер.


Тақырып 4. Психологиядағы эмпирикалық зерттеудегі эксперименталды әдіс. Психологиялық эксперимент.

Жоспар

1. Психологиялық эксперименттің құрылымы.

2. Көп статистикалық ауырмашылықтағы шаршаушылықтың зерттеуі.

3. Ғылыми мәселедегі міндеттерді табы және гипотеза құру.

4. Берілген зерттеудегі зертенушілердің таңдау стратегиясы.

Тесттің сенімділігін анықтау

Егер қайталап жүргізгенде әрбір сыналушының көрсеткіштері алдыңғысындай болса, онда тест сенімді деп есептеледі.

Психометрикадағы сенімділік терминінің екі мағынасы бар. Соның бірі – ішкі үйлесімділік бойынша сенімділік. Тест ва-лидті болуы үшін, ол үйлесімді болуы қажет.

Ретесттік валидтілік – бір тестті сыналушыларға алғашқы жағдайды сақтап екінші рет ұсынуды, содан соң мағлұматтардың екі қатарының арасындағы корреляцияны анықтауды білдіреді. Сенімділікті анықтаудың бұл тәсілін қолданғанда сыналушылар өз жауаптарын естерінде сақтап, екінші ретте соны қайта жаң-ғыртулары мүмкін екенін есте ұстау керек, сондықтан да тестті қайталап өткізудің арасындағы уақыттық интервал бір айдан аз болмаған жөн. Кейбір психологтар тестілеу арасындағы интервал 6 айдан аз болмауы тиіс дейді (Клайн, 1994).

Л.Ф.Бурлачук П.Клайнның міндетті 6 айлық интервалымен келіспейді. Оған дәлел ретінде канадалық психологтар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Тұлғалық сауалнаманының кө-мегімен арасына 3 апта интервалмен 302 студент зерттелген. 0,872 тең ретесттік сенімділіктің стандарттық коэффициент ар-найы нұқсаулардың біреуі берілген сыналушылардың үш то-бынан алынған сенімділік коэффициентінен айырмашылығы бол-мады: 1) ойланып жауап беру; 2) өткен жауаптарды қайта жаң-ғыртуды қолдану; 3) тесттің параллельдік формасын орындау. Сенімділіктің стандарттық коэффициенті өткен жауаптарды қай-та жаңғырту нұқсауынан алынған коэффициентінен жоғары бо-лып шықты.

Ретесттік сенімділік үшін қажетті корреляция коэффи-циентінің ең төмен көрсеткіші 0,7 тең. Бірақ кейбір тесттер үшін бұл көрсеткіш жоғары болуы мүмкін.

Параллельдік формалардың сенімділігі сауалнаманың эк-вивалентін қалыптастыруды және олардан нәтижелер арасындағы корреляцияны бағалау үшін бастапқыдағы сыналушыларға ұсынуды білдіреді. Бұл тәсілдің кең таралуына кедергі етуші не-гізгі мәселе – тапсырмалардың екі жинағын дайындауды қажет етеді, ал оны орындау өте қиын, себебі олардың эквиваленттілігін дәлелдеу керек.

Тесттің бөліктерінің сенімділігі сауалнаманы екіге бөлу арқылы анықталады (әдетте жұп және тақ тапсырмалар арқылы), содан соң сол бөліктер арасындағы корреляция есептеледі.

Сенімділікті анықтаудың бұл тәсіліне тек нәтижені жедел түрде алу қажет болғанда ғана жүгінген жөн.


Тақырып 5. Топараластық бақылау схемалары.

Жоспар

1. Топараластық схемаларының артықшылықтары. Ішкі валидтілікке қауып келтіретін факторлар: зерттеушілердің индивидуалды айырмашылықтары, системалықты өзгеру және топтарды салыстырғандағы мәліметтердің сенімсіздігі.

2. Фон факторының, табиғи даму факторының, тест эфекттілерінің, статистикалық регрессияның бақылауы. Реактивті эффект.

Психометрикалық тесттердің маңызды айырмашылықтары-ның біріне олардың стандартталуы жатады, ал ол болса бір сына-лаушыдан алынған көрсеткіштерді генералдық жиынтықтағы не-месе сәйкес топтардағы нақ сондай көрсеткіштермен салыстыру-ға мүмкіндік береді. Осылайша жекелеген сыналушының көрсет-кіштерін адекваттық интерпретациялауға қол жеткізуге болады. Мұндайда норма немесе нормативтік көрсеткішетр ұғымы қол-данылады. Стандарттық нормаларды алу үшін анық айқындалған критерийге сәйкес, неғұрлым көп сыналушылар санын мұқият іріктеп алу керек. Стандарттық іріктеуді қалыптастыруда оның көлемі мен репрезентативтілігін есепке алу қажет. Тесттердің нұсқауларында көбінесе стандарттық қателіктерді азайту үшін 500 сыналушыдан тұратын іріктеу жеткілікті деп саналады. Алай-да іріктеудің репрезентативтілігі оның көлеміне тәуелді емес. Мысалы, бастауыш мектепте оқитын балалардың барлық по-пуляциясының нормативтік көрсеткіштерін алу үшін көлемі 10 мыңнан астам іріктеу қажет, ал авиакомпаниялардың шеф-ұшқыштары тәрізді шектеулі популяцияның іріктеуіне сон-шалықты көп сыналушы қажет емес. Осылайша, іріктеудің ре-презентативтілігі, оның көлеміне қарағанда анағұрлым маңызды параметр болып табылады. Кейбір жағдайларда жасына, жы-нысына, әлеуметтік мәртебесіне қарай стандартизацияның бір-неше топтарын қалыптастыру немесе стандартизациятобын стратификациялау керек болады. Үнемі норманы анықтау керек емес. Ғылыми зерттеуде психологиялық тесттерді қолдану ке-зінде нормалар мен тесттің «шикі» көрсеткіштері аса маңызды емес.

Әрбір топ үшін норма орташа көлемдер мен стандарттық ауытқушылықтардың көрсекіштері арқылы берілуі тиіс. Орташа көлемді есептеу қарапайым және жақсы танымал, ал стандарттық ауытқушылық мынадай формула арқылы шығарылады:

мұндағы SD – стандарттық ауытқушылық; X 2 – барлық сы-налушылардың сауалнама бойынша нәтижелері; n – сыналушы-лар саны; ∑ - қосынды.

Қазіргі таңда психологиялық өлшеуге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын стандарттық көрсеткіштер деп аталатын бағалау нәтижесі қолданылады. Мұндай көрсеткіштер сыналушы-ның жеке көрсеткіштерінің тиісті іріктеудің стандарттық ауыт-қушылығының бірліктері ішіндегі орташасынан айырмашылығын көрсетеді. Стандарттық көрсеткіштер екі жолмен алынады: бас-тапқы бағалауды («шикі») сызықтық және сызықтық емес жол-мен өзгерту. Сызықтық өзгертуде бастапқы бөлудегі «шикі» ба-ғалардың барлық қасиетері сақталады және мұндай көрсеткіштер стандарттық немесе z-көрсеткіштер деп аталады. z -көрсеткішті шығару үшін бастапқы бағалау мен нормативтік топтың орташа бағалануының арасындағы айырмашылықты тауып, оны норма-тивтік топтың стандарттық ауытқушылығына бөлеміз. Ол формула мынадай:



Бұл жерде бастапқы бағалауды шкалаға өзгертудің негізгі себебі, көрсеткіштерді қай тест арқылы алынғанына қарамастан бір-бірімен салыстыру үшін жасалғанын айта кету керек. Ор-наластырылған «шикі» бағалары шамамен бірдей формада болса ғана сызықтық өзгерту салыстырмалы көрсеткіштер бере алады.


Тақырып 6. Корреляциялық зерттеулер.

Жоспар

1. Корреляциялық зерттеулердің типтері: а) тәуелсіз түрінде қарастырылатын айнымалыны таңдап алу; б) тәуелді түрінде қарастырылатын айнымалылардың арасындағы корреляция.

2. Корреляциялық зерттеудегі топтарды теңестіретін тәсілдер; а) зерттенушілердің екіліктерін таңдау; б) бір құрамды топтарды қалыптастыру.

Клиникалық жағдайлар әдісінің шектеулерін жеңу үшін, зерттеушілер корреляциялық әдіс деп аталатын альтернативтік әдісті қолданады. бұл әдіс оқиғалар арасында және солардың ішінде өзара байланыс орнатуға тырысады. Айнымалы – кез-кел-ген өлшенуі мүмкін көлем. Мысалы, үрейлену – айнымалы, се-бебі оны өлшеуге болады және де адамдардың үрейленуінің кө-ріну деңгейі де әрқилы. белгілі бір дағдыны қажет ететін тап-сырманы орындау дәлдігі де өлшеуге болатын айнымалы болып табылады. бірқатар адамдардың үрейлену деңгейін, сондай-ақ со-лардың әрқайсының топпен бірге күрделі тапсырманы орын-даудағы әрекеттерінің дәлдік деңгейін өлшеп корреляциялық зерттеу жүргізуге болады. егер жарияланған нәтижелер басқа зерттеулермен дәлелденсе, онда үрейлену деңгейі төмен субъекті-лердің тапсырманы орындау дәлдігінің көрсеткішетрі анағұрлым жоғары деп санауға болады. тапсырманы дәлдікпен орындауға басқа да факторлар (мысалы, осыған дейінгі оны орындау тә-жірибесі, түрткі, интеллект) әсер етуі мүкін. болғандықтан, әрекеттердің дәлдігі мен үрейлену арасындағы байланыс толық сенімді емес, дегенмен де ол назар аударуды қажет етеді.

Корреляциялық зерттеу кезіндегі айнымалыларға сы-нақтардың нәтижесі, демографиялық сипаттамалар (жас, жыныс, өмірге келу реті және әлеуметтік-экономикалық мәртебе), өзін-өзі бағалау, түрткілер, құндылықтар мен ұстанымдар, физиология-лық реакциялар (жүрек соғысының жиілігі, артериалдық қан қы-сымы және тері-гальваникалық реакция), сондай-ақ мінез-құлық стилі. Корреляциялық әдісті қолданғанда психологтар жоғары бі-лімнің кәсіби жемістілікке әсері бар ма? өзін-өзі бағалау мен жалғыздықтың арасында өзара байланыс бар ма? деген тәрізді сұрақтарға жауап іздейді. Корреляциялық әдіс ол сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруден басқа, бір айнымалының нәтижелері екіншісінің нәтижелеріне сәйкестігіне сандық баға берумен айналысады. ол үшін психологтар корреляция коэффи-циенті деп аталатын статистикалық индексті есептеп шығарады. Корреляция коэффициенті (кішкентай r әрпімен белгіленеді) бізге мынаны көрсетеді: 1) екі айнымалының тәуелділік деңгейін және 2) ол тәуелділіктердің (тікелей және теріс тәуелділік) бағытын көрсетеді.

Тақырып 7. Таным үрдістерін зерттеу.

Жоспар

1. Түйсік қасиеттерін зерттеу.

2. Қабылдау қасиеттерін зерттеу. Зейіннің қасиеттерін зерттеу. Естің ерекшеліктерін зерттеу.

3. Ойлаудың ерекшеліктерін зерттеу. Елес және қиял.

Психодиагностикалық зерттеу үнемі «экспериментатор – сыналушы» өзара әрекеттесуші жүйесінен тұрады, әдебиеттерде осы жүйеге кіретін түрлі айнымалылардың ықпалын талдауға көп на-зар аударылады. Әдетте жағдаяттық айнымалылар, зерттеулер мен тапсырмалардың айнымалы мақсаттары, зерттеуші мен сыналушының айнымалылары болады. Бұл айнымалылардың мағынасы зор, ал олардың ықпалы зерттеулерді жоспарлау мен жүргізуде, алынған нәтижелерді өңдеу мен қолдануда есепке алынуы қажет.

Тестілеу үрдісіне ықпал етуі мүмкін факторлардың бар-лығын қадағалау мүмкін емес. Әйтсе де тестілеуге дайындық кез-дейсоқ жағдайлардың туындауын болдырмауы дәне проце-дураның біркелкілігін қамтамасыз етуі қажет. Тестілеу шарт-тарының стандартталуы тек нұсқауға ғана емес, зерттелушіге ұсынылатын тест материалына да, тестілеу ахуалына да қатысты. Тест құрастырушының міндеті – тестілеу барысының барлық ке-зеңінің сипаттамасы толық, әрі анық болуы қажет. Зерттелушімен раппорт орнатуға да едәуір зейін аудару қажет.

В.И.Дружинин психодиагностикалық жағдаяттардың төрт нұсқасы болады деп пайымдайды: 1) зерттеуге өз еркімен қатысу және одан кейінгі мінез-құлықты өзі таңдауы (мысалы, пси-хологиялық кеңес беру); 2) зерттеуге күштеп көндіру, бірақ одан кейінгі мінез-құлқын өзі таңдайды (мысалы, тест құрастыру ке-зінде психолог-студенттерге сынақ жүргізу); 3) зерттеуге күштеп көндіру және зерттеуден кейінгі мінез-құлықты өзі таңдамайды (мысалы, атқарып отырған қызмет талаптарына сай екендігін анықтау үшін тестілеу); 4) зерттеуге өз еркімен қатысады, бірақ әрі қарай мінез-құлқын өзі таңдамайды (мысалы, кәсіби іріктеу).

Психологиялық диагностикада қойылған міндеттерге сәйкес белгілі бір әдістемелерді таңдауға қатысты нақты бір шарттар болмайды (танымдық үрдістерді есепке алмағанда). Бұл әсіресе тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуде (бір әдістеме түрлі мақ-саттарда қолданылады) анық көрінеді. Әдістеменің диагнос-тикалық міндетке қатысты валидтілігі зерттеу құралы ретінде таңдалатын критерий болуы қажет.

Алайда тұлға әдістемелерінің валидтілігін анықтағанда едәуір қиындықтар туындайды. Бұл әдістемелердің сыртқы критерийлер негізінде валидтілігін анықтау мүмкін емес, сондықтан да зерттеуші конструктивтік валидтіліктің нәтижелеріне сүйенуге мәжбүр. Кейде тұлғалық сауалнамалардың валидизациясында психиатриялық болжамдарға жүгінеміз. Бұл жерде психиат-риялық болжамдардың сенімсіздігін; түрлі бағыттар мен мек-тептердің клиникалық-диагностикалық сәйкессіздіктері болатын-дығын; патологияны анықтауға бағытталған сауалнамалардың сыртқы критерийі ретінде психиатриялық болжамды қолданудың мақсатқа сәйкестілігін ескеру қажет. Әдістеменің валидтілігінің эмпирикалық коэффициенті белгілі болған жағдайда да диаг-ностика жүргізілуші параметрдің базалық деңгейіне қатысты ба-ғалануы керек (Meehl, Rozen, 1955).

Тақырып 8. Интеллектті зерттеу.

Жоспар

1. Теоретикалық обзор: мақсаттар, міндеттер.

2. Аудиторияда эксперимент жүргізу, мәліметтерді талдау.

3. Интерпретация. Генералды зерттенушіге эксперимент жүргізу.

Интеллект тесттері зерде, ақыл-ойдың даму деңгейін анық-тауға арналған. Бұл жерде интеллект деп жеке даралықтың кез-келген көріністері емес, танымдық үрдістер мен қызметтер (ой-лау, ес, жад, зейін) туралы айтылып отыр. Интеллект тесттер психодиагностика әдістемелерінің ішіндегі тарихи ертеректе пай-да болғаны болып есептеледі.

Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткіші ретінде «интеллектуалдық коэффициент» деген ұғым қалып-тасқан. Бұл коэффициент психодиагностикалық жолмен «ақыл-ой жасын» (орындалған тест тапсырмаларының санына қарай) хро-нологиялық немесе паспорттық жасқа бөліп және алынған санды 100-ге бөлу арқылы шығады. Егер көрсеткіш 100-ден жоғары болса, онда зерттелушінің үлкен жасқа арналған тапсырмаларды орындағаны, егер IQ төмен болса, онда зерттелушінің өзінің жа-сына сәйкес тапсырмаларды орындай алмағаны болып табылады. Арнайы статистикалық аппарат арқылы нормалар шегі анық-талады, яғни белгілі бір жастағы адамның интеллектуалыдқ дамуынан хабар беретін IQ көрсеткіштер есептеледі. Ол шектер 84-тен төмен болса, ол төмен интеллект, егер 116-дан жоғары болса, интеллектуалдық дамудың жоғары көрсеткіші деп қарастырылады. Шетелде, әсіресе АҚШ-та интеллектуалдық тесттер білім саласында кең тараған. Оқу орнына және жұмысқа орналасуда тесттер практикалық психологияның міндетті құралы ретінде қолданылады.

Көп тараған интеллект тесттеріне Д.Векслердің, Р.Амтхауэрдің, Дж.Равеннің Стенфорд-Биненің тесттері жатады. Бұл тесттердің сенімділігі мен валидтілігі тұрақты болып та-былады.

М.К.Акимова, Е.М.Борисова, К.М.Гуревич, В.Г.Зархин, В.Т.Козлова, Г.П.Логинова, А.М.Раевский, Н.А.Ференс – осы ав-торлар ұжымы оқуға түсушілерге арналған интеллектуалдық да-муды анықтайтын АСТУР тестін құрастырып шығарды. Тест 8 субтесттен тұрады: 1) мағлұматтылық, 2) қосарланған ұқсастықтар, 3) лабильділік, 4) жіктеу, 5) жалпылама, 6) жүйелік кестелер, 7) сандар қатары, 8) геометриялық пішіндер.

Тестілеу нәтижесін өңдеу барысында тек орташа ұпай ғана емес, сондай-ақ зерттелушінің жеке дара тестілік профилін де анықтауға болады.

Адамның қабілеттерін мына топтарға бөлуге болады:



  • жалпы қабілеттер (заңдылықтарды анықтауға қабі-леттілік интеллектінің жалпы деңгейі);

  • модальдық жалпы қабілеттер (вербалдық интеллект, нумерикалық интеллект (есептеуге мүмкіндік беретін), кеңістіктік интеллект, техникалық практикалық интел-лект);

  • арнайы қабілеттер (белгілі бір арнайы іс-«рекет түр-лерін жеңіл және жемісті тгеруге жағдай жасайды: му-зыкалық қабілеттер, техникалық қабілеттер, әртістік, пе-дагогикалық қабілеттер);

  • жеке-дара қабілеттер (психикалық танымдық қыз-меттердің даму деңгейі: жад, ес, зейін, қабылдау, ойлау, елестету).

Адамның танымдық үрдістерінің жиынтығын интеллект анықтайды.

Интеллект – ол саналы әрекет ету, өнімді ойлауға, өмірлік жағдайларды жақсы шеше алуға жоғары қабілеттілік (Векслер), яғни интеллект адамның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті ретінде қарастырылады.

Алғашында Спирмен (1904 ж.) мынадай пастулаттар құ-растырды: интеллект адамның басқадай тұлғалық сипаттарына тәуелді емес; интеллект өзінің құрылымына интеллектуалдық емес сапаларды қоспайды (қызығушылықтар, жетістікке жету түрткілері, үрейлену және т.б.). интеллект ақыл-ой қуатының жалпы факторы ретінде танылады. Спирмен кез-келген интел-лектуалдық іс-әрекеттің жемісі жалпы факторға, жалпы қабі-леттерге тәуелді екендігін көрсетті. Осылайша, ол интеллектінің басты факторын (G факторы) және арнайы қабілеттердің көр-сеткіші болып табылатын S факторын бөліп көрсетті. Спирменнің пікірі бойынша, әрбір адам белгілі бір жалпы интел-лектуалдық деңгейімен сипатталады.


Тақырып 9. Тұлғаның эмоционалдық және ерік қасиетін зерттеу.

Жоспар

1. Тұлға құрылымын, психологиялық феномендерді және тұлға көріністерін, тұлғалық ерекшеліктерді, тұлғаның қалыптасуы және дамуын зерттеу.

3. Психологиялық тестер мен әдістемелердің жіктелуі.

Өкінішке орай, отандық психодиагностиканың диагнос-тикалық зерттеулерінде туындайтын әдеп мәселелеріне аз мән беріледі.Соңғы жылдары ТМД көлемінде құрастырылған (мыса-лы, Ресейде, Украинада) психологтың әдеп кодексі жалпылама түрде, бастысы – оларды жүзеге асыруды қадағаланбайды. Пси-ходиагностика саласындағы шетел психологтарының, маман-дардың жұмыс тәжірибесі тесттерді басып шығару және қол-дануда көптеген әдеп мәселелеріне кезігеді. Америкалық психо-логиялық ассоциацияның қабылдауымен шыққан психологтың практикалық, оның ішінде психодиагностикалық іс-әрекетін рет-теудің нормативтік-құқықтық нормаларын үлгі етуге болады (то-лығырақ А.Анастазиді, С.Урбинаны қараңыз, 2001). Шетел пси-хологтары атап көрсеткен кейбір мәселелерге тоқтала кетейік.

Тесттер «Психологиялық және білім тесттеріне арналған стандарттарда» сипатталған талаптарға, ал психологтың іс-әрекеті «Әдеп стандарттарымен және мінез-құлық кодексі-мен» реттелуі керек. Тестті қолданушы оның валидтілігі мен сенімділігі, оны қолданудағы шектеулер жайлы мағлұматы болуы керек. Тесттерді іріктеуге, алынған нәтижелерді интер-претациялауға баса мән беру керек. Кез-келген диагностикалық құрал зерттеу мақсатына сәйкес келуі қажет. Кәсіби психо-логиялық құралдарды кез-келгеннің қолдануына жол берілмеуі қажет. Компьтерленген тесттермен жұмыс жасауға ерекше талап-тар қойылады. Компьютерлік сынақты ешқашанда психологсыз өткізуге болмайтындығын есте ұстау қажет. Әдістемелерді теріс пайдалану қолданушының өзі туралы, өзінің мүмкіндіктері жа-йында бұрмаланған пікірлердің пайда болуына, көп жағдайда психологиялық жарақаттаушы ықпал етуі мүмкін. Тесттердің конфиденциалдылығына үлкен мән беріледі.

Ешбір психолог тесттердің барлығын бірдей білуі мүмкін емес, сондықтан да алдын ала дайындалу артық емес. Кейбір тесттерді қолдану арнайы білімдерді және оқытуды қажет етеді. Мысалы, Калифорниялық психологиялық сауалнамамен жұмыс жасау үшін АҚШ-да қабылданған талаптар бойынша психо-логтың лицензиясы болуын талап етеді. Зерттелінуші өзіне ұғынықты түрде тесттің мақсаты жайында, сондай-ақ алынған нәтижелердің қалай қолданылатындығы жайында мағлұматтар алуы қажет. Сонымен қоса, ол тесттің нәтижесін білуге құқылы.

Психодиагностика саласындағы маман адамдармен жұмыс жасап қана қоймайды, оның оларға ықпал ете алатын үлкен мүмкіндіктері бар, ол үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Біздің зерттеулеріміздің зерттелінуші үшін тұлғалық мағынасы бар екендігін естен шығармауымыз қажет. Осыдан психологтың кә-сіби әдебінің маңызды талаптарының бірі – тұлғаға моралдық зиян келтірмеу. Психологиялық диагностикада «айдар тағу», зерттелінушіге жоғарыдан қарау тәрізді мәселелер мүлдем бол-мауы керек.

Тақырып 10. Тұлғаны зерттеудің проективтік әдістері.

Жоспар

1. Г. Меррейдің Тақырыптық апперцептивтік тесті (ТАТ).

2. Г. Меррейдің тұлға теориясының негізгі қағидалары. ТАТ: эксперимент процедурасы, талдау және интерпретациялау схемасы. ТАТ зерттелушінің қажеттіліктері, мақсаттары, бөгеттері мен шиеленістері, оның қоршаған дүниемен қатынастары жөніндегі мазмұнды ақпараттың көзі ретінде.

3. Г. Роршахтың сиялы таңбалар әдістемесі. Г. Роршахтың сиялы таңбалар әдістемесінің дигностикалық мүмкіншіліктері. Жауаптарды шифрлаудың негізгі тәсілдері.

Тұлғаны психологиялық диагностикалау саласында объективтік тесттерді құрастыру мәселесі бұрыннан көтеріліп ке-леді. Құрастырушылар объективтік тесттердің көмегімен тұлға туралы зерттелушінің өзі берген шынайы жауаптарын және экс-периментатордың ықпал етуіне жол бермейтін «таза» мағлұмат алғылары келеді. Объективтік тесттердің Кеттелл ұсынған классикалық анықтамасы мынадай: «Объективтік тест – ол зерт-телушіден жасырын түрде жүргізуді мақсат ететін (сондықтан да нәтижесі жалған болмайды) тест және оның көмегімен алынған мағлұматтар тестті өткізген және интерпретациялаған адамға тәуелсіз бағаланады» (1957). Тиісті тесттер көмегімен тұлға туралы объективтік мағлұмат алуға ұмтылудың теориялық негізі тұлғаның ғылыми-жаратылыстану теорияларымен байланысты.

Тұлғаның ғылыми жаратылыстану теорияларын құ-растырушылар психологияны нағыз ғылым деп санамаған, ол ашқан жаңалықтарға назар аудару қажет деп таппаған. Тұлға пси-хологиясының қазіргі ахуалын сараптай келе Айзенк Фрейдтің, Адлердің, Юнгтің, Бинсвангердің, Хорнидің, Салливеннің, Фроммның, Эриксонның және Маслоудың теорияларын жоққа шығарған. Айзенктің пайымдауынша, олардың осы заманғы жаратылыстану ғылымының үлгісіне сәйкес келмейтіндіктері бұл теориялардың негізгі кемшілігі болып табылады.

Жаратылыстану ғылымдарына еліктеуші психологтар эксперименталды психологияның алғашқы даму кезеңдерінде де болған (XIX ғ соңы мен XX ғ. басы). Тұлға психологиясын зерттеуде жаратылыстану ғылымдары, әсіресе оның ішінде физиологияның теориялары күшті ықпал етті. Физиология пси-хологиялық құбылыстарды түсіндіретін ғылым ретінде қарас-тырылды және әлі күнге дейін қарастырылып келеді. Физиология дайын шаблон-жауаптарды ұсынды, тек оларды алынған нә-тижелерге орай таңдау ғана қажет болды. Қандай да бір фено-меннің психологиялық тетіктері, себептері мен салдары туралы ойлаудың қажеттілігі болмады. Бұл психологиялық құбы-лыстарды ғылыми жаратылыстану тұрғысынан түсіндірудің «тамыр жаюына» едәуір деңгейде ықпал етті.

Психологияда тұлға теориясының жалғыз дұрыс тео-риясының болуы болмаған, болмайды да. Әрбір теорияның адам табиғатын түсінудегі өз көзқарасы бар.

А.Джеральдтың түрлі физикалық теорияларды жобалау техникалары ретінде талдауға болады деген көзқарасына назар аударуға болады. Оның пайымдауынша, біздің әдетте физика деп атайтынымыз – адамның субъективтік тұңғиығында туындайтын аффективтік және когнитивтік үрдістердің материалдық жемісі.

Тақырып 11. Психологиялық зерттеудегі тәжірибеші мен зерттелушінің рөлі.

Жоспар

1. Психологиялық зерттеу туралы ұғым. Зерттеуді жүргізу барысында тәжірибеші мен зерттелуші ұстанатын негізгі ережелер.

2. Психологтың этикалық кодексінің негізгі қағидалары.

Психодиагностикалық зерттеу үнемі «экспериментатор – сыналушы» өзара әрекеттесуші жүйесінен тұрады, әдебиеттерде осы жүйеге кіретін түрлі айнымалылардың ықпалын талдауға көп на-зар аударылады. Әдетте жағдаяттық айнымалылар, зерттеулер мен тапсырмалардың айнымалы мақсаттары, зерттеуші мен сыналушының айнымалылары болады. Бұл айнымалылардың мағынасы зор, ал олардың ықпалы зерттеулерді жоспарлау мен жүргізуде, алынған нәтижелерді өңдеу мен қолдануда есепке алынуы қажет.

Тестілеу үрдісіне ықпал етуі мүмкін факторлардың бар-лығын қадағалау мүмкін емес. Әйтсе де тестілеуге дайындық кез-дейсоқ жағдайлардың туындауын болдырмауы дәне проце-дураның біркелкілігін қамтамасыз етуі қажет. Тестілеу шарт-тарының стандартталуы тек нұсқауға ғана емес, зерттелушіге ұсынылатын тест материалына да, тестілеу ахуалына да қатысты. Тест құрастырушының міндеті – тестілеу барысының барлық ке-зеңінің сипаттамасы толық, әрі анық болуы қажет. Зерттелушімен раппорт орнатуға да едәуір зейін аудару қажет.

В.И.Дружинин психодиагностикалық жағдаяттардың төрт нұсқасы болады деп пайымдайды: 1) зерттеуге өз еркімен қатысу және одан кейінгі мінез-құлықты өзі таңдауы (мысалы, пси-хологиялық кеңес беру); 2) зерттеуге күштеп көндіру, бірақ одан кейінгі мінез-құлқын өзі таңдайды (мысалы, тест құрастыру ке-зінде психолог-студенттерге сынақ жүргізу); 3) зерттеуге күштеп көндіру және зерттеуден кейінгі мінез-құлықты өзі таңдамайды (мысалы, атқарып отырған қызмет талаптарына сай екендігін анықтау үшін тестілеу); 4) зерттеуге өз еркімен қатысады, бірақ әрі қарай мінез-құлқын өзі таңдамайды (мысалы, кәсіби іріктеу).

Психологиялық диагностикада қойылған міндеттерге сәйкес белгілі бір әдістемелерді таңдауға қатысты нақты бір шарттар болмайды (танымдық үрдістерді есепке алмағанда). Бұл әсіресе тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуде (бір әдістеме түрлі мақ-саттарда қолданылады) анық көрінеді. Әдістеменің диагнос-тикалық міндетке қатысты валидтілігі зерттеу құралы ретінде таңдалатын критерий болуы қажет.

Алайда тұлға әдістемелерінің валидтілігін анықтағанда едәуір қиындықтар туындайды. Бұл әдістемелердің сыртқы критерийлер негізінде валидтілігін анықтау мүмкін емес, сондықтан да зерттеуші конструктивтік валидтіліктің нәтижелеріне сүйенуге мәжбүр. Кейде тұлғалық сауалнамалардың валидизациясында психиатриялық болжамдарға жүгінеміз. Бұл жерде психиат-риялық болжамдардың сенімсіздігін; түрлі бағыттар мен мек-тептердің клиникалық-диагностикалық сәйкессіздіктері болатын-дығын; патологияны анықтауға бағытталған сауалнамалардың сыртқы критерийі ретінде психиатриялық болжамды қолданудың мақсатқа сәйкестілігін ескеру қажет. Әдістеменің валидтілігінің эмпирикалық коэффициенті белгілі болған жағдайда да диаг-ностика жүргізілуші параметрдің базалық деңгейіне қатысты ба-ғалануы керек (Meehl, Rozen, 1955).



Тақырып 12. Конфликт жағдайындағы мінез-құлық стратегияларын зерттеу.

Жоспар

1. Конфликт жағдайындағы мінез-құлық стратегиялары: бәсекелестік, бірлескен іс-әрекет, компромисс, қашу, бейімделу.

2. Т. Томас сауалнамасы: әдістеменің сипаттамасы, мақсаты, міндеттері, дигностикалық мүмкіншіліктері.

3. Мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау ерекшеліктері.

Кез-келген зерттеу, мейлі ол ауру тарихын зерттеу, корреля-циялық тәуелділікті анықтау немесе зертханалық эксперимент болса да бақылауды қолданады. кейбір жағдайларда зерттеу идея-сының тууы жүйесіз бақылаудан басталады (мысалы, сыныптас екі қыздың төмен баға үшін мұғалімді кінәлауы).

Мінез-құлық туралы ақпарат алудың басқа жолы – жүйесіз бақылауға қарағанда шынайы өмір жағдайындағы көріністерді бақылау және тіркеу (бірақ, бұл жолы анағұрлым жүйелірек). Ол шынайы бақылау деп аталады. Балалардың ойын үлгілері мен достық қарым-қатынастары, жасөспірімдердің антиәлеуметтік мінез-құлқы, толық және қалыпты салмағы бар адамдардың та-ғамға қатысты әдеттері, іскерліктегі сәтті менеджерлердің бас-қару стилі, сондай-ақ көптеген клиникалық құбылыстар шынайы бақылау жолымен зерттелген. Бұл мінез-құлықты түсіндірмейді, бірақ әдеттегі ортада адамдардың өздерін қалай ұстайтындығы жайында ақпарат береді.

Алайда шынайы бақылаудың да шегі бар. Негізгі мәселе ба-қылаушылардың көп жағдайда өздері басқара алмайтын, алдын- ала болжанбаған оқиғалардың жәй ғана куәсі болатындығында. Бұған бақылаушының өз мәселелері де қосылады: пайымдаулары және бақыланушы оқиғаның кейбір аспектілеріне баса мән беруі. Бақыланушы адамдар санының аздығы да сынға ұшырауда. Ай-талық, бақылаушы конфликтіні шешу стилін үшін зертеу үшін отбасының пікірталасын бақылайды. Конфликтіні шешу тәсіліне білдірмей әсер етуі үшін ол отбасы мүшелерінің сеніміне қандай деңгейде ие болуы қажет. Бұған қарамастан, шынайы ба-қылаудың артықшылықтары айқын: біз адамдар мінез-құлқының үлгілерін зертхананың жасанды атмосферасынан емес, күнделікті жағдайлардан аламыз.

Тақырып 13. Фрустрацияны зерттеу.

Жоспар
1. Фрустрация туралы ұғым. Розенцвейг әдістемесі: мақсаты, міндеттері, қолдану мүмкіншіліктері, жүргізу процедурасы.
2. Алынған мәліметтерді интерпретациялау ерекшеліктері. Диагностикалық мүмкіншіліктері, стимулдық материалдың ерекшеліктері

Клиникалық тәсіл негізінен сапалық көрсеткіштерге сүйеніп, оларды толық қамтуға тырысады. «Субъективтік пайымдауға» және кәсіби тәжірибеге сену оның маңызды ерекшелігі.

Статистикалық тәсіл объективтік көрсеткіштерді, олардың мысалы, регрессия теңдігі немесе факторлық талдау түріндегі статистикалық өңделуін есепке алады. Субъективтік пайымдау рөлі едәуір төмендейді.

Осы саладағы жұмыстарды талдауға сүйене отырып, осындай пікірталастардың негізін салушы П.Мил клиникалық болжамға қарағанда статистикалық болжам анағұрлым тиімдірек деген тоқ-тамға келеді (20 зерттеуге шолу жүргізіледі, олардың біреуінен басқасы статистикалық тәсілдің пайдасына шешіледі). Ол кейінгі зерттеулермен де дәлелденді (Barenberg, 1961). Сөйтсе, диаг-ностикалық нәтижеле көлемінің өсуі бастапқыда болжамның дәл-дігінің артуына, соңынан кемуіне әкеліп соғады екен.

Клиникалық болжамның ең осал тұсы – бейнені тұтас көру мақсатында ұсақ, жекелеген бөлшектерді құрбандыққа шалуы.

Бірақ бұдан клиникалық тәсілді психодиагностикадан алып тастау деген қорытынды шықпайды. статистикалық тәсіл тұлғаны жан-жақты сипаттау, себеп-салдарлы байланыстарды және қаты-настарды ашу міндеті қойылғанда клиникалық тәсілдің орнын баса алмайды. Тест қолдану тиімсіз болған жағдайларда кли-никалық тәсілді басқамен алмастыру қиын. Өз жұмысында негізделмеген критерийлер бойынша тиімділікті бағалауды жүзе-ге асырған зерттеулерге сүйенген деп көрсеткен, П.Милдің көзқа-расын сынаушылар статистикалық және клиникалық бағалауды жақтаушылар арасындағы кереғар пікірлерді одан сайын өршітті деп санайды.

Толыққанды диагностикалық зерттеулерде негізделген пси-хологиялық қорытынды шығару арқылы статистикалық нәти-желер шегінен шығуға болады. «Талқылауда субъективтік сәттер-ден шектен тыс қорқу және нәтижелерді таза механикалық, ариф-метикалық жолмен алу қате. Субъективтік өңдеу болмаған жерде, яғни ойлаусыз, интерпретациясыз, нәтижелердің жұмбағын ше-шу, талқылау болмаған жерде ғылыми зерттеу болмайды» (Выготский). Диагностикалық жағдайлардың көпшілігінде кли-никалық және статистикалық тәсілдер өзара үйлесімді түрде қол-данылуы қажет.

Әдебиеттер:


  1. Бурлачук Л., Морозов В. Справочник по психодиагностике. СПб, 2009

  2. Энциклопедия психологических тестов. М., 2009.

  3. Сидоренко Е.В., математические методы в психологии – СПб, 2009 Ю.

  4. Л.Ф. Бурлачук. Психодиагностика – СПб, 2009

  5. Практикум по арт-терапии./ под ред. Копытина А.И. СПб 2010

  6. Романенко-Бавокова Н.А. Основные направления работы практического психолога. Алматы, 2009.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет