Пән бағдарламасының (Syllabus) титулды парағы


Студенттердің білімдерін тексеру кестесі



бет3/3
Дата09.07.2016
өлшемі0.65 Mb.
#186852
1   2   3


11 Студенттердің білімдерін тексеру кестесі

Дәріске қатысу және тәжірибелік сабақтар 0-100 балл көлемінде бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрлері

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Конспект, ауызша жауап, глоссарий тапсыру

Тақырып 1. Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде

Мақсаты: әлеуметтанудың негіздері туралы көзқарастарды қалыптастыру.

Мазмұны: Әлеуметтанудың анықтамасы, құрылымы, атқаратын қызметтері, заңдары мен категориялары, басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы, қазіргі замандағы даму тенденциялары.

2,3,5

1 апта

жазбаша

2-апта

2

Конспект, кестені толтыру

Тақырып 2. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары

Мақсаты: әлеуметтанудың алғышарттары, пайда болуы, қалыптасуы және дамуы туралы білімдерді қалыптастыру

Мазмұны: әлеуметтанудың қалыптасу кезеңдері. Әлеуметтанудың алғышарттары. Әлеуметтану ғылымының дамуындағы классикалық және қазіргі кезеңдер: өкілдері, ерекшеліктері.


2,8,9

1 апта

жазбаша

2 - апта

3

Конспект, ауызша жауап

Тақырып 3. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде

Мақсаты: қоғам тұтас жүйе ретінде, оның құрамдас бөліктері мен олардың қызметтері туралы түсініктерді қалыптастыру.

Мазмұны: қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру. Қоғамның анықтамасы. Жүйелікқақтығыстық және мәдени тәсілдер. Қоғамның құрылымы, даму тенденциялары, типологиясы, теориялары.

2,8,10

1 апта

жазбаша

3 - апта

4

Конспект, ауызша жауап, глоссарий тапсыру

Тақырып 4. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер

Мақсаты: қоғамның маңызды элементі ретіндегі әлеуметтік институттар мен процестер туралы мәлімет беру

Мазмұны: әлеуметтік институттар қоғамның негізгі құрылымдық элементі ретінде. Әлеуметтік институттардың типологиялары, функциялары мен дисфункциялары, қазіргі замандағы ерекшеліктері. Әлеуметтік процестер ұғымы, типологиялары, қазіргі ерекшеліктері

3,6,8

1 апта

жазбаша

4 - апта

5

Конспект, ауызша жауап, тұжырымдамаларды толықтыру

Тақырып 5. Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация

Мақсаты: қоғамның әлеуметтік құрылымы, стратификация мен мобильділік, олардың түрлері мен заманауи ерекшеліктері, әртүрлі қоғамдардағы даму тенденциялары туралы білімдерді қалыптастыру

Мазмұны: әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация ұғымдарының ара-қатынасы, ерекшеліктері. Әлеуметтік стратификация теориясының ерекшеліктері, стратификациялық жүйелердің түрлері. Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері. Әлеуметтік стратификацияның негізгі ұғымдары.

3,6,10

1 апта

жазбаша

5 - апта

6

Конспект, ауызша жауап, глоссарий тапсыру, эссе тапсыру

Тақырып 6. Тұлғаның әлеуметтік сипаттамалары

Мақсаты: тұлғаның әлеуметтік жүйе ретіндегі ерекшеліктері, қазіргі замандағы қалыптасу және даму үрдістері, құрылымы, әлеуметтенуі туралы білім беру

Мазмұны: тұлға әлеуметтік категория ретінде. Тұлғаны зерттеу теориялары. Тұлғаның құрылымы, құндылықтық бағдарлары, мінез-құлқы. Әлеуметтену ұғымы.

1,2,8

1 апта

жазбаша

6 - апта

7

Конспект, ауызша жауап, глоссарий тапсыру

Тақырып 7. Девиация және әлеуметтік бақылау

Мақсаты: девиантты мінез-құлық, оның анықтамалары, қазіргі замандағы ерекшеліктері, өлшемдері туралы білімдерді қалыптастыру

Мазмұны: девиантты мінез-құлықтың әртүрлі ғылымдар шеңберіндегі теориялары, олардың өкілдері, айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Девиантты мінез-құлықтың түрлері. Әлеуметтік бақылау әдістері. Әлеуметтік нормалар.

1,2,3,10

1 апта

жазбаша

7 - апта

8

Конспект, ауызша жауап, ұғымдардың сәйкестігін табу

Тақарып 8. Білім беру әлеуметтануы

Мақстаы: білім беру саласын әлеуметтанулық зерттеудің ерекшеліктері, қажеттілігі туралы білімдерді қалыптастыру

Мазмұны: білім беру – әлеуметтік жүйе ретінде. Білім беру саласын әлеуметтанулық зерттеудің тарихы. Білім беру жүйесінің құрылымы, ерекшеліктері. Білімнің сатылары.

2,8,10

1 апта

жазбаша

8 - апта




Межелгі бақылау №1

1 – 8 тақырыптарды қамтиды

1-11

2 апта

Тест

7-8 апта

9

Конспект, ауызша жауап

Тақырып 9: Саяси әлеуметтану

Мақсаты: саясатты әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеу, оны талдау және қоғаммен байланысы туралы мәлімет беру

Мазмұны: саясат қоғамдық құбылыс ретінде: анықтамасы, ерекшеліктері. Саясат әлеуметтануының қалыптасуы, дамуы, негізгі категориялары мен заңдары және функциялары. Әлеуметтік-саяси ойдың дамуы. Қоғамның әртүрлі салаларындағы саясат.

3,8,10

1 апта

жазбаша

9 - апта

10

Конспект, ауызша жауап

Тақырып 10: Экономикалық әлеуметтану

Мақсаты: экономикалық әлеуметтанудың жеке ғылым саласы ретіндегі ролі, басқа экономикалық ғылымдармен байланысы және олардан айырмашылығы туралы мәлімет беру

Мазмұны: экономикалық әлеуметтанудың қалыптасуы, дамуы, негізгі ұғымдары мен категориялары. Экономикалық реформалар мен олардың қоғамға әсері. Еңбек және оның негізгі ұғымдары. Еңбек биржасы, жұмыссыздық мәселелері.

3,6,8

1 апта

жазбаша

10 - апта

11

Конспект, ауызша жауап

Тақырып 11. Отбасы әлеуметтануы

Мақсаты: отбасын әлеуметтік институт ретінде және шағын топ ретінде қарастырудың ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыпстастыру

Мазмұны: отбасы – әлеуметтік топ және әлеуметтік институт ретінде. Отбасы мен неке ұғымдарының ара-қатынасы. Отбасы мен некенің түрлері. Отбасының қазіргі замандағы даму тенденциялары.

4,5,9

1 апта

жазбаша

11 - апта

12

Конспект, ауызша жауап

Тақырып 12. Мәдениет әлеуметтануы

Мақсаты: мәдениеттің әлеуметтік ерекшеліктері туралы білімдерді қалыптастыру

Мазмұны: мәдениет әлеуметтік институт ретінде: мәні, ерекшеліктері. Мәдениеттің анықтамалары, түрлері. мультикультурализм ұғымы. Мәдени универсалийлер. Мәдениет, экономика және саясаттың арақатынасы.

3,4,5

1 апта

жазбаша

12 - апта

13

Конспект, ауызша жауап

Тақырып 13. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы

Мақсаты: ақпарат және коммуникация саласын әлеуметтанулық зерттеудің ерекшеліктері туралы мәлімет беру.

Мазмұны: ақпарат ұғымы, түрлері. Ақпараттың тиімділігі. ақпарат беру арналары. Ақпарат беру коммуникацияның бір құралы ретінде. Әлеуметтік коммуникация ұғымы. Бұқаралық коммуникацияның ерекшеліктері. БАҚ бұқаралық коммуникация құралы ретінде. Ақпарат таратудың бейресми құралдары.

3,4,11

1 апта

жазбаша

13 - апта

14

Конспект, ауызша жауап

Тақырып 14. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы

Мақсаты: әлеуметтанулық зерттеулердің әдістемесі туралы мәлімет беру

Мазмұны: әлеуметтанулық зерттеу ұғымы, түрлері, кезеңдері. Алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинау әдістері. Әдістеме, әдіс, техника, процедура ұғымдарының арақатынасы. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын құру.

2,8,10

1 апта

жазбаша

14 - апта

15

Конспект, ауызша жауап, әлеуметтанулық зерттеу үлгісін тапсыру

Тақырып 15: Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау

Мақсаты: әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу және қорытындылау туралы мәлімет беру

Мазмұны: әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу және жалпылау әдістері. Зерттеу нәтижесіндегі қолданылатын өлшемдер. Әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесі бойынша есеп құрастыру.

3,5,6

1 апта

жазбаша

15 - апта

16

Межелгі бақылау №2

9-15 тақырыптарды қамтиды

1-11

2 апта

Тестілеу

14-15 апта

12 Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері



Межелгі бақылаудың жүргізілуі ережелері

Семестрде екі рет 7-8 және 14-15 апталарда межелгі бақылаулар жүргізіледі. Межелгі бақылау тест түрінде жүргізіледі. Әрбір межелгі бақылаудың максималды баллы – 100 балл.


Қорытынды емтихан өткізу түрі

«Әлеуметтану» пәні бойынша емтихан тапсыру екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – тест тапсырмаларын орындау. Бұл кезеңде студент мониторинг бөлімінде компьютер арқылы тест тапсырмаларын орындайды. Компьютерлік тестілеу бойынша максималды балл – 60 балл.

Екінші кезең – жазбаша емтихан. Емтиханның жазбаша бөлімінде әрбір студент 1 билетке жазбаша түрде жауап беруі керек. Жазбаша емтиханға жалпы 25 билет қарастырылған, әр билетте екі сұрақтан. Әрбір сұраққа дұрыс жауап 20 баллдан, барлығы максималды – 40 балл. Жазбаша емтиханға бөлінетін уақыт – 60 минут.
Емтихандағы тәртіп

1. Тек өзіңіздің билетіңіздегі емтихан сұрақтарына жауап беруіңіз керек.

2. Сіздің жауабыңыз толық, сұрақтың мәнін ашатын, сонымен қатар нақты да қысқа болуы керек.

3. Жазбаша емтихан аяқталысымен жауап парағы емтихан қабылдаушыға өткізілуі керек.



4. Емтихан барысында қатал тыйым салынады:

- емтихан билеттерін ауыстыруға;

- емтихан билеттерін аудиториядан алып шығуға;

- жауап парақтарын алмастыруға;

- ұялы телефонды пайдалануға;

- шпаргалка, конспект, оқу құралдарын пайдалануға.

4 пункттегі талаптарды бұзған жағдайда емтихан жауаптары қабылданбай, 0 балл қойылады.

Емтиханда келесі көрсеткіштер есепке алынады:

Билеттің екі сұрағына да толық, терең, нақты, логикалық дұрыс құрылған жауап үшін 40 балл қойылады.



30 баллды материалды білетін, бірақ жауабы толық емес, немесе стилистикалық, логикалық қателіктері бар студент алады.

20 балл негізгі материалды білетін, бірақ жауабы терең емес, жеткіліксіз және аз болатын студентке қойылады.

10 баллды қойылған сұрақты толық аша алмаған, барлық материалды толық игере алмаған студентке қойылады.

1-9 арасындағы баллды жауабы нақты билет сұрағына белгілі бір дәрежеде сәйкес келмейтін, жауаптары шатыстырылған, логикаға сай келмейтін жауап үшін қояды.
Емтихан баллдарын қою критерийлері

Университеттің Ғылыми кеңесінің бекітуімен қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерімді бақылау шараларының түрлері бойынша келесі салмақтық үлес анықталған:




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

Салмақтық үлесі

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингі

0,6

Студенттің пән бойынша жіберілу рейтингі келесі формуламен анықталады:

ЖР = (Р1+Р2) / 2

Студенттің рейтингі келесі формула бойынша анықталады:

Р1(2) = АҮ1(2) * 0,5 + МБ1(2) * 0,5

Мұндағы АҮ – студенттің ағымдағы дәріске қатысу және дәріс конспектісі, тәжірибе сабақтарына дайындығы және конспектісі, өзіндік жұмысының нәтижелерін қамтитын жиналған баллдары. МБ – межелгі бақылауда алған баллдары.

Студенттің пән бойынша оқу жетістіктері қорытынды бағамен анықталады (Қ). Қорытынды баға ЖР мен ҚБ (қорытынды бақылау, яғни емтихан) бағаларының қосындысымен анықталады (мұнда олардың салмақтық үлесі ескеріледі).

Қ = ЖР*ЖРСҮ (0,6) + ҚБСҮ (0,4)


Пән бойынша қорытынды рейтинг (Қ) төмендегі кестеге сәйкес цифрлық, әріптік және дәстүрлі көрсеткіштерге ауыстырылып, қорытынды емтихан тізімдемесіне қойылады.


Қорытынды баға (Қ)

Баллдың цифрлық баламасы (Ц)

Әріп жүйесі бойынша баға (Ә)

Дәстүрлі жүйемен баға (Д)

Емтихан

95-100

4

А

Өте жақсы

90-94

3,67

А -

85-89

3,33

В +

Жақсы

80-84

3

В

75-79

2,67

В -

70-74

2,33

С +

Қанағаттанарлық

65-69

2

С

60-64

1,67

С -

55-59

1,33

D +

50-54

1

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Егер студент емтиханда «қанағаттанарлықсыз» бағасын алса (50 баллдан төмен) оның пән бойынша қорытынды рейтингі анықталмайды, тізімдемеге «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы пән бойынша қайталап оқыту курсына жіберіледі.


13 Оқытушының талаптары, саясаты және процедуралар

1) дәрістер, тәжірибелік сабақтар, межелгі бақылауға қатысу – міндетті болып табылады. Барлық сабақтарда белсенді болыңыздар. Сабақтарға әрдайым дайындалып жүріңіздер. Оқытушыға түсінбеген сұрақтарыңызды қойыңыздар. Сабақтарда пікірталастық сұрақтарды талқылауға қатысыңыздар. Тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланыңыздар.

2) Сабаққа қатысу міндетті. Егер сіз себепсіз (анықтамалық құжаттарсыз) 2 және одан да көп сабақты босатсаңыз оқытушы сізден сабаққа қатысу үшін деканаттың рұқсатын талап етуге құқылы. Сабаққа қатысу бағаланатынын есте сақтаңыз.

3) Оқытушының талап ететін жазбаша жұмыстарын (дәріс және тәжірибе сабақтарының конспектілерін) дер кезінде тапсырыңыз.

4) Сабаққа себепсіз кешікпеңіз! Екі рет кешігу сабақты бір рет босатқанға теңестіріледі.

5) Сабақта әңгімелесуге тыйым салынады. Екі ескертуден кейін оқытушы студентті сабақтан шығарып жіберуге құқылы.

6) Сабаққа әрдайым дайындалып келіңіз – сабақтар конспектісі, дәптерлеріңіз, қаламдарыңыз ұқыпты болуы керек. Әр аптаның соңында оқытушы сабақ үлгерімінің баллдарын электронды порталға қояды.

7) Босатылған сабақтарды студент оқытушымен бекітілген уақытта қайта тапсыруына болады.

8) Сабақтарда ұялы телефондарыңызды өшіріп қойыңыз. Сабақта ұялы телефондарды, плеерлерді пайдаланғаны үшін 10 балл төмендетіледі.

9) Сабақта сағыз шайнауға қатаң тыйым салынады.

10) 49 және одан төмен баға алған студент емтиханға жіберілмейді.
14 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:

1 Әбдікерова Г. О. Тұлға әлеуметтануы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы : Қазақ университетi, 2009

2 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану : оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009

3 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007

4 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007

5 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012




Қосымша әдебиет:

5 Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану. Павлодар : ЭКО, 2006

6 Әлеуметтану : Оксфорд сөздiгi. Алматы : Қазақстан, 2002

7 Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы: оқулық. Алматы : Заң әдебиетi, 2005

8 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004

9 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005

10 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005

11 Шыңғысова Н. Журналистика социологиясы : оқу құралы. Алматы : Қазақ университеті, 2010



Бағдарламалық қамтамасыз ету және Интернет ресурстары:

12 Әлеуметтік саладағы гуманитарлық технологиялар. http://portal.gersen.ru/component/option,com_mtree/task,viewlink/link_id,9583/Itemid,50/



13 Электрондық гуманитарлық кітапхана http://www.gumfak.ru/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет