Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



бет1/4
Дата30.06.2016
өлшемі396 Kb.
#168593
  1   2   3   4

Пән бағдарламасының титулдық парағы (SYLLABUS)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Тарих және құқық факультеті

Философия және мәдениеттану кафедрасы

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

KA 4302 Мәдениеттік антропология

Павлодар, 2013

Пән бағдарламасының (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19









«БЕКІТЕМІН»

Тарих және құқық

факультетінің деканы

___________ Акишев А.А.

201___ ж. «___»__________


Құрастырушы: аға оқытушы _______________________ Ержанов Е.А.
Философия және мәдениеттану кафедрасы


Пәннің бағдарламасы (Syllabus)
5В020400 «Мәдениеттану» мамандығының қашықтан оқу нысанының студенттеріне арналған KA 4302 Мәдениеттік антропология
Бағдарлама «___» _________2013 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «___»__________№____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________Ахметова Г.Ғ. 2013 ж. «____» ________

Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен

мақұлданды 2013 ж. «_____»____________№____ Хаттама

ОӘК төрағасы_______________Сулейменова Ш.Қ. 2013 ж. «_____»________



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Ержанов Е.А., аға оқытушы, (лекция сабақтары, тәжірибелік сабақтары)

Философия және мәдениеттану кафедрасы А- корпусында, Ломов к, 164, 519 аудиторияда орналасқан.

Байланысу телефоны 67-36-85 (ішкі 1153)



2 Пән туралы мәліметтер

Мәдениантропологиялық ойдың белгілі өкілдерінің ғылыми тұжырымдарын зерттеу шеңберінде осы ғылымның бағыттары, ағымдары, мектептерінің ғылыми-дүниетанымдық парадигмаларының ерекшеліктерін анықтау, теориялық және практикалық аспектілерде осы пәннің дамуының мүмкін перспективаларын атап көрсету міндеті қойылады



3 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

мәдени антропологияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуының заңдылықтары жөнінде түсінік беру; студенттерде адам және оның мәдениеті жайында жан-жақты білім – мәдени антропологияның ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру; зерттеу объектісін мәдени антропология тұрғысынан қарастырудың принциптері мен әдістерін анықтау.



4 Пәннің міндеттері:

  • мәдени антропологияның жетекші өкілдерінің теориялық мұрасымен таныстыру;

  • отандық және шетелдік мәдени антропология теориялары бойынша құнды білімді алу;

  • мәдениет пен қоғамды зерттеуде мәдениеттанулық сараптау қазіргі мәдениет мәселелері мен оның дамуын ұғынуды қалыптастыру;

  • ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету

5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:

  • жетекші мәдениантропологтардың негізгі еңбектерін; оқулық материалын;

  • отандық және әлемдік мәдени антропологияның аралық мәселелеріне қатысты кейбір монографиялық еңбектер мен мақалаларды білуі;

  • ғылым ретінде мәдени антропологияның негізгі даму кезеңдерін;

  • мәдени антропологияның негіздерін, бағытын, алғышарттарын;

Пәнді оқыту нәтижесінде студент үйрену қажет:

- танымдық өз-өзінді қалыптастыру және дамыту,

- өзбетінше талдау және керекті әдістемені таңдау,

- берілген білімді күнделікті өмірде, кәсіби аумақты қамтитын тәжірибелік шешімдерді дәлелдеу үшін қолдану,

- мәдениет пен адамның бір-біріне әсер ету мәселелеріне қатысты өз пікіріңді дәлелдеу,

- басқа мәдениеттерге толеранты қатыста болуды тәрбиелеу,

- мәдениаралық коммуникацияда гуманисттік аспектілерді көре білуді.

6 Пререквизиттер

- Алғашқы қоғамдық тарих; -Этнография; -Жалпы тарих; -Этнос және мәдениет; -Философия; -Әлеуметтану.



7 Постреквизиттер

Постмодерн және мәдениет, Бұқаралық мәдениет теориялары, Модерн мәдениеті, Рухани мәдениеті


8 Тақырыптық жоспар

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ






Тақырып атауы

Сағат саны










Дәріс

Тәжір.

Зертх.

ОӨЖ

1

2

3

4

5

6




1

Мәдениантропологиялық білімнің генезисі

2

1




6




2

Мәдени антропологияның пәндік саласы

2

1




6




3

Антропологиялық білімнің жүйелендірілуі

2

1




6




4

Әлеуметтік антропология: мәселелері және практикалық қырлары

2

1




6




5

Психологиялық антропология: мәселелері және практикалық қырлары

2

1




6




6

Экономикалық антропология: мәселелері және практикалық қырлары

2

1




6




7

Мәдени антропологиядағы эволюционистік бағыт

2

1




6




8

Тарихи антропология және оның принциптері

2

1




6




9

Функционализмнен структурализмге

2

1




6




10

Британ әлеуметтік антропологиясы

2

1




6




11

Орталықеуропалық мектеп

2

1




6




12

Фрейдизм мәдени-антропологиялық теория ретінде

2

1




6




13

Американдық мәдени антропологияның социометриясы

2

1




6




14

Интерпретативті мәдени антропология

2

1




6




15

Структуралық антропология

2

1




6




БАРЛЫҒЫ:

30

15




90





9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Мәдени антропология – бұл адам мен мәдениет арасындағы қарым-қатынас процесін зерттейтін мәдениеттанудың ерекше саласы. Дербес ғылым ретінде ол еуропалық мәдениетте ХІХ ғ. соңына қарай қалыптасты. Бұл пәннің зерттеу алаңы әр түрлі мәдениеттер мен қауымдастықтарды салыстырмалы зерттеумен байланысты.

Мәдени антропология адамды мәдениетті жаратушы және мәдениет жаратылысы ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық аспектілерде қарастырады, яғни негізгі мәдени антропологиялық зерттеулер адамның мәдениет феномені ретінде қалыптасуын зерттеуге бағытталған.

10 Курс компоненттері
Дәрістің мазмұны

1 Тақырып МӘДЕНИ АНТРОПОЛОГИИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ЖҮЙЕЛЕНДІРІЛУІ



  1. Мәдени антропологиялық білімнің генезисі.

  2. Мәдени антропологияның пәндік саласы.

  3. Антропологиялық білімнің жүйелендірілуі.

Қазіргі қоғамдық ойдың басымдық алып отырған ұғымы – мәдениет. Мәдениет антропологтары мен әлеуметтанушылар жалпы алғанда, адам мәдениетті қоғамның мүшесі ретінде бойына сіңіреді (иеленеді) және оны ең бастысы тілдік символизм арқылы жеткізеді деген пікірде қосылып отыр. Со-нымен қатар мәдениеттің анықтамасына, оның аясы мен атқарар қызметіне байланысты өткір айтыстартыстар да бар.

Философиялық көзқарастан алғанда, мәдениет туралы қазіргі анықтамалардың мейлінше есте қалар ерекшелігі, олардың алдын–ала не реалистік, не идеалистік әдістемемен топшылатынында болып отыр. Реалистер, тұтастай алғанда, мәдениетті адамның әлеуметтік мінез-құлқының атрибуты деп түсінуге бейім және әдетге сол арқылы оның әдет-мінезі, салт-дәстүрі және институтын анықтайды. Мәдениет, осындай мағынасында, адамдардың қоғамдағы өмірінен бөлінбейді; ол қоғамдық өмірдің әдісі болып келеді және өзі атрибуты болып табылатын реалды топтардан тыс өмір сүрмейді. Алғанда, бұрынғы кезеңге мәдениетті "стандартталған барлық әлеуметтік процедураларға" теңестіру бағыты және жанама түрде жеке адамды топтың әдеттері мен салт-дәстүрлері әсер ететін инстанция ретінде қарастыру тән.

Идеалистер болса, мәдениетті жеке адамдар басындағы идеялардың жиынтығы, "идеялар ағымы" "жалпы қабылданған таным" және "бірден бірге берілетін интеллект" деп түсінуге бейім, Бұл типке Осгуд берген анықтама мейлінше тән. Оның көзқарасынша, "мәдениет өндіріс туралы бар-лық идеялардан, адамдар ұжымының мінез-құлықтары мен адамның өзі тікелей бақылап немесе араласып және осыны санадан өткізуі негізінде алатын түсінігінен тұрады." Басқа мәдени антропологгар мәдениетті мінез-құлық өмірлік "жобалар" арқылы анықтауға бейім. Олар мәдениетті тұжырымдамалы "құрылыс", демек, шындықтан шығатын абстракция, өзі жүзеге асатын мәдени емес мінез-құлық деп түсінеді. Бұрындары Линтон, Клакхон мен Джиллин осындай көзқараста болған. Бұл ұстанымды мәдениетті бірден-бірге берілетін идеяға тендестіретін авторлардың "субъекгивті идеализмінен" ажырату үшін "тұжырымдамалы идеализм" деуге болады. Мәдениетті түсінуге болатын немесе ақылмен қабылданатын бір әлдене деп анықтайтындықтан да бұл екі тұжырым да идеалистік.

Мәдениетке деген идеалистік көзқарас кей жағдайларда мәдениеттің – мәдениетті ақыл-ойды немесе "рухты" тәрбиелеу, сондай-ақ ментальды мәдениеттің өнімі деп білетін педагогтар жақтайтын – нормативті идеясына жақын.. Осынысымен де олар өз-өздеріне есеп берместен берклиандық субъекгивгі идеализмнің өзіңдік бір формасын ұстанады.

Антропологтарда сондай-ақ мәдениетті "әлеуметтік мұра", адамның дәстүр немесе мұра формасында берілетін қоғамдық өмірінің бүкіл тарихи жетістігінің жиынтығы деп түсінетін, өзіндігі жоқ және объекгивтисіік түсінік бар. Адам, өзге жан-жануарлармен ортақ табиғи жағрапиялық ортада ғана емес, ол бейімделуге оқып-үйренетін кумулятивті жасанды мәдени ортада дүниеге келеді, дейді олар. Осы екі арада реалистер мен идеалистер әлеуметтік мұра дегенді екі түрлі түсінеді. Біріншілері, мұра аспектіне қатты назар аудара отыра, мәдени мұра мәдени артефактілер жиынтығынан, сон-дай-ақ материалдық емес идеялар, институттар, әдет-ғүрыптар мен идеалдардан тұрады дейді. Бұл ұстаным Боас, Лоуи, Малиновский және Диксон еңбектеріне тән. Екінші бір жағынан, идеалистер, Платон мен Гегельдің дәстүрлерін өз-өздеріне есеп берместен жалғастыра отырып, әлеуметгік мұра – "тыс үйлесім тапқан" идеялардың ағыны, ал, әрбір нақты мәдениет идеационды дәстүрлердің тарихи кешенінен абстракциялану болып табылады деп есептейді. Кребер, Сорокин және Шпенглер еңбектеріне тән болып келетін бұл ұстанымды "объективті идеализм" деп атауға болады, өйткені мұны жақтайтындар мәдениетті оны алып жүруші жеке адам немесе қоғамға бағынышты емес, өзінің трансцедентгік шындығы бар идеялық мұра деп түсіндіреді. Мәдениеттің осыған ұқсас трансцендентальды ұғымын тарихи материалистер, атап айтқанда, Лесли, А.Уайт ұсынады, соңғысы мәдениет эволюциясының бірінші немесе анықтаушы факторы деп техниканы және әлеуметтік өмір жағдайын қарастырады.

Объективті, метафизикалық мәдени идеализм мен материализм, адам әлеуметтік мәдени мұраның қозғаушы күші және мақсатты себебі болып табылатын көзқарастағы гуманистік ұстанымның антитезасы больш табылады. Басқаша айтқанда, бет-бейнесіз объективті идеализм мен мате-риализм үшін мәдениет – адамды сол жағдайына жеткізген және осыған өзінің тарихи тағдыры орайында бейімделуі тиіс – трансцендентальды, метафизикалық мән болып табылады.

Қазіргі этнологиялық теориядағы негізгі бір жаңылыс көзі антропологгардың басым бөлігінің мөдениеттің қарқынды, ізгілікті тұжырымдамасын әлеуметтік мұра идеясына кіріктірілген бет-бейнесіз, трансцендентальды түсініктермен біріктіруінде. Мәселе мынада: мәдениетті әрбір жеке адам белсенді қатысатын өмір салты деп түсіну керек пе немесе адам өз ата-бабасынан қабылдап алатын заттанған, объективгі мұра деп түсіну керек пе? Осы сауалға жауап бере отырып мәдениеттің қазіргі теорияшыларының пікірлері қақ жарылды: кейбір авторлар мөдениетті жүре пайда болған физикалық және рухани қабілеттер мен салт-дәстүр терминдерімен анықтаса, келесілері, өз көзқарасьшша, мәдениет деп атала-тын сол бір мәнді құрайтын материалдық және материалдық емес әртүрлі өнімдердің іізімін жасай бастайды.

Шатақ олардың көбінің ең алдымен мәдениеттің қарқынды, антропоцентристік анықтамасын беріп алып, сонан соң ғана барып мәдениетгің мазмұнын бет-бейнесі жоқ мәдени өнімдермен нақтылайтындығынан тереңдейді. Мысалмен айгқанда, тііггі Сепирдің өзі, мәдениет дегеніміз – "қоғамның не жасайтыны мен не туралы ойлайтынының" мәні деп бекітеді, ал, содан кейін, басқа мақаласында, мәдениет "өз бойына адам өмірінің әлеуметтік мұраға қалатын – материалдық та, рухани да элементгерін іске асырады" деп айтады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Емельянов Ю.Н. Введение в культурантропологию. – СПб., 1992.

  2. Антропология и история культуры. – М., 1992.

  3. Мещеряков Б.Г., Мещерякова И.А. Введение в человекознание. – М., 1994.

  4. Орлова Э.А. Введение в социальную и культурную антропологию. – М., 1994.

  5. Антология исследований культуры. Т.1. Интерпретация культуры. – СПб., 1997.

  6. Барулин В.С. Социально-философская антропология. – М., 1994.

  7. Гелен А. О систематике антропологии // Проблема человека в западной философии. – М., 1988.


№2 Тақырып Мәдени антропологияның пәндік саласы

Мәдениетті әлеуметгік мұрамен теңестіру, менің көзқарасымша, тек бұрмалау ғана емес, маңызды қате де болып табылады – өйткені, онда мәдениеттің маңызды сипаты ретінде қарым-қатынас пен жеткізу сапасы танылады, ал мен болсам, оның негізгі сипаты үйрену мен шарттандыру арқылы жаңалық табу мен меңгеру болып табылады деп білемін. Мәдениет элементі үшін оның берілетіні, жеткізілетіні, ол үнемі осы жағдайда болатынына қарамастан, тігаі де маңызды емес.

Бұған қоса күнделікті өмір тәжірибесі адам ата-бабалар өсиеті мен салт-дәстүрімен ғана қанағаттана алмайтыньш көрсетіп отыр. Қызығушылығы пен ішінің пысуы, сондай-ақ материалдық және әлеуметтік өмір жағдайын жақсартуға деген табанды тілегі түрткі болған ол жаңа материалдық объектілер мен өмір кешу салтын жасауға мәжбүр. Қысқартып айтқанда, адамның мәдениеті тарихи, өйткені оған өзгермелілік те, жалғастық та – дәстүрді игеру ғана емес, жаңаны жасау жөне ашу да тән. Мәдениетті әлеуметтік мұра ретінде айғақтау – оның маңызы кем емес белгі сипатын, атап айтқанда, жаңаруға және секірмелі дамуға бейімділігін көзге ілмеу деген сөз.

Сонымен, егер адамның мәдениеті, ең алдымен, жүре пайда болған мінез-құлық, сезіну мен ойлау формаларынан түратын болса, өзге мәдени объектілері де, жаңалықтар да мәдениеттің құрамдас элементтері болып табылады. Артефактар, "социфакттар" және "ментифакгтар" былайша айт-қанда, мәдени өмір туындататын әлдебір өсінді "мәдени капиталды" құрайды, бірақ, берілген нақты бір мәдениеттің иелері өз-өздігінен және жекелей мәдениеттің алғашқы немесе құрылымды элементтері болып табылмайды.

Әдетте мәдениетті материалдық, әлеуметтік және интеллектуалдық деп бөлетін үш мүшелі жіктеу қолданыс орнына оны "техникалық" және техникалық емес" деп екіге бөлуді ұсынуға болады.

Бұған қоса әрбір мәдениетке бөлуге келетін, бірақ, тіршілікте бір-бірінен ажырамастай жеке адамдық және әлеуметтік полюстер кіреді. Көп авторлар атап айтқандай, өз шығу тегінде мәдениет әлеуметтік; оны адам, Тайлор атап көрсеткендей, "қоғам мүшесі болып" игереді. Біз өз мәдениетімізді әлеуметтік мұра ретінде өзгелер беретін тәжірибе мен үлгімен сіңіреміз және бұл мағынасында мәдениет, Мареттің сөзімен айтқанда, "жеткізілетін, берілетін интеллект" болып шығады. Алайда, Сепир мен Линд атап көрсеткендей, мүның өзі бізді шатастырмауы керек жөне мәдени мүраның модафикациялануы мен өскшденуінде жеке адамның ролін көзге ілмеуге ешқандай негіз бермейді. Жеке адамдарға идеалды әлеуметтік паттерндермен толық келісе отырып қарекет ету тән емес деу аз, бірақ олар кейіннен жалпы жұрт мойындайтын көптеген өзгерістердің де бастамашысы болады.

Егер тұлғаны өздігінен-өнделуіндегі жетістіктері мен нәтижесін белгіледі. Реалистер әдетте мәдениет – мәдениеттену хал-ахуалын білдіретіні және "мәдениет" термині өзіндік-өнделуі процесі нәтижесінде пайда болып, мінез-құлық пен ойлаудың жеке және ұжымдық қырынан алынған модификациясы туралы идеяны білдіретінін алдыңғы қатарға шығарып келді. Ал, өз кезегінде идеалистер мәдениет, ең алдымен, ақыл-ой, ин-теллектуалды даму немесе мәдениет – вдеялар (немесе дәс-түрлер) ағыны, өткеннің әлеуметтік мүрасы дегенінде түрьш алады. Екі жақ та өздері бекіткендерінде өділ де, жоққа шығаратынында әділ емес екені анық. Мәдениетті өзіне парапар түсіну реалистік және идеалистік тезистердің одағын қажет етеді.

Мөдениет қоғамда түратын жеке адамдардың жүре-бара тапқан немесе өздерінен шығатын мінез-құлық пен ойды, сондай-ақ қоғам мүшелері үстанатьш және оларға бейімделгісі келетін интеллектуалды, көркем және қоғамдық идеалдар мен инстутиттарды қамтиды. Басқаша айтқанда, мөдениетгі ұғына тұра оның тәжірибелік те, теориялық та аспектін қабылдау керек. Нормативті, сұрқай, идеяландырылған мәдениет егер мәдени тәжірибе жоқ болса және ол адамның әлеуметгік өмірдегі мінез-құлқы мен ойлауына әсер етпейтін болса күн кеше алмайды. Тәжірибеге асатын, реалды немесе нағыз мәдениет – яғни адамдардың қоғамдағы шын мэніндегі мінез-құлқы мен ойлауы – адамдардың өздері үшін жасаған немесе ашқан жөне өздерінің күнделікті өмірінде жүзеге асыруға тырысатын әлеуметтік идеалдарсыз мүмкін емес.

Мәдениетке байланысты жиі қолданылатьш "әдет" термині де шын мәнісіндегі мінез-құлықты білдіру үшін де, мінез-қүлық пен ойлау "стереотипін" білдіру үшін де пайдаланатылатындықтан тап осылайша екі мағыналы болып келеді.

Осыған байланысты "теория" және "тәжірибе" терминдері екіжақты мағына білдіретінін атап айту керек. "Тәжірибе" дегенде, бір жағынан, қоғам мүшелерінің өздерінің зерделей білу-білмеуіне қарамастан, ресми түрде қабылданған мұраттар (идеалдар) мен сенімдерден өзгеше, іс жүзіндегі мінез тәртібі мен түсінік-танымдары танылып, айтылады. Сепир атап көрсеткендей, бір қоғамның мүшелерін өзге бір қоғамдар өкілдерінен айырып көрсететін мінез-тәртіптің жаңғыруы көп жағдайда санадан тыс өтеді. Екінші бір жағынан, "теория" және "тәжірибе" терминдері сондай-ақ тиісінше тарлау мағынасында ой мен қимыл-қарекетті білдіре пайда-ланылуы мүмкін. Қандай жағдайда да теория мен тәжірибе дихотомиясы идеялар арасындағы эпистемикалық айырмашылық қана емес; ол әртүрлі тәртіптегі мәдени феномендерді мағыналайды. Теория мен тәжірибені мәдениеттің ешнәрсеге тұйықтауға болмайтын айқындаушы катергориялары деуге болады; бүл тек қана идеяның әртүрлі типі емес, кез- келген мәдениетке қатысы бар негізгі эпистемологиялық мәселе оның теориялық және тәжірибелік бөліктерінің үйлестігі қаншалықты екендігінде. Мәдени кірігу (интеграция) деңгейі де белгілі бір дәрежеде осы екі фактордың келісім дәрежесіне байланысты.

Адам – мәдениленген хайуан, өйткені ол – ақылды және ойлай алатын хайуан. Адам өзінің қандай болуы керектігі жөніндегі мұраттары туралы түсінігіне сай өмір кешеді және өзін қандай деп білетініне қарай қимыл-қарекет етеді. Алайда ол қоғам оған таңып отырған кейбір әлеуметтік идеалдар өзіне ұнамайтынын және өзінің жанына рахат бермейтінін ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір түсінеді. Мысалы, адам өмірін жақсарта түсу үшін әу баста ойлап табылған анықтаулар мен қимыл-қарекеттер бейнесі өзі үшін ғанадай қасиетті мақсатқа айналады да, әу баста орындалуы үшін ойлап шығарылған қызметтермен байланысын жоғалтады. Бірақ та идеалдарды өзгертіп және оны өзгерген тәжірибе жағдайларьша қарай бейімдеудің орнына қоғам көбіне бұрынғы, ескі идеалдармен күн кеше береді. Немесе тәжірибеге тиісті өзгертулер енгізбестен, теориядан ауытқиды. Екі жағдайда да ұстанылатын әлеуметтік-мәдени теория.

Дамудың тайпалық деңгейіндегі халықтардың дүниетанымын зерттеуге арналған еңбегін аяқтай келе француз антропологы Леви-Стросс ғылыми түсіндіру бізді сендіруге тырысып жүргендей, күрделіні қарапайымға әкелуден тұрмайтынын атап көрсетті. Оның пікірінше, ғылыми түсіндіру түсінуге қиын күрделіні түсінуге оңайырақ күрделімен алмастырудан тұрады.

Түңілудің орнына, Леви-Стросс айтқандай, түсінуі қиынды түсінуі оңаймен ауыстыруға мүмкіндік беретін ұғыну мен түсіндіру келеді. Бірде Уайтхед жаратылыстану ғылымдарына мынадай афоризм ұсынды: "Қарапайымдықты ізде, бірақ оған сенбе"; ал қоғамдық ғылымдарға ол: "Күрделіні іздеп, оны ретке келтір", – деген болар еді.

Мәдениетті зерттеу осындай үлгіде дамыған сияқты. Мәдениет туралы ғылыми түсініктің дамуы Ағартушылық дәуірінде үстемдік еткен адам концепциясының жойылған сәтінде орын алды, ол қарапайым әрі айқын болған еді, оның орнына күрделі және айқын емес концепция бекітілді. Содан бері мәдениет туралы ғылыми пікірлер адам концепциясын айқын және түсініктірек ету тілегіне толы. Антропологгар ойлағаннан көрі ауқымды қиындықтарға ұшырап, антропологгар оны ретке келтіруге тырысып, дағдаруда. Бірақ мұның әзір бітетін түрі жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет